Статистика
Всего в нашей базе более 4 327 660 вопросов и 6 445 973 ответов!

Ана туралы шыгарма керек. Интернеттен емес!

5-9 класс

7714 27 мая 2013 г., 7:57:18 (10 лет назад)
Рейтинг
+ 0 -
0 Жалоба
+ 0 -
Servicevokk
27 мая 2013 г., 9:14:24 (10 лет назад)

Алматылық А.Мауытханның да осындай өз орнын таппаған сөзі жиі кездеседі. - Алақаны әжемнің ақ бесігі, Жүрегімде тербетті есіл үні,- деп ары қарай жалғаса береді.Алақан мен ақ бесік деген дербес ұғымдар. Әрқайсысының өз орны, өзінше атқарар қызметі бар. Сөздердің мәніне түсінбей, осылай олақ қолдану — жыр жолдарына көлеңкесін түсірмесе, жарқын өң бермейді. Алматы облысы, Райымбек ауданындағы Ғ.Әділет атты жас оқырманымыз жазған өлеңде де осындай үйлеспеушілік орын алған. «Анам деп ән саламын, Анам деп күй саламын»,- деп өз ойын өрістетеді. Ән салғаны жақсы, күй салғаны сәл оғаштау… Осы өңірде тұратын М.Айболит атты жас оқырман жырынан да осындай орашолақтық анық байқалады. …Ана деген атпен жүре берсін, Анашым аман болшы»,- деп өз өлеңін аяқтайды. Ана деген атпен жүре берсін дегеннен не ұғуға болады?.. Осы атыраптан хат жолдаған бүлдіршін оқырманымыз Е. Ерболқызы өлеңінде ұйқас жоқ. «Айналайын, Анашым, ақ сүт бердің балаңа.Тілейміз ғой әрқашан, өмірдің бар жақсысын» деген шумақпен өлеңнің алғашқы төрт жолы аяқталады. Қайта бір оқып көріңдерші, осы жолдарда ұйқас бар ма? Атырау облысы, Құрманғазы ауданында тұратын Г.Ермекова өлеңдерінде де әттеген-ай тұстары баршылық. Айтамын мен Анама мың алғысты, Әкелді осы уақытқа жалғыз өзі. Түн ұйқысын төрт бөліп біздер үшін, Ауырсақ егер біздер сол бір түні,- деген жолдардан еш нәрсе түсінуге болмайды.Осылайша көркемдік жағынан жетіспей тұрған дүниелерді оқырмандарымыз А.Қайратқызы, Жамбыл облысы, Байзақ ауданына қарасты Жаңатұрмыс ауылынан Қ.Асанова, Алматы облысы, Тескенсудан Е.Салбенбековтердің шығармаларынан да кездестіруге болады. Құрметті жас талапкер, біз осы пікірді сіздер үшін, өздеріңе жанымыз ашығандықтан әдейі айтып отырмыз. «Сын түзелмей, мін түзелмейді». Біз сіздерден жаңа да көркем, шынайы да шымыр жырлар күтеміз. Редакция есігі өздерің үшін қашан да ашық!

Ответить

Читайте также

шыгамын тири болсам адам болып шыгарма

шыгарма керек

Жаз туралы шыгарма

Помогите пожалуйста))

батырлар туралы шыгарма


Вы находитесь на странице вопроса "Ана туралы шыгарма керек. Интернеттен емес!", категории "қазақ тiлi". Данный вопрос относится к разделу "5-9" классов. Здесь вы сможете получить ответ, а также обсудить вопрос с посетителями сайта. Автоматический умный поиск поможет найти похожие вопросы в категории "қазақ тiлi". Если ваш вопрос отличается или ответы не подходят, вы можете задать новый вопрос, воспользовавшись кнопкой в верхней части сайта.