Статистика
Всего в нашей базе более 4 327 663 вопросов и 6 445 976 ответов!

мейримди ана

1-4 класс

шыгарма

ViolkaKonopleva 16 нояб. 2013 г., 17:27:34 (10 лет назад)
Рейтинг
+ 0 -
0 Жалоба
+ 0 -
эжблот
16 нояб. 2013 г., 18:08:53 (10 лет назад)


АНА- қасиетті де киелі ЕСІМ!!!
Ана жайлы ойыңды, айтып тауса алу мүмкін емес. Әркімнің өз анасына деген махаббаты шексіз. Мен де анамның маған сыйлаған мәнді өмірі үшін алғысымды айта отырып, өз ойымды аз да болса жеткізгім келеді.
Ана! Ана! Ана! «Ана» дегенде толқымайтын жүрек, толғанбайтын жан жоқ. Осы үш қана әріптен тұратын «ана» сөзінің астарында ұшан теңіз ой жатыр. Ана — әрбір адам баласы үшін ең ыстық, жанға жақын, мағыналы да қастерлі сөз. Адамзат баласы алғаш дүние есігін ашқанда ананың ақ сүтімен бойына нәр алады, ана құшағына еніп, ана мейіріміне бөленеді. Адамның аузынан шығатын ең алғаш сөзі де – «ана». Міржақып Дулатов ағамыз айтқандай, бізді сүйетұғын, күйетұғын, әрқашан қамымызды ойлап жүретұғын абзал жанды адам, бұл – ана. Алдыңа қойған мақсатыңа жетуің үшін ана жанын қиюға да дайын. Ана баласының үлгілі азамат боп өсуі үшін бар күшін салып, тер төгеді. Ананың махаббатына, құдіретіне тамсанған талай ақын әнін арнап, жырын жазып, талай жазушы қалам тербеген.
«Анаңды меккеге үш арқалап барсаң да, қарызын өтей алмайсың» деген дана қазақ халқы. Шынында да, осыншама қиналып, көз жасын төге жүріп, бізді өсірген анаңа қолыңнан келгеніңнің бәрін істесең де, оның бәрі анаңның түн ұйқысын төрт бөлген бір күніндей ғана. Өз парызыңды өтеу, бұл – ана алдындағы парызды өтеу.Қаншама байлық иесі болсаң да, әлемге әйгілі адам болсаң да, анаңды, оның саған жасаған жақсылығын ұмытпау – сенің өмір бойындағы борышың. Қай адам қолынан келген сый – құрметін жасамады десеңші, шіркін! Бірақ соның бәрі анаңның бір ауыз жылы сөзіне де жетпейді. Дүниенің нұры, өмірдің гүлі, қызықтың қызығы – ананың қолында. Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді.
Қорыта айтқанда, барлық адам ана алдындағы парызын өтеп, ақ сүтін ақтап, ананың шашына ақ түсірмей, тек осы киелі жандардың бақытты болуын ойлау керек. Себебі ең бақытты адам – анасы бар адам. Жер бетіне жақсылық нұрын себетін аналарымыз аман болсын!

Ответить

Другие вопросы из категории

дастуримди мактан етемин шыгарма
бирден онга дейн сан
сочинение на тему ағаштар
Нужен перевод текста с казахского на русский язык

тараз моншасы орта азия мен қазақстандағы ең алғашқы моншалардың бірі

қалада теңге соғатын ұстаханалар болған.

тараз қаласы бұрын талас,әулиеата,жамбыл деп аталған.


Читайте также

отан ана туралы ангиме
нужен перевод с казанского на русский

елдана,зергерлік бұйымдар дүкенінде олдың ба
болғанбыз ана әкемжәне мен-үшеуіміз бардық
не стып алдыңдар
әжеме білезік сатып алдық
қандай білезік
оюлы алтын білезі
тағы не бар екен
әртүрлі сырға сақина белдіктер барекен
сен не сатып алар едін

Перевод на казахский язык

Әкең, анаң қайда жұмыс істейді



Вы находитесь на странице вопроса "мейримди ана", категории "қазақ тiлi". Данный вопрос относится к разделу "1-4" классов. Здесь вы сможете получить ответ, а также обсудить вопрос с посетителями сайта. Автоматический умный поиск поможет найти похожие вопросы в категории "қазақ тiлi". Если ваш вопрос отличается или ответы не подходят, вы можете задать новый вопрос, воспользовавшись кнопкой в верхней части сайта.