Статистика
Всего в нашей базе более 4 327 660 вопросов и 6 445 973 ответов!

мен досымды не үшін жақсы көремін

1-4 класс

Olga725 13 нояб. 2013 г., 8:56:19 (10 лет назад)
Рейтинг
+ 0 -
0 Жалоба
+ 0 -
Lap0398
13 нояб. 2013 г., 10:25:28 (10 лет назад)

Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті: “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында”. Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу — өмірлік мақсаттардың бірі; Саясаттанудағы Достық ұғымы мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, мәдени мүдде тұрғысынан ынтымақтастық орнату шараларын бейнелеу үшін қолданылып жүр.


Ответить

Другие вопросы из категории

Читайте также

ПОМОГИТЕ ПОЖАЛУЙСТА ПЕРЕВЕСТИ ТЕКСТ С КАЗАХСКОГО НА РУССКИЙ ЯЗЫК.Нұрболат жақсы бала еді. Әкесі бай, дәулетті болғандықтан, "не ішіп, не жеймін" деп

ойламайтын. Өкініштісі,
кедей-кепшіктердің тұрмыс-тіршіліктерінен еш хабары жоқ еді. Бір күні
доп айнайтын алаңда кетіп бара жатқанында, бір ит Нұрболатқа бас салып,
оны қауып ала жаздады. Қорқып кеткен бала қаша жөнелді.
Нұрболат
тасқа сүрініп, жерге жалп ете түсті. Қанша уақыт өткені белгісіз, көзін
ашып қараса, өзі қатарлас бір бала мен әйелдің бетін таңып жатқандарын
көрді.
Марат пен анасы Нұрболатты иттен құтқарып қалыпты. Оны
үйлеріне алып келіп, бетінің жырылған жерлерін тазалап, төсекке жатқызып
қойыпты. Нұрболат оларға алғысын айтты.
Нұрболат Мараттың үйінің өте қарапайым екендігін және тұрмыстарының да өте төмен екендігін көріп, таңырқап қалды.
Сол
күні кешкісін дастарқан басында Нұрболат мазасызданып отырды. Піскен
тәтті бауырсақтар оның тамағынан өтпей қойды. Нұрболат ертесіне анасының
дайындаған тамақтарын бір қалтаға салып, Мараттың үйіне келді. Әкелген
тамағын Маратпен бірге жеді. Нұрболат Маратпен жақсы дос болып кетті.
Жүрегі жарқын әрі мейірімді Марат досына, оның анасына қол ұшын беріп, көмектесіп тұрды.

Өздеріңмен бірге жүрген оқушылардың жақсы оқитыны туралы Өте зейінді оқушы деген атпен шағын шығарма жазыңдар.

Тірек сөздер Алғыр.өте тиянақты.аса ұғымтал.әп-әдемі.тап-таза.мұнтаздай.кайырымды.жолдастарына тым беделді.мұғалімдер.тиянақты орындайды.жақсы қөреді.ата-анасы.мақтаныш.қоғамдық жұмыс.белсенді оқушы.мақтау қағазы.мейрам кездер.өте сезімтал,сергек.

Проверьте, пожалуйста, правильно ли составлен рассказ о младшем брате Менің інім бар, Оның аты Витя. Ол төрт жаста. Ол балабақшаға

барады. Онда ол ойнайды, секіреді, жүгіреді. Оның көзі көк, шашы ақ. Ол ақылды,зерек, тәрбіелі баласы. Мен онын жақсы көремін! Біз бірге ойыншықтармен ойнамыз.

:

пожалуйста переводите на русский Екі жартыдан тұратын бала. Бұл бала жаман да емес ,жақсы да емес. Барлық ұлдар сияқты бірде тәуір,бірде жаман. Оны бір

күні теледидардан көрсетті.Ол теледидарда бір керемет тамаша бала болып көрінді. Шынын айтқанда , оның екінші жартысы, яғни нашарлауы, үйде қалған болатын.Ал үйінде ол адам шыдатпайтын мазасыз біреу еді. Бірақ оның анасы оған қайғырмайтын, ол кісіге баласының ең болмағанда бір жерде жақсы болып жүргені ұнайтын.

срочно переведите!!!!

мұғалім бізге ноталарды үйретеді. ол пианинода жақсы ойнайды. марат домбыра үйірмесіне барады. айгүл қобызды жақсы тартады. мен хорға қатысамын. ән сабағын біз жақсы көреміз.



Вы находитесь на странице вопроса "мен досымды не үшін жақсы көремін", категории "қазақ тiлi". Данный вопрос относится к разделу "1-4" классов. Здесь вы сможете получить ответ, а также обсудить вопрос с посетителями сайта. Автоматический умный поиск поможет найти похожие вопросы в категории "қазақ тiлi". Если ваш вопрос отличается или ответы не подходят, вы можете задать новый вопрос, воспользовавшись кнопкой в верхней части сайта.