Статистика
Всего в нашей базе более 4 327 663 вопросов и 6 445 977 ответов!

"Әке мен бала" мазмұндама

5-9 класс

Sonyamalen2 14 авг. 2013 г., 17:12:49 (10 лет назад)
Рейтинг
+ 0 -
0 Жалоба
+ 0 -
Sashaart
14 авг. 2013 г., 19:27:44 (10 лет назад)

Жылулық шеңбері
Амансың ба, алтын күн!
Амансың ба, жер ана!
Амансың ба, достарым!
Сендерді көрсем қуанам.
Өткен тақырыпқа шолу

Ойын
«Табиғат құбылысы»

Ыбырай Алтынсарин (портреті)

Қостанай облысында дүниеге келген
Әліппе жазған
Балалар әдебиетінің атасы
Алғаш мектеп ашқан
ағартушы
ұстаз
жазушы

Ой қозғау
Мәтінмен жұмыс
Әке мен бала
Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың ескі тағасын көріп, баласына:
- Анау тағаны, балам, ала жүр, - деді.
Бала әкесіне:
- Сынып қалған ескі тағаны алып не қылайын, - деді.
Әкесі үндемеді, тағаны өзі алды да, жүре берді.
Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң әкесі қайырылып, манағы тағаны соларға үш тиынға сатты. Одан біраз жер өткен соң, шие сатып отырғандардан сол үш тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бір - бірлеп алып жеп баласына қарамай, аяңдап жүре берді. Біраз жер өткен соң әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала да тым - ақ қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма - жан жерден алып, аузына салды. Біраздан соң және бір шие, онан біраз өткен соң бір шие, сонымен әр жерде әкесінің қолынан түскен шиені оншақты рет иіліп жерден алып жеді. Ең соңында әкесі тоқтап, баласына шиені орамалымен беріп тұрып:
- Көрдің бе, мана тағаны жамансынып, жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндің, енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдің орнына он еңкейдің. Мұнан былай есіңде болсын, аз жұмысты қиынсынсаң - көп жұмысқа тап боласың, азға қанағат ете білмесең - көптен де құр қаласың, деді.

Сергіту сәті
Орнымыздан тұрамыз,
Екі қолды созамыз.
Оңға, солға бұрылып,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып аламыз.

Ой толғау
«Ұяшық таңдау» ойыны
1. Шығарма не жайында?
2. Баланың істеген ісі дұрыс па?
3. Баланың әкесі дұрыс істеді ме? Неге?
4. Сендер әкелеріңнің тілін аласыңдар ма?

5. Қорытынды
Әке:
Үлкен кісі
Тағаны алады
Ақылды адам
Шие сатып алды
Еңбектенді

Бала:
Жас бала
Алғысы келмейді
Ақылсыз бала
Шие сатып алмады
Еңбектенбеді

Ответить

Другие вопросы из категории

2 денгей

помагите плиз

Мне срочно нужно перевести текст на казахский язык. Правила пешехода.Если человек хочет перейти дорогу по пешеходу ему нужно посмотреть на лево и на

право.Если едут машины не вкоем случае переходить дорогу нельзя.Когда переходиш дорогу по светофору не нужно отвлекать и мешать другим людям переходить дорогу.Если вы увидите пожилого человека не в силах перейти дорогу,вы должны ему помоч.Так как он может упасть прям на дороге,выронить всю мелоч,уронить очки и т.д. Человек может спокойно ходить по тратуару,там машинам ездить запрещено.Я всегда соблюдаю правила пешехода.

сурет бойнша ангиме курап бериндерш

Читайте также

Әке мен бала мазмұндама
жақсы мен жаман мазмұндама
Пожалуйста помогите до 19.12.2014 примерно до 13:00

3 деңгей

1. мәтіннен тәуелдік жалғауы бар сөздерді теріп жазып, жағын анықтаңдар.
2.;жалпы зат есімдерді теріп жазыңдар

2 деңгей
оңтүстік қазақстан" мәтіні бойынша мазмұндама жазындар

1 деңгей
оңтүстік қазақстан" мәтін байқоңыр "ғарыш орталығы туралы берілген мәліметтермен толықтырып әңгімелендер

Қызылорда обласының басты көрнекілігі бүкіл әлемнен көптеген туристерді Байқоңыр ғарыш орталығы болып табылады .Оның аумағы 6717 шаршы километрге тең.Бұл жерден зымыран ұшырылуын,ғарышкерлік мұражайды,сондай-ақ Юрий Гагарин мен Сергей Королев тұрған үйлерді көре аласыз.



Вы находитесь на странице вопроса ""Әке мен бала" мазмұндама", категории "қазақ тiлi". Данный вопрос относится к разделу "5-9" классов. Здесь вы сможете получить ответ, а также обсудить вопрос с посетителями сайта. Автоматический умный поиск поможет найти похожие вопросы в категории "қазақ тiлi". Если ваш вопрос отличается или ответы не подходят, вы можете задать новый вопрос, воспользовавшись кнопкой в верхней части сайта.