Статистика
Всего в нашей базе более 4 327 663 вопросов и 6 445 978 ответов!

Кайрат Рускулбеков омирбаяны реферат жазу

10-11 класс

Лерочка024 03 мая 2013 г., 8:46:43 (10 лет назад)
Рейтинг
+ 0 -
0 Жалоба
+ 0 -
Felt75
03 мая 2013 г., 10:50:22 (10 лет назад)

1973 – 81 жылы Шу ауданы Төле би ауылындағы орналасқан Сәду Шәкіров атындағы мектеп-интернатта оқып, 8 жылдық білім алды. 1981 – 83 жылы Бірлік ауылындағы бұрынғы Киров атындағы орта мектепте оқып, он жылдықты бітірген соң, әскер қатарына шақырылғанға дейін әкесі Ноғайбайға жәрдемші-малшы болып, Көктерек тауарлы-сүт фермасында жұмыс істеді.

1984 – 86 жылы Амур өлкесі Белогор қаласында әскери міндетін өтеді. Әскери-саяси қызметтердің үздігі ретінде бірнеше мақтау қағазымен марапатталып, әскери бөлімше командирлері ата-анасына алғыс айтқан құрмет қағаздарын жіберді. 1986 жылы мамырда әскери борышын өтеп ауылға оралды. Тамыз айында әскери бөлімшенің жолдамасымен АлматыдағыСәулет-құрылыс институтына келіп сынақтан сүрінбей өтіп, оқуға түсті.

Осы жылы 16 – 18 желтоқсанда болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы көтерілісіне белсене қатысты. Бірақ көтеріліс қатыгездікпен жаншылғаннан кейін 1987 жылдың қаңтарында ішкі істер органының қызметкерлері «Алматыда бір төбелеске қатысты» деген желеумен Рысқұлбековті Мойынқұм ауданының орталығында тұратын нағашысы – М.Асанбаевтың үйінде демалып жатқан жерінен ұстап әкетеді. Кейіннен, көпшілікке мәлім болғанындай, тергеушілер зымиян әрекеттерімен Рысқұлбековке неше түрлі айла-шарғылар қолдана отырып, оны С.Савицкийдің өліміне кінәлі етеді.

Қазақ КСР-і Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі коллегиясының төрағасы Е.Грабарниктің 1987 жылы 16 маусымдағы Үкімімен Рысқұлбеков – ең жоғары жаза – өлім жазасы – атуға бұйырылды. Зиялы қауым өкілдері СОКП Бас хатшысы Горбачев пен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президумының төрағасы Громыконың атына Рысқұлбековтің жазасын жеңілдету туралы өтініштерін жолдады. Кейіннен Рысқұлбековтың ату жазасы амалсыздан 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстырылды. Бірақ Шу, Қарағанды темір жол бекеттері арқылы Рысқұлбеков белгісіз себептермен Семей түрмесіне жеткізіліп, құпия жағдайда оның өміріне қастандық жасалды.

Жетістіктері

Желтоқсан көтерілісінің бас құрбаны болған Рысқұлбеков еліміз егемендік алғаннан кейін Қазақстан Жоғарғы Соты Пленумының 1992 жылы 21 ақпандағы шешімімен толықтай ақталды. Оған «Халық Қаһарманы» атағы берілді. Тараз қаласында Рысқұлбеков есімімен аталатын демалыс паркі бар. Сондай-ақ онда Рысқұлбековке ескерткіш қойылған.

+ 0 -
Н666
03 мая 2013 г., 12:53:54 (10 лет назад)

помогите

Ответить

Другие вопросы из категории

2сынып казак тили 95 бет 7 жаттыгу

зайыр!
каламымды...
мардан!
асай корме...
мирас!
уйдин ишин...
азамат!
мингиземин саган...
муса!
тайынды..

напишите 5 слов Кiрiккен

Читайте также

помогите пожалуйста 1."Қыс" тақырыбы бойынша өтілген сөздерді жатқа жазыңдар.

2.Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жазыңдар.
Қыс айлары:......,........,....... .Жерді қалың ... жапты.Қыста жиі ... жауып, .... соғады.Ағаш бұтақтары ... ...жамылған.Шанасын сүйретіп ... далаға шықты.
3.Құрастырған сөйлемді пайдалана отырып,қыс туралы әңгімелеңдер.

помогите вставить слова плис.

Батыстық ырғақ ұлтымызға жараса ма?» тақырыбына эссе жазыңыз.

Эссе жазу кезінде берілген тіркестерді қолданыңыз: батыс әуенімен уланған,жеңіл-желпі әндер, ән ақшаның көзіне айналды, тек той-думанның көркі, жан әлемі. өнердің құны,рухани баю, ғибрат алу,

помогите пожалуйста 1."Қыс" тақырыбы бойынша өтілген сөздерді жатқа жазыңдар.

2.Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жазыңдар.
Қыс айлары:......,........,....... .Жерді қалың ... жапты.Қыста жиі ... жауып, .... соғады.Ағаш бұтақтары ... ...жамылған.Шанасын сүйретіп ... далаға шықты.
3.Құрастырған сөйлемді пайдалана отырып,қыс туралы әңгімелеңдер.

помогите вставить слова плис.

лепті сойлем жазу керек.


Вы находитесь на странице вопроса "Кайрат Рускулбеков омирбаяны реферат жазу", категории "қазақ тiлi". Данный вопрос относится к разделу "10-11" классов. Здесь вы сможете получить ответ, а также обсудить вопрос с посетителями сайта. Автоматический умный поиск поможет найти похожие вопросы в категории "қазақ тiлi". Если ваш вопрос отличается или ответы не подходят, вы можете задать новый вопрос, воспользовавшись кнопкой в верхней части сайта.