Статистика
Всего в нашей базе более 4 327 663 вопросов и 6 445 976 ответов!

сочинение на тему қазақ ғалымдары

5-9 класс

Pefks1754 17 дек. 2013 г., 13:57:11 (10 лет назад)
Рейтинг
+ 0 -
0 Жалоба
+ 0 -
Дюш
17 дек. 2013 г., 14:40:30 (10 лет назад)

Ермұқан Бекмаханов
(1915 - 1966)
Ермұқан Бекмаханов белгілі қазақ тарихшысы, Қазақ ССР Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі. Көп жылдар бойы профессор, ҚазМҰУ - дің тарих кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. Ол Қазақстанның әлеуметтік - экономикалық және саяси өмірін жан - жақты зерттеген. Көзі тірісінде оған Қазақстан тарихын бұрмалады деген айып тағылып, репрессияға ұшырады.
Ермұқан Бекмаханов 1915 жылы Павлодар облысы Баянауыл ауданында кедей шаруаның отбасында дүниеге келген. 11 жасында бастауыш мектепке түседі. Мектеп бітіріп, 1933 жылы Воронеж педагогикалық институтқа түседі. Институттан кейін Қазақстанға оралады. Алғашқыда мұғалім болып жұмыс істейді.
1959 жылы ол мектептерге арнап Қазақстан тарихы оқулығын жазады. Қорыта келгенде, Ермұқан Бекмаханов тарихта шындықты іздеуші болған.

Әлкей Марғұлан
(1907 - 1985)
…Әлкей Марғұлан Абылай ханның ту ұстаушысы Олжабай батырдың шөбересі. Оның әкесі Хакан мен анасы Нұрилә өз уақытының көзі ашық адамдары болған.
Әлкей ауыл мектебінде, одан кейін үш жылдық орыс мектебінде оқыған. 1919 жылы мұғалімдер курсына оқуға түскен ол бір жыл оқып, туған ауылында мұғалім болып жұмыс істей бастайды. 1920 жылы танымал фольклоршы Ә. Диваев қазақ кеңес фольклорын зерттеу мақсатында Жетісуға және Сырдария өзеніне ғылыми экспедиция ұйымдастырады. Сол экспедицияның құрамында Әлкей де болады.
1921 жылы Семей педагогикалық техникумына оқуға түседі. Кейін үш жоғарғы оқу орнында, атап айтқанда, Шығыстану институтында, Материалдық мәдениет институтында (кейіннен Археология институты деп аталған) және Өнертану институтында қатар оқыған.
Еліміздің аса көрнекті ғалымы және КСРО География қоғамының толық мүшесі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор Әлкей Хақанұлы Марғұлан - Қазақстан ғылымының тарих, әдебиет, өнер, археология, этнография, география, сәулет өнері салаларында қажырлылықпен еңбек етіп, өзіндік із қалдырған үлкен ғалым.

Шапық Шокин
(1912 - 2003)
Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының академигі Шапық Шөкіұлы Шокин 1912 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты С. Торайғыров атындағы ұжымшарда дүниеге келген. Болашақ Халық қаһарманы, академиктің балалық шағы өте қиын жағдайда өткен. 1918 жылы 6 жасында әкесі Шөкіден айырылады. 1920 жылы ағасы Риза Шапықты бастауыш мектебіне оқуға береді. Шапық кейін жастар мектебін, содан соң педагогикалық техникумын бітіреді. 1930 жылы Ташкентте Орта Азия Мемлекеттік университетінің қоғамдық ғылымдар факультетіне қабылданады. Университетті 1937 жылы бітіріп, еңбек жолын Алматыдан бастайды. 1943 жылы Ш. Шокин Ғылым Академиясының энергетика секторына басшылық қызметке тағайындалады. Оның негізгі зерттеген тақырыбы энергетика және су шаруашылығының болашақ дамуы мен отандық энергетиканың баланс мәселелері.
Ш. Шокин 450 - ге жуық ғылыми еңбек жазған. Ғалым Мемлекеттік сыйлықтың иегері; көптеген медальдар және ордендермен марапатталды.

Ответить

Другие вопросы из категории

ОТветьте пажалуйста на вопросы на казахском языке,если можно с переводом 1)Сен қымыз ішіп көрдің бе? 2)Дәмі қандай екен? Саған ұнады ма? 3)Қалай

ойлайсың,дүкендегі сатылатын қымыз бен ауылдағы ашытылатын қымыздың айырмашылығы бар ма? 4)Қандай айырмашылықтары бар? 5)Қымызды дәрі деп неге айтады?

пословици о родине с переводом
Помогите пожалуйста с домашним заданием по казахскому языку! 1)Вставить пропущеные слова: Қыс айлары: ..... , ..... , ..... . Жерді қалың

..... жапты. Қыста жиі ..... жауып, ..... соғады. Ағаш бұтақтары ..... ..... жамылған. Шанасын сүйретіп ..... далаға шықты.

2)Перевести на казахский язык:

Ясный день,мёрзнуть,кончик носа,закаляться,морозный,лыжи,санки,шуба,идёт снег.



Вы находитесь на странице вопроса "сочинение на тему қазақ ғалымдары", категории "қазақ тiлi". Данный вопрос относится к разделу "5-9" классов. Здесь вы сможете получить ответ, а также обсудить вопрос с посетителями сайта. Автоматический умный поиск поможет найти похожие вопросы в категории "қазақ тiлi". Если ваш вопрос отличается или ответы не подходят, вы можете задать новый вопрос, воспользовавшись кнопкой в верхней части сайта.