Статистика
Всего в нашей базе более 4 327 660 вопросов и 6 445 973 ответов!

Қалқаман-Мамыр поэмасындағы Мамыр бейнесі туралы шығарма керек!

10-11 класс

Вlack 26 февр. 2017 г., 0:49:46 (7 лет назад)
Рейтинг
+ 0 -
0 Жалоба
+ 0 -
Zhansaya3
26 февр. 2017 г., 2:35:10 (7 лет назад)


«Қалқаман - Мамыр» поэмасы – жастардың мөлдір махаббатының дәлелі.
Қазақ халқы – негізінен, сөз өнеріне, өлең - дастандарға көп мән берген халық. Сонау V - VI ғасырлардан - ақ дамыған сөз өнері шығыс түркі тілдес елдерге қанатын кең жайып, жыр - толғаулар, өлең - дастандар ауыздан - ауызға халық жадында сақталған. Осындай халық ауыз әдебиетінің жыр - дастандары, батырлық жырлар, ғашықтық, не тұрмыс - салт жырлары болсын Шығыс елдерінің сөз өнерінде тереңірек қалыптасқан. Әсіресе, ғашықтық жырлар, лиро - эпостық жырлар халық жырларын ұрпаққа таныстырған жыршылар арқылы қазақ қауымында ғасырлар бойы сақталып келеді. «Ләйлі - Мәжнүн», «Жүсіп - Зылиха», «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу», «Қалқаман - Мамыр» сияқты лиро - эпостық жырлардың ең негізгі тақырыптары сүйіспеншілік, махаббатқа адалдық, мөлдір махаббатқа жету жолындағы ізгі істер, халықтың тұрмыс - салты, тіршілігі, дәстүрі, таза махаббат жолындағы қайғы - қасірет, күйініш - сүйініші болып табылады.

Осындай ғашықтық жырдың кең жайылған бір түрі – «Қалқаман - Мамыр» поэмасы. Бұл ескі қазақ өмірін суреттеу арқылы трагедиялық тағдырлар туралы сыр шертетін бұл поэма Ш. Құдайбердіұлының атын бүкіл қазақ даласына жария етті. Бұл поэма қай халық болса да сүйіп тыңдайтын, қайғылы - қасіретті, трагедиялы поэма болғандықтан екі жас өз мақсаттарына жетуге ұмтылды. Менің ойымша, қос ғашық өздерінің ең негізгі мақсаты таза махаббатқа жетті. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» кезеңіндегі халықтың хал - ахуалы, тұрмыс - тіршілігі де анық көрсетілген.
«Ей, Мамыр, адамды Алла жаратыпты,
Хауа ананы адамға қаратыпты.
Бірін еркек, біреуін әйел қылып,
Екеуінен көп жанды таратыпты.
Құдай неге қылмаған адамды тақ,
Балаларын өзінен өстіріп - ақ.
Хауа ананы жаратуда мақсұты не?
Сол арасын білуге ақылым шақ.». Қалқаманның айтқан сөздерінен - ақ бұл поэманың, біріншіден, сырға толы екенін байқап отырмыз. Әрине, поэма тақырыбы махаббат, сүйіспеншілік болса сырлы жыр болмауы мүмкін емес.
«Қалқаман - Мамыр» поэмасындағы Мамыр бейнесі де, әрине, айрықша маңызды. Мамыр – сүйкімді, сұлу, өр мінезді өжет қыз.
«Сол байдың он бес жасар қызы Мамыр
Әрі сұлу, әрі есті, еркекшора»,- деп эпитет арқылы поэмада берілген бұл тармақтар аса бір сұлулықты көрсетеді. Қыз балаға тән қасиет – сұлулық. Ал Мамыр қандай сұлу болғанымен ер мінезді қыз болған. Бұл поэмада Мамыр өзінің нағыз қазақ елінің қызы екенін дәл, анық көрсетеді. Сөз өнерін құрметтеген қазақтың сұлу қыздары да сөз өнерінің мәнін түсінгені, қадірлегені көрініп - ақ тұр.
«Ауылымның күнбатысы қалың қамыс,
Бүрсігүннен арғы күн болады алыс.
Жас кісіде бар болса жігер - намыс,
Болып кетіп жүрмесін жатпен таныс.» деген Мамырдың бұл шумақтары сөз өнеріне деген аса құрметтілігін көрсетеді. Дәстүрге берік, әрқашан үлкеннің айтқанын екі етпейтін Мамырдың елінен қашуы – таңғаларлық іс. Әрине, бұл Қалқаманға деген таза махаббат, адал сүйіспеншілігінен өрбіген іс. Мамырдың сұлулығы толықтырып отыратын қасиет – ақылдылық, сабырлылық. Сұлу Мамырды сұлуландырып көрсету үшін ақын адамгершілік, сезім, махаббат, әділет – дүниедегі ең қымбат, ең асыл нәрселер деп атап көрсетеді. Қазақ халқына тән ұстамдылық, инабаттылық, сабырлылықты Мамыр өз бойына жинақтай білген. Өз басын қатерге тігіп еліне қайтып келуі осы адамгершілік қасиеттерге толық ие екенін көрсетеді.
«Көкенай, қарғамаймын, сөзіме бақ,
Ісім жөн, бір құдайға көңілім хақ.
Мойныңа менің қаным халал болсын,
Болма енді Қалқаманның қанына ортақ.»,- деп сүйген жарының амандығын тілеп, өлер алдында жұртынан Қалқаманға әділетті болуын сұрайды. Таза махаббат үшін күрескен Мамырдың өлімінің өзі – әділетсіздікке айтқан лағынеті, қарсылыққа шыққан күресі деп ұғынамыз. 

Ответить

Читайте также

теңізші туралы шығарма керек
дәрігер мамандығы туралы шығарма
мейірімді аңшы туралы шығарма
Помогите пожалуйста !!!! Очень прошу !!! Даю много балов !!!

Қазақ халқының ең басты тағамының бірі - қазақша ет туралы қосымша мәліметтер тауып, шағын шығарма жазыңдар



Вы находитесь на странице вопроса "Қалқаман-Мамыр поэмасындағы Мамыр бейнесі туралы шығарма керек!", категории "қазақ тiлi". Данный вопрос относится к разделу "10-11" классов. Здесь вы сможете получить ответ, а также обсудить вопрос с посетителями сайта. Автоматический умный поиск поможет найти похожие вопросы в категории "қазақ тiлi". Если ваш вопрос отличается или ответы не подходят, вы можете задать новый вопрос, воспользовавшись кнопкой в верхней части сайта.