Статистика
Всего в нашей базе более 4 327 657 вопросов и 6 445 963 ответов!

жақсы сөз жарым ырыс ойтолғау

5-9 класс

Nekdima 02 марта 2014 г., 14:58:04 (10 лет назад)
Рейтинг
+ 0 -
0 Жалоба
+ 0 -
знайка098
02 марта 2014 г., 16:03:54 (10 лет назад)

Жақсы сөз – жарым ырыс» деп текке айтпаған. Адамның адамдығын тілеуіне, пейіліне қарап өлшейтін қазақ баласы айтылған сөзге, тілеген тілекке, берілген батаға ерекше мән берген. Сондықтан той-томалақта, келелі жоралғыларда бір-біріне тілек тілеп, қадірлі қариядан бата алу ықылым заманнан дәстүрімізге  айналып, тұрмыс-тіршілігімізбен біте қайнасып кетті. Қазақ бата арқылы ұрпағын адамгершілікке, имандылыққа, ақылдылық мен парасаттылыққа, шешендікке баулыған. Дуалы ауыз қариядан алған ақ бата адамға рух беріп, жігерлендіріп отырған.  

Алты алаштың ардақтысы болған би-шешендеріміздің  берген баталары ел аузында сақталып халық мұрасына айналып, қазақ фольклорының дербес, шағын жанры ретінде қалыптасты. Ұйқасты, ырғақты болып келетін, тұрақты образдарға негізделетін бата халқымыздың жақсылық пен жамандық, адалдық пен арамдық, обал-сауап тұрғысындағы моральдық-этикалық түсініктерінің айғағы іспетті. Киелі сөзге айналған бата екі түрге бөлінеді: ақ бата, теріс бата. Ақ бата игі ниеттен туғандықтан ел аузында сақталып, жаңғырып дамып отырды да, жақсылыққа ғана құштар халқымыз теріс батаны ұмытуға тырысты.  Сондықтан ақ батаның – нәрестеге бата, асқа бата, ұлға бата, қызға бата, келінге бата, жолаушыға бата, жастарға бата, сүндет той батасы, наурыз батасы, ораза айт батасы,  жарапазан батасы ас қайыру батасы сияқты түрлері көп.


Ответить

Читайте также

жақсы сөз жарым ырыс
переведите оқушы,сен жақсы адам болуға тырыс. үлкендурді сыйла. әр уақытта да ата анаңның ақылын тыңдап, ренжітпеуге тырыс Өзіңнің туған

жеріңді, еліңді, мектебіңді,жолдасдарыңды мақтаныш ет. өтірік айтпа, жақсы оқы, әрқашан үлгілі бол.

НЕ ИСПОЛЬЗОВАТЬ ПЕРЕВОДЧИК ОТМЕНЮ!!

Помогите пожалуйста перевести текст с казахского языка на русский.Сүйкімді достарым.Менің атым - Дарқан. Мен үш жануарларын өте жақсы көремін. Маған

ата-анам үйде көжектерді ұстауға рұқсат берді. Көжектерге шөп, жемін өзім беремін. Су құйып тұрамын. Астарын тазалаймын. Анаммен келісім солай болған, егер мен оларды жақсы бағып-күтсем, менің көжектерім біздің үйде тұра береді. Көжектерді торда ұстаймын, себебі олар жердің астын қазып, басқа жаққа кетіп қалуы мүмкін.
Әсіресе маған көжектерді сыртынан бақылаған ұнайды, сондай қызық. Таңғаласын, сәбіз берсең, екі алдыңғы аяғымен ұстап тұрып, тез-тез жеп қояды. Суды да тез ішеді. Олар өте сүйкімді.
Менің күшігім де бар. Әкем туған күніме сыйлаған. Оның аты - Ақтабан. Олай атауымның себебі, ол өзі қап-қара, ал аяқтарының ұшы мен табандары аппақ. Сондай тынымсыз, ойнағанды, секіріп, жүгіргенді жақсы көреді. Құйрығы қыпқысқа, құлағы ұзындау, көзі доп-домалақ. Ақтабан берген бұйрықтарды түсінеді - "отыр" десең, отырады, "аяғыңды бер" десең, береді, таяқты алыска лақтырып, "алып кел" десең, алып келеді. Менің қасымнан кетпейді, құйрығын бұлғаңдатып, үнемі аяғыма оралып жүреді. Мен оны өте жақсы көремін. Осындай сүйкімді достарымды мектептен келгенше сағынамын.



Вы находитесь на странице вопроса "жақсы сөз жарым ырыс ойтолғау", категории "қазақ тiлi". Данный вопрос относится к разделу "5-9" классов. Здесь вы сможете получить ответ, а также обсудить вопрос с посетителями сайта. Автоматический умный поиск поможет найти похожие вопросы в категории "қазақ тiлi". Если ваш вопрос отличается или ответы не подходят, вы можете задать новый вопрос, воспользовавшись кнопкой в верхней части сайта.