Статистика
Всего в нашей базе более 4 327 664 вопросов и 6 445 979 ответов!

помогите сочинение на тему казахская музыка

5-9 класс

Sofifomka 28 сент. 2016 г., 15:03:40 (7 лет назад)
Рейтинг
+ 0 -
0 Жалоба
+ 0 -
Shsk0193
28 сент. 2016 г., 15:42:30 (7 лет назад)

Қазақ халқының ұлт болып қалыптасу кезеңінде өзіне тән музыкалық дәстүрі дүниеге келді; соның нәтижесінде бай музыкалық мәдениеті қалыптасты. Бесік жыры, үйлену тойлары мен жерлеудегі салт-жоралар әнмен айтылды. Ақындар айтысы халықтың көп жиналып, ұйып тыңдайтын өнер сайысына айналды. Халық музыкалық шығармашылығы негізінен пентатоникалық белгілері басым жеті тонды диатоникалық мажор мен минорлық ырғақтарға негізделді. Эпостық жырлар речитативті әуенде жырланды. Қазақ халқының тарихи қалыптасу ерекшеліктеріне қарай муз. шығармалардың әуендік сипаты түрліше әрі әншілік, күйшілік, орындаушылық дәстүрінде де айырмашылықтары болды. Орындаушылық дәстүрдің түрлері: домбыра немесе қобыздың сүйемелімен ән салу, музыкалық аспаптарда күй тарту, т.б. “жар-жар”, “сыңсу” сияқты тойларда айтылатын әндердің қайырмалары көп дауыспен орындалды. Шығармалар тақырыбы мен музыкалық айшығына орай: космологиялық (жұлдыз, Ай, Күн және басқа планеталар жайлы), демонологиялық (жалмауыз кемпір, жын-шайтан, пері, т.б.), бақсылардың емдік әндері, эпикалық әндер, ертектер, мысалдар, еңбек әндері, тұрмыс-салт әндері, лирикалық әндер, тарихи әндер, т.б. болып жіктеледі. Аспаптық музыка үзінділерінде соғыс көріністері, батырлар сайысы, бәйге, қыран құстың самғауы, қасқырдың ұлуы музыкалық тілімен бейнеленді. Халық музыкасы мазмұнына қарай әр түрлі қызмет атқарды. Әсіресе бөбектер ойынын бейнелейтін музыка өзінің ықшам, қысқа, бір ырғақты, шағын көлемді, диапазоны мен формасының қарапайымдылығымен үй ішінде орындауға ыңғайлы болса, лирикалық және әлеуметтік, тарихи тақырыптағы әндер мен күйлердің әуендік диапазонының кеңдігі, мәнерінің әртүрлілігі, ырғақтық құрылысының күрделі болуы орындаушыдан үлкен шеберлікті талап етті. Қазақ музыкасының тарихи даму жолында ұлттық өнердің өшпейтін классикалық шығармаларын тудырған дарынды күйші-композиторлар шықты. Аты аңызға айналған Қорқыт (8 – 9 ғасырлар), музыкалық нота жазуының алғашқы үлгілерін ойлап тапқан Әбу Наср әл-Фараби (870 – 950), 15 ғасырларда өмір сүрген Қазтуған мен Асан қайғы – қазақтың өткендегі дамыған музыкалық мәдениетінің дүлдүл өкілдері

+ 0 -
Kuntaev03
28 сент. 2016 г., 16:43:14 (7 лет назад)

Қазақ әуені

Қазақ халқында өнерді өте жоғары бағалаған.Көптеген керемет аспаптардың көмегімен керемет куйшілер,композиторлар әуендер шығарған. өнерлі адамдарды байлар үйлеріне шақырып қонақ қылып әуендер ойнатқызып сыйлаған.Көп жиналған жерде әрқашан қазақтың ұлттық әуені ойнап тұратын. Осындай керемет әуендерді ұлттық аспаптарда ойнаған,әрбір қазақи аспаптың өз тарихы,ерекшелігі бар. Мысалға қобызды  алатын болсақ оның өзінің аңызы бар.Бұрын қорқыт атамыз қобызды тартып бүкіл айналасындағы жан біткеннің барлығын керемет әуенімен тербеген.Домбыраның көмегімен керемет асқақ күйшілеріміз өзінің айтпақ болғанын домбыраның үнімен жеткізген мысалға Ақсақ құлан .Бұрын ата бабамыз әуеннің көмегімен адамды емдеген.Ұлттық аспаптармен орындалған әуендерді қазақ халқы өте жоғары бағалайды,және қазірге шейін өзінің қастерлігін сақтап отыруда.

Ответить

Другие вопросы из категории

напишите пожалуйста диалог о кофе
-Здравствуй дедушка

-Здравствуй внучек
- Пошли за стол дедушка
-Пошли внучек
-Что ты будешь пить чай ,кофе?
- Давай лучше чай пожалуйста.
-Держи дедушка,конфеты печенья будешь ?
-Спасибо,да буду .
-пожалуйста дедушка .Держи конфеты дедушка.
-Спасибо большое
-Не за что
-Приятного аппетита
-Приятного аппетита внучек



Вы находитесь на странице вопроса "помогите сочинение на тему казахская музыка", категории "қазақ тiлi". Данный вопрос относится к разделу "5-9" классов. Здесь вы сможете получить ответ, а также обсудить вопрос с посетителями сайта. Автоматический умный поиск поможет найти похожие вопросы в категории "қазақ тiлi". Если ваш вопрос отличается или ответы не подходят, вы можете задать новый вопрос, воспользовавшись кнопкой в верхней части сайта.