сочинение на казахском о кобланды батыре
5-9 класс
|
Тоқтарбайұлы Қобыланды (XV ғ.) – аты аңызға айналған халық батыры. Шыққан тегі – Қыпшақ, оның ішінде Қара Қыпшақ. Халық жадында сақталған әңгімелерде, халық шежірелерінде оны көбіне «Қара Қыпшақ Қобыланды» деп атайды. Шежіре деректеріне қарағанда, Қара Қыпшақ Қобыланды Жошы ханның Шайбан деген баласының тұқымы Әбілхайыр ханның тұсында (XV ғасыр) өмір сүрген, соның белгілі қолбасшыларының бірі болған адам. Қазақ хандығының бөлінуіне де осы Қобыланды батыр себеп болған делінеді. Бұл жөнінде Шәкәрім шежіресінде: «Біздің осындағы арғындардың атасы Дайырқожа Әбілхайыр ханның сүйікті қазысы екен. Билікті әділ айтқандықтан «Ақжол» атаныпты. Және Қара Қыпшақ Қобыланды да ханның сүйікті адамы екен. Екеуі іштей жауласып жүргенде, бір күні Қобыланды Дайырқожаны далада өлтіріп кетіпті. Мұны әз-Жәнібек хан біліп, Қобыландыны шариғат бойынша қысас қылып өлтіруге сұрапты. Әбілхайыр берейін десе, көп қыпшақ бұзылатын болған соң, бере алмай, үш кісінің құнын ал деген соң, бұған Жәнібек өкпелеп, бөлініп кетеді» деген дерек беріледі. Бұл оқиғаның тарихи шындық екенін Дайырқожаның әкесі Қотан жыраудың өлген баласының денесін айналып, қайғырып, қан жұтып жүріп айтқан: «Қара Қыпшақ Қобыландыда нең бар еді, құлыным? Сексен асып таянғанда тоқсанға. Тұра алмастай үзілді ме жұлыным» деп басталатын толғауы да дәлелдей түседі. “ Қара Қыпшақ Қобыландыда нең бар еді, құлыным? Сексен асып таянғанда тоқсанға, Тұра алмастай үзілді ме, жұлыным, —” деп басталатын толғауы да дәлелдей түседі. Қобыланды батыр жайында екінші бір дерек көзі — қазақ халқының қаһармандық жырларының бірі — "Қобыланды батыр" жыры. Бұл мазмұны жағынан да, басқа батырлық жырларға қарағанда шоқтығы биік тұрған халықтық шығарма, ерлік эпопеясы. Бұл жырдың оқиғаларына қарағанда, Қобыландының ерлік жолы қазақ елінің сол кездегі сыртқы жауы — қызылбастар (парсылар) мен олардың шапқыншылық жасаған ханы Қазанға қарсы күресінен басталады. Оның бұдан кейінгі шайқасқан батырларының атына қарап, олардың атақты Едіге батырдың тұқымдары екенін аңғаруға болады. Қобыланды батырдың Орақ батырмен дос болып, Алшағырмен жауығуы — Қазақ хандығының өзара іштей екіге бөлінген Ноғай ордасының бірін қолдап, екіншісімен соғысып жатқан тарихи кезеңін алға тартады. Мұның бәрі Қара Қыпшақ Қобыланды батырдың аңыздық негізде қиялдан туған кейіпкер емес, өмірде болған, ерлік істерімен еліне танылып, құрметіне бөленген хас батырларының бірі болғанын дәлелдейді. [1][2]
Другие вопросы из категории
орядке со здоровьем, у него есть силы и вдохновение для дел, общения, творчества. Когда в организме что-то болит, сложно сосредоточиться на учебе или работе, не хочется даже развлекаться. А современная жизнь требует от нас быть активными, поэтому мы должны заботиться о своем здоровье.
Читайте также
И сочинение про море Окуньки тоже на казахском!!!помогите если про Окуньки ненайдете то про Алла-коль , Сасыкколь и т д
Выдающийся казахский поэт-просветитель Абай Кунанбаев является основоположником новой письменной казахской литературы. Сын крупного феодала, он уже юношей вступил в тяжкие, непримиримые противоречия с феодальной средой, с феодальной моралью, отказывался подчиняться родовым традициям. Абай с любовью и состраданием относился к народу, поднимая свой голос в защиту его прав и интересов.Абай получил образование в Семипалатинске, где сблизился с представителями русской демократической интеллигенции, сосланными в Казахстан. Под их влиянием изучил передовую русскую литературу, произведения В. Г. Белинского, Н. Г. Чернышевского, Н. А. Добролюбова, Д. И. Писарева, и стал пропагандистом ее идей.Гуманистические идеалы Фирдоуси, Навои, Низами, Физули, Ибн Сины и других писателей и ученых Востока, демократические идеи передовой русской литературы оказали большое влияние на формирование мировоззрения Абая. В его произведениях отразилась вся жизнь казахского народа. Ненависть к социальному угнетению, призыв к активному переустройству общества, горький смех над патриархальными обычаями родового аула, над средневековой отсталостью и корыстолюбием баев, протест против рабского положения женщины, прославление труда и тружеников — все это делало стихи Кунанбаева крупнейшим явлением общественной мысли и национальной культуры. В сатирических стихах «Кулембаю» (1888), «Управитель начальству рад...» (1899), «Наконец волостным я стал...» (1889) и других Абай высмеивал социальные пороки, открыто выступал против произвола.
написать) на казахском. Помогите буду очень признательна!!!
Напишите на казахском с переводом на русский.Пж
которые относятся к виду кофе. День кофе отмечают 1 октября в Японии, 19 сентября в Ирландии. Молотый кофе быстро теряет вкус и аромат. Кофе может вызвать повышение давления. Кофе - любимый напиток многих людей.
Что-нибудь в таком роде, толкьо на казахском. Любые предложения о кофе.
Пожалуйста.