Статистика
Всего в нашей базе более 4 327 663 вопросов и 6 445 978 ответов!

иә орысша санай біледі екен деді.. мактауға мәз болып жиырмаға дейін санадым..жақсы деп құптады мұғалім бірақ дбанасат емес двенацать тринадцать деп

5-9 класс

айт .. Шеснасат емес шестнадцать. Дебенесат емес - девятнадцать. түсіндің бе - деп сұрады. Василийге де менің дұрыс айтуымды қадағалауды тапсырды

Kirilisanazaro 08 авг. 2014 г., 3:22:08 (9 лет назад)
Рейтинг
+ 0 -
0 Жалоба
+ 0 -
89377975658
08 авг. 2014 г., 5:44:50 (9 лет назад)

да, оказывается  по-русски может считать,  сказал. я радовался  ,что умел считать   до двадцати.хорошо говорил одобряла учительница,но  говори  тринадцать но не дбанасат двенацать говори . не Шеснасат,а  шестнадцать. Не Дебенесат  , а девятнадцать. понял? -  спросила она. Василий тоже стал пооверять  как  я правильно говрю 

Ответить

Другие вопросы из категории

киім тіккен кезде(қайшы,пышақ,шанышқы)қажеткиім тігу мен зергерлік бұйым жасау -(өнердің, сабақтың, тамақтың)бір түрікиім тігу үшін

(қағаз,мата,киіз)қажетзергер-(киім тігетін ,кітап жазатын, әшекей бұйымдар жасайтын)шебертігінші-(киім тігетін , кітап жазатын, әшекей бұйымдар жасайтын)шебер

помогите пожалуйста не могу понять что здесь нужно сделать!!

Читайте также

перевидите текст: Кешкі астан соң Василий сабағына отырды. Ал Тишко менің әліппемді алып әріп

үйрете

бастады. Мен бұл алфавитпен таныс едім. Бірақ әкем үйреткенде Б мен В-ның,
К, Г және

X әрпінің, С мен Ц-ның, Е, И, Э және Й әріптерінің айырмасы жоқ сияқты
бірдей естілуші

еді. Ал Ъ, Ы, Ь әріптері дегенді естіген емеспін. Гончаровтар бәрін анықтап
ұзақ үйретеді.

Амал қанша, жуығырақта басыма қонар емес.



Ал, кәне, — Василий деп айтып көрші.



Басиль, — деймін мен оған.

—Жоқ, Басиль емес, Василий,—дейді Тишко,—түсіндің бе, В, Ва...



Бесиль, — деймін мен. Сөйтемін де одан — солай ма деп сұраймын.



Жоқ, тағы да дұрыс айтпай отырсың, Бе емес, Ва, Васи-лий. Түсіндің бе?

Олар осынау қиын әріптер кездесетін орыс және қазақ сөздерін мысалға
келтіреді. Бірақ

миыма кіріп жатқаны шамалы.

Орыс мектебіндегі алғашқы сабағым осылай басталған еді.

Василий екеуміз мектепке қарай жүгірдік. Тысқа шықсақ, әр үйден кітап
ұстаған балалар

өріп келеді екен. Бізге келіп қосылған соң, бәрі мені түртпектей бастады.



Бұл, қай «қырғыз», Василь?



Бұл — біздің танысымыз Момыштың баласы, енді бізбен бірге оқитын болады, —

деді Василий.



Өзі орысша біле ме?



Аздап біледі. Үйреніп кетеді ғой.



Әліппені біле ме, жоқ па?



Оны аздап біледі.



Жазуын қайтеді?



Өзің қалай үйреніп ең? — деп дүрсе қоя берді Василий.



Сен сияқты бұл да үйренеді.



Өзі қайда тұрмақ?



Біздің үйде, менімен бірге тұрады, — деді Василий.

Осы кезде қоңырау үні естіліп еді, балалар мектепке

қарай жүгірді. Есік алдында көз нұры тайған, көнелеу тері құлақшын киген
шал кішкене

қоңырауды сілкілеп, безілдетіп тұр екен.

Класқа балалардың соңынан кірдім. Оқушылар шешініп, сыртқа киімдерін іліп
жатыр.

Оларды көріп мен де шапаным мен құлақшынымды шешіп, ең шеткі шегеге ілдім.

Мұғалім келді. Барлық оқушылар орнынан тұрды. Мұғалім сәлемдесіп еді,
оқушылар бәрі

де бір дауыспен «сәлеметсіз бе, Мария Ивановна» деді.

Сабақ басталды. Мұғалім әліппені ашты да, тақтаға қасымдағы қызды шақырды.
Ол үй

тапсырмасын тақылдап айтып берді. Бормен қара тақтаға үлкен әріптің
жазылғанын

тұңғыш рет сонда көрдім. Қыз бірнеше сөз жазды да, оны өшірген соң орнына
келіп

отырды. Тақтаға тағы бір бала шығып, әлгі сөздерді жазып еді, талай қате
жіберіпті.

Мұғаліміміз сол арада түзетіп көрсетті... Әрине, мен оның көбін түсініп
отырғам жок.

Екінші сабақта мұғалім оқушыларға тапсырма берді де, мені. шақырып алып
қасына

отырғызды. Әліппені ашып, жеке түсіндіре бастады.

— Көрдің бе, әліппені біледі, — деді Василий қасындағы балаға.

Мұғалім менен әліппені сұрады. Алфавиттің бәрін айтып бердім. Мұғалім ретті
жерінде

түзеп отыр. «Ве, Ка, Ха, Це, Ша, Ща, Че, Ю» деп ол мен дұрыс айтпаған
әріптерді

қайталады. Сонан соң әлгі әріптерді әдемілеп жеке жазды да:



Міне, осыларды жаттап кел. Оқу мен жазуды кейін бастармыз.

Енді ол әліппені ашты да, бір бетіндегі жазуды жаймен оқып шықты. Мағынасын

түсіндірді. Оқушылардың өздеріне оқытты

Үшінші сабақ— есеп екен. Қызықты өтті. Сабақ алдында мұғалім үйге берген
тапсырманы

шығардыңдар ма, деп сұрады. Оқушылар шығарып келіпті. Мұғалім тақтаға есеп
жазды.



Бәрің де осылай жазып келдіңдер ме? — деп сұрады.



Бәріміз де, — деп шу ете қалды оқушылар.

Мұғалім дәптерлерді тексеріп, қателерін көрсетті. Шығару жолдарын тақтаға
жазып

көрсетті. Сонан соң жаңа есеп түсіндіріп, үйге тапсырма берді. Оқушылар
тақтадан

тапсырма көшіріп жатқанда, мұғалім менің қасыма келді. Дәптеріме анықтап
тұрып онға

дейін сандарды жазып берді.



Один — бир, два — еки, три — үш, четыре — торть, — деп аудармасымен

түсіндіре бастады. Маған қайталатып еді, мүдірмей санап бердім. Өйткені
орысша жүзге

дейін мүдірмей санай алатынмын. Оқушылар мен жаққа райсыз қарап қапты.
Мұғалім

оларға жауап бергендей: — Иә, орысша санай біледі екен, — деді.

Мақтауға мәз болып, жиырмаға дейін санадым.



Жақсы, — деп құптады мұғалім, — бірақ «дбанасат» емес — «двенадцать,

тринадцать» деп айт. «Шеснасат» емес, — «шестнадцать». «Дебетнасат» емес —

девятнадцать». Түсіндің бе? — деп сұрады. Василийге де менің дұрыс айтуымды

қадағалауды тапсырды.

Менің орыс мектебіндегі алғашқы сабағым осылай басталып еді.

Гончаровтардың көмегімен мен жаман оқығам жоқ. Кемпір мен шалдан басқасы
маған

қамқор болып, сабақ үйретеді. Шал мен кемпірдің өздері сауатсыз еді.
Есептен жүйрік боп

шықтым. Бірақ есеп жолдарын дәптерге ретімен жаза бермейтінмін. Ойша
шығарып,

жауабын ғана жаза салам. Мұғалім бұған қиналатын. Сабақ сайын есеп жолдарын
жазуды

түсіндіреді. Тілді нашар білетіндіктен мұғалімнің түсіндіргенін шала-пұла
ұғушы ем.

Бірақ ол үйретуден жалыққан емес.

Әліппе оқитын болдым. Дәптеріме де бірлі-жарым өрнектер түсе бастады. Көп
сөзді

түсінбесем де, көшіре беретінмін. Сөздің мағынасына мән бермесем де, жаттап
алушы

ем...

Күн сайын орыс балаларымен достасып, оқуым да жақсара берді...

Помогите пожалуйста составить 5 вопросов по тексту.

Менің немерем зерек. Естігенін қолма-қол қайталап айтып береді. Ол өзі ынталы. Көп сұрайды. Ол білсем екен дейді де тұрады. Қазірдің өзінде бірнеше әріпті танып қалды. Онға дейінгі сандарды жақсы ажырата біледі.
-Ата, мынау - бірінші автобус.
-Ата, екі санды автобус келіп тоқтады.
-Ата, тоғызыншы автобус келіп тоқтады, - деп тақылдап тұрғаны.
-Ата, төртінші автобус келе жатыр,- деп машинаға ұмтылды. Мен автобустың мандайындағы санға қарап:
-Бұл төртінші автобус емес, жиырма екінші автобус,- дедім.
-Бұл төртінші. Сіздің өзініз маған екі жерде екі төрт болады деп үйреткен жоқсыз ба?- деді немерем.
-Немереңіз есепке жүйрік болайын деп тұр екен,- деп аялдамадағылар күлісіп алды.

1. «А,о,ұ,ы» қандай дыбыстар екенін көрсетіңіз.

A) Езулік.
B) Қысаң.
C) Еріндік.
D) Жуан.
E) Ашық.
2. Мақалды толықтырыңыз. « ... – адамның арқауы».
A) Ас. B) Нан. C) Сүт. D) Су. E) Ет.
3. Дұрыс жазылған сөзді көрсетіңіз.
A) Жабаевтің.
B) Жабаевта.
C) Жабаевте.
D) Жабаевті.
E) Жабаевіңіз.
4. Бір отбасындағы 2 ұл бір-біріне кім болатынын табыңыз.
A) Қарындас.
B) Нағашы.
C) Апалы-сіңлілі.
D) Ата-әже.
E) Ағалы-інілі.
5. Әркім, әрқашан, әрне есімдіктің қай түрі екенін белгілеңіз.
A) Болымсыздық.
B) Сұрау.
C) Белгісіздік.
D) Өздік.
E) Жіктеу.
6. Тура мағыналы сөзді табыңыз.
A) Жібек мінезді.
B) Қара суық.
C) Қоңыр күз.
D) Суық хабар.
E) Биік тау.
7. Сөздерге жалғанатын тиісті жұрнақтарды белгілеңіз. Асық..., қи..., жағалас..., ұмыт... .
A) –па,-ма,-па,-па.
B) –ба,-бе,-ма,-па.
C) –бе,-па,-ме,-ма.
D) –ма,-па,-пе,-ме.
E) –па,-ма,-па,-ме.
8. Тәуелді септелуді табыңыз.
A) Жүрегіме.
B) Айнаға.
C) Дүкенде.
D) Кітаптан.
E) Баламен.
9. Бастауыш пен баяндауыштан ғана тұратын сөйлем түрін табыңыз.
A) Жайылма.
B) Толымды.
C) Атаулы.
D) Жалаң.
E) Жақсыз.
10. Жақсыз сөйлемді көрсетіңіз.
A) Ертең маған кел.
B) Жеке меншікке көшті.
C) Жақсы орынға тұрғым келеді.
D) Сен фирманың бастығысың.
E) Біз серуенге шықтық.
11. Салалас құрмалас сөйлемді белгілеңіз.
A) Күн бұлтты болды, бірақ жаңбыр жаумады.
B) Төле би 17 ғасырда өмір сүрген.
C) Үй іші жым-жырт.
D) Мен мұғаліммен бірге құрбыма бардым.
E) Раушанның қалаға келгеніне үшінші күн болғанда, жиналыс ашылды.
12. «Медеу» мұз айдыны орналасқан қаланың атауын белгілеңіз.
A) Қостанай. B) Көкшетау. C) Алматы. D) Қызылорда. E) Астана.
13. Түбір сөзді табыңыз.
A) Жұмыссыз.
B) Отты.
C) Ұрды.
D) Дауысқа.
E) Бала.
14. Тиісті сан есімді қойыңыз.
Мың жолдас жақсы,
Мың жолдастан ... жолдас жақсы.
A) Бес. B) Бірінші. C) Мыңдай. D) Бір. E) Үштен екі.
15. Бастауышы тәуелдік жалғауында тұрған сөйлемді табыңыз.
A) Келе жатқан үшеу екен.
B) Інім маған көмектесті.
C) Нұрлан мектепте оқиды.
D) Біз Қазақстанда тұрамыз.
E) Ертең жаңбыр жауады.
16. Сөйлемде қимыл-әрекеттің жай-күйін, мезгілін, мекенін білдіретін тұрлаусыз мүшені көрсетіңіз.
A) Пысықтауыш.
B) Толықтауыш.
C) Баяндауыш.
D) Анықтауыш.
E) Бастауыш.
17. «Ұқыпты» сөзіне мағыналас сөзді табыңыз.
A). Жақсы. B) Салақ. C) Лас. D) Қысқа. E) Тиянақты.
18. Мемлекеттік тудағы қыран құс ненің белгісі екенін атаңыз.
A) Тыныштықтың.
B) Бостандықтың.
C) Бейбітшіліктің.
D) Тазалықтың.
E) Адалдықтың.
19. Сұраулық шылауды көрсетіңіз.
A) Сыпайы болу керек, өйткені ол – мәдениеттілік белгісі.
B) Ол ертең сен арқылы хабарласады.
C) Біз бүгін оқимыз, сендер ше?
D) Олар циркке қашан барады?
E) Қыс басталды, бірақ аяз жоқ
20. Қыс айларын табыңыз.
A) Маусым, шілде.
B) Қазан, тамыз.
C) Қаңтар, ақпан.
D) Мамыр, қыркүйек.
E) Наурыз, сәуір.
21. Тиісті сөзбен толықтырыңыз. Екіге екі қосса … болады.
A) Екі. B) Төрт. C) Үш. D) Бір. E) Бес.
22. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз.
« ... болам десең, бесігіңді түзе».
A) Ел. B) Ұстаз. C) Бала. D) Ата-ана. E) Адам.
23. Негізгі сын есімді көрсетіңіз.
A) Жазғы.
B) Сусыз
C) Бойшаң.
D) Терең.
E) Көйлек.
24. Ойлауға үйрететін қазақ халқының ұлттық ойынын табыңыз.
A) Қыз қуу.
B) Ақсүйек.
C) Тоғызқұмалақ.
D) Ханталапай.
E) Бәйге.
25. Жылдың қай мезгілі: Құстар жылы жаққа ұшады.
A) Жаз. B) Күз. C) Қыс. D) Қаңтар. E) Ақпан.

ПОМОГИТЕ ПЕРЕВЕСТИ ТЕКСТ С КАЗАХСКОГО НА РУССКИЙ

( БОЛЕЕ ПОПОНЯТНЕЙ ПОЖАЛУЙСТА)

Аттары болдырып, шөлдеп-шөліркеп келе жатқан жолаушылардың алдынан бір топ атты қыз-келіншек көрінеді. Ол топтың ішінде Данагүл дейтін кедейдің қызы да бар еді. Жалғыз көк шолақ атына мініп, байдың қыздарымен тойдан қайтқан беті еді деседі.- Әй, апайлар, тоқтаңыздар, аттарыңыздың басын тартыңыздар. Жоғары жақтан бір қатар аттылар келе жатыр, алдынан кесе-көлденең өтіп кетпейік. Үлкендердің алдынан кесіп ету дұрыс болмайды. Олар ел қорғайтын, жер қорғайтын ерлер. Кім біліпті, араларында ақылы асқан ақылман, данышпан қариялары бар шығар, ашулы, арынды батырлары бар шығар. Шарапат жақсылығы тиер, үлкен кісілердің батасын алып, алғысына бөленейік. Апалар, аттарыңыздың басын тартыңыздар, тосып тұралық. Атты ер кісілер алдымыздан кесіп өтсін. Сонан соң жүрсек те ауылымызға жетерміз, — деді Данагүл.Қызыл-жасыл киген қыздар жол кеспей иіріліп тұрып қалды. Топ алдындағы Төле би мұны алыстан көріп, байқап келе жатыр. Қызыл-жасыл киген қыздардың деңгейіне жетіп алдарынан өтіп, біраз жерге ұзап кеткен соң, қасындағы жолдастарының біреуіне:- Анау алдымызды кеспей кейіндеп қалған балаларды шақырып келші, - деді. Ол шауып барып, қыздарды шақырып келді. Жақындай бергенде Данагүл атынан түсіп жаяулап:- Апалар, бәріңіз де аттан түсіңіздер. Жаяу барып сәлем берелік. Үлкен кісілерге атпен тасыраңдап жетіп барып сәлем бергеніміз ұят.Бұл кісілер ешуақытта да кездеспейтін кісілер. Жолымыз болады екен, - деді.

Помогите срочно!!! Очень нужно!!! 60 БАЛЛОВ!!! Тест по казахскому

Сан есім
1-нұсқа
1. Сан есімнің қай септікте тұрғанын анықтаңыздар.
Таңертең сағат жетіде тұрамын.
А) Ілік септік. В) Барыс септік. С) Көмектес септік. Д) Жатыс септік. Е) Атау септік.
2. «2» санынан жинақтық сан есім жасайтын жұрнақты көрсетіңіз.
А) –дан. В) –тен. С) –нші. Д) –еу. Е) –ні.
3. Бөлшектік сан есімнің сұрақтарын көрсетіңіз.
А) Не істеді? В) Кімнің? С) Қай? Д) Кім? Е) Қанша?
4. Күрделі сан есімді табыңыз.
А) Бесінші. В) Екі. С) Алты. Д) Үш жүз жетпіс. Е) Төртеу.
5. Соңғы дыбысы дауысты жіңішке түбірлі сөзге қай жұрнақ жалғанатынын табыңыз.
А) –нші. В)-нші, -інші. С) –ншы. Д) –інші. Е) –ншы, -ыншы.
6. Күрделі реттік сан есімді табыңыз.
А) Он-он бес. В) Екі бүтін оннан үш. С) Он бір. Д) Он бірінші. Е) Отыз тоғыздан.
7. Тиісті сан есімді қойыңыз.
Ер жігіттің ... сөйлегені - өлгені.
А) Екі бүтін үш ондық. В) Екінші. С) Екі-екіден. Д) Екі. Е) Екеу.
8. Күрделі есептік сан есімді көрсетіңіз.
А) Отыз бесінші. В) Екі кітап. С) Жүз алты. Д) Жиырма. Е) Оннан төрт.
9. Көмектес септігінде тұрған сан есімді табыңыз.
А) Екіде. В) Екіден. С) Екіні. Д) Екімен. Е) Екінің.
10. Соңғы дыбысы дауыссыз жуан түбірлі сөзге қай жұрнақ жалғанатынын табыңыз.
А) –ншы, -нші. В) –нші, -ыншы. С) –інші, -нші. Д) –ыншы, -ншы. Е) –ыншы.
11. Сан есімге керекті тыныс белгісін анықтаңыз.
Атам 70 тен асты.
А) Нүкте. В) Қос нүкте. С) Дефис. Д) Жақша. Е) Үтір.
12. Құрамында үнді дауыссыз дыбысы бар сан есімді табыңыз.
А) Жеті. В) Он. С) Отыз тоғыз. Д) Жүз бес. Е) Сегіз.
13. Қайсысы реттік сан есім екенін белгілеңіз.
А) Екіден. В) Мың. С) Он. Д) Тоғызыншы. Е) Біреу.
14. Реттік сан есім қосымшасын табыңыз.
А) –ау, -еу В) –ау, -тан С) –еу, -інші Д) –ау, -ыншы Е) –інші, -ыншы
15. Сан есімді белгілеңіз.
А) Тиісті. В) Қызыл. С) Елу бір. Д) Ішті. Е) Өрік.
16. Реттік сан есімнің сұрақтарын табыңыз.
А)Қандай? Қай? В)Неше?Қанша? С)Нешінші? Қаншасыншы? Д)Нешеден? Қаншадан? Е)Нешеу?
17. Күрделі сан есімді табыңыз.
А) Үшеу. В) Екінші. С) Сегіз. Д) Он екі. Е) Бес.
18. Дара сан есімді көрсетіңіз.
А) Екі жүз сегіз. В) Жиырма. С) Он төрт. Д) Жиырма бес. Е) Бестен үш.
19 Білім күні нешінші айда екенін көрсетіңіз.
А) Сегізінші. В) Жетінші. С) Он бірінші. Д) Тоғызыншы. Е) Оныншы.
20. «Он бес» сөзі қандай сан есім екенін белгілеңіз.
А) Дара. В) Толық. С) Күрделі. Д) Жай. Е) Көптік.
21. Бір жылда неше мезгіл бар екенін белгілеңіз.
А) Бір. В) Төрт. С) Он тоғыз. Д) Үш. Е) Алты.
22. Сан есімді сөз тіркесін табыңыз.
А) Күміс қасық. В) Алтын сағат. С) Ағаш күрек. Д) Екі жолдас. Е) Жібек жолы.
23. Бір айда неше апта барын табыңыз.
А) екі В) алты С) бес Д) үш Е) төрт
24. Жинақтық сан есімді белгілеңіз.
А) Жетеу. В) Белбеу. С) Белгілеу. Д) Істеу. Е) Нешеу.
25. Күрделі сан есімді көрсетіңіз.
А) Екі. В) Жеті. С) Тоғыз. Д) Жиырма бір. Е) Бес.



Вы находитесь на странице вопроса "иә орысша санай біледі екен деді.. мактауға мәз болып жиырмаға дейін санадым..жақсы деп құптады мұғалім бірақ дбанасат емес двенацать тринадцать деп", категории "қазақ тiлi". Данный вопрос относится к разделу "5-9" классов. Здесь вы сможете получить ответ, а также обсудить вопрос с посетителями сайта. Автоматический умный поиск поможет найти похожие вопросы в категории "қазақ тiлi". Если ваш вопрос отличается или ответы не подходят, вы можете задать новый вопрос, воспользовавшись кнопкой в верхней части сайта.