Статистика
Всего в нашей базе более 4 327 664 вопросов и 6 445 979 ответов!

ең алдымен ойлан онан кейін істе. әкеге қарап ұл өсер шешеге қарап қыз өсер.арыңды жасыңнан сақта, переведите срочно прошу

5-9 класс

Irinatitowa1 18 окт. 2016 г., 10:42:26 (7 лет назад)
Рейтинг
+ 0 -
0 Жалоба
+ 0 -
Smon4eg
18 окт. 2016 г., 11:38:15 (7 лет назад)

Сначала подумай,потом делай.Смотря на папу вырастит сын,смотря на маму вырастит дочка.Береги честь с молоду.

+ 0 -
GumenyakO
18 окт. 2016 г., 13:13:45 (7 лет назад)

помалуста помагитеэ

Ответить

Другие вопросы из категории

Читайте также

Білім туралы мақалды белгілеңіз

А) Тұған жерде й жер болса,тұған елдей ел бооса
В) Кісі елінде сұлтан болғанша, өзелінде ұлтап бол
С) Жеті атасын білімген-жетіс
D) Әкеге қарап ұл өсер ,шешеге қарап қыз өсер
Е) Кітап -ғалым, тілсіз-мұғалем

помогите первести текст на русский язык

Сексен сом
Ертеңгі шайын ішіп, қора-қопсысын оңдайын
деп Қараша іші болсада қар жаумаған, жер қара. Күзгі ауаға қыстың ызғары қосылып,
аспандағы сұр бұлтты ызғырықтау болып тұрған. Үйден шыққан тесік болып тұрған
лапастан соққан жел Егеубайдың шайдың шығарған терін жойып жіберді. Кабағын дапастың
алдында тұрып, ақтымақтың үзік бауы тысқа шығып бір-екі аттап жүре берем
дегенде қорасының құлап жатқан бұрышы көзіне шалынды: «оңдап тастамасам болмас»
деп темір күрегін алып үйе бастады. Албарда тұрған көк шолақ ат тықыры мен
Егеубайды танып жем ізденіп оқыранып: «керек екен, сен түгіл балаларға да нан
жоқ!» - деді үһірлеп.Өзі шомына айналып,тастаған көңін үске салып жатқанда, біреу келіп:
-Ассалаумалейкүм! - деді. Өзі шыққан дауыстан шошып кеткендей, басын
көтеріп:
-Е, Тынымбаймысың, үйде ме едің? Бір-екі басын көрінбей жүрсің?- деді
Тынымбай. Шомын басынан түсіп, күрегін таяна тұрып сұрай келдім дейсің бе? Не
жаңалық бар? «Алашорда ашылды» дейді. Бес-алты дегеннің ішінде бір сұсты жігіт бар,
сірә, бастығы болса жүріп кетті. Болысқа: «тез ақша жиып, сол ақшаны
ауылнайларға бөліп... Біздің ел басқа ауылға ауыстырдық. Сонымен қалған бөлгенде
сексен сомнан келді. «Сексен сом» дегенде Егеубайдың таянып тұрған күрегі жер безгек
болған кісідей қалтыранып, аузы «сексен сом!» деп айта берді.Егеубайдың неден
сасқаны оған жұмбақ, солып қалды ма деп, ол шегіне берді. «Бай салық» деді
Егеубай есін жиғандай боп.
- «Бай салықты» ескеріп
едік-ау, ауылнай ырық бермеді: «Бізде өлмелі кедей жоқ, бәрі де төлей алады» -
деп, лажсыздықтан көндік.
- Апырым-ау,
сексен сом дейді?! - деп Егеубай ілгері-кейінді жүрді.
Тынымбай кетіп отырды. Егеубай,
албар ішінде бірсыпыра жүріп, үйіне кірді. Қатыны Егеубайдың тозған
киімін жамап отыр еді. Егеубайды көзі шалуы-ақ мұң екен:
- Осы
үйде бүгін бір түйір шай жоқ. Қызыл келіннен қарызға шай алып ем, о да сұрайтын шығар. Шай қарастырып бақсайшы, - дейді.
- Қой
қатын, шайдың жөні болар,
мына сексен сомды айт! - деді.
- Қайдағы
«сексен сом?»
- Қайдағы
дерің бар ма, «Алашорда» ашылыпты, соның расқоты, салығы.
- Ордасы
не? - деп қатыны таңданып
еді.
- Білмесең
сұрама. Сен түгіл өзім де анық білмеймін, әйтеуір «алашорда»,
«ақша» дегеніне ғана түсіндім...
- Сорымыз
қайнаған екен ғой, - деп қатыны ауыр күрсінді.
Егеубай отырып терең ойға батты, дүние
кемшілігі, шаруасының ретсіздігі көз алдына елестеп, бір түрлі тынышсыздыққа
айналдырғандай болды.Бұдан бір ай бұрын «алаш» жігіттерін милиция қызметіне аттандырғанда,
өз аулынан шыққан Көркемтайдың баласына берілетін бес мың сом мен Еркебайдың
жорғасына төленген үш мың сомды бөлгенде де, үй басына 80 сомнан келіп еді. Егеубай
ол жиылыстың ішінде өзі де болып, 80 сомды төлемеймін десе де, жігіт жинай
келген делегатқа бір қулар «мынау большевик қарсылық қып тұр»
деп шағым беріп, Егеубай ұсталып қала
жаздап, 80 сомды біреуден қажет әперіп
зорға құтылып еді. Сол борышына қатынының былтырғы төркіндеп әкелетін жалғыз қызыл сиырдың тайыншасын беріп,
зорға құтылып еді. Мына сексен сомға орын жоқ. Алым ақшасын сұрап ауылнай бір
жағынан дігірлейді. Аршынын 12 сомнан алып ақшасын күз беремін деп, қатынына көйлек кигізген борышы тағы бар. Ералы
саудагерден 100 сомға бір тақта шай алып еді, соны да төлеген жоқ. Бірер қара болса да соғым
соймай тағы отыра алмайды. Күзгі алған
15 пұт егіннін сегіз-ақ пұты қалған. Шиеттей жас балаларды
нансыз тағы болмайды. Үй -іші тұттай жалаңаш. Осы керектің бірде-бірін орындай алмай отырган Егеубайдың мойнына сексен сом, неғып саспасын?!-деп ауыр күрсінді. «Делегаттар келіпті» деген хабар іңір әлегіне түсті.
Мұны есіткенде Егеубайдың көз алдына елестей кетті. Бойы мұздап
қалтыранды. Сексен сомдар
жаналатын әзірейіл секілді көрінді.Тұла бойы, жүрегі дүрсілдеп, тамағына бір нәрсе тұрған секілді күйге
ұшырады. Қатыны шайын демдеп берсе
де , Егеубай
бұрынғыдай жадырап іше алмайды.
Сүт салмадан бір аяқ ішіп алып, «80 сом» мен ауылға келген делегат ақша табатын орын жоқ. Бермей тағы болмайды.Кесе
қолынан домалады. Асып-сасып, жамаулы күпіні киіп жүре бергенде, қатыны
дауыстады: Сорлы-ау, тымағыңды кисейші, құлағым ауырып жүр деп ең ғой, жел ұстар!..
Ауылнайдың үйі.
Төр алдында солдат киімді үш жігіт. Қара бұжыр жігіт іріленген түрмен жанындағы екі жолдасына бастық
тәрізденіп отыр.
- Ішіңдер, қонақтар, май жеңдер,
қарындарың ашар, - деп қояды ауылнай.
Егеубай апалақтап кіріп,
сасқанынан сәлем берді. Босаға жаққа отыра қалып:
- Аманбысың,
ауылнай? - деп еді, ауылнай ернін жыбырлатты да қойды.
Біраздан кейін жігіттерге:
- Мынау
отырған Егеубай деген қартымыз, бұл
кісіден сексен сом тиіс, - деді.
«Сексен сом» десе Егеубайдың
жаны, бар тұла бойы дір ете түседі.
- Қане, отағасы, ақша шығарыңыз, - деді қара бұжыр.
- Ойбай,
шырағым, ақша жоқ!
- Ақша
жоқ деген не сұмдық? Біз
ондайды естімейміз!
- Не
көрмеген көк тұқыл дейсің, жалтаруын қарашы, - деп жолдасы күңкілдеді.
- Отағасы,
ақша тап.
-

ПЕРЕВЕДИТЕ ПОЖАЛУЙСТА ПРОШУ!Я ДАЖЕ 20 БАЛЛОВ ПОСТАВИЛА ЗНАЮ ЧТО МНОГО НО ПЛИЗЗ!!(((

сказка Қаңбақ шал
Бұрын, бұрын бұрында Қаңбақ шал деген шал болыпты. Мал мен басқа зар болыпты. Кедейліктен шықпапты. Ол ау салып, балық аулап, тамақ асырапты. Жел соқса, шал домалап жөнеледі екен. Содан соң оған Қаңбақ шал деген ат қойылыпты. Күн сайын ауына ілінген екі балығының біреуін бір түлкі әлімжеттік қып тартып жей береді екен. Түлкінің қорлығына шыдамай, шал бір күні екінші бір жерге көшем деп, дүние мүлкін арқалап жолға шығыпты. Шаршаған соң оны бір жерге көміп кетіпті, бір жерге елдің сойған малынан жинап алған ішек қарнын көміп кетіпті, бір жерге қарындағы айранды көміп кетіпті .Жүктің салмағымен Қаңбақ шал ұшып кетпей келеді. Жүктен арылған соң, желмен ұшып, бір жерге ұшып түсіпті. Қараса, бір дәу екі тауды біріне – бірі шақпақ қылып, ұрып тұр екен.
Дәу:
- Қайда бара жатқан шалсың? Кел екеуміз күш сынасайық – деп қазандай бір қара тасты көтеріп, аспанға лақтырып жібереді де қайта қағып алып: Ал шал, сен де осылай қақпаққыл етші дейді.
Шал сасып, қайтерін білмей, тасты құшақтап аспанға бір, тасқа бір қарап, күнімен тұрады.
Сонда дәу:
- Е, неғып тұрсың. ЛАҚТЫР – дейді.
Шал тұрып:
- Аспанға лақтырсам, аспан жерге айналып түседі ау деп, жерге қақпай түсірсем, жер ортасынан ойылып түсе ме деп қауіп қылып тұрмын дейді.
Сонда дәу келіп, шалдың қолынан ұстай алады да:
- Ақсақал лақтырмай ақ қой, текке қырыламыз - деп жалынып қойғызады.
Дәудің ақылы таяздығын біліп шал ерленіп, дәуге:
- Кел жердің ішек қарнын шығарйық - дейді.
Дәу жүгіріп келіп, жерді теуіп қалады. Жер тізеден ойылады. Ештеңе шықпайды. Шал өзі бұрын көміп қойған, қаны - жыны арылмаған ішек қарын жатқан жерді жүгіріп барып, теуіп қалса, ішек қарын шығады. Дәу қорқады:
Сосын шал:
- Кел енді жердің миын шығарайық, - дейді.
Дәу бар пәрменімен келіп, жерді теуіп қалады. Жер тағы да тізеден ойылады .Ештеңе шықпайды. Шал манағы айранын көміп кеткен жерді жүгіріп барып теуіп қалса, бырқ етіп айран шыға келеді. Дәу одан бетер қорқады. Мына шал не деген орасан күшті деп, шалдың айтқанын істей береді. Ақыры шал онан қалай құтыларын білмей:
- Енді қайт. Ертең бізге қонаққа кел, - дейді.
Дәу:
Жарайды деп – кетіп қалады.
Шал үйіне келіп, кемпіріне:
- Ертең дәу қонаққа келеді, - дегенде:
- Ойбай, немізді береміз - деп сасады кемпір.
Шал тұрып:
- Ертең дәу келеді. Мен есіктің алдында отырармын. Сонда сен оның көзінше. Не істеймін шал, - деп маған қара, мен не десем, соны істемекші болып, пышақты алып тұра ұмтыл! – деп кемпіріне үйретіп қойады.
Ертеңіне үш дәу келіп, досының үйінде отырады. Сол кезде кемпір тұрып:
- Шал нені асамын үйдегі қонаққа? Түк жоқ деп! - депті.
Сонда шал тұрып:
- Басқы дәудің басын ас, ортаншы дәудің төсін ас, ол жетпесе досым дәудің өзін ас! - дегенде, кемпір пышағын алып тұр ұмтылады. Үш дәу тым тырақай қаша жөнеледі. Досы лашық үйін басымен көтеріп әкетеді. Шал айқайлап:
- Әй, досым, лашығымды тастап кет! Қайда барсаң да құтылмайсын! - дейді. Дәу лашықты тастай сала қашып бара жатса, баяғы әлімжеттік қып балығын тартып жей беретін түлкі жолығады.
- Тақсыр қайдан қашып келесің - дейді түлкі.
- Бір пәле шалдың қырсығынан құтыла алмай қашып келеміз, - дейді.
Түлкі:
- Сол Қаңбақ шалдан қорқып жүрсіңдер ме - менімен жүр, мен сенің өшіңді алып берейін, - деп, дәуді ертіп, шалды іздеп қайта келе жатса, шал лашықтың жанында тұр екен. Түлкінің ертіп келе жатқанын көріп, шал айғай салады:
- Ей, түлкі-ау Арғы атаңда алты атамның құны бар, бергі атаңда бес атамның құны бар, өзіңде бітіспейтін кегім бар, үш дәуді сол үшін бергелі жатырсын ғой! Бәрі бір онымен бітпеймін! - деп дауыстайды.
Сонда дәу қорқып, бұл бізді сол аталарының құнына беруге алдап алып келе жатыр екен ғой, - деп ойлап түлкіні құйрығынан алып жерге бір ұрып өлтіріп, алды-артына қарамастан қаша жөнеледі. Сөйтіп, Қаңбақ шал дәулер мен түлкіден осылай құтылған екен дейді.

менің дүниеде барлығынан артық көретін досым БОЛҒАН... Оның аты - Айнұр еді. Мен оны қатты сыйлағам. бірақ мен оның біреуді менен артық көретінін

білмеппін. Екеуіміз қазір тіпті бір-бірімізге сәлем демейміз де! Ал бұрын қандай едік!!! Әй, мүмкін көз тиген шығар! Не болғанын айтайын: Бір күні алгебра сабағында менің қасымда отыратын бала сұранып кетіп қалды да, мен жалғыз отырып қалдым. Сосын мен Айсұлудың қасында отырған өзімнің жан досыма : "бері кел қасыма!" деп едім, Айсұлу Айнұрға "отырма" деп айтып қалды. Сосын Айнұр маған: "мен отырмаймын" деп айтты. Сосын екеуі сыбырласып, маған қарап күлді. Содан кейін мен Айнурамен сөйлеспеймін. Біреудің айтқанын істеп жүрсін дедім де қойдым. Бірақ қазір жалғызсырап жүрмін. Оны сағынамын. Кеше Айнұрдың Айсүұлуға асханадан қалай тоқаш алып бергенін көріп, ішім өртеніп кете жаздайды. Айнұр мен Айсұлу бір-бірінен бір елі ажырамайды. Шынымен, Айнура мені тастады ма, жоқ әдейі істейді ма, ия болмаса, оны солай істеуге біреу мәжбүр етті ма? Мен өз досымды қайтарғым келеді. Бұл үшін ең алдымен не істеуім керек? Жәрдем сұраймын!!!"

Можете перевести этот текст плиз!!! Только не припомощи переводчика!!!

Ораз бен Асқар есік алдында ойнап жүр.Екеуі допты әрі тепті, бері тепті.Біраздан кейін ашық тұрған қораның есігін қақпа етіп алды.Енді допты соған дәлдеп

ұрды.Бір кезде қатты тебілген доп қораның ішіне кіріп кетті.Ораз добын іздей бастады.Қараңғыда допты әрең тауып алды. Сыртқа беттеген.Сол кезде шыға берісте тұрған шелекті қағып кетті.Ішіндегі сүт ақтарылды да қалды.Ораз не істерін білмей аңтарылып тұр.
ДАЙТЕ НАЗВАНИЕ ЭТОМУ ТЕКСТУ НО КРОМЕ ОЙЫН



Вы находитесь на странице вопроса "ең алдымен ойлан онан кейін істе. әкеге қарап ұл өсер шешеге қарап қыз өсер.арыңды жасыңнан сақта, переведите срочно прошу", категории "қазақ тiлi". Данный вопрос относится к разделу "5-9" классов. Здесь вы сможете получить ответ, а также обсудить вопрос с посетителями сайта. Автоматический умный поиск поможет найти похожие вопросы в категории "қазақ тiлi". Если ваш вопрос отличается или ответы не подходят, вы можете задать новый вопрос, воспользовавшись кнопкой в верхней части сайта.