Статистика
Всего в нашей базе более 4 327 663 вопросов и 6 445 978 ответов!

Рәбиға зұлымдық пен зорлықтан қашып келеді.Ол бүгінгі күні бауыры Мұқашқа ат әкел деп тапсырған болатын

5-9 класс

Kolesniksvet 07 дек. 2016 г., 9:01:57 (7 лет назад)
Рейтинг
+ 0 -
0 Жалоба
+ 0 -
Blondinkaz83
07 дек. 2016 г., 9:58:46 (7 лет назад)

тут нужен перевод или что?

Ответить

Читайте также

1. Махамбет Өтемісұлының туған жылын белгілеңіз.

A) 1846 ж.
B) 1835 ж.
C) 1904 ж.
D) 1865 ж.
E) 1804 ж.
2. «Қырық мысал», «Маса» жинақтарының авторын белгілеңіз.
A) А.Байтұрсынұлы.
B) Ш.Құдайбердіұлы.
C) М.Жұмабаев.
D) Ж.Аймауытов.
E) М.Дулатов.
3. «Өткен күндер» жинағының авторын анықтаңыз.
A) С.Сейфуллин.
B) Ж.Жабаев.
C) Ғ.Мүсірепов.
D) Б.Майлин.
E) І.Жансүгіров.
4. «Құлагер» поэмасының кейіпкерін көрсетіңіз.
A) Ақан сері.
B) Күйші.
C) Мардан.
D) Қарашаш.
E) Мәмбет.
5. М. Мақатаевтың қызмет еткен қаласын табыңыз.
A) Атырау қаласы.
B) Алматы қаласы.
C) Ақтау қаласы.
D) Павлодар қаласы.
E) Орал қаласы.
6. Аңыз кейіпкеріне айналған жырауды табыңыз.
A) Доспамбет.
B) Жиренше.
C) Жиембет.
D) Қазтуған.
E) Асан қайғы.
7. Асанның:
’’Ердің құны болса да,
Алдыңа келіп қалған соң,
Қол қусырып барған соң,
Аса кеш те, қоя бер,’’- деген өлеңінде не туралы айтылғанын анықтаңыз.
A) Дәстүр, салт мәселесі.
B) Жер мәселесі.
C) Кешірімділік.
D) Достық.
E) Қамқорлық.
8. 19-ғасырда Орыс жағрафиялық қоғамының толық мүшесі болған қазақты анықтаңыз.
A) Ы. Алтынсарин.
B) А. Байтұрсынов.
C) М. Тынышбаев.
D) Ш. Уәлиханов.
E) Х. Досмұхамедов.
9. Ы. Алтынсарин ұйымдастырған тұңғыш мектеп қай жылы, қай қалада ашылғанын белгілеңіз.
A) 1865 ж. Қостанайда.
B) 1864 ж. Торғайда.
C) 1865 ж. Орынборда.
D) 1863 ж. Ырғызда.
E) 1866 ж. Омбыда.
10. Абайдың бес асыл іс пен бес дұшпанды саралаған өлеңін табыңыз.
A) «Интернатта оқып жүр».
B) «Қалың елім, қазағым...»
C) «Әсемпаз болма әрнеге».
D) «Жасымда ғылым бар деп...»
E) «Ғылым таппай мақтанба».
11. Шәкәрім шығармасын табыңыз.
A) "Ақбілек".
B) "Батыр Баян".
C) "Қалқаман-Мамыр".
D) "Оянған өлке".
E) "Абай жолы".
12. «Шоқпыттың шаруасы» өлеңінің авторын табыңыз.
A) Б.Майлин.
B) С.Сейфуллин.
C) І.Жансүгіров.
D) Ж.Жабаев.
E) С.Мұқанов.
13. Ғ. Мүсіреповтің «Ер ана» әңгімесіндегі кейіпкерді табыңыз.
A) Нағима.
B) Ақлима.
C) Мәрзия.
D) Қапия.
E) Наталья.
14. Қарақалпақ жерінде туған қазақ ақынын табыңыз.
A) Т.Айбергенов.
B) Т.Молдағалиев.
C) Қ.Мырзалиев.
D) М.Шаханов.
E) А.Бақтыгереева.
15. Тасқа жазылған көне дастандарды табыңыз.
A) ’’Диуани лұғат ат-түрік’’.
B) ’’Құдатғу біліг’’.
C) ”Күлтегін”, ’’Тоныкөк’’.
D) ’’Мұхаббат-наме’’.
E) Қорқыт ата.
16. Желаяқ, Таусоғар, Саққұлақ атты кейіпкерлер қандай ертегіде кездесетінін анықтаңыз.
A) "Ұшқыш кілем".
B) "Адам жеңбес Айыртөс батыр".
C) "Ер Төстік".
D) "Керқұла атты Кендебай".
E) "Аяз би".
17. Айтысқа түсетін ақынның бірден бастырмалатып, қарсыласының апшысын қуыра, сескендіре сөйлейтінінің себебін көрсетіңіз.
A) Елдің көңілін аудару амалы.
B) Айтыстың бір шарты.
C) Шабыт шақыру мақсаты.
D) Қарсыласын жеңіп кетудің амалы.
E) Асқақ ақын екенін дәріптеу жолы.

Помогите перевести плиз))

Отыз сегізінші қара сөз
(үзінді)
Құдай Тағала дүниені кәмәлатты шеберлікпен жаратқан һәм адам баласын өссін-өнсін деп жаратқан. Сол өсіп-өну жолында адамның талап қылып ізденер қарызды ісінің алды- әуелі дос көбейтпек. Кімге достығың болса, достық достық шақырады, тілмен, я қылықпен өзін-өзі артық көрсетпек мақсатынан аулақ болмақ.
Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек. Әуелі- надандық, екінші –еріншектік, үшінші- залымдық деп білесің.
Надандық- білім-ғылымның жоқтығы, дүниеден ешнәрсені оларсыз біліп болмайды...
Еріншектік- күллі дүниедегі өнердің дұшпаны.
Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік - бәрі осыдан шығады.
Залымдық- адам баласының дұшпаны. Адам адам баласына дұшпан болса, адамнан бөлінеді, бір жыртқыш хайуан есебіне қосылады.

Помогите плизз!переведите на русский!Дам 60 балл!

Емдік қасиеті ерте кезден-ақ белгілі болған бал
суық тигенде, жүрек, бауыр, өкпе, асқазан, ішек, жүйке ауруы, қан қысымының
көтерілуі сияқты дерттерге аса шипалы. Кейбір кездерде асқынып кеткен тері
ауруларына да жағуға болады. Сондықтан құрамы өте қарапайым және аса
ерекше емдік қасиетке ие ара балы жайында алған болатынмын.

помогите разобрать предложение по частям речи:

1.қонақ күтү-қазақ халқының ең жауапты ісі.
2.жол жүріп келе жатқан адам кез келген үйге қонақ бола береді.
3.ата-бабаларымыз'' қонақпен бірге құт, ырыс келеді''деп ырымдаған

Помогите пожалуйста перевести, СРОЧНО НАДО!!!!

Мен Ұлы Отан соғысы басталған күннен бері бір ғана моншаға барып жүремін. Оның қараңғылауына да, кірлеуіне де, кейде сағаттап күттіретін кезегіне де бойым үйреніп кетіпті. Басқа моншалардан маған мұның ыстығы да ыстық сезіледі.
- Сүпірга бар ма? – деймін ұйғыр шалына.Ол маған: – бағ! – дейді. Шынында «бар» да демейді, «бағ» да демейді, мен естіп – білмеген бір дауысты дыбысқа апарып соғады.
- Веник есть? – деймін орыс шалына.- Ол маған: – есть! – дейді.- Сыпыртқы бар ма? – деймін едәуір жасқа келіп қалған мосқал қазаққа.
Ол үндемей ғана сыпыртқы әкеліп береді.
Билет он бес тиын, сыпыртқы он тиын. Моншада осыдан басқа не бар сөз боларлық? Мен осы сөз аздыққа үйреніп кеткенім сонша, басқа моншаларға барғым келмейді.
Тим… Тимоша… Ким… Симка… Дим… Димка… осының бәрі бір-ақ адамның аты. Оның шын атын ешкім білмейді. Мен өзім сұраған емеспін. Бұл тыриған арық, денсаулығы қыл үстінде, оқымаған, жұмыскер адам. Жаңағы үндемей ғана сыпыртқы әкеліп береді дегенім осы кісі.-
Оден! – дейді ол моншаның ішкі есігін ашып, алдыңғы залда кезек күткен адамдарға. Бұл оның бір адам кірсін дегені.
- Назат! – дейді, біреудің орнына екі адам кіріп бара жатса. – Назат!
Кезегіңмен кірсең, билетіңді алады, орныңды көрсетеді, сыпыртқы сұрасаң, – береді. Сырт айналып жүре береді.-
Оден!
Бұл тоя жеп көрмеген, қызыға киініп көрмеген, жасынан – ақ өнімсіз еңбектен аса алмаған сорлы адам. Өзі де «оден», көптің бірі емес, жалғыздардың бірі.Бір күні ол маған жақынырақ келіп:
- Ағай, он сом ақшаңыз бар ма! Керек еді, – деді ыржиып.Ширек ғасыр ішінде маған тіл қатқаны да осы, ширек ғасыр ішінде менің бетіме тура қарағаны да осы.
Мен барымды бердім. Алды. Алғыс айтқан жоқ.
Содан кейін талай рет кезекте тұрып моншаға түсіп жүрмін. Кезек тым ұзақ болғанда кезексіз өткізер ме екен деп Тима – Димка – Симкаға талай жалтақтадым. Бірақ, оның көзі маған бір түскен емес. Кезегімен өткізеді, билетімді алады, сыпыртқы сұрасам, – береді, он тиынын алады, сырт айналып кете береді.
Екеуміздің арамызда әдетке айналған амандасу да жоқ, таныстық та жоқ. Аты – жөн сұрасу да жоқ. Ширек ғасыр бойында баяғы бейтаныс қалпымызда келе жатырмыз.
Бір күні тағы да сол моншада өзіміздің сүбелі жазушыларымыздың бірі кездесіп қалды. Ол менің арқамды біраз сабалап берді, мен оның арқасын сабалап бердім. Ол менің арқамды ысқылап берді, мен оның арқасын қызыл – шақа қылып бердім. Енді екеуміз жайkасып отырып алып қаланың жаяу өсегіне көше бергенімізде Тимканың «Назат!» деген қатты айғайы естілді. Шешінетін жерге өтіп кеткен біреуді шегіндіріп жүр. – Назат! Назат!
Осыған ұштасып біздің әңгімеміз де Тимкаға көшті. Менің сыбайласым Тимканың біраз қызық мінездеріне кездескен екен. Бір жолы Тимкадан сыпыртқы алғанда бір бес тиын, екі үш тиындық берген екен, Тимка бір тиынын қайырып беріпті… Мен жолдасыма өз басымнан кешкен жоғарыдағы әңгімені айттым. Кінәсіз – кінәратсыз күліп алдық.
Күлкі аяқтала бергенде сыбайласым маған шұғыл бұрылып
- Сен бұл әңгімені маған неге айтып отырсың? Әлде менің де қарыз сұрағым келіп отырғанын сезіне қалдың ба? – деді.
- Жоқ, сен қарыз сұраушы ма едің? Отыз баспа табақ кітабың баспада жатқан жоқ па?
- Бес ай кешігіп шығайын деп тұр.
- Пожалуйста, қанша керек еді?
- Екі жүз.
- Болады. Ертең соға кет!
- Бірақ, мен мына моншашыға ұсап жүз таныстықтан ажырасып кетеді екен деп қорықпа. Кітабым шыққан күні әкеліп беремін.
- Болды.



Вы находитесь на странице вопроса "Рәбиға зұлымдық пен зорлықтан қашып келеді.Ол бүгінгі күні бауыры Мұқашқа ат әкел деп тапсырған болатын", категории "қазақ тiлi". Данный вопрос относится к разделу "5-9" классов. Здесь вы сможете получить ответ, а также обсудить вопрос с посетителями сайта. Автоматический умный поиск поможет найти похожие вопросы в категории "қазақ тiлi". Если ваш вопрос отличается или ответы не подходят, вы можете задать новый вопрос, воспользовавшись кнопкой в верхней части сайта.