Статистика
Всего в нашей базе более 4 327 660 вопросов и 6 445 971 ответов!

1-есеп Қайықтың ағыспен жүзгендігі жылдамдығы 10 км/сағ,ал ағысқа қарсы жүзгендігі жылдамдығы 6км/сағ

5-9 класс

•Қайықтың меншікті жылдамдығын табыңдар
•Ағыс жылдамдығын табыңдар
2-есеп)Тік төртбұрышты жер телімінің ұзындығы 168м,ені одан 3 есе кем
•Тік төртбұрышты жер телімінің ауданын табындар
•Тік төртбұрышты жер телімінің периметрін табындар

Ponomarerik98 13 марта 2017 г., 20:58:25 (7 лет назад)
Рейтинг
+ 0 -
0 Жалоба
+ 0 -
каркарычь
13 марта 2017 г., 23:34:08 (7 лет назад)

кайыктыкы 8 км
ағыстыкы 2 км

Ответить

Другие вопросы из категории

напишите пожалуйста ответы на вопросы по казахскому языку (сразу говорю я тренируюсь на дзюдо там будут такие вопросы :

Сен таңертең жаттығу жасайсын ба?
Сен спорттың қандай түрімен айналысасын?
Қайда барасың?
Денсаулықты қалай сақтауға болады?
Спорт туралы мақал-мәтелдер білесың?
Спорт бұл денсаұлық қалай түсінесің?
Я поставлю сразу спасибо )))))))))

Читайте также

помогите перевести текст грамотно . Денсаулық жақсы болу үшін адам дұрыс ұйықтауға әдеттену керек .Ұйқы денсаулықты жақсартады

.Ұйықтаған кезде адамның денесі тынығады, күші көбейеді , жұмысқа ынтасы артады. Адамды ұйықтау арқылы әр турлі аурулардан емдеп жазуға болады .Сондықтан ұйықтау ережелерін білу қажет. 4-8 жастағы балалар күніне 10-11 сағат ұйықтау керек .Ересек 9-10сағат ұйықтау керек .Ал үлкен адамға күніне 7-8 сағат ұйқы жетеді.Күндіз де, түнде де ұыйқтауға бір мезгілде жатып дағдылану керек . Ұйықтар алдында майлы тамақ жеу зиян , өйткені жүрек дұрыс тыныға алмайды. Балаларға танығар алдында айқайлауға, жүгіріп ойнауға болмайды.Жатар алдында қорқынышты ертегілер мен әңгімелер тыңдамаған жөн.Ұйықтар алдында таза ауаға шығып демалу ,желдеткішті ашып , бөлме ауасын тазарту пайдалы.

ПЕРЕВЕДИТЕ ПОЖАЛУЙСТА ПРОШУ!Я ДАЖЕ 20 БАЛЛОВ ПОСТАВИЛА ЗНАЮ ЧТО МНОГО НО ПЛИЗЗ!!(((

сказка Қаңбақ шал
Бұрын, бұрын бұрында Қаңбақ шал деген шал болыпты. Мал мен басқа зар болыпты. Кедейліктен шықпапты. Ол ау салып, балық аулап, тамақ асырапты. Жел соқса, шал домалап жөнеледі екен. Содан соң оған Қаңбақ шал деген ат қойылыпты. Күн сайын ауына ілінген екі балығының біреуін бір түлкі әлімжеттік қып тартып жей береді екен. Түлкінің қорлығына шыдамай, шал бір күні екінші бір жерге көшем деп, дүние мүлкін арқалап жолға шығыпты. Шаршаған соң оны бір жерге көміп кетіпті, бір жерге елдің сойған малынан жинап алған ішек қарнын көміп кетіпті, бір жерге қарындағы айранды көміп кетіпті .Жүктің салмағымен Қаңбақ шал ұшып кетпей келеді. Жүктен арылған соң, желмен ұшып, бір жерге ұшып түсіпті. Қараса, бір дәу екі тауды біріне – бірі шақпақ қылып, ұрып тұр екен.
Дәу:
- Қайда бара жатқан шалсың? Кел екеуміз күш сынасайық – деп қазандай бір қара тасты көтеріп, аспанға лақтырып жібереді де қайта қағып алып: Ал шал, сен де осылай қақпаққыл етші дейді.
Шал сасып, қайтерін білмей, тасты құшақтап аспанға бір, тасқа бір қарап, күнімен тұрады.
Сонда дәу:
- Е, неғып тұрсың. ЛАҚТЫР – дейді.
Шал тұрып:
- Аспанға лақтырсам, аспан жерге айналып түседі ау деп, жерге қақпай түсірсем, жер ортасынан ойылып түсе ме деп қауіп қылып тұрмын дейді.
Сонда дәу келіп, шалдың қолынан ұстай алады да:
- Ақсақал лақтырмай ақ қой, текке қырыламыз - деп жалынып қойғызады.
Дәудің ақылы таяздығын біліп шал ерленіп, дәуге:
- Кел жердің ішек қарнын шығарйық - дейді.
Дәу жүгіріп келіп, жерді теуіп қалады. Жер тізеден ойылады. Ештеңе шықпайды. Шал өзі бұрын көміп қойған, қаны - жыны арылмаған ішек қарын жатқан жерді жүгіріп барып, теуіп қалса, ішек қарын шығады. Дәу қорқады:
Сосын шал:
- Кел енді жердің миын шығарайық, - дейді.
Дәу бар пәрменімен келіп, жерді теуіп қалады. Жер тағы да тізеден ойылады .Ештеңе шықпайды. Шал манағы айранын көміп кеткен жерді жүгіріп барып теуіп қалса, бырқ етіп айран шыға келеді. Дәу одан бетер қорқады. Мына шал не деген орасан күшті деп, шалдың айтқанын істей береді. Ақыры шал онан қалай құтыларын білмей:
- Енді қайт. Ертең бізге қонаққа кел, - дейді.
Дәу:
Жарайды деп – кетіп қалады.
Шал үйіне келіп, кемпіріне:
- Ертең дәу қонаққа келеді, - дегенде:
- Ойбай, немізді береміз - деп сасады кемпір.
Шал тұрып:
- Ертең дәу келеді. Мен есіктің алдында отырармын. Сонда сен оның көзінше. Не істеймін шал, - деп маған қара, мен не десем, соны істемекші болып, пышақты алып тұра ұмтыл! – деп кемпіріне үйретіп қойады.
Ертеңіне үш дәу келіп, досының үйінде отырады. Сол кезде кемпір тұрып:
- Шал нені асамын үйдегі қонаққа? Түк жоқ деп! - депті.
Сонда шал тұрып:
- Басқы дәудің басын ас, ортаншы дәудің төсін ас, ол жетпесе досым дәудің өзін ас! - дегенде, кемпір пышағын алып тұр ұмтылады. Үш дәу тым тырақай қаша жөнеледі. Досы лашық үйін басымен көтеріп әкетеді. Шал айқайлап:
- Әй, досым, лашығымды тастап кет! Қайда барсаң да құтылмайсын! - дейді. Дәу лашықты тастай сала қашып бара жатса, баяғы әлімжеттік қып балығын тартып жей беретін түлкі жолығады.
- Тақсыр қайдан қашып келесің - дейді түлкі.
- Бір пәле шалдың қырсығынан құтыла алмай қашып келеміз, - дейді.
Түлкі:
- Сол Қаңбақ шалдан қорқып жүрсіңдер ме - менімен жүр, мен сенің өшіңді алып берейін, - деп, дәуді ертіп, шалды іздеп қайта келе жатса, шал лашықтың жанында тұр екен. Түлкінің ертіп келе жатқанын көріп, шал айғай салады:
- Ей, түлкі-ау Арғы атаңда алты атамның құны бар, бергі атаңда бес атамның құны бар, өзіңде бітіспейтін кегім бар, үш дәуді сол үшін бергелі жатырсын ғой! Бәрі бір онымен бітпеймін! - деп дауыстайды.
Сонда дәу қорқып, бұл бізді сол аталарының құнына беруге алдап алып келе жатыр екен ғой, - деп ойлап түлкіні құйрығынан алып жерге бір ұрып өлтіріп, алды-артына қарамастан қаша жөнеледі. Сөйтіп, Қаңбақ шал дәулер мен түлкіден осылай құтылған екен дейді.

можете по этому тексту составить 4-5 вопросов на казахском (желательно с переводом)

Тиімді тамақтанудың негізгі құраушысының бірі - тамақтану мәдениеті. Салауатты тамақтану дағдысын қалыптастырудың бірнеше қарапайым ережелері болады,олар:
· тамақты үстелдің басында отырып қабылдау керек. Тамақты асықпай қабылдау керек. Егер тамаққа зейін салмаған жағдайда, адам тойғанын білмей қалып, артығымен тамақтанады.
· тамақты асықпай, мұқият шайнау керек. Дұрыстап шайналмаған ас кесектерінің асқазанға түсуін және ас қорыту және ас қорыту процесін қиындатады да, асқазан ауруларының пайда болуына себепші болады;
· тамақтану режимін сақтау. Тамақты жиі және аз мөлшерде қабылдау дұрыс (күніне 5 рет). Ұйықтар алдында екі сағат алдында тамақтанған жөн, онда тамақ жақсы қорытылып, ұйқы тыныш болады;
· тамақтанған соң дереу шай ішуге болмайды. Шайдың құрамында темірді ыдырататын заттар болады. Шайдың орнына шырын ішкен жөн;
· таңертеңгі асты мұқият қабылдау. Егер организм 10-12 сағат тамақ қабылдамаса, онда организмдегі қант азайып кетеді. Ертеңгі асты әшпесе,түсте артығымен қабылдайсың, нәтижесінде асқазанға ауыртпалық түсіресің.

КАК бЫСТРО ВЫУЧИТЬ СТИХ Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның, білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой –
Бес асыл іс, көнсеңіз.
Жамандық көрсең нәфрәтлі,
Суытып көңіл тыйсаңыз.
Жақсылық көрсең ғибрәтлі,
Оны ойға жисаңыз.
Ғалым болмай немене,
Балалықты қисаңыз?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз,
Сізге ғылым кім берер,
Жанбай жатып сөнсеңіз?
Дүние де өзі, мал да өзі,
Ғылымға көңіл берсеңіз.
Білгендердің сөзіне
Махаббатпен ерсеңіз.
Ақыл сенбей сенбеңіз,
Бір іске кез келсеңіз.
Ақсақал айтты, бай айтты,
Кім болса, мейлі, сол айтты –
Ақылменен жеңсеңіз.
Надандарға бой берме,
Шын сөзбенен өлсеңіз.
Аят, хадис емес қой,
Күпір болдың демес қой,
Қанша қарсы келсеңіз.
Көп орында көріне айтпа,
Біздің сөзге ерсеңіз.
Мұны жазған кісінің
Атын білме, сөзін біл!
Осы жалған дүниеден
Шешен де өткен не бұлбұл,
Көсем де өткен не дүлдүл.
Сөз мәнісін білсеңіз,
Ақыл – мизан, өлшеу қыл.
Егер қисық көрінсе,
Мейлің таста, мейлің күл.
Егер түзу көрінсе,
Ойлап-ойлап, құлаққа іл.
Ақымақ көп, ақылды аз,
Деме көптің сөзі пұл.
Жақынның сөзі тәтті деп,
Жақыным айтты дей көрме.
Надандықпен кім айтса,
Ондай түпсіз сөзге.ерме.
Сізге айтамын, хаупім - бұл.
Өзің үшін үйренсең,
Жамандықтан жиренсең,
Ашыларсың жылма-жыл.
Біреу үшін үйренсең,
Біреу білмес, сен білсең,
Білгеніңнің бәрі - тұл.
Сөзіне қарай кісіні ал,
Кісіге қарап сөз алма.
Шын сөз қайсы біле алмай,
Әр нәрседен құр қалма.
Мұны жазған білген құл –
Ғұламаһи Дауани,
Солай депті ол шыншыл.
Сөзін оқы және ойла,
Тез үйреніп, тез жойма,
Жас уақытта көңіл - гүл.

Переведите пожалуйста текст!Сыйлықтың қымбат зат болуы міндетті ,емес, ол әркімнің мүмкіндігіне байланысты.Қымбыт сыйлықтар( теледидар, компьютер,

тоңазытқыш, машина ,үй,) бірнеше адам бірігіп алуға болады.Мұндай сыйлықты әдетте жаңа үйге түскенде, үйлену тойына жағдайда ұсынады.Қейбір адамдар тек қыммбат заттарды ғана жақсы әрі әдемі деп санайды.Тек есепқор адам ғана осылай ойлауы мүмкін.Ал дұрысында арнайы жасалған ,ешбір жерден сатып алуға болмайтын сыйлықтар қымбат болып табылады.Мысалы: арнайы шығарылған өлең ,әдейі салған сурет немесе картина ,шығарған ән немесе қолданбалы өнердің қайсыбір заттары.Сыйлықты талғаммен таңдай білу қажет.И если можно то задайте 3 вопроса к этому тексту!!!Заранее спасибо!)



Вы находитесь на странице вопроса "1-есеп Қайықтың ағыспен жүзгендігі жылдамдығы 10 км/сағ,ал ағысқа қарсы жүзгендігі жылдамдығы 6км/сағ", категории "қазақ тiлi". Данный вопрос относится к разделу "5-9" классов. Здесь вы сможете получить ответ, а также обсудить вопрос с посетителями сайта. Автоматический умный поиск поможет найти похожие вопросы в категории "қазақ тiлi". Если ваш вопрос отличается или ответы не подходят, вы можете задать новый вопрос, воспользовавшись кнопкой в верхней части сайта.