Статистика
Всего в нашей базе более 4 327 663 вопросов и 6 445 976 ответов!

Переведите пожалуйста, Тіл дегеніміз - қай халықтың болмасын, кешегі бүгінгі ғана тағдыры емес, ертенгіде тағдыры.Тіл байлығы елтін айғағы көркем және

5-9 класс

ғылыми әдебиетті өнер кәсіби мәдиниетті қоғамдық құрылысы салтсанасы жауынгерлік дәстүрі тағы басқа мұрасы қай екенін көрсететін дәлелі кенелі.Тіл байлығы тіл тазалығы ұлт қасиеттінің салт санасының негізгі өнегесі нағыз белгісі.Біздің тіліміс көркем бай.

Валентайн2002 26 июля 2014 г., 12:59:51 (9 лет назад)
Рейтинг
+ 0 -
0 Жалоба
+ 0 -
Nata210185
26 июля 2014 г., 13:42:07 (9 лет назад)

Я не везде понимала, что написано у тебя. Поэтому текст переведен не дословно. 

Язык-это не только прошлая или  настоящая, но и  будущая судьба народа. Богатство языка - богатство страны. Язык - "стройматериал"  культурной и научной жизни страны. Богатство языка, его красноречивость- гарантия высокого  национального  духа. Наш язык очень красив и богат.

Ответить

Другие вопросы из категории

1.Төмендегі туынды зат есімдер қандай жұрнақтар арқылы жасалып тұрғанын көрсетіңдер

а)қырғыш
ә)үйшік
б)келеш
2.Жалқы есім де, жалпы есім де болатын дерексіз зат есімдер табыңдар
а)ар-ұждан
ә)шаттық
б)көңіл
3.Кез келген қыстырма сөз модаль сөздерге жата ма?
а)иә
б)жоқ

Читайте также

Переведите пожалуйста)))Баланың қарапаым тілегін орындау қаншалықты қиын дейсің.Шешесі екеуі лезде қала сыртына шығады.Жазық даланы тау-төбені,тоғайды

аралап көреді ,жалаң аяқ өзенді кешіп өтеді.

-Алақай!-дейді Данияр айқайлап.-Табиғат деген қандай тамаша!Айнала қандай кең!..Мұндай таза ауаны өмірі жұтып көрген емеспін.Шөбі жұмсақ,суы мөлдір екен.Ана,бұрын,неғып табиғатты менен жасырып жүргенсіңдер.-Балам-ауылғи, ауруханада жүрдің емес пе?Сонымен Данияр табиғат дүниесін,яғни өзен су,тау-шөпті жантәнімен жақсы көріп қалады.Сол жерде жеміс-жидек теріп жеп, өзен суына түседу.Сұлулыққа ынтығып ,таза ауаға құмартып жүрген баланың денсаулығы бірте-бірте түзеле бастады..Пожалуйста очень срочно желательно к 6-7 часам!

Всем привет!Помогите мне пожалуйста с переводом этого текста,переведите пожалуйста на русский язык!:)

Құймақ-ұннан жасалатын тағам.Ол тез піседі, суытпай, жылы күйінде өте сіңімді әрі дәмді болады.Тілге дәмді, тіске жұмсақ,
бұл дәм - қарттар мен балалардың сүйікті асы.
Ұнға жұмыртқа қант май сүт қосып араластырып сұйық күйінде қазандағы немесе табадағы ыстық майға пісіріледі.Қазанға немесе табаға сұйық күйінде құйылатындықтан од жұка әрі дөңгелек болып піседі.Құймақ өте дәмді және денсаулыққа пайдалы тағам.
Переведите пожалуйста срочно надо!
заранее спасибо!)

Переведите пожалуйста текст

Моя Мечта
У каждого человека есть своя мечта. Они бываю маленькими и большими. У меня тоже есть своя мечта. Я мечтаю получить хорошее образование. Хотелось путешествовать по миру и познакомиться с разными людьми. Хочется полетать на большом воздушном шаре. встретится с любимыми актерами. Чтобы в мире всё было прекрасно и все жили дружно.
. Очень хочу чтобы с неба падали каждый раз деньги. И самое главное чтобы моя семья жила долго и счастливо. Желаю чтоб у каждого исполнилась мечта пусть она большая или маленькая.
Переведите пожалуйста умоляю вас. Так как этот диктант влияет на мою оценку в четверти. Зараннее спасибо!))

Переведите пожалуйста стихотворение Магжана Жумабаева

Cағындым



Абақтыда айдан, күннен жаңылдым, Сарғайдым ғой, сар даламды сағындым. "Қарашығым, құлыным!” – деп зарлаған Алыстағы сорлы анамды сағындым. Жатқан үйім – қабырғасы қара тас, Жарық сəуле, жылы күнге жаны қас. Ауыр иіс, ылғи қара көлеңке, Ерте-кеш те, күндіз-түні арылмас. Тапал, салқын, тым қараңғы үңгір тар, Есігімде мықты қара құлып бар. Кіп-кішкене терезелер темірлі, Мұндай үйден кімге естілер ащы зар! Алтын күнді, қара жерді сағындым, Жан жолдасым – жүйрік желді сағындым. Асау тайдай еркелетіп өсірген, Ағайынды туған елді сағындым. Əлдеқайда күн шығады, батады, Сорлы тұтқын күңіреніп жатады. Қарар болсаң терезеден темірлі, Көздеп тұрған күзетшілер атады. Ас бола ма сасық сорпа, қара нан? Алма бетте қалмады ғой тамшы қан. Қоңырау қағып оятады ақырып, Тым болмаса сібірлеп те атпай таң. Бостандықта өткен күнді сағындым, Желдей зулап кеткен күнді сағындым. Жыл құсындай ұшсам, қонсам ерікті, Ойдағыны еткен күнді сағындым. Абақтының айға баға күні ұзақ, Жанды жейтін жылға баға түні ұзақ. Ескі мола дəн дыбыс жоқ, тым-тырыс, Тық-тық басып күзетші жүр жалғыз-ақ. Қара жылан – қалың ойлар қаптады, Шыбын жаным барар жерді таппады. Ойлар жейді жас жүректі жегідей, Тəңірі ием, таңың-дағы атпады! Ойыны бір құрдастарды сағындым, Тілегі бір жолдастарды сағындым. Келешекке бірге жоспар құрысқан, Сырласатын жан достарды сағындым. Уға толды жас жүрегім, жабықтым, Таныс дауыс ести алмай зарықтым. Не дегенін, не істегенін біле алмай, Қоры болдым ғой азат жүрген халықтың! Құшақтарға жанымда жоқ жақын жан, Басқа шапшып мазаны алды ыстық қан. Жалындаған жас жүрекке не пайда, Дене күйіп, бір жатып, бір тұрудан? Жүрегіме жақын жанды сағындым, Жібек мінез, ақақ жарды сағындым. Айрыларда күншығыстан ағарып, Ақ жібектей шапақ таңды сағындым. Не көрсем де алаш үшін көргенім, Маған атақ ұлтым үшін өлгенім. Мен өлсем де, алаш өлмес, көркейер, Істей берсін қолдарынан келгенін! Қара елім, қалың қара ағашым, Қайраты мол айбынды ер, алашым! Өзі-ақ құлар, сырың берме, сабыр қыл, Ақымақтар байқамаған шамасын. Қазағымды, қалың елді сағындым, Сарыарқамды – сайран жерді сағындым. Балдай бұлақ, мөлдір күміс көбікті, Арқадағы айдын көлді сағындым. Қуанышта:”Əй сені ме!” – дегендер, Күйініште мен үшін уайым жегендер. Құтылу қиын, басқан адым аңдулы, Тізіп қойып ертеңді-кеш түгендер. Тəңірі ие, өзің алшы панаңа, Тас бауырлар зарға құлақ сала ма? Баласынан тұтқын болып сарғайған, Кім жеткізер сəлемімді анама? Абақтыда айды, күнді жаңылдым, Сарғайдым ғой, сар даланы сағындым. "Қарашығым, құлыным!” – деп зарлаған Алыстағы сорлы анамды сағындым!

ПЕРЕВЕДИТЕ ПОЖАЛУЙСТА ПРОШУ!Я ДАЖЕ 20 БАЛЛОВ ПОСТАВИЛА ЗНАЮ ЧТО МНОГО НО ПЛИЗЗ!!(((

сказка Қаңбақ шал
Бұрын, бұрын бұрында Қаңбақ шал деген шал болыпты. Мал мен басқа зар болыпты. Кедейліктен шықпапты. Ол ау салып, балық аулап, тамақ асырапты. Жел соқса, шал домалап жөнеледі екен. Содан соң оған Қаңбақ шал деген ат қойылыпты. Күн сайын ауына ілінген екі балығының біреуін бір түлкі әлімжеттік қып тартып жей береді екен. Түлкінің қорлығына шыдамай, шал бір күні екінші бір жерге көшем деп, дүние мүлкін арқалап жолға шығыпты. Шаршаған соң оны бір жерге көміп кетіпті, бір жерге елдің сойған малынан жинап алған ішек қарнын көміп кетіпті, бір жерге қарындағы айранды көміп кетіпті .Жүктің салмағымен Қаңбақ шал ұшып кетпей келеді. Жүктен арылған соң, желмен ұшып, бір жерге ұшып түсіпті. Қараса, бір дәу екі тауды біріне – бірі шақпақ қылып, ұрып тұр екен.
Дәу:
- Қайда бара жатқан шалсың? Кел екеуміз күш сынасайық – деп қазандай бір қара тасты көтеріп, аспанға лақтырып жібереді де қайта қағып алып: Ал шал, сен де осылай қақпаққыл етші дейді.
Шал сасып, қайтерін білмей, тасты құшақтап аспанға бір, тасқа бір қарап, күнімен тұрады.
Сонда дәу:
- Е, неғып тұрсың. ЛАҚТЫР – дейді.
Шал тұрып:
- Аспанға лақтырсам, аспан жерге айналып түседі ау деп, жерге қақпай түсірсем, жер ортасынан ойылып түсе ме деп қауіп қылып тұрмын дейді.
Сонда дәу келіп, шалдың қолынан ұстай алады да:
- Ақсақал лақтырмай ақ қой, текке қырыламыз - деп жалынып қойғызады.
Дәудің ақылы таяздығын біліп шал ерленіп, дәуге:
- Кел жердің ішек қарнын шығарйық - дейді.
Дәу жүгіріп келіп, жерді теуіп қалады. Жер тізеден ойылады. Ештеңе шықпайды. Шал өзі бұрын көміп қойған, қаны - жыны арылмаған ішек қарын жатқан жерді жүгіріп барып, теуіп қалса, ішек қарын шығады. Дәу қорқады:
Сосын шал:
- Кел енді жердің миын шығарайық, - дейді.
Дәу бар пәрменімен келіп, жерді теуіп қалады. Жер тағы да тізеден ойылады .Ештеңе шықпайды. Шал манағы айранын көміп кеткен жерді жүгіріп барып теуіп қалса, бырқ етіп айран шыға келеді. Дәу одан бетер қорқады. Мына шал не деген орасан күшті деп, шалдың айтқанын істей береді. Ақыры шал онан қалай құтыларын білмей:
- Енді қайт. Ертең бізге қонаққа кел, - дейді.
Дәу:
Жарайды деп – кетіп қалады.
Шал үйіне келіп, кемпіріне:
- Ертең дәу қонаққа келеді, - дегенде:
- Ойбай, немізді береміз - деп сасады кемпір.
Шал тұрып:
- Ертең дәу келеді. Мен есіктің алдында отырармын. Сонда сен оның көзінше. Не істеймін шал, - деп маған қара, мен не десем, соны істемекші болып, пышақты алып тұра ұмтыл! – деп кемпіріне үйретіп қойады.
Ертеңіне үш дәу келіп, досының үйінде отырады. Сол кезде кемпір тұрып:
- Шал нені асамын үйдегі қонаққа? Түк жоқ деп! - депті.
Сонда шал тұрып:
- Басқы дәудің басын ас, ортаншы дәудің төсін ас, ол жетпесе досым дәудің өзін ас! - дегенде, кемпір пышағын алып тұр ұмтылады. Үш дәу тым тырақай қаша жөнеледі. Досы лашық үйін басымен көтеріп әкетеді. Шал айқайлап:
- Әй, досым, лашығымды тастап кет! Қайда барсаң да құтылмайсын! - дейді. Дәу лашықты тастай сала қашып бара жатса, баяғы әлімжеттік қып балығын тартып жей беретін түлкі жолығады.
- Тақсыр қайдан қашып келесің - дейді түлкі.
- Бір пәле шалдың қырсығынан құтыла алмай қашып келеміз, - дейді.
Түлкі:
- Сол Қаңбақ шалдан қорқып жүрсіңдер ме - менімен жүр, мен сенің өшіңді алып берейін, - деп, дәуді ертіп, шалды іздеп қайта келе жатса, шал лашықтың жанында тұр екен. Түлкінің ертіп келе жатқанын көріп, шал айғай салады:
- Ей, түлкі-ау Арғы атаңда алты атамның құны бар, бергі атаңда бес атамның құны бар, өзіңде бітіспейтін кегім бар, үш дәуді сол үшін бергелі жатырсын ғой! Бәрі бір онымен бітпеймін! - деп дауыстайды.
Сонда дәу қорқып, бұл бізді сол аталарының құнына беруге алдап алып келе жатыр екен ғой, - деп ойлап түлкіні құйрығынан алып жерге бір ұрып өлтіріп, алды-артына қарамастан қаша жөнеледі. Сөйтіп, Қаңбақ шал дәулер мен түлкіден осылай құтылған екен дейді.



Вы находитесь на странице вопроса "Переведите пожалуйста, Тіл дегеніміз - қай халықтың болмасын, кешегі бүгінгі ғана тағдыры емес, ертенгіде тағдыры.Тіл байлығы елтін айғағы көркем және", категории "қазақ тiлi". Данный вопрос относится к разделу "5-9" классов. Здесь вы сможете получить ответ, а также обсудить вопрос с посетителями сайта. Автоматический умный поиск поможет найти похожие вопросы в категории "қазақ тiлi". Если ваш вопрос отличается или ответы не подходят, вы можете задать новый вопрос, воспользовавшись кнопкой в верхней части сайта.