Статистика
Всего в нашей базе более 4 327 664 вопросов и 6 445 978 ответов!

Ұлы жеңістің 68-шы көктемі шағын эссе жазып беріңіздерші

5-9 класс

амвпепнр 02 сент. 2016 г., 6:56:50 (7 лет назад)
Рейтинг
+ 0 -
0 Жалоба
+ 0 -
ArinaBarbara
02 сент. 2016 г., 8:44:33 (7 лет назад)

Осыдан тура 68 жыл бұрын Кеңес одағы Ұлы Отан соғысында жеңіске жетті.

1941—1945 жылдар аралығындағы Ұлы Отан соғысына 35 млн адам, оның ішінде 1,5 млн қазақстандық қатысты. Бұл республика халқының 18 бен 50 жас аралығындағы ересектердің 70 пайызын құраған еді. Ұрыстардың алғы шебінде Қазақстаннан жіберілген 23 бірлестік, 50 шақты полктар мен батальондар шайқасты. Қазақстандықтар Мәскеу мен Ленинградты жанын қия қорғап, Украина мен Беларусті, Балтық жағалауы елдері мен Молдованы азат етуге қатысты. Неміске атылған 10 оқтың, 9-ы Қазақстанда жасалды.

Даңқты Брест қамалын қорғаушылардың қатарында мыңдаған қазақстандықтар болды. Олардың арасында Ғ. Жұматов, В. Фурсов, К. Тұрдиев, Ш. Шолтырев, К. Иманқұлов, Е. А. Качань т. б. жаумен жан аямай шайқасып, ерліктің үлгісін көрсетті.

Әрқайсысы 200-ден астам жауынгерлік ұшу сапарын жасап, бірнеше жүз фашистерді жоқ қылған шабуылшы ұшқыштар: Талғат Бигельдиновке, Леонид Бедаға және Иван Павловқа, соңдай-ақ 37 ұшақты және топтасып жүргізілген ұрыстарда жаудың тағы 6 ұшағын атып түсірген Сергей Луганскийге екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Кеңестік Шығыс әйелдері арасынан бірінші болып Ленин орденімен және Алтын жұлдыз медалімен марапатталғандар-қазақ қыздары: пулеметші Мәншүк Мәметова мен 54-атқыштар бригадасының мергені Әлия Молдағұлова болды.

Ондаған мың қазақстандық ерен еңбегі мен ерліктері үшін марапатталса, бес жүзден астам адам Кеңес Одағының Батыры атанды, 142 адам Даңқ орденінің иегері атанды.





Ответить

Читайте также

Переведите пожалуйста на русский язык, весь текст. Қонақасының шығу тарихы туралы аңыз.

Атамыз Қазақ өзінің Ақарыс ( Ұлы жүз атасы), Жанарыс ( Орта жүз атасы),
Бекарыс (Кіші жүз атасы) атты үш ұлына енші беруге шақырыпты.Сол ұлы
атамыз өзінің байлығың (малын,мүлкін) төрт бөлікке бөлген екен
дейді.Оның үш бөлігін аталған үш баласына еншіге беріпті.Төртінші
бөлігін тағы да үшке бөліп,оны балаларына енші үстіне қосыпты.Естерінде
болсың,бұрынғы өткен ата-бабаларымыз ақ білектін күшімен,ақ найзаның
ұшымен ұлан-байтақ жер қалдырды.Оны үшеуіңе тағы бөліп беремін.
Оңтүстік-шығысты Ақарыс, сен иелен. Ол ұлы жүз деп аталсын.Орталық және
солтүстікті Жанарыс,сен иелен.Ол Орта жүз деп аталсын.Батыс жақты
Бекарыс,сен басқар.Ол кіші жүз деп аталсын.Ондағы ойым мынадай.Сендер
енші алып бөлек үй болып шыққанмен,туыстық қатынастарың, ынтымақтарың
мен дәм-тұздарың бөлінбесін.Сендердің ұрпақтарың сапарға шыққанда жолға
азық-түлік алып жүрмесін.Әрбір қакақ баласы кез келген үйден ақысыз
қонақасы ішетін болсын.Олар жолда шөлдеп,сусап,қарны ашып жүрмесін.Менің
сендерге берген төртінші еншім сол.Сол Еншімді менің келер ұрпақтарым
ғасырдан ғасырға жеткізіп, менің осы өсиетімді бұлжытпай сақтасын!» -
деп батасын берген екен.

помогите плиз перевести срочно заранее спасибо!! я на вас надеюсь)) Жеңіс Күні

1945 жылы мамырдың 9-ында Ұлы Отан Соғысы кеңес елінің жеңісімен аяқталды.Бұл нағыз Ұлы Жеңіс болды. Сондықтан да осы күнді халықтар жыл сайын мейрамдапкеледі. Бұл күн-Қазақстан Республикасында да белгілі мереке күндердің бірі.Қазақстандықтар соғысқа қатысып, ерлік көрсетті. Көптеген жауынгерлер теңдесіжоқ ерліктер жасады. 518 қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын алды.Қазақ қыздары Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлова- Шығыс қыздарынантұңғыш рет Батыр атағын алды. Бұл атаққа Т.Бигельдинов, Л.Беда, С.Луганский,И.Павлов еі мәрте ие болды.

Нужно перевести текст на русский язык.

VI-XII ғасырда Орта Азия мен Қазақстанда қалалар тез өсті. Олар сауда мен қолөнердің, дін мен мәдениеттің тірегіне айналды. Батыс Түркістан жерінде Суяб, Құлан, Мерке, Тараз, Отырар, Испиджаб сияқты қалалар бой көтерді. Орта ғасырда Қазақстан өзінің қалалары арқылы әлемдік қарым-қатынастан тысқары қалмай, Еуропа және Азия елдерімен Жібек жолы арқылы сауда жасасып, байланысын үзген жоқ. Бұл кезде Қазақстанның оңтүстігінде басты және ірі қалалардың бірі-Испиджаб (қазіргі Сайрам) болды.Қазақстанның Сырдарияның орта бойына орналасқан ірі қалаларының бірі-Отырар.Қазақстанға белгілі болған орта ғасырлық қалалардың бірі - Тараз. Ол жазба деректемелерде 568 жылдан бастап аталады. VII ғасырда Тараз «Ұлы Жібек жолындағы» ірі мекенге айналды. X-XII ғасырларда Тараз қаласының су құбырлары, сонымен қатар күйген кірпіштен көпшілік үшін салынған моншасы болған. Оған жақын жерде Айша-бибінің күмбезі көтерілген. Ол жақсы күйдірілген кірпішпен қаланып безендірілген, қабырғаларына ою-өрнектер салынған.Сырдариядағы ірі қала-Сығанақ. Қазақстанның солтүстігі мен солтүстік-шығысына баратын керуен жолдарының қилысында орналасқан ол XII ғасырда қыпшақ бірлестігінің орталығы болды.



Вы находитесь на странице вопроса "Ұлы жеңістің 68-шы көктемі шағын эссе жазып беріңіздерші", категории "қазақ тiлi". Данный вопрос относится к разделу "5-9" классов. Здесь вы сможете получить ответ, а также обсудить вопрос с посетителями сайта. Автоматический умный поиск поможет найти похожие вопросы в категории "қазақ тiлi". Если ваш вопрос отличается или ответы не подходят, вы можете задать новый вопрос, воспользовавшись кнопкой в верхней части сайта.