Статистика
Всего в нашей базе более 4 327 663 вопросов и 6 445 976 ответов!

Аю туралы акпарат жазу немесе малимет

1-4 класс

Люблю0987 28 апр. 2014 г., 7:36:15 (9 лет назад)
Рейтинг
+ 0 -
0 Жалоба
+ 0 -
Rudakovai68
28 апр. 2014 г., 8:11:13 (9 лет назад)

Аюлар[1] (лат. Ursidae) — жыртқыштар отрядына жататын аң. Олардың денесі шомбал, басы үлкен, құлағы кішкентай, құйрығы қысқа (қалың жүнінен көрінбейді). Жүні бір түсті, қоңыр, қара не ақ, аяғы бес саусақты, тырнақты болады. Иіс сезу қабілеті жақсы жетілген. Қазір олардың ақ аю, ақтөсті аю, қоңыр аю, барибал, ерінді аю, малай аюы, көзілдірікті аю және үлкен панда деген 8 түрі кездеседі. Ақ аю Солтүстік Мұзды мұхит жағалауында тіршілік етеді. Оның дене тұрқы 3 м-дей, салмағы 400 – 700 кг-дай. Суда өте жақсы жүзеді, сүңгиді, табаны жүнді болғандықтан мұз үстінде таймайды. Ит балықпен, әсіресе каспий итбалығымен (нерпа) қоректенеді. Ақ аю екі жылда бір балалайды, қонжықтары енесімен 1,5 жылға дейін жүреді. Ақ аю Халықаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына» енгізілген (1976 жылы). Ал Қазақстанда Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы, Тарбағатай, Сауыр және Алтай тауларында аюдың 2 түр тармағы (қоңыр аю, Тянь-Шань қоңыр аюы) мекендейді. Қоңыр аюдың дене тұрқы 2 м-дей, салмағы 150 – 200 кг-дай, түсі қоңыр, қара қоңыр болады. Өзінің мінез құлқы жағынан бейқам, момын, қорқақтау келеді, орман ішінде адам көзіне көрінбейді. Ол адамның өмірі үшін қауіпті емес. Қорек талғамайды. Аюлар үш жасында жыныстық жағынан жетіледі. Ұйығуынан 7 ай өткен соң, 2 – 4 қонжық табады. Қаңтар, ақпан айларында жаңа туған қонжығының салмағы 300 – 600 г болады. Енесінің сүтімен 4,5 – 5,5 айға жуық қоректенеді, бір-екі жыл енесімен бірге жүреді. Аюлар 30 – 40 жылдай тіршілік етеді. Буаз аю жеке жүреді, қыста үңгірінде жалғыз жатады. Күзге таман бойына 50 кг-ға жуық май жинап, қатты семіреді де, қысқа қарай ұйқыға кетеді. Егер қажетті май қорын жинай алмаса, ұйқыға жатпайды. Аю – бағалы аң. Ол майы және шипалық қасиеті бар өті үшін ауланады. Семіз аюдан 120 кг ет, 50 кг-дай витамині мол май алуға болады. Аю жабайы тұяқты аңдарға, үй малдарына, сондай-ақ адамға да шабуыл жасайды. Бал омартасына түсуді жақсы көреді. Қоңыр аюлар кәсіптік аң ретінде ауланып келді. Қазір оларды аулауға тыйым салынған.

Ответить

Другие вопросы из категории

Берілген сөздерден сөз тіркестерін құрастыр

слова:Дастарқан,тағам,қонақ,ас

көптік жалғауы бар сөздерді тауып олардың қай сөз табына жалғанғандығын айтындар

Менің досымның аты Олеся. Оның інілері бар. Олар балабақшаға барады. Олар әпкесіне ұқсап тұр. Шаштары бұйра, сап-сары. өздері сондай сүйкімді!

Что нужно сделать в этом задании? И перевод задания и текста на русский

Помогитее )

Есть аул вблизи Казани, по названию Кырлай.
Даже куры в том Кырлае петь умеют... Дивный край!

Читайте также

отан туралы шыгарма жазу керек
хантауы туралы акпарат
отан туралы шыгарма жазу
кыс туралы малимет эссе жазу
Cұрақтарға жауап жазыңдар. 1) Қандай пән кабинеттері бар? 2) Мұражайда не бар? 3) Мектеп туралы қандай мақал білесең? 4) Оқушылар шеберханада не істейді?

5) Оқушылар асханада не істейді? 6) Оқушылар кітапханада не істейді? 7) Оқушылар спортзалда не істейді? 8) Сенің мұғалімің қандай? огромная просьба помочь!!!!



Вы находитесь на странице вопроса "Аю туралы акпарат жазу немесе малимет", категории "қазақ тiлi". Данный вопрос относится к разделу "1-4" классов. Здесь вы сможете получить ответ, а также обсудить вопрос с посетителями сайта. Автоматический умный поиск поможет найти похожие вопросы в категории "қазақ тiлi". Если ваш вопрос отличается или ответы не подходят, вы можете задать новый вопрос, воспользовавшись кнопкой в верхней части сайта.