Статистика
Всего в нашей базе более 4 327 663 вопросов и 6 445 977 ответов!

сочинение на тему день победы на казахском языке

5-9 класс

Basuro5 16 марта 2014 г., 1:18:40 (10 лет назад)
Рейтинг
+ 0 -
0 Жалоба
+ 0 -
Nasik96
16 марта 2014 г., 2:10:53 (10 лет назад)

Біздің ата-бабамыз түрлі қанқұйлы соғысты басынан өткерді. Олардың ең соңғысы – Ұлы Отан соғысы болды. Олардың соғысқа қатысқандағы мақсаты – ұрпақтарының, яғни, біздердің жақсы өмір сүруімізді, бейбітшілікте өмір сүруімізді қалады. Осылайша, аттың жалында, түйенің қомында жүріп, біздерге бейбіт өмірді орнатып берді.

Уақыт өткен сайын аталарымыз сыйлаған Жеңістің маңызы артып келеді. Олар көрсеткен ерліктері бүгінгі ұрпаққа өнеге. Отансүйгіштік қасиет әркезде де қастерлеуге тұратын қасиеттердің бірі.  Осы ұғым  біздің үлкен құндылығымыз болуы керек деп ойлаймын. Тек майданда ғана емес, тылда жұмыс істегендердің де еңбегін жоғары ілтипатқа лайық. Себебі олар соғыс кезінде майдан шебіндегі солдаттармен бірдей қиыншылық көрді, бірдей азап шекті.  Ашаршылық пен ауыртпалықты бастан кешкен олар да Жеңісті жақындатуға көп үлес қосты. Таңның атысынан күннің батысына дейін тізе бүкпей жұмыс істеген сол бір қайратты да қайсар жандарға да бүгінгі ұрпақтың ризашылығы шексіз болса керек.Үлкен қауіп пен қатер, қайғы мен қасірет төнген сол бір ауыр уақытта біздің халқымыз сыннан сүрінбей өтті. Оттан да ыстық Отан үшін от кешкен майдангерлер өшпес ерлік көрсетті. Бұл тарихқа алтын әріптермен жазылды.

Олардың қаһармандық өнегесі бүгінгі жас ұрпақтың жадында мәңгі сақталуы тиіс.

Отаншыл болу – ең алдымен өткенді білу. Осынау қойнауы қазынаға толы байтақ даланың әр пұшпағын бабаларымыз ақ найзаның ұшымен,  білектің күшімен қорғағанын ұмытпау – парыз.. Отан сенің отбасыңнан, аядай ауылыңнан, сол жердің тасынан, суынан, топырағынан басталады. Қазақ жері – киелі, қасиетті. Оны малмен, ақшамен, алтын-күміс, асыл тастармен бағалауға келмейді.

Отаншыл болу – ұлтжанды болу. Ұлтсызда Отан жоқ. Болмақ емес. Ата салттың қадіріне жетпеген, ана тілін ардақтай алмаған бозөкпе отаншыл болып жарытпайды. Қай жерде «қарны тоқ, көйлегі көк» болса, сол жерді жайлы мекен санайды.

Отаншыл болу – бір-біріңе бауырмал болу. «Жақыныңды жаттай сыйла, жат жанынан түңілсін» дейді дана халқымыз. «Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең, істің бәрі бос» дейді кемеңгер Абай.. Ынтымағы жарасқан елді көргенде, жаудың құты қашады. Бірлігіміз барда тас қамалдай берікпіз.

Қай кезде де азаматтың өз Отаны алдында парызы болады. Азаматтың қасиетті борышының бірі  – Отан алдындағы парызын өтеу. Кез келген адам бейбіт заманда да Отанын қорғай алады. Ол дегеніңіз қолға қару алу емес, өз Отаныңның білімді, өркениетті, салауатты перзенті  бола алу.  ”Отан үшін отқа түс, күймейсің” деген екен батыр Бауыржан Момышұлы. Ол – Отан үшін еткен еңбектің ешқашан зая кетпейтіндігі.

Ответить

Другие вопросы из категории

закончите предложения))) плииииииииз)) надо очень)) спасибо (зарание ) люблю вас

күзде күн......., суық жел......., ағаштардың жапырақты......., құстар
жылы жаққа......, күзде жемістер,көкөністер.......,диқаншылар егін.........,күз-молшылық........., күзгі табиғат......
Спасибо!!!

переведите на казахский прошу ток без переводчика

как я хочу провести лето
Летом -самые большие летние каникулы. Все дети собираются отдыхать летом от школы. Ездят в путешествия со своей семьей.
Лето еще не скоро, но я уже знаю как я хочу провести свои летние каникулы.
Первый месяц лета я буду в городе,гулять,общаться со своими друзьями.
Второй месяц я поеду в лагерь КОНТИНЕНТ. Я в этом лагере уже была и мне там очень понравилось, там очень весело и замечательная развлекательная программа.
Дальше мы хотим поехать в Турцию.Я там не разу не была и я очень хочу туда полететь
и узнать что то новое.
И последний третий месяц лета я хочу повеселиться еще раз со своими друзьями, и заняться подготовкой к школе.

Читайте также

сочинение на тему день победы
Помогите пожалуйста написать сочинение(желательно чтобы было побольше предложений)сочинение на тему:"Мое любимое

национальное блюдо",я люблю бешпармак, напишите пожалуйста о нем на казахском языке. :)) кто напишет буду благодарна ))) пожааааааааааааааалуйстаааа о :)



Вы находитесь на странице вопроса "сочинение на тему день победы на казахском языке", категории "қазақ тiлi". Данный вопрос относится к разделу "5-9" классов. Здесь вы сможете получить ответ, а также обсудить вопрос с посетителями сайта. Автоматический умный поиск поможет найти похожие вопросы в категории "қазақ тiлi". Если ваш вопрос отличается или ответы не подходят, вы можете задать новый вопрос, воспользовавшись кнопкой в верхней части сайта.