Статистика
Всего в нашей базе более 4 327 663 вопросов и 6 445 976 ответов!

бip ел-бiр тагдыр шыгарма

10-11 класс

Lerika199922 04 февр. 2017 г., 16:32:02 (7 лет назад)
Рейтинг
+ 0 -
0 Жалоба
+ 0 -
Трямкалка
04 февр. 2017 г., 18:58:30 (7 лет назад)

Көпұлтты Қазақстанның кемел келешекке жетуі үшін ең алдымен ел ішінің тыныштығы мен түрлі этнос өкілдерінің «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаратын» береке-бірлігін басты қағидаға айналдырған Елбасы 1995 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясын құрған болатын. Құрылғанына он сегіз жыл толған Ассамблеяның аталмыш сессиясына Парламент депутаттары, Үкімет мүшелері, саяси партиялар, діни конфессиялар, дипломатиялық миссиялардың жетекшілері, ғылым және шығармашылық қауым өкілдері мен Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері қатысты.
Әлқисса, «Еділдің бойы ен тоғай, ел қондырсам деп едім» деген наркескен ақын Махамбеттің арманы арада екі жүз жылдай уақыт өткенде Есілдің бойында орындалып жатқандай. Арғы жағы Есілдің бергі жағы ен тоғаймен емес, еңсесі биік зәулім сарайлармен Арқаның ажарын ашып, сән-салтанатын жарастырып келе жатқалы да он алты жылға табан тіреп қалды. Өткен ғасырдағы тоқсаныншы жылдың аяғында Алатау етегінен Арқаның төріне көшпенділер елінің керуені қазығын қағып, шаңырағын көтерген еді. Ол – тәуелсіз елдің жаңа ордасы Астана қаласы. Бүгінде қазақ елінің жүрегі болған Астана бейбітшілік бесігіне айналып үлгерді.
Олай дейтініміз, даладай дархан құшағына жүз отыз алты ұлт пен ұлысты сидырған қазақ елі Қазақстан деп аталатын алып шаңырақ астында татулықтың асқан үлгісін көрсетіп келеді. Бұл сөзімізге кеше ғана Елорданың төрінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық ХХ сессиясы дәлел бола алады. Осы жылдар ішінде Ассамблея кемелденіп, біртұтас ұлттың жалпыазаматтық институтына айналғанын айтқан Елбасы Қазақстан этникалық кикілжіңдерден таза аумақ болып қалыптасқанын, этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі ел бірлігінің тиімді құралы екенін де атап өтті.
Бір кездері тағдырдың жазуымен қазақ даласына келген сан ұлттың баласына құшағын ашып, бауырына басқан халқымыз осы пейілінен әлі де ажырай қойған жоқ. «Тар жерде табысқан, кең жерде келіседі», – деген ел Президенті бірлік пен келісім, толеранттылық пен өзара сенім – бұл елді жаңғыртудың экономикадан тыс инвестициялары екенін баса айтты. Осы орайда аймақтарда Қоғамдық келісім кеңестерін жасақтауды тапсырды. 

+ 0 -
123456ы
04 февр. 2017 г., 21:43:45 (7 лет назад)

Please.Help me!

Ответить

Другие вопросы из категории

Пооож, ответьте какие сможете!!!

1. Атазаң деген ұғымды қалай түсінесіндер?
2. Конституция не үшін қажет?
3. Біздің еліміздің атазаңы қай уақытта қабылданды?
4. Конституцияда не анықталған?
5. Конституциямызда толықтырулар мен өзгерістер енгізіліп отырама?
6. Еліміздің президентті конституция туралы қандай пікір айтады?



Вы находитесь на странице вопроса "бip ел-бiр тагдыр шыгарма", категории "қазақ тiлi". Данный вопрос относится к разделу "10-11" классов. Здесь вы сможете получить ответ, а также обсудить вопрос с посетителями сайта. Автоматический умный поиск поможет найти похожие вопросы в категории "қазақ тiлi". Если ваш вопрос отличается или ответы не подходят, вы можете задать новый вопрос, воспользовавшись кнопкой в верхней части сайта.