Статистика
Всего в нашей базе более 4 327 663 вопросов и 6 445 976 ответов!

Составить диалог на тему

5-9 класс

"Наурыз көжені дайындау"

Pypa66 14 апр. 2014 г., 6:15:45 (10 лет назад)
Рейтинг
+ 0 -
0 Жалоба
+ 0 -
CoollGS13
14 апр. 2014 г., 9:07:23 (10 лет назад)

Ұлыстың ұлы күнін наурызкөжесіз елестету мүмкін емес.Ақ түйенің қарны жарылатын бұл күнді қазақ халқы ерекше ықыласпен қарсы алады. Дастархан жайылып, небір тіл үйіретін тағамдар дайындалады. Бұл жазбамызды солардың ішіндегі ең негізгісі наурызкөжеге арнамақпыз.Әдетте, наурызкөжені 7 түрлі дәмнен дайындайды. Олай болса, осы жеті түрлі тағамға жеке-жеке тоқталып, көженің қалай жасалатынын сөз етейік.1. Су. Наурызкөженің ең негізгі компоненті су болып табылады. Бұл өмір – өзен. Келешек ұрпақ өрбіп, судай тасып, көбейе берсін деген мағынаны білдіреді.2. Ет. Қазақтың сүйіп жейтін тағамдарының бірі осы – ет. Қазақ дастарханының сәнін келтіретін бұл ет ас мол болсын деген ырыммен қосылады. Әдетте “ұзынсарыға” сақталатын сүр ет пайдаланылады.3. Арпа. Ежелгі шығыс емшілері арпаның емдік қасиеттері туралы көп айтады. Білетіндердің айтуынша, арпаны тағам ретінде жиі пайдаланатып адамдардың қаны бұзылмайды. Ирак тәуіптері арпаны “ғажап құтты дән” деп атайтын көрінеді. Арпаның емдік қасиетінен бөлек, тойымдылығы да бағаланады.4. Дәнді дақылдар (тары, күріш). Наурызкөжеге, сонымен қатар, дәнді дақылдар да қосылады. Мұның негізінде бір тамырдан өсіп өнген дәндер секілді ұрпағымыз жайылып, көбейсін деген мағына жатыр.5. Ақ. Қазақ ақты ежелден қасиетті деп есептеп, бағалаған. Сол себепті наурызкөжеге сүт немесе айран қосылады. Мұның негізінде сүттей ұйып отырайық, іргеміз берік болсын деген ниет жатыр.6. Құрт. Құрт наурызкөженің дәмін келтіріп, сән береді.7. Тұз. Наурызкөжеге дәм беретін тұз соңғы, жетінші тағам ретінде қосылады.

Ответить



Вы находитесь на странице вопроса "Составить диалог на тему", категории "қазақ тiлi". Данный вопрос относится к разделу "5-9" классов. Здесь вы сможете получить ответ, а также обсудить вопрос с посетителями сайта. Автоматический умный поиск поможет найти похожие вопросы в категории "қазақ тiлi". Если ваш вопрос отличается или ответы не подходят, вы можете задать новый вопрос, воспользовавшись кнопкой в верхней части сайта.