Статистика
Всего в нашей базе более 4 327 660 вопросов и 6 445 972 ответов!

сочинение на тему тәуелсіздік мерекесі

1-4 класс

Елка888 27 июля 2015 г., 12:07:35 (8 лет назад)
Рейтинг
+ 0 -
0 Жалоба
+ 0 -
Qhhfbf
27 июля 2015 г., 13:34:39 (8 лет назад)

…Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен сияқты уақиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып та үлгірді. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапты толғаққа толы, сонымен бірге ғаламат сәті еді. Сол сәт әлі аяқталған жоқ, бірақ ең қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей беретініне сенемін.» ( Н.Назарбаев)

 

Отан… Атамекен… Атажұрт… Тарих… Бұл қай құлаққа да асқақ естілер асыл ұғымдар. Адам өмірге келіп, ес жиып, етек жия бастаған сәттен өз Отанының тарихына ден қоя бастайды…

Адам адам болып жаралғаннан бері ұлан-асыр даму көшінің өн бойында жер үшін, ел үшін сан қилы дүрбелеңдер көп болған. Әдетте, осындай дүрбелеңдерден, яғни үлкен аумақтарды қамтыған қанқұйлы соғыстардан соң ғана, әлем картасы аталатын ала қағаз бетіне түзетулер түсетін. Ал жиырмасыншы ғасырдың соңында әлем келбеті ешқандай дүрбелеңдерсіз-ақ өзгеріп шыға келді. Оған жер жаһанның алтыдан бір бөлігіне иелік етіп, қаһарымен алыс-жақын жұрттардың бәрін ықтырып келген алып империяның ың-шыңсыз ыдырай бастауы себеп болды. Ыдыраған империяның орнына он бес тәуелсіз мемлекет өсіп шықты. Солардың бірі Орталық Еуразия алабындағы ғажайып әрі қайталанбас тарихы бар – Қазақстан Республикасы еді.

Қазақстан – қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Бұл жерде ата-бабамыз туды, тұрды, өмір сүрді, оның топырағында ата-бабамыздың кіндігі кесілген кең жазира жері. Бұл жерді мекен еткен көшпелілер мен отырықшылардың бір-бірімен шендескен әлемі ғасырлар қойнауында талай-талай ұлыстар мен ұлағаттарды дүниеге әкеліп, мәдениеті мен діні жаңғыра түлеп, әйгілі күре жолдардың үстінде саудасы қызып, Шығыс пен Батыс арасы тұтастанып жататын болған. Біздің еліміздің жерінен Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуразияны көктей өтіп жатқан «Ұлы Жібек жолының» керуендері тоғысқан кіндік Азияны басып өтетін Қазақстандық телімі болған.

Қазақстанның табиғаты таңғажайып: мұнда аспанмен тілдескен мұзарт шыңдарды, тұңғиығы тұнжыраған жұмбақ көлдерді, ақ жал толқындары асау арғымақтардай көкке шапшыған шалқар теңізді, күні от шашқан шөлейтті, арналы өзен, ну орманды көруге болады. Қазақстан картасы – қазына картасы қазір. Даласы дархан, топырағы қасиетті, қойнауы қазыналы. Қазынаның барлығы да қазақ жерінің топырағында тұнып жатқанын екінің бірі айтпай- ақ біледі.


Ответить

Читайте также

сочинение на тему: Деньги нашей страны по плану: 1. Кірісепе болым. Ақшаны қашан қайда қаздамыз? Менің еліммің ақшасы? 2.13 қараша ұлттық теңге күні.

3.Ұлттық теңгенім сипаны. Қорыттынды болым. 4. Ұлтық теңге - мемлекетті ліздің тәуелсіз дәліңіз белгісі.

сочинение на казахском

на тему улкенге курмет, кишиге изет

Всем знатакам казахского! Помогите написать сочинение на тему: Астана кyнi (День Астаны)!

Любую информацию ,только на казахском!
Помогите!

срооооочноооо! 1 СОЧИНЕНИЕ НА ТЕМУ ТУГАН ЖЕР И 1 СОЧИНЕНИЕ НА ТЕМУ МЕНЫМ ОТАНЫМ.

В КАЖДОМ СОЧИНЕНИИ 4-5 ПРЕДЛОЖЕНИЯ

СОЧИНЕНИЕ НА ТЕМУ ХАЙУАНАТТАР


Вы находитесь на странице вопроса "сочинение на тему тәуелсіздік мерекесі", категории "қазақ тiлi". Данный вопрос относится к разделу "1-4" классов. Здесь вы сможете получить ответ, а также обсудить вопрос с посетителями сайта. Автоматический умный поиск поможет найти похожие вопросы в категории "қазақ тiлi". Если ваш вопрос отличается или ответы не подходят, вы можете задать новый вопрос, воспользовавшись кнопкой в верхней части сайта.