Статистика
Всего в нашей базе более 4 327 663 вопросов и 6 445 977 ответов!

Адамға қандай қасиет болса, бәрі күннің көзі мен ананың сүтінен алынған қасиет. Ананың құрметі әлі жеткен жоқ! Как вы это понимаете, нужно дать

5-9 класс

объъяснение ( на казахском)

Pilipnatasha 30 авг. 2013 г., 10:47:15 (10 лет назад)
Рейтинг
+ 0 -
0 Жалоба
+ 0 -
Анютка19
30 авг. 2013 г., 11:20:29 (10 лет назад)

исправьте пожалуйста "Ананың құрметі әлі кеткен жоқ!"

 Ана! Жалғыз ғана сөз. Әйткенімен  жарық жалғанда кез келген адам баласына осы сөзден артық, осы сөзден ыстық сөз жоқ шығар. Осы орайда орыстың ұлы жазушысы М.Горькийдің "... Дүниеде не жақсылық болса, соның бәрі ананың ақ сүті мен күннің нұрынан жаралған" деген сөзіне еріксіз иланасың.  Ұйқысын төрт бөліп, мәпелеген де, мейірімділік пен махаббатты бойымызға дарытқан - Ана.  Тіпті, көк аспан да ана жайлы терең ойға батып, үнсіз мөлдіреп тұрғандай сезіледі.

Ответить

Читайте также

Переведите плиз........Әрқашанда орынды болатын сыйлықтар-гүл,тәтті тағамдар,кітаптар,шыныдан,былғарыдан, күміспен жасалған бұйымдар. Неғұрлым бағалы

сыйлықтардан бейнелеу өнірінің туындыларын: картиналарды,гравюрарды т.б атауға болады.
Кітапты көптеген адамдар кез келген адмға беруге болатын ең кеңінен тараған сыйлық деп есептейді. Кітап сыйлағанда оны алатын адамның қандай әдебиетке ден қоятынын білу керек. Ал жалпы алғанда кітапты гүл сияқты кез келген себепке байланысты сыйлауға болады. Кітап сыйлауға байланысты туатын тағы бір сұрақ мынадай оған сыйлыққа тарту сөзін жазу керек пе, жоқ па? Жазудың белгілі бір мағынасы болғаны дұрыс Мысалы: Кейде кітаптың өзінен алынған дәйексөз орын тауып кетеді.

1. Махамбет Өтемісұлының туған жылын белгілеңіз.

A) 1846 ж.
B) 1835 ж.
C) 1904 ж.
D) 1865 ж.
E) 1804 ж.
2. «Қырық мысал», «Маса» жинақтарының авторын белгілеңіз.
A) А.Байтұрсынұлы.
B) Ш.Құдайбердіұлы.
C) М.Жұмабаев.
D) Ж.Аймауытов.
E) М.Дулатов.
3. «Өткен күндер» жинағының авторын анықтаңыз.
A) С.Сейфуллин.
B) Ж.Жабаев.
C) Ғ.Мүсірепов.
D) Б.Майлин.
E) І.Жансүгіров.
4. «Құлагер» поэмасының кейіпкерін көрсетіңіз.
A) Ақан сері.
B) Күйші.
C) Мардан.
D) Қарашаш.
E) Мәмбет.
5. М. Мақатаевтың қызмет еткен қаласын табыңыз.
A) Атырау қаласы.
B) Алматы қаласы.
C) Ақтау қаласы.
D) Павлодар қаласы.
E) Орал қаласы.
6. Аңыз кейіпкеріне айналған жырауды табыңыз.
A) Доспамбет.
B) Жиренше.
C) Жиембет.
D) Қазтуған.
E) Асан қайғы.
7. Асанның:
’’Ердің құны болса да,
Алдыңа келіп қалған соң,
Қол қусырып барған соң,
Аса кеш те, қоя бер,’’- деген өлеңінде не туралы айтылғанын анықтаңыз.
A) Дәстүр, салт мәселесі.
B) Жер мәселесі.
C) Кешірімділік.
D) Достық.
E) Қамқорлық.
8. 19-ғасырда Орыс жағрафиялық қоғамының толық мүшесі болған қазақты анықтаңыз.
A) Ы. Алтынсарин.
B) А. Байтұрсынов.
C) М. Тынышбаев.
D) Ш. Уәлиханов.
E) Х. Досмұхамедов.
9. Ы. Алтынсарин ұйымдастырған тұңғыш мектеп қай жылы, қай қалада ашылғанын белгілеңіз.
A) 1865 ж. Қостанайда.
B) 1864 ж. Торғайда.
C) 1865 ж. Орынборда.
D) 1863 ж. Ырғызда.
E) 1866 ж. Омбыда.
10. Абайдың бес асыл іс пен бес дұшпанды саралаған өлеңін табыңыз.
A) «Интернатта оқып жүр».
B) «Қалың елім, қазағым...»
C) «Әсемпаз болма әрнеге».
D) «Жасымда ғылым бар деп...»
E) «Ғылым таппай мақтанба».
11. Шәкәрім шығармасын табыңыз.
A) "Ақбілек".
B) "Батыр Баян".
C) "Қалқаман-Мамыр".
D) "Оянған өлке".
E) "Абай жолы".
12. «Шоқпыттың шаруасы» өлеңінің авторын табыңыз.
A) Б.Майлин.
B) С.Сейфуллин.
C) І.Жансүгіров.
D) Ж.Жабаев.
E) С.Мұқанов.
13. Ғ. Мүсіреповтің «Ер ана» әңгімесіндегі кейіпкерді табыңыз.
A) Нағима.
B) Ақлима.
C) Мәрзия.
D) Қапия.
E) Наталья.
14. Қарақалпақ жерінде туған қазақ ақынын табыңыз.
A) Т.Айбергенов.
B) Т.Молдағалиев.
C) Қ.Мырзалиев.
D) М.Шаханов.
E) А.Бақтыгереева.
15. Тасқа жазылған көне дастандарды табыңыз.
A) ’’Диуани лұғат ат-түрік’’.
B) ’’Құдатғу біліг’’.
C) ”Күлтегін”, ’’Тоныкөк’’.
D) ’’Мұхаббат-наме’’.
E) Қорқыт ата.
16. Желаяқ, Таусоғар, Саққұлақ атты кейіпкерлер қандай ертегіде кездесетінін анықтаңыз.
A) "Ұшқыш кілем".
B) "Адам жеңбес Айыртөс батыр".
C) "Ер Төстік".
D) "Керқұла атты Кендебай".
E) "Аяз би".
17. Айтысқа түсетін ақынның бірден бастырмалатып, қарсыласының апшысын қуыра, сескендіре сөйлейтінінің себебін көрсетіңіз.
A) Елдің көңілін аудару амалы.
B) Айтыстың бір шарты.
C) Шабыт шақыру мақсаты.
D) Қарсыласын жеңіп кетудің амалы.
E) Асқақ ақын екенін дәріптеу жолы.

Помогите перевести плиз))

Отыз сегізінші қара сөз
(үзінді)
Құдай Тағала дүниені кәмәлатты шеберлікпен жаратқан һәм адам баласын өссін-өнсін деп жаратқан. Сол өсіп-өну жолында адамның талап қылып ізденер қарызды ісінің алды- әуелі дос көбейтпек. Кімге достығың болса, достық достық шақырады, тілмен, я қылықпен өзін-өзі артық көрсетпек мақсатынан аулақ болмақ.
Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек. Әуелі- надандық, екінші –еріншектік, үшінші- залымдық деп білесің.
Надандық- білім-ғылымның жоқтығы, дүниеден ешнәрсені оларсыз біліп болмайды...
Еріншектік- күллі дүниедегі өнердің дұшпаны.
Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік - бәрі осыдан шығады.
Залымдық- адам баласының дұшпаны. Адам адам баласына дұшпан болса, адамнан бөлінеді, бір жыртқыш хайуан есебіне қосылады.



Вы находитесь на странице вопроса "Адамға қандай қасиет болса, бәрі күннің көзі мен ананың сүтінен алынған қасиет. Ананың құрметі әлі жеткен жоқ! Как вы это понимаете, нужно дать", категории "қазақ тiлi". Данный вопрос относится к разделу "5-9" классов. Здесь вы сможете получить ответ, а также обсудить вопрос с посетителями сайта. Автоматический умный поиск поможет найти похожие вопросы в категории "қазақ тiлi". Если ваш вопрос отличается или ответы не подходят, вы можете задать новый вопрос, воспользовавшись кнопкой в верхней части сайта.