Статистика
Всего в нашей базе более 4 327 663 вопросов и 6 445 977 ответов!

Помогите, маган макал-мателдер керек еди. Ертегилерден. Отинемин!

1-4 класс

Alehinakamila 27 дек. 2016 г., 6:30:01 (7 лет назад)
Рейтинг
+ 0 -
0 Жалоба
+ 0 -
Vikaabramova1
27 дек. 2016 г., 8:18:26 (7 лет назад)

алтын,куміс-тас екен.
арпа,бидай-ас екен.
Бай мақтанса табылар, Кедей мақтанса шабылар. Жоқтық ұят емес, Байлық мұрат емес Байдың қатыны өлсе, төсек жаңғырар, Жарлының қатыны өлсе, басы қаңғырар. Жарлы болсаң да арлы бол. Бірінші байлық – денсаулық, Екінші байлық – ақ жаулық, Үшінші байлық – он саулық Есіктегі ебейді кейбір тоқал жебейді. Қас екеніңді қабағыңнан танимын, Сараң екеніңді табағыңнан танимын. Өзі сұрағаннан сарқыт дәметпе. Сараң да бір, сасық су да бір. Етпен қарның тоқ, Ниетпен жаның тоқ. Өзі тоймастың көзі тоймас. Екі сараңның қолы бір-біріне әрең жетеді. Алаған қолым береген. Сараңның қолы қалтырауық. Қас сараң өз тамағын өзінен тығады. Сараңның асы піскенше, таудың тасы піседі. Соқырдың бидайын өзіне қуырып беріп. Берместің асы піспес, Қазаны оттан түспес. Сараңдық ауылдастан жұғады, Я бауырластан жұғады. Қолы ашықтың - жолы ашық. Берместің сылтауы көп. Иттен сүйек қарыздар. Өзі тойса да көзі тоймайды. Жетімнің қарны жетеу. Табақты үйдің тауығы - Қос жұмыртқадан туады. Сараң асын бермейді, Көзінің жасын береді. Сараңнан сарқыт жегенше, Иттен тартып же. Алтын көрсе періште жолдан таяды. Жыланға түк біткен сайын қалтырауық болады. Екі тышқан бір байдың жұртына таласыпты. Ақылды арын қорғайды, Сараң малын қорғайды. Жақсыны арман аздырар, Жаманды құлқын тоздырар. Жақсы - арына құл, Жаман - малына құл. Жебір түйе жабуын жер. Түлкі түсінде тауық көреді. Алмақтың да салмағы бар. Аузы қисық болса да, байдың баласы сөйлесін. Бай – балпаң келер, Жарлы – жалаң келер. Барыңа шүкір ет, жоғыңа сабыр ет. Біреуге мал қайғы, біреуге жан қайғы. Малы жоқ деп ерден түңілме, Егіні жоқ деп жерден түңілме. Біреу тойып секіреді, Біреу тоңып секіреді. Ағайының бай болса – шайнағаның май болар. Тоқтығында жараспаған, Аштығында қараспайды. Бай бауырын танымас, Сауда досқа қарамас. Ашаршылықта бай баласы бірінші өледі. Жарлы байғұс жаманар, Жаманар да қуанар. Нені кем тұтсаң, соған жар боларсың. Несие ет жесең, Сүйегі ішегіңді жыртар. Аш бала Тоқ баламен ойнамайды, Тоқ бала Аш болам деп ойламайды....... Жіп жіңішке жерінен үзіледі. Асы жоқ үйді ит те сүймейді. Аштың ақылы тамағында. Жаяудың ақылы табанында. Қарны ашқанға Қара талқан майдай көрінеді. Күші жоқ ит те жүгірмес. Төреге ерген ер-тоқымын арқалар. Аспанна кигіз жауғанда, Сорлыға ұлтарақ та тимепті. Адасқанға - жұлдыз айдай, Қарны ашқанға - көже майдай. Тоңған тонын мақтайды, Адасқан жолын мақтайды. Алпыс қарсақ ат болмас. Қысқа жіп күрмеуге келмес. Ай бетінде де дақ бар. Қасық тары ботқа болмас, Ботқа болса да жұртқа жетпес. Жоққа жүйрік жетпейді. Мысық жоқта тышқан төбеге шығады


© www.ZHARAR.com

+ 0 -
Batakov
27 дек. 2016 г., 9:16:18 (7 лет назад)

любой ертегиден.

Ответить

Другие вопросы из категории

четверостишие про друга
өрнек түрінде жаз және мәнін есептен шығар

5-ті 2-ге арттыру ;
5-ті 2-есе арттыру;
2-ні 5-ке арттыру ;
2-ні 5 -есе арттыру
Помогите пожалуйста)



Вы находитесь на странице вопроса "Помогите, маган макал-мателдер керек еди. Ертегилерден. Отинемин!", категории "қазақ тiлi". Данный вопрос относится к разделу "1-4" классов. Здесь вы сможете получить ответ, а также обсудить вопрос с посетителями сайта. Автоматический умный поиск поможет найти похожие вопросы в категории "қазақ тiлi". Если ваш вопрос отличается или ответы не подходят, вы можете задать новый вопрос, воспользовавшись кнопкой в верхней части сайта.