Статистика
Всего в нашей базе более 4 327 660 вопросов и 6 445 973 ответов!

ата көрген оқ жонады,ана көрген тон пішеді

5-9 класс

Nekettt 15 окт. 2013 г., 8:52:10 (10 лет назад)
Рейтинг
+ 0 -
0 Жалоба
+ 0 -
Aigul22
15 окт. 2013 г., 10:12:45 (10 лет назад)

Бұл мақалдың мағынасы өте терең.Ата көрген деген әкесімен жүрген,оның ісің көрген ұл өскенде өзі де соны істей алатын болады.Нағыр ер азамат болады. Ал ана корген бала қызға ұқсас болады деген мағына береді.

Ответить

Другие вопросы из категории

Помогите пожалуйста перевести ( Только не переводите в переводчике, там не правильно я переводила и проверяла) перевести нужно

на казахский: Наступила весна. На улице тёплая погода. На деревьях набухли почки. Прилетают птицы из теплых стран. Дети сделали скворечник. Один из детей взял лестницу и повесил скворечник на дерево.Дети радовались прилету птиц.

ПЕРЕВЕДИТЕ ПОЖАЛУЙСТА ПРОШУ!Я ДАЖЕ 20 БАЛЛОВ ПОСТАВИЛА ЗНАЮ ЧТО МНОГО НО ПЛИЗЗ!!(((

сказка Қаңбақ шал
Бұрын, бұрын бұрында Қаңбақ шал деген шал болыпты. Мал мен басқа зар болыпты. Кедейліктен шықпапты. Ол ау салып, балық аулап, тамақ асырапты. Жел соқса, шал домалап жөнеледі екен. Содан соң оған Қаңбақ шал деген ат қойылыпты. Күн сайын ауына ілінген екі балығының біреуін бір түлкі әлімжеттік қып тартып жей береді екен. Түлкінің қорлығына шыдамай, шал бір күні екінші бір жерге көшем деп, дүние мүлкін арқалап жолға шығыпты. Шаршаған соң оны бір жерге көміп кетіпті, бір жерге елдің сойған малынан жинап алған ішек қарнын көміп кетіпті, бір жерге қарындағы айранды көміп кетіпті .Жүктің салмағымен Қаңбақ шал ұшып кетпей келеді. Жүктен арылған соң, желмен ұшып, бір жерге ұшып түсіпті. Қараса, бір дәу екі тауды біріне – бірі шақпақ қылып, ұрып тұр екен.
Дәу:
- Қайда бара жатқан шалсың? Кел екеуміз күш сынасайық – деп қазандай бір қара тасты көтеріп, аспанға лақтырып жібереді де қайта қағып алып: Ал шал, сен де осылай қақпаққыл етші дейді.
Шал сасып, қайтерін білмей, тасты құшақтап аспанға бір, тасқа бір қарап, күнімен тұрады.
Сонда дәу:
- Е, неғып тұрсың. ЛАҚТЫР – дейді.
Шал тұрып:
- Аспанға лақтырсам, аспан жерге айналып түседі ау деп, жерге қақпай түсірсем, жер ортасынан ойылып түсе ме деп қауіп қылып тұрмын дейді.
Сонда дәу келіп, шалдың қолынан ұстай алады да:
- Ақсақал лақтырмай ақ қой, текке қырыламыз - деп жалынып қойғызады.
Дәудің ақылы таяздығын біліп шал ерленіп, дәуге:
- Кел жердің ішек қарнын шығарйық - дейді.
Дәу жүгіріп келіп, жерді теуіп қалады. Жер тізеден ойылады. Ештеңе шықпайды. Шал өзі бұрын көміп қойған, қаны - жыны арылмаған ішек қарын жатқан жерді жүгіріп барып, теуіп қалса, ішек қарын шығады. Дәу қорқады:
Сосын шал:
- Кел енді жердің миын шығарайық, - дейді.
Дәу бар пәрменімен келіп, жерді теуіп қалады. Жер тағы да тізеден ойылады .Ештеңе шықпайды. Шал манағы айранын көміп кеткен жерді жүгіріп барып теуіп қалса, бырқ етіп айран шыға келеді. Дәу одан бетер қорқады. Мына шал не деген орасан күшті деп, шалдың айтқанын істей береді. Ақыры шал онан қалай құтыларын білмей:
- Енді қайт. Ертең бізге қонаққа кел, - дейді.
Дәу:
Жарайды деп – кетіп қалады.
Шал үйіне келіп, кемпіріне:
- Ертең дәу қонаққа келеді, - дегенде:
- Ойбай, немізді береміз - деп сасады кемпір.
Шал тұрып:
- Ертең дәу келеді. Мен есіктің алдында отырармын. Сонда сен оның көзінше. Не істеймін шал, - деп маған қара, мен не десем, соны істемекші болып, пышақты алып тұра ұмтыл! – деп кемпіріне үйретіп қойады.
Ертеңіне үш дәу келіп, досының үйінде отырады. Сол кезде кемпір тұрып:
- Шал нені асамын үйдегі қонаққа? Түк жоқ деп! - депті.
Сонда шал тұрып:
- Басқы дәудің басын ас, ортаншы дәудің төсін ас, ол жетпесе досым дәудің өзін ас! - дегенде, кемпір пышағын алып тұр ұмтылады. Үш дәу тым тырақай қаша жөнеледі. Досы лашық үйін басымен көтеріп әкетеді. Шал айқайлап:
- Әй, досым, лашығымды тастап кет! Қайда барсаң да құтылмайсын! - дейді. Дәу лашықты тастай сала қашып бара жатса, баяғы әлімжеттік қып балығын тартып жей беретін түлкі жолығады.
- Тақсыр қайдан қашып келесің - дейді түлкі.
- Бір пәле шалдың қырсығынан құтыла алмай қашып келеміз, - дейді.
Түлкі:
- Сол Қаңбақ шалдан қорқып жүрсіңдер ме - менімен жүр, мен сенің өшіңді алып берейін, - деп, дәуді ертіп, шалды іздеп қайта келе жатса, шал лашықтың жанында тұр екен. Түлкінің ертіп келе жатқанын көріп, шал айғай салады:
- Ей, түлкі-ау Арғы атаңда алты атамның құны бар, бергі атаңда бес атамның құны бар, өзіңде бітіспейтін кегім бар, үш дәуді сол үшін бергелі жатырсын ғой! Бәрі бір онымен бітпеймін! - деп дауыстайды.
Сонда дәу қорқып, бұл бізді сол аталарының құнына беруге алдап алып келе жатыр екен ғой, - деп ойлап түлкіні құйрығынан алып жерге бір ұрып өлтіріп, алды-артына қарамастан қаша жөнеледі. Сөйтіп, Қаңбақ шал дәулер мен түлкіден осылай құтылған екен дейді.

Читайте также

переведите пож на русский мен ата анам а катты сүйем ! Олар мены осы өмірге әкеліп,мені осы кунге жеткізген жаандарр. Оларға ешнарсе жетпес,олар мен үшін

өмірдегі ең мейрімді жандар! Мені қатарымнан қалдырмай алпештеп өсірген ата анама ризамын және алғысым шексіз!Сол үшін мен оларды енді бакытты етуге тырысамын! Мені олар қалай мәпелесе калай сүйіп өсірсе менде оларды солай жаксы көріп бақытты етемін . ОЛ үшін мен сабакты жаксы окуым керек ,бұзық болмауым керек! Сонда ғана анам және әкем риза болады! Мен ата анамды катты сүйемін оны жазып жеткізе алмаймын

переведите это с казахского на русский буду очень благодарна; Бөбек 4-5 айлығанда дыбыстар шығара бастайды.Дәл осы шағында ата-ана міндеті-осы дыбыстарды

бөпесімен қосыла ерінбей-жалықпай қайталап отыру.Бүлдіршіннің тілі жеке-жекесөздерді айтуға икемделе бастаған кезде тілі тез шығу үшін қазақ халқы дәстүрлі "тілашар тойы" ырымын жасайды.Мал сойылып, шешен ақсақал қариялар арнайы шақырылады.Ана тілінің бар байлығын толық меңгеру үшін әрбір жаңадан тыныстырылатын заттардың түсі түстеліп,аты аталады.Ата-анасы баласын алдына алып отырып,бес саусағын түгел атап шығады:бас бармақ,сұқ саусақ,ортаңғы саусақ,аты жоқ саусақ,шынашақ.Бұдан соң қабылдауға жеңіл болу үшін әрқайсысына ат қойып жаттады:басбармақ,балан үйрек,ортан терек,шылдыр шүмек,кішкене бөбек.Осы айтылғандарды баланың өзіне қайталатады.

блин срочна нада помогите......что в это стихотворении говорится о чем только на русском. Сөз басы Бір қүдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды

көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры, Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық! Оқысаңыз, балалар, Шамнан шырақ жағылар. Тілегенің алдыңнан, Іздемей-ақ табылар. Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық! Мал дәулеттің байлығы Бір жүтасаң жоқ болар. Оқымыстың байлығы, Күннен-күнге көп болар, Еш жүтамақ жоқ болар. Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Сиса көйлек үстіңде, Тоқуменен табылған... Сауысқанның тамағы, Шоқуменен табылған... Өнер-білім бәрі де, Оқуменен табылған. Кел, балалар, оқылық. Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық! Надандықтың белгісі — Еш ақылға жарымас. Жайылып жүрген айуандай, Ақ, қараны танымас. ...Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық! Оқу деген шыны-ды, Тұрған сайын шыныққан... Оқу білген адамдар, Май тамызған қылыштан... Білмегенді білуге, Есті бала тырысқан, Есер бала ұрысқан. Кел, балалар, оқылық. Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық! Әлпештеген ата-ана Қартаятын күн болар. Қартайғанда жабығып, Мал таятын күн болар. Ата-енең қартайса — Тіреу болар бұл оқу, Қартайғанда мал тайса — Сүйеу болар бүл оқу. Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық. Оқу білген таниды Бір жаратқан қүдайды, Танымаған қүдайды Неғылғанда ұнайды... Шырағым адам болғай деп, Ата-енең жылайды. Баладан қайыр болмаса, Баланы неге сұрайды. Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық!



Вы находитесь на странице вопроса "ата көрген оқ жонады,ана көрген тон пішеді", категории "қазақ тiлi". Данный вопрос относится к разделу "5-9" классов. Здесь вы сможете получить ответ, а также обсудить вопрос с посетителями сайта. Автоматический умный поиск поможет найти похожие вопросы в категории "қазақ тiлi". Если ваш вопрос отличается или ответы не подходят, вы можете задать новый вопрос, воспользовавшись кнопкой в верхней части сайта.