Статистика
Всего в нашей базе более 4 327 657 вопросов и 6 445 963 ответов!

перевод: ыстықтағанды салқындатып, шөлдегеннің.

10-11 класс

Vikushakapanin 23 июля 2016 г., 14:40:59 (7 лет назад)
Рейтинг
+ 0 -
0 Жалоба
+ 0 -
Mopkov
23 июля 2016 г., 16:23:39 (7 лет назад)

ыстық-жара, салқын-прохладный, шөлдеген-испытал жажду, шөл-пустыня   ыстықтаған-упарился

Ответить

Другие вопросы из категории

Читайте также

помогите пожалуйста 1."Қыс" тақырыбы бойынша өтілген сөздерді жатқа жазыңдар.

2.Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жазыңдар.
Қыс айлары:......,........,....... .Жерді қалың ... жапты.Қыста жиі ... жауып, .... соғады.Ағаш бұтақтары ... ...жамылған.Шанасын сүйретіп ... далаға шықты.
3.Құрастырған сөйлемді пайдалана отырып,қыс туралы әңгімелеңдер.

помогите вставить слова плис.

27. Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді тап A) Ауа райы түзелді, орақ басталды B) Білім – теңіз, түбі де, шегі де жоқ. C) Жүзіне қарама, өнеріне

қара D) Ексең егін, ішерсің тегін E) Өнімді еңбек атқарам десең, көпке сүйен 28. Сабақтас құрмалас сөйлемнің қай түрі Құлақ естісе, көңіл біліп, Көз көрсе, шабыт келер. (Махмұд Қашқари) A) мезгіл бағыныңқылы B) шартты бағыныңқылы C) қарсылықты бағыныңқылы D) себеп бағыныңқылы E) мақсат бағыныңқылы 29. Сабақтас құрмалас сөйлемнің қай түрі Сабақ оқуға уақыттары аз бола тұра, емтиханды жақсы тапсырды. A) қарсылықты бағыныңқылы B) мақсат бағыныңқылы C) себеп бағыныңқылы D) мезгіл бағыныңқылы E) шартты бағыныңқылы 30. Сабақтас құрмалас сөйлемнің қай түрі Оқтың өзін алып тастағанмен, орны қалады. (Сайф Сарайи) A) қарсылықты бағыныңқылы B) мақсат бағыныңқылы C) себеп бағыныңқылы D) мезгіл бағыныңқылы E) шартты бағыныңқылы 31. Сабақтас құрмалас сөйлемнің қай түрі Білікті адам керекті сөзін айтқанмен, керек емесін бүгіп қалады. (Ахмет Йүгінеки) A) қарсылықты бағыныңқылы B) мақсат бағыныңқылы C) себеп бағыныңқылы D) мезгіл бағыныңқылы E) шартты бағыныңқылы 32. Сабақтас құрмалас сөйлемнің қай түрі Шекпен қанша тозса да, жаңбырға киюге жарайды. (Махмұд Қашқари) A) қарсылықты бағыныңқылы B) мақсат бағыныңқылы C) себеп бағыныңқылы D) мезгіл бағыныңқылы E) шартты бағыныңқылы 33. Сабақтас құрмалас сөйлемнің қай түрі Таңертең тұрған кезде, далада алғашқы қар жатыр екен A) қарсылықты бағыныңқылы B) мақсат бағыныңқылы C) себеп бағыныңқылы D) мезгіл бағыныңқылы E) шартты бағыныңқылы 34. Сабақтас құрмалас сөйлемнің қай түрі Сауыт күші – қылышпен қылшылдатып ұрған кезде, Аттың күші – жігітті алып шығып тұрғанда. (Қорқыт) A) қарсылықты бағыныңқылы B) мақсат бағыныңқылы C) себеп бағыныңқылы D) мезгіл бағыныңқылы E) шартты бағыныңқылы 35. Сабақтас құрмалас сөйлемнің қай түрі Жүргіншілер аршалы тастақ белге шыққанда, ұзын өлке бойында қалың шалғынды кең қонысқа созылып жатқан қалың ауылды көрді. (Мұхтар Әуезов) A) қарсылықты бағыныңқылы B) мақсат бағыныңқылы C) себеп бағыныңқылы D) мезгіл бағыныңқылы E) шартты бағыныңқылы 36. Сабақтас құрмалас сөйлемнің қай түрі Орталарына Дәрмен келгенде, Оспан қуанып қалды (Мұхтар Әуезов) A) қарсылықты бағыныңқылы B) мақсат бағыныңқылы C) себеп бағыныңқылы D) мезгіл бағыныңқылы E) шартты бағыныңқылы 37. Хабарлы сөйлемді тап A) Жаңбыр жауып тұр B) Атың кім C) Тұр орныңнан D) Келші, қалқам, менің қасыма отыршы E) Баян сол жерде тұрсын 38. Сұраулы сөйлемді тап A) Ертең күн ашық болады B) Сен бүгін қайда болдың, не істедің C) Алақай, ағам келе жатыр D) Мына жұмысты тезірек бітірші E) Келе сала бар жұмысты аяқтап тастады 39. Лепті сөйлемді тап A) Аспан шайдай ашық B) Ол қандай адам C) Қазақстан халықтарының достығы жасасын D) Сабыр біздің үйге келсінші E) Ол туралы көп ойладым 40. Бұйрықты сөйлемді тап A) Сіз қызық адам екенсіз B) Оған жолдасың көмектессін C) Мен бүгін ерте тұрдым D) Сен сабаққа барасың ба E) Сен үйге бара бер

Кто-нибудь может помочь?

1. Мәтін бойынша бірнеше сұрақ құрастырыңыз. Мәтінге қандай ат қоюға болады?
Суретші, мүсінші, ақын-жазушы, әнші де табиғаттың өзі. Асқар тау, нулы орман, байтақ дала, айдын көл, кәусар ауа, салқын, самал жел, көгілдір аспан, қарлы боран, аптап ыстық, киелі Жер, сарқыраған өзен, мәуелі ағаш, мұның барлығы табиғаттың жасаған сұлулығы. Табиғат құбылыстары жылдың төрт мезгіліне байланысты өзгеріп тұрады. Қоңыржай күз өтіп, қаһарлы қыс келеді. Айналаны құлпыртып көктем шығады, жадырап жарқын жаз тұрады. Міне, осындай табиғат құбылысының үнемі өзгеруі, оның төрт мезгілге бөлінуі адамзат баласын сонау ерте заманнан толғандырған екен.
2. Мәтінде асты сызылған сөздерге жазбаша түрде морфологиялық талдау жасаңыз.
3. Өзіңізге ұнайтын өлеңді немесе прозалық шығармадан үзіндіні мәнерлеп жатқа айтыңыз.

Привет всем! срочно нужен перевод текста на русский язык. Заранее большое спасибо!

Осы мақсатпен Сұлтанмахмұт 1912 жылы Троицк қаласына барады. Онда Ахун Рахманқұли деген татардың медресесіне түседі. Бірақ Сұлтанмахмұт мұнда ұзақ оқи алмайды. Тұрарға үй таппай, әрі қаражаты болмай көп қиыншылық көрген Сұлтанмахмұт ауруға шалдығады. Қатты жүдеп-жадайды. Соның салдарынан медреседе қыс бойы ғана оқып, жазғытұрым Троицк маңындағы бір ауылға бала оқытуға кетеді. Ондағы ойы – бала оқыта жүріп, денсаулығын көтеріп, қаражат жинап алып, қайта оқу іздеу болады. Мектептен бос кезінде ол өзі ізденіп оқиды, өлеңдер жазады. Сұлтанмахмұттың бұл кезде жазған өлеңдерінен оқу-білімге деген құмарлық айқын байқалады. Жас ақын өз талабын бүкіл ел қажеті, халық мүддесі тұрғысынан түсіндіреді. Халықтың қараңғылықтағы күйден шығуы үшін өнер-білімнің қажет екенін айтар ағартушылық идеяға көтеріледі. Өзінің бұл тақырыптағы алғашқы өлеңдерін Сұлтанмахмұт қазақ жастарына арнайды. «Оқып жүрген жастарға» өлеңінде ол лирикалық кейіпкер атынан сөйлеп, оның оқуға деген ынтасы мен келешекке сенімін бейнелейді. Өлеңде ынталы жас ұрпақтың өнер-білім игерсек, өмірден керегімізді аламыз деген сенімі айқын берілген. Сұлтанмахмұт оқудың мақсатын халыққа пайдалы қызмет ету міндетімен байланыстырады. «Талиптерге» (шәкірттерге) атты өлеңінде ол замандастарына: «Ұйқы басқан миллатынды көр, соларды оят, ілгері баста, ол үшін өнер-білім үйрен» деп ашық үгіт айтады. Осы идеяны ақын «Оқуда мақсат не?» деген өлеңінде тереңдетіп, оқудың мақсаты – молда болып, ескілікті бағу емес, әкім болып, шен тағу да емес, өнер табу, халыққа пайдалы іс істеу деп түсіндіріледі. Өлеңде сондай жолды қуушыларды кекете сынау сарыны бар. «Жемтік көрсе тістей қататын» молданың арам мінезі мен «тілмаш боп, жем табуға» ұмтылушыларды ол жек көреді. «Қандай» 1912 жылы жазылған өлеңінде Сұлтанмахмұт қазақ халқының мәдениетке ұмтылмай, ұйқыда жатқанын шендестіре жырлайды. Ағын су мен ақпайтын судың бірдей еместігі сияқты, бір орнында тұрған мен жүргеннің де айырмасы бар, тұрмалық, алға басалық дейді. Мұнда да діни оқу мен орыс оқуын қарсыластыру бар. Қазақ халқының түбіне жеткен ескі оқуға ақын айрықша шүйлігеді. Сұлтанмахмұттың ағартушылық өлеңдерінің бас қаһарманы көбіне өзі («Ендігі бет алыс», «Туған еліме» т.б.), енді бірде зор үмітпен жоқ іздеген жастар болып отырады. («Оқып жүрген жастарға», «Талаптыларға»). Халықты батыс мәдениетіне жеткізуші де солар болуға тиіс. Жүре-келе «Шығамын тірі болсам» (1913), «Шәкірт ойы» (1917) деген өлеңдерінде ол өнер-білім идеясын үлкен романтикаға айналдырады. Ол кезде ақын оқу-білімді халықты надандық пен құлдықтан құтқарудың бірден-бір жолы деп түсінген, бұл идея мен тақырыпты шын жүректен толғанып жырлаған. Өлеңдерінің іші толған өмір тынысы, халық талабы. Қазақ феодалдарының бір тірегі шала сауатты молда-қожа, қажы-ишандар болған. Ислам идеологиясы мен тәжірибесіне бір жақты ден қойып қана қоймай, халықты прогреске жеткізу мүмкін емес еді. Осы үлкен халықтың мәселені Сұлтанмахмұт аса мол жырлаған. «Дін» (1910), «Соқыр сопы» (1911), «Айт» (1914), «Мағынасыз мешіт» (1912), «Шұбар қожа» (1920) деген өткір де сатиралық өлеңдерінде халыққа кері әсер жасап келген құбылыстардың бірі дүмшелер екенін айтады. «Айт» деген шығармасында ақын діннің байлар табының құралына айналғанын айтады. Айт, ораза, намаз ислам идеологиясымен байланысты дін мейрамы, әдет-ғұрпы болғандықтан, Сұлтанмахмұт бұлардың бәрін де ескіліктің шырмауы ретінде сынайды.



Вы находитесь на странице вопроса "перевод: ыстықтағанды салқындатып, шөлдегеннің.", категории "қазақ тiлi". Данный вопрос относится к разделу "10-11" классов. Здесь вы сможете получить ответ, а также обсудить вопрос с посетителями сайта. Автоматический умный поиск поможет найти похожие вопросы в категории "қазақ тiлi". Если ваш вопрос отличается или ответы не подходят, вы можете задать новый вопрос, воспользовавшись кнопкой в верхней части сайта.