Статистика
Всего в нашей базе более 4 327 660 вопросов и 6 445 973 ответов!

Экологиялык, зардап аймағына айналған тағы

5-9 класс

бір өлке ол - "Байқоңыр" ғарыш аймағы. Байқоңырмен шектес Ұлытау
даласының қай түкпіріне үңілсеңіз де, әртүрлі зымырандардың сынығынан аяқ алып
жүру қиын. Бұлар зымырандардың бірінші ұшу сатысынан айырылып, жерге құлаған бөлшектері.
Зымырандардың отын құрамында хлорлы қосылыстар жиі кездеседі. Аспаннан от
жалынға оранып түскен қалдықтар 3-4 гектар аумақты улап, өртеп, тып-типыл етіп
кететіндіктен, ұзақ жылға дейін, қу тақырларға айналған бұл жерлерде ештеңе
өспейді. Байқоңыр ғарыш аймағының аумағында зымыран бөлшектері құлайтын 39
аудан белгілі және ол 105 мың шаршы км-ден асады. Олар төмен құлдилап келе
жатқанда, сұйық отын ретінде қолданылатын дептил төгіліп, шашылып ауаны, жер
мен суды улайды. Одан тараған уландырғыш заттар, сол төңіректе 130 елді
мекеннің үстін себелеп өтеді. Зерттеулер анықтағандай зымыран ұшырылған кезде
ауаның ластануы 100 мың автомобильден будақтаған түтінге тең. Белгілі
мәліметтер бойынша бір зымыран ұшқан кезде оның отынынан ауаға тасталатын
зиянды зат мөлшері 300 тоннаға жетеді. Мұның бәрі ең алдымен адамдар
денсаулығына әсер етеді. Осының салдарынан соңғы жылдары әсіресе Ұлытау
ауданының тұрғындары арасында жүйке, қатерлі ісік аурулары, қан ағару, қан
қысымының көтерілуі, кеміс бала туу, нәрестелердің шетінеуі көбейіп кетті.
составить 5 вопросов и к ним ответы пожалуйста)

влад957 08 авг. 2014 г., 16:17:53 (9 лет назад)
Рейтинг
+ 0 -
0 Жалоба
+ 0 -
11гьшигв
08 авг. 2014 г., 17:59:06 (9 лет назад)

1) Зардап аймағына айналған жер? Байқоңыр
2) Зымыран ұшырған кезде ауаның ластануы неге тең?зымыран ұшырылған кезде ауаның ластануы 100 мың автомобильден будақтаған түтінге тең.
3) Ауаның ластануы салдарынан қандай аурулар көбейіп кетті?

Ответить

Другие вопросы из категории

перевидите пожалуста:......Пошта бағдарламасы белгілі бір пошта жәшігінен хаттарды жөнелтіп, қабылдай алуы үшін тіркеулік жазба қажет.

Outlook Express бағдарламасын баптаудың мәні осындай тіркеулік жазба жасауда. Жаңа пошта тіркеулік жазбасын үстеу үшін өз пошталық серверіңіздің түрін (POP3, IMAP немесе HTTP), келетін поштаға арналған сервер атауын және кететін поштаға арналған сервер атауын білуіңіз қажет. Осы деректердің барлығын пайдаланушыға сервердің пошта қызметі электронды мекен жайды тіркеу кезінде хабарлайды.

Читайте также

переведите текст на русский . Сіз шай дайындауды білесіз бе? Алдымен,үлен шәйнекке су кұйып, оны қайтанады . Сосын қайнаған суды аздап кішкентай шәйнекке қ

ұяды да, оны шайып төгіп тастайды . Сөйтіп , оған қасықпен шай салады . Оның үстіне қайнаған суды құяды да, 2-3 минут күтеді . Міне ,осылай шай дайын болады.

помогите перевести текст на русский, срочно, заранее спасибо

"«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы Ақмола облысының Щучье ауданында орналасқан.Саябақ аумағына он
төрт үлкен-кішілі көлдер кіреді. Көлге құятын Қолшақты, Қылшақты,
Сарыбұлақ, Громовая, Иманай сияқты басқа да өзендер бар. Көл
шығанағындағы Жұмбақтас тауы Бурабай нышанына айналған. Бұл таудың
келбеті бойжеткенді бейнелейді.Бурабай табиғаты көз тартар сұлулығымен,
ауасының тазалығымен тартымды. Биік таулар, көгілдір көлдер, қарағай
мен қайың ағаштары өлкенің сәнін кіргізеді. Саябақта жануарлар әлемінің
305 түрі бар. Өсімдіктердің 757 түрі кездеседі. Бурабай
өлкесінде қонақ үйлер, шипажайлар, демалыс үйлері орналасқан. Жаз
айларында балалар лагері жұмыс жасайды.Бұл аймаққа денсаулығын түзету
мен демалу мақсатымен жыл сайын Қазақстанның түкпір-түкпірінен,
сондай-ақ, алыс және жақын шетелден демалушылар келеді. Бурабайдың
балшығы мен минералды суы емдік қасиетке бай."

Шапан қазақ халқының сыртқы киіміне жатады.Қазақтар шапанды аса бағалайды.Адамға шапан кигізу,иығына шапан жабу-үлкен құрмет.Бұрындары хандар

батыр,билерге дәреже бергенде соның белгісі ретінде арнайы тіктірткен шапанды олардың иығына жапқан,түрлі мемлекеттік қатынастарды бекіту белгісі ретінде де шапан жіберетін болған.Ханның өзі киген шапанын сыйға алу-қазақ халқында үлкен мәртебе.Қазақта ат мінгізіп,шапан жабу дәстүрі қазір де бар. Переведите

1. Махамбет Өтемісұлының туған жылын белгілеңіз.

A) 1846 ж.
B) 1835 ж.
C) 1904 ж.
D) 1865 ж.
E) 1804 ж.
2. «Қырық мысал», «Маса» жинақтарының авторын белгілеңіз.
A) А.Байтұрсынұлы.
B) Ш.Құдайбердіұлы.
C) М.Жұмабаев.
D) Ж.Аймауытов.
E) М.Дулатов.
3. «Өткен күндер» жинағының авторын анықтаңыз.
A) С.Сейфуллин.
B) Ж.Жабаев.
C) Ғ.Мүсірепов.
D) Б.Майлин.
E) І.Жансүгіров.
4. «Құлагер» поэмасының кейіпкерін көрсетіңіз.
A) Ақан сері.
B) Күйші.
C) Мардан.
D) Қарашаш.
E) Мәмбет.
5. М. Мақатаевтың қызмет еткен қаласын табыңыз.
A) Атырау қаласы.
B) Алматы қаласы.
C) Ақтау қаласы.
D) Павлодар қаласы.
E) Орал қаласы.
6. Аңыз кейіпкеріне айналған жырауды табыңыз.
A) Доспамбет.
B) Жиренше.
C) Жиембет.
D) Қазтуған.
E) Асан қайғы.
7. Асанның:
’’Ердің құны болса да,
Алдыңа келіп қалған соң,
Қол қусырып барған соң,
Аса кеш те, қоя бер,’’- деген өлеңінде не туралы айтылғанын анықтаңыз.
A) Дәстүр, салт мәселесі.
B) Жер мәселесі.
C) Кешірімділік.
D) Достық.
E) Қамқорлық.
8. 19-ғасырда Орыс жағрафиялық қоғамының толық мүшесі болған қазақты анықтаңыз.
A) Ы. Алтынсарин.
B) А. Байтұрсынов.
C) М. Тынышбаев.
D) Ш. Уәлиханов.
E) Х. Досмұхамедов.
9. Ы. Алтынсарин ұйымдастырған тұңғыш мектеп қай жылы, қай қалада ашылғанын белгілеңіз.
A) 1865 ж. Қостанайда.
B) 1864 ж. Торғайда.
C) 1865 ж. Орынборда.
D) 1863 ж. Ырғызда.
E) 1866 ж. Омбыда.
10. Абайдың бес асыл іс пен бес дұшпанды саралаған өлеңін табыңыз.
A) «Интернатта оқып жүр».
B) «Қалың елім, қазағым...»
C) «Әсемпаз болма әрнеге».
D) «Жасымда ғылым бар деп...»
E) «Ғылым таппай мақтанба».
11. Шәкәрім шығармасын табыңыз.
A) "Ақбілек".
B) "Батыр Баян".
C) "Қалқаман-Мамыр".
D) "Оянған өлке".
E) "Абай жолы".
12. «Шоқпыттың шаруасы» өлеңінің авторын табыңыз.
A) Б.Майлин.
B) С.Сейфуллин.
C) І.Жансүгіров.
D) Ж.Жабаев.
E) С.Мұқанов.
13. Ғ. Мүсіреповтің «Ер ана» әңгімесіндегі кейіпкерді табыңыз.
A) Нағима.
B) Ақлима.
C) Мәрзия.
D) Қапия.
E) Наталья.
14. Қарақалпақ жерінде туған қазақ ақынын табыңыз.
A) Т.Айбергенов.
B) Т.Молдағалиев.
C) Қ.Мырзалиев.
D) М.Шаханов.
E) А.Бақтыгереева.
15. Тасқа жазылған көне дастандарды табыңыз.
A) ’’Диуани лұғат ат-түрік’’.
B) ’’Құдатғу біліг’’.
C) ”Күлтегін”, ’’Тоныкөк’’.
D) ’’Мұхаббат-наме’’.
E) Қорқыт ата.
16. Желаяқ, Таусоғар, Саққұлақ атты кейіпкерлер қандай ертегіде кездесетінін анықтаңыз.
A) "Ұшқыш кілем".
B) "Адам жеңбес Айыртөс батыр".
C) "Ер Төстік".
D) "Керқұла атты Кендебай".
E) "Аяз би".
17. Айтысқа түсетін ақынның бірден бастырмалатып, қарсыласының апшысын қуыра, сескендіре сөйлейтінінің себебін көрсетіңіз.
A) Елдің көңілін аудару амалы.
B) Айтыстың бір шарты.
C) Шабыт шақыру мақсаты.
D) Қарсыласын жеңіп кетудің амалы.
E) Асқақ ақын екенін дәріптеу жолы.

помогите первести текст на русский язык

Сексен сом
Ертеңгі шайын ішіп, қора-қопсысын оңдайын
деп Қараша іші болсада қар жаумаған, жер қара. Күзгі ауаға қыстың ызғары қосылып,
аспандағы сұр бұлтты ызғырықтау болып тұрған. Үйден шыққан тесік болып тұрған
лапастан соққан жел Егеубайдың шайдың шығарған терін жойып жіберді. Кабағын дапастың
алдында тұрып, ақтымақтың үзік бауы тысқа шығып бір-екі аттап жүре берем
дегенде қорасының құлап жатқан бұрышы көзіне шалынды: «оңдап тастамасам болмас»
деп темір күрегін алып үйе бастады. Албарда тұрған көк шолақ ат тықыры мен
Егеубайды танып жем ізденіп оқыранып: «керек екен, сен түгіл балаларға да нан
жоқ!» - деді үһірлеп.Өзі шомына айналып,тастаған көңін үске салып жатқанда, біреу келіп:
-Ассалаумалейкүм! - деді. Өзі шыққан дауыстан шошып кеткендей, басын
көтеріп:
-Е, Тынымбаймысың, үйде ме едің? Бір-екі басын көрінбей жүрсің?- деді
Тынымбай. Шомын басынан түсіп, күрегін таяна тұрып сұрай келдім дейсің бе? Не
жаңалық бар? «Алашорда ашылды» дейді. Бес-алты дегеннің ішінде бір сұсты жігіт бар,
сірә, бастығы болса жүріп кетті. Болысқа: «тез ақша жиып, сол ақшаны
ауылнайларға бөліп... Біздің ел басқа ауылға ауыстырдық. Сонымен қалған бөлгенде
сексен сомнан келді. «Сексен сом» дегенде Егеубайдың таянып тұрған күрегі жер безгек
болған кісідей қалтыранып, аузы «сексен сом!» деп айта берді.Егеубайдың неден
сасқаны оған жұмбақ, солып қалды ма деп, ол шегіне берді. «Бай салық» деді
Егеубай есін жиғандай боп.
- «Бай салықты» ескеріп
едік-ау, ауылнай ырық бермеді: «Бізде өлмелі кедей жоқ, бәрі де төлей алады» -
деп, лажсыздықтан көндік.
- Апырым-ау,
сексен сом дейді?! - деп Егеубай ілгері-кейінді жүрді.
Тынымбай кетіп отырды. Егеубай,
албар ішінде бірсыпыра жүріп, үйіне кірді. Қатыны Егеубайдың тозған
киімін жамап отыр еді. Егеубайды көзі шалуы-ақ мұң екен:
- Осы
үйде бүгін бір түйір шай жоқ. Қызыл келіннен қарызға шай алып ем, о да сұрайтын шығар. Шай қарастырып бақсайшы, - дейді.
- Қой
қатын, шайдың жөні болар,
мына сексен сомды айт! - деді.
- Қайдағы
«сексен сом?»
- Қайдағы
дерің бар ма, «Алашорда» ашылыпты, соның расқоты, салығы.
- Ордасы
не? - деп қатыны таңданып
еді.
- Білмесең
сұрама. Сен түгіл өзім де анық білмеймін, әйтеуір «алашорда»,
«ақша» дегеніне ғана түсіндім...
- Сорымыз
қайнаған екен ғой, - деп қатыны ауыр күрсінді.
Егеубай отырып терең ойға батты, дүние
кемшілігі, шаруасының ретсіздігі көз алдына елестеп, бір түрлі тынышсыздыққа
айналдырғандай болды.Бұдан бір ай бұрын «алаш» жігіттерін милиция қызметіне аттандырғанда,
өз аулынан шыққан Көркемтайдың баласына берілетін бес мың сом мен Еркебайдың
жорғасына төленген үш мың сомды бөлгенде де, үй басына 80 сомнан келіп еді. Егеубай
ол жиылыстың ішінде өзі де болып, 80 сомды төлемеймін десе де, жігіт жинай
келген делегатқа бір қулар «мынау большевик қарсылық қып тұр»
деп шағым беріп, Егеубай ұсталып қала
жаздап, 80 сомды біреуден қажет әперіп
зорға құтылып еді. Сол борышына қатынының былтырғы төркіндеп әкелетін жалғыз қызыл сиырдың тайыншасын беріп,
зорға құтылып еді. Мына сексен сомға орын жоқ. Алым ақшасын сұрап ауылнай бір
жағынан дігірлейді. Аршынын 12 сомнан алып ақшасын күз беремін деп, қатынына көйлек кигізген борышы тағы бар. Ералы
саудагерден 100 сомға бір тақта шай алып еді, соны да төлеген жоқ. Бірер қара болса да соғым
соймай тағы отыра алмайды. Күзгі алған
15 пұт егіннін сегіз-ақ пұты қалған. Шиеттей жас балаларды
нансыз тағы болмайды. Үй -іші тұттай жалаңаш. Осы керектің бірде-бірін орындай алмай отырган Егеубайдың мойнына сексен сом, неғып саспасын?!-деп ауыр күрсінді. «Делегаттар келіпті» деген хабар іңір әлегіне түсті.
Мұны есіткенде Егеубайдың көз алдына елестей кетті. Бойы мұздап
қалтыранды. Сексен сомдар
жаналатын әзірейіл секілді көрінді.Тұла бойы, жүрегі дүрсілдеп, тамағына бір нәрсе тұрған секілді күйге
ұшырады. Қатыны шайын демдеп берсе
де , Егеубай
бұрынғыдай жадырап іше алмайды.
Сүт салмадан бір аяқ ішіп алып, «80 сом» мен ауылға келген делегат ақша табатын орын жоқ. Бермей тағы болмайды.Кесе
қолынан домалады. Асып-сасып, жамаулы күпіні киіп жүре бергенде, қатыны
дауыстады: Сорлы-ау, тымағыңды кисейші, құлағым ауырып жүр деп ең ғой, жел ұстар!..
Ауылнайдың үйі.
Төр алдында солдат киімді үш жігіт. Қара бұжыр жігіт іріленген түрмен жанындағы екі жолдасына бастық
тәрізденіп отыр.
- Ішіңдер, қонақтар, май жеңдер,
қарындарың ашар, - деп қояды ауылнай.
Егеубай апалақтап кіріп,
сасқанынан сәлем берді. Босаға жаққа отыра қалып:
- Аманбысың,
ауылнай? - деп еді, ауылнай ернін жыбырлатты да қойды.
Біраздан кейін жігіттерге:
- Мынау
отырған Егеубай деген қартымыз, бұл
кісіден сексен сом тиіс, - деді.
«Сексен сом» десе Егеубайдың
жаны, бар тұла бойы дір ете түседі.
- Қане, отағасы, ақша шығарыңыз, - деді қара бұжыр.
- Ойбай,
шырағым, ақша жоқ!
- Ақша
жоқ деген не сұмдық? Біз
ондайды естімейміз!
- Не
көрмеген көк тұқыл дейсің, жалтаруын қарашы, - деп жолдасы күңкілдеді.
- Отағасы,
ақша тап.
-



Вы находитесь на странице вопроса "Экологиялык, зардап аймағына айналған тағы", категории "қазақ тiлi". Данный вопрос относится к разделу "5-9" классов. Здесь вы сможете получить ответ, а также обсудить вопрос с посетителями сайта. Автоматический умный поиск поможет найти похожие вопросы в категории "қазақ тiлi". Если ваш вопрос отличается или ответы не подходят, вы можете задать новый вопрос, воспользовавшись кнопкой в верхней части сайта.