Статистика
Всего в нашей базе более 4 327 663 вопросов и 6 445 976 ответов!

Дина Нұрпеисқызы өмірбаяны (биография Дины Нурпеисовой)

5-9 класс

Витаминчик1 30 янв. 2014 г., 12:02:43 (10 лет назад)
Рейтинг
+ 0 -
0 Жалоба
+ 0 -
лобзик123
30 янв. 2014 г., 14:48:55 (10 лет назад)

Туып өскен жері Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданына қарасты Бекетай құмы деген жер. Топырақ Алматы қаласынан бұйырған.Қазақстанның халық әртісі. Халық өнерпаздарының 1937 жылы өткен республикалық байқауына қатысып 75 жасында халық аспаптарын тартатын өнерпаздардың Мәскеуде өткен Бүкілодақтық бірінші байқауында, одан кейін 1944 жылы 83 жасында Орта Азияның бес республикасынан өнерпаздар қатысқан Ташкенттегі он күндікте Дина тағы да жүлделі орындарды жеңіп алады.Дина ата-ана шаңырағында бұлаңдап өскен жас кезінің өзінде ақ Дәулеткерей, Мүсірәлі, Әлікей, Түркеш, Ұзақ, Есжан, Байжұма, Баламайсаң сияқты күйшілердің күйін нәшіне келтіре тартып, төңірегі «домбырашы қыз» деп атаған. Қаршадай қыздың даңқын естіп, әйгілі Құрманғазы арнайы іздеп келген. Ол Динаның домбыра тартысына сүйсініп, болашағынан үлкен үміт күтіп, батасын берген. Осыдан кейін Динадан көз жазбай, үнемі айналып соғып, додалы күй айтыстарына ертіп барып, домбыра тартудың терең сырларын үйретеді. Дина тоғыз жасынан бастап он тоғыз жасына дейін, қашан ұзатылғанша Құрманғазының баулуында болады. Құрманғазыдай дәулескер күйшінің ұстаз болуы Динаның ғана бақытты болып қойған жоқ, исі қазақтың күй өнерінің бақыты болды.
Динаның әсем сазды аяулы күйлері осынау жар қызығын көріп, бала бақытына мейірленген жылдарда туған. Ұзатыларда әкесінің еншің деп мінгізген қарақасқа атына арнап шығарған «Қарақасқа» ат» күйі, өзі пір тұтатын күйшілері Дәулеткерей мен Түркешке еліктеп шығарған «Бұлбұл», «Жігер», «Байжұма» сияқты күйлері, ақылды да айбарлы, сұлу да сырбаз абысынан арналған «Кербез» күйі, үлкен ұлы Жұрымбай 1916 жылғы «Июнь жарлығы» бойынша әскерге шақырылғанда тартқан «Он алтыншы жыл» («Набор») күйі, қадірлес замандастарына сүйсінуден туған «Қосалқа» күйі, балдай тәтті, бауыр етіндей жақын баласы Қоңырға арнаған «Әсем қоңыр» күйі, міне, бұлар Динаның өзіндік қолтаңбасын айқын танытатын біртуар күйлер. Бұл күйлері арқылы Дина қазақ күйлерінің өрісін ұзартып, өресін биіктетумен бірге, өзі де ұлы күйшілермен терезесін теңестірді.Дина Кеңес заманында да өзінің арман аңсарын, үміт тілегін халқының жолына бағыштап өтті. Жасының ұлғайғанына қарамастан Қазақстанның 20 жылдығына орай «Тойбастар», Отан соғысы жылдарында «Ана бұйрығы», «Жеңіс» сияқты күйлер шығарды. Рас, қоғамның репрессиялық қаталдығы туыдрған жағымсыз саясат пен желбуаз идеология Динаның бұла дарынын қақпайлап бақты. Оны төлтума арқасынан (шабытынан) айырып, әсіре ұраншылдықтың қолжаулығы етпек болды. Ол шығарған күйлерге «Еңбек ері», «Сауыншы», «Сталин», «Делегат», «Көкөніс» деп ат қойып, алаулатып жалаулатып, ресми салтанаттардың ұран күйіне айналдырды. Алайда, шын асылды тот баспайды. Динаның қанатты өнері халқының рухани асыл қазынасы ретінде бүгін мен болашаққа қызмет көрсете бермек.

+ 0 -
Alibeklol
30 янв. 2014 г., 17:03:43 (10 лет назад)

на казахском ?

+ 0 -
Dimonius745
30 янв. 2014 г., 18:00:05 (10 лет назад)

да

Ответить

Читайте также

СРОЧНО!!!!!!

Найдите в предложениях слова с падежными окончаниями и определите их падеж
1.Күй - қазақтың ертеден келе жатқан аспаптық музықалық жанры.
2.Куй 14 ғасырда жанр болып қалыптасқан.
3.Ұлттық күй аңыз, ертегі, нақтылы тарихи оқиғалар негізінде құрылып, ілгері дамыды.
4.Өздері күй шығарып, орындауши күйшілер - Құрманғазы, Есбай, Тәттімбет, Сүгір, Дина, т.б.
ОБОЗНАЧЬТЕ ПОЖАЛУЙСТА ОКОНЧАНИЯ

перевидите эр халыктын озынше жана жылы жыл басы болады.кай уакытта,кай халыкта болса да,жана жыл осы халыктын шаруа жагдайына карай белгиленген

мусылман каумнын жана жылы-жазгытуры кун мен туннин тенелген куни-22 наурыз. наурызайында шаруанын малы толден,бири екеу болады.наурыз дини мейрам емес.наурыз мейрамы турмыс мейрамы,шаруашылык мейрамы перевидите

Переведите с казхского на русский:Қолға үйретуге бола ма?Неге болмасын!Адамдар ешкіні де,қойды да қолға үйреткен.Қызық екен,-деді таңданған

Самат.Ешқандай қызығы жоқ.ДҮниедегі тіршіліктің анасы-табиғат.Ал табиғатты аялаушы-адамның алақаны.Самат ойланып қалды.



Вы находитесь на странице вопроса "Дина Нұрпеисқызы өмірбаяны (биография Дины Нурпеисовой)", категории "қазақ тiлi". Данный вопрос относится к разделу "5-9" классов. Здесь вы сможете получить ответ, а также обсудить вопрос с посетителями сайта. Автоматический умный поиск поможет найти похожие вопросы в категории "қазақ тiлi". Если ваш вопрос отличается или ответы не подходят, вы можете задать новый вопрос, воспользовавшись кнопкой в верхней части сайта.