Статистика
Всего в нашей базе более 4 327 663 вопросов и 6 445 976 ответов!

Сочинение на тему: Достық барiнен қымбат

1-4 класс

Melisasener04 08 марта 2017 г., 22:34:00 (7 лет назад)
Рейтинг
+ 0 -
0 Жалоба
+ 0 -
Grigorymoren
09 марта 2017 г., 0:22:09 (7 лет назад)

Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті: “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында”. Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу — өмірлік мақсаттардың бірі; Саясаттанудағы Достық ұғымы мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, мәдени мүдде тұрғысынан ынтымақтастық орнату шараларын бейнелеу үшін қолданылып жүр.Қазір бізге достық бұрынғыдан бетер қажет. Достық – бұл өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық.
Дос табу оңай, ал оны сақтау одан да қиын. Достық қатынасқа нәзіктікпен қарап, берік сақтау керек. Өйткені ол да баптауды қажет ететін нәзік өсімдік сияқты. Біздер достықты сақтау үшін жан-тәнімізбен еңбектенбеуіміз керек. Қайтарымын қажет етпей, берудің жолдарын үйрену керек. Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді.

Ответить

Читайте также

сочинение на казахском

на тему улкенге курмет, кишиге изет

Всем знатакам казахского! Помогите написать сочинение на тему: Астана кyнi (День Астаны)!

Любую информацию ,только на казахском!
Помогите!

срооооочноооо! 1 СОЧИНЕНИЕ НА ТЕМУ ТУГАН ЖЕР И 1 СОЧИНЕНИЕ НА ТЕМУ МЕНЫМ ОТАНЫМ.

В КАЖДОМ СОЧИНЕНИИ 4-5 ПРЕДЛОЖЕНИЯ

СОЧИНЕНИЕ НА ТЕМУ ХАЙУАНАТТАР


Вы находитесь на странице вопроса "Сочинение на тему: Достық барiнен қымбат", категории "қазақ тiлi". Данный вопрос относится к разделу "1-4" классов. Здесь вы сможете получить ответ, а также обсудить вопрос с посетителями сайта. Автоматический умный поиск поможет найти похожие вопросы в категории "қазақ тiлi". Если ваш вопрос отличается или ответы не подходят, вы можете задать новый вопрос, воспользовавшись кнопкой в верхней части сайта.