Статистика
Всего в нашей базе более 4 327 663 вопросов и 6 445 976 ответов!

Нужно сочинение на казахском "елбасы шыршасы" ,желательно на казахском и на русском))буду благодарна)

5-9 класс

Yankinanas 25 июля 2013 г., 4:15:40 (10 лет назад)
Рейтинг
+ 0 -
0 Жалоба
+ 0 -
DeBot
25 июля 2013 г., 6:42:15 (10 лет назад)

Жыл сайын елімізде дәстүрлі түрде атап өтілетін Президент шыршасы Атырау облысында мұнайлы астананың дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде атап өтілді. Оған Атырау қаласы мен аудан мектептерінен 200-ге жуық оқушы қатысты. Әрбір аудандық білім бөлімі, облыстық деңгейдегі мектеп-интернат үйлері ата-ана қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған немесе көп балалы отбасынан шыққан, үздік оқитын он немесе бес баладан әкеліп, Елбасы ықыласына бөленулеріне мүмкіндік жасаған. Салтанатты шараға қатысу құрметіне ие болған бүлдіршіндер жан-жақтарын балаң жүздерімен қызықтай тамашалап, мәз-мәйрам болды.
Президент шыршасына келген балалардың қуанышын облыс әкімі Бергей Рысқалиев, қала әкімі Мереке Исмұратов, облыс әкімінің орынбасары Серік Аманғалиев, облыстық білім беру басқармасының бастығы Киікбай Жаулин бірге бөлісіп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көгілдір экраннан кішкентай қазақстандықтарға жолдаған жаңа жылдық тілегін бірге тыңдады.
-Бүгін еліміздің барлық өңірлеріндегі таңдаулы балалар жиналып отыр. Сіздер арқылы барлық балаларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаймын. Сіздер бақытты балалық шақты бастан кешудесіздер. Асыл армандарыңыздың шындыққа айналуы үшін дарынды балаларға арналған мектептер, думан орталықтары ашылуда. Енді Абай аталарың «Адам баласы бір-бірінен ақыл, ар, мінез дегендермен озады» дегендей, үлкен азамат болып өсіңдер! Талантты да алғыр, зерек те зерделі болыңдар! Балалық шақтағы достықтарың ұзаққа созылсын. Біздің еліміз көп ұлтты, бәріміз де Қазақстанда тұрамыз. Бойдағы күштеріңіз бен таланттарыңызды елдің болашағына жұмсай аласыздар. Ол үшін жүректеріңізде Отанға деген патриоттық сезім болуы тиіс. Жақсы оқып, көздеген армандарыңызға жетіңіздер! Жаңа Жылда ойлаған армандарыңыз орындалсын!»-деді Нұрсұлтан Әбішұлы.
Биылғы Президенттік Жаңа жыл шыршасына республиканың 2400 баласы қатысты.
Бұдан соң облыс басшысы бастаған топ Президенттік шыршаға қатысушы балалармен бірге жарқырай жанған шыршаны қол ұстаса айналып, оларға қыстық жылы киімдерді сыйға тартты.
Біз көңілді кештің қызығына қуанып, жүздері бал-бұл жанған балдырғандармен тілдесіп, ерекше көңіл күйлерін қаз-қалпында беруге тырыстық. Индер ауданы Гребенщик орта мектебінің 7 сыныбында оқитын Кәмшат Кайнеденова осындай әсем шараға бұрын да қатысып көрген екен. Бұл күннен ұмытылмас әсер алатынын айтқан Кәмшат осындай қуанышты сыйға тартқан облыс басшылығындағы азамат ағаларымен қоса, мектебіне, ондағы Нұртас, Мұстахима апайларына, осы шыршаға барлығын алып келген Гүлмира Сисенғалиева апайына алғысын жеткізуді қиыла сұрайды.

Ответить

Читайте также

напишите сочинение на одну из тем на выбор:

1.Менің сүйікті жануарым
2.Менің сүйікті тағамым
3.Менің арманым
надо на казахском языке и желательно на 1 лист(не больше)



Вы находитесь на странице вопроса "Нужно сочинение на казахском "елбасы шыршасы" ,желательно на казахском и на русском))буду благодарна)", категории "қазақ тiлi". Данный вопрос относится к разделу "5-9" классов. Здесь вы сможете получить ответ, а также обсудить вопрос с посетителями сайта. Автоматический умный поиск поможет найти похожие вопросы в категории "қазақ тiлi". Если ваш вопрос отличается или ответы не подходят, вы можете задать новый вопрос, воспользовавшись кнопкой в верхней части сайта.