Статистика
Всего в нашей базе более 4 327 660 вопросов и 6 445 975 ответов!

бес нәрсеге асық бол бес нәрседен қашық бол помогите найти смысл этого. 14 предложений плиз

5-9 класс

Valerko2001 12 дек. 2014 г., 0:42:13 (9 лет назад)
Рейтинг
+ 0 -
0 Жалоба
+ 0 -
КрисТинА65
12 дек. 2014 г., 2:02:48 (9 лет назад)

«Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол, Адам болам десеңіз...» - деп, айқындап берді. Осындағы «Адам болу, оған тезірек жетуге, асығуға ұмтылатын бес нәрсе не?» деген сұраққа Абай: «Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым ойлап қой - Бес асыл іс, көнсеңіз...» - деп, кесімді, тұжырымды жауап береді. Шын мәнінде нағыз адам болу үшін жағымды жақсы қасиеттер, жақсы сипаттар - адамдық, әділеттілік, достык,махаббат,ар-намыс, сабырлылық, батырлық т. б. толып жатыр. Осылардың ішінен ақын жастардың бойындағы адамгершіліктің негізгі қасиеттері,«Бес асыл іс»: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым туралы даналық ой қозғауының өзіндік мәні бар. Талап. Абай Қырық төртінші сөзін «Адам баласының ең жаманы - талапсыз» деп бастайды да, талаптың да түрлері кеп болатынын баяндайды. Талаптың ішіндегі ең зоры - бір өнерді таңдап, содан нәтиже шығармай тынбаушылық.  Ақын жастарға өнер үйренетін кітаптарды оқуға, бірақ мұратты кітап бетінен емес, өмірден іздеуге кеңес береді. Абайдың түсіндіруінше талапсыздықтың түрлері - ынтасыздық, ықылассыздық, жігерсіздік. «Керек іс бозбалаға - талаптылық, Әр түрлі өнер, мінез, жақсы қылық. Кейбір жігіт жүреді мақтан көйлеп, Сыртқа пысық келе» - дей келе, талапсыз адам ғылымға, болашаққа, өз өміріне жол сала алмайтынын ескертеді. Еңбек. Бүл дүниедегі құдіретті күш діни ұғымда құдай болса, ғылыми ұғымдағы бірден-бір жасампаз ұлы күш - Еңбек. Абайдың тұжырымынша әуелі құдайға сиынып, сонан соң өз қайратына сүйеніп еңбек еткен адам нағыз азамат болып саналады. «Адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, алланың сүйген құлының бірі боласың», - дейді ақын. Абайдың пікірінше ерінбей еңбек еткен, ізденген, әр нәрсенің жөнін біліп, әрекет еткен кісінің жетпейтін арманы болмайды.  «Еңбек қылсаң ерінбей - Тояды қарның тіленбей...» -деген жыр жолдарындағы ақынның байламы бойынша еңбектің негізгі атқаратын қызметі, басты мақсаты - жан сақтау, мал табу, үй-ішін асырау.  Терең ой. Адамды адам еткен еңбек болса, сол еңбек дағдысы барысында қалыптасқан адамды барлық жан-жануардан ерекше айырып тұрған екі қасиетті Абай жоғары бағалады. Оның біріншісі - ақыл-ой, екіншісі - сөз. Ойлау - күрделі психикалык процесс, оның мазмұны өте бай, ал ешқандай сөз ойдың барлық байлығын қамтып бере алмайды. Сөз тіл арқылы жүзеге асатын болса, ойлаудың негізгі құралы - ұғым мен пікір болып табылады. Абай «Жапырағы қуарған ескі үмітпен» өлеңінде адам үнемі үздіксіз ойлауы керек, өйткені тек тұрақты ақыл-ой әрекеті ғана кісіні алға бастайды, бірақ ой күнделікті өмірмен байланысты ақиқатты түрде болуы керек деп үйретеді. Ақын мияда қорытылып айтылған өзіндік тиянақты ұғым мен келелі пікірге толы ойлы сөзді құрмет тұтып: «Басында ми жоқ, Өзінде ой жоқ» - деп, ой-пікірсіз сылдыр сөзді адамдарды сынға алады.  Қанағат. Абай адамгершілік, иман туралы толғаныстарында «қанағат» ұғымына ерекше мән береді. Ақынның түсіндіруінше қанағат - барға риза болу, місе түту, нысаптан шықпау, нәпсіге ермеу: «Қулық, сұмдық, ұрлыкпен мал жиылмас, Сұм нәпсің үйір болса, тез тиылмас, Зиян шекпей калмайсың ондай істен, Мал кетер, мазаң кетер, ар бұйырмас». Ал, қанағатсыздық - езі тойса да, көзі тоймайтын тойымсыздық, нысапсыздық. Қанағат қарын тойғызса, жалғыз атын сойғызуға жеткізетін қанағатсыздықты ақын: «Адам баласы қанағатсыздықпен... хайуандардың тұқымын құртты...» деп, мінейді. «Есті кісіні тауып құрметтейін десең, әділет, ұят, нысапқа есті кісі елде жоқ. Қулық, сұмдық, арамдық, амалға өлдің бөрі де есті», - деп, налиды. Рақым.  Абайдың пікірінше терең ойдың негізі ми мен ақыл болса, рақымдылықтың негізі жүрек пен сезім. Үлкеннен ұят сақтап, кішіге рақым қылдыратұғын мен..әділет, нысап, ұят, рақым, мейірбаншылық..менен шығады» -деп, жүректің қызметіне талдау жасайды. Абайдың тұжырымынша рақымдылық - барлық адам баласын өз бауырындай керу, езіне ойлаған жақсылықты өзгеге де жасау.Мейірімсіз, ешкімге жаны ашымайтын қатыгез адамдарды ақын жақсылықтың жауызы, жамандықтың дем берушісі деп бағалайды. 

+ 0 -
F0kYsss
12 дек. 2014 г., 4:53:53 (9 лет назад)

только срочно

Ответить

Другие вопросы из категории

мектеп туралы макал мателдер?
Перевидите текст:

Қаптап жатқан қазақ. Жазы-қысы — қымыз, ойын-сауық —«кататься». Айт, той, құдалық, ат жарыс, күрес. Маскүнем, Төбелес. Үй қыдырған көлең-көлең ақ жаулық... Жаз шықса пароход, паром, желқайық,жасыл арал, қалың орман... Көкке шыққан, гуләйтсоққан, масайраған шат көңіл... Сырнай-керней...Қызық думан... Қайткенмен сергек қала.

Стипендиядан жырмалаған азды-көпті тиынның қызығын көргелі адам сияқтанып отыз тиынға бержабай жалдап, жексенбі күні ар жаққа тарттық.
— Балалар, қайда апарайын?
— Қай жақынына апар!
— Жақыны Аққатын... Шәкет те алыс емес...
Бержабайшы қос терезелі тоқал үйдің алдына ойысып тұра қалады.
Көптен күткен жеңешедей, ауыз үйдегі алтын сырғалы, ақ құба, бидай өңді кербез жеңгей: «Балалар, жоғары шығыңдар!» — деп майысып, төргі үйге қарай сілтейді.

синонимы какие слова

Читайте также

КАК бЫСТРО ВЫУЧИТЬ СТИХ Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның, білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой –
Бес асыл іс, көнсеңіз.
Жамандық көрсең нәфрәтлі,
Суытып көңіл тыйсаңыз.
Жақсылық көрсең ғибрәтлі,
Оны ойға жисаңыз.
Ғалым болмай немене,
Балалықты қисаңыз?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз,
Сізге ғылым кім берер,
Жанбай жатып сөнсеңіз?
Дүние де өзі, мал да өзі,
Ғылымға көңіл берсеңіз.
Білгендердің сөзіне
Махаббатпен ерсеңіз.
Ақыл сенбей сенбеңіз,
Бір іске кез келсеңіз.
Ақсақал айтты, бай айтты,
Кім болса, мейлі, сол айтты –
Ақылменен жеңсеңіз.
Надандарға бой берме,
Шын сөзбенен өлсеңіз.
Аят, хадис емес қой,
Күпір болдың демес қой,
Қанша қарсы келсеңіз.
Көп орында көріне айтпа,
Біздің сөзге ерсеңіз.
Мұны жазған кісінің
Атын білме, сөзін біл!
Осы жалған дүниеден
Шешен де өткен не бұлбұл,
Көсем де өткен не дүлдүл.
Сөз мәнісін білсеңіз,
Ақыл – мизан, өлшеу қыл.
Егер қисық көрінсе,
Мейлің таста, мейлің күл.
Егер түзу көрінсе,
Ойлап-ойлап, құлаққа іл.
Ақымақ көп, ақылды аз,
Деме көптің сөзі пұл.
Жақынның сөзі тәтті деп,
Жақыным айтты дей көрме.
Надандықпен кім айтса,
Ондай түпсіз сөзге.ерме.
Сізге айтамын, хаупім - бұл.
Өзің үшін үйренсең,
Жамандықтан жиренсең,
Ашыларсың жылма-жыл.
Біреу үшін үйренсең,
Біреу білмес, сен білсең,
Білгеніңнің бәрі - тұл.
Сөзіне қарай кісіні ал,
Кісіге қарап сөз алма.
Шын сөз қайсы біле алмай,
Әр нәрседен құр қалма.
Мұны жазған білген құл –
Ғұламаһи Дауани,
Солай депті ол шыншыл.
Сөзін оқы және ойла,
Тез үйреніп, тез жойма,
Жас уақытта көңіл - гүл.

СРОЧНО помогите с переводом,прошу!30 баллов!

– Бiр кiшкентай қыз әкесiнiң шапанын жамап отыр
екен, шешесi қасына отырып, ақыл айтты:

– Балам, дүниедегi жаратылған жанды-жансыздардың
ешқайсысының да керексiз болып, жерде қалатыны болмайды, – деп. Сол сөздi айтып
отырғанда, қыз бала киiмiн жамап болып, жердегi мақтаның қиқымын терезеден лақтырып,
далаға тастады:

– Әже, осы қиқымның еш нәрсеге керегi бола қалмас,
– деп.

Шешесi:

– Балам, сол да жерде қалмайды, – дедi. Осылайша
сөйлесiп, терезеден қарап отырса, манағы мақтаны жел көтерiп ұшырды, мұны бiр торғай
көрiп қуып барып, мақтаны тұмсығына тiстеп қана алып, ұшып кеттi. Қыз әжесiнен:

– Манағы мақтаның қиқымын бiр торғай алып кеттi,
оны неғылады? – деп сұрады. Әжесi айтты:

– Көрдiң бе, балам, күн айналмай манағы айтқан
сөздiң келгенiн. Ол кiшкентай мақтаны торғай ұясына төсеп, жас балапандарына мамық
етедi, – дедi.

1. «А,о,ұ,ы» қандай дыбыстар екенін көрсетіңіз.

A) Езулік.
B) Қысаң.
C) Еріндік.
D) Жуан.
E) Ашық.
2. Мақалды толықтырыңыз. « ... – адамның арқауы».
A) Ас. B) Нан. C) Сүт. D) Су. E) Ет.
3. Дұрыс жазылған сөзді көрсетіңіз.
A) Жабаевтің.
B) Жабаевта.
C) Жабаевте.
D) Жабаевті.
E) Жабаевіңіз.
4. Бір отбасындағы 2 ұл бір-біріне кім болатынын табыңыз.
A) Қарындас.
B) Нағашы.
C) Апалы-сіңлілі.
D) Ата-әже.
E) Ағалы-інілі.
5. Әркім, әрқашан, әрне есімдіктің қай түрі екенін белгілеңіз.
A) Болымсыздық.
B) Сұрау.
C) Белгісіздік.
D) Өздік.
E) Жіктеу.
6. Тура мағыналы сөзді табыңыз.
A) Жібек мінезді.
B) Қара суық.
C) Қоңыр күз.
D) Суық хабар.
E) Биік тау.
7. Сөздерге жалғанатын тиісті жұрнақтарды белгілеңіз. Асық..., қи..., жағалас..., ұмыт... .
A) –па,-ма,-па,-па.
B) –ба,-бе,-ма,-па.
C) –бе,-па,-ме,-ма.
D) –ма,-па,-пе,-ме.
E) –па,-ма,-па,-ме.
8. Тәуелді септелуді табыңыз.
A) Жүрегіме.
B) Айнаға.
C) Дүкенде.
D) Кітаптан.
E) Баламен.
9. Бастауыш пен баяндауыштан ғана тұратын сөйлем түрін табыңыз.
A) Жайылма.
B) Толымды.
C) Атаулы.
D) Жалаң.
E) Жақсыз.
10. Жақсыз сөйлемді көрсетіңіз.
A) Ертең маған кел.
B) Жеке меншікке көшті.
C) Жақсы орынға тұрғым келеді.
D) Сен фирманың бастығысың.
E) Біз серуенге шықтық.
11. Салалас құрмалас сөйлемді белгілеңіз.
A) Күн бұлтты болды, бірақ жаңбыр жаумады.
B) Төле би 17 ғасырда өмір сүрген.
C) Үй іші жым-жырт.
D) Мен мұғаліммен бірге құрбыма бардым.
E) Раушанның қалаға келгеніне үшінші күн болғанда, жиналыс ашылды.
12. «Медеу» мұз айдыны орналасқан қаланың атауын белгілеңіз.
A) Қостанай. B) Көкшетау. C) Алматы. D) Қызылорда. E) Астана.
13. Түбір сөзді табыңыз.
A) Жұмыссыз.
B) Отты.
C) Ұрды.
D) Дауысқа.
E) Бала.
14. Тиісті сан есімді қойыңыз.
Мың жолдас жақсы,
Мың жолдастан ... жолдас жақсы.
A) Бес. B) Бірінші. C) Мыңдай. D) Бір. E) Үштен екі.
15. Бастауышы тәуелдік жалғауында тұрған сөйлемді табыңыз.
A) Келе жатқан үшеу екен.
B) Інім маған көмектесті.
C) Нұрлан мектепте оқиды.
D) Біз Қазақстанда тұрамыз.
E) Ертең жаңбыр жауады.
16. Сөйлемде қимыл-әрекеттің жай-күйін, мезгілін, мекенін білдіретін тұрлаусыз мүшені көрсетіңіз.
A) Пысықтауыш.
B) Толықтауыш.
C) Баяндауыш.
D) Анықтауыш.
E) Бастауыш.
17. «Ұқыпты» сөзіне мағыналас сөзді табыңыз.
A). Жақсы. B) Салақ. C) Лас. D) Қысқа. E) Тиянақты.
18. Мемлекеттік тудағы қыран құс ненің белгісі екенін атаңыз.
A) Тыныштықтың.
B) Бостандықтың.
C) Бейбітшіліктің.
D) Тазалықтың.
E) Адалдықтың.
19. Сұраулық шылауды көрсетіңіз.
A) Сыпайы болу керек, өйткені ол – мәдениеттілік белгісі.
B) Ол ертең сен арқылы хабарласады.
C) Біз бүгін оқимыз, сендер ше?
D) Олар циркке қашан барады?
E) Қыс басталды, бірақ аяз жоқ
20. Қыс айларын табыңыз.
A) Маусым, шілде.
B) Қазан, тамыз.
C) Қаңтар, ақпан.
D) Мамыр, қыркүйек.
E) Наурыз, сәуір.
21. Тиісті сөзбен толықтырыңыз. Екіге екі қосса … болады.
A) Екі. B) Төрт. C) Үш. D) Бір. E) Бес.
22. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз.
« ... болам десең, бесігіңді түзе».
A) Ел. B) Ұстаз. C) Бала. D) Ата-ана. E) Адам.
23. Негізгі сын есімді көрсетіңіз.
A) Жазғы.
B) Сусыз
C) Бойшаң.
D) Терең.
E) Көйлек.
24. Ойлауға үйрететін қазақ халқының ұлттық ойынын табыңыз.
A) Қыз қуу.
B) Ақсүйек.
C) Тоғызқұмалақ.
D) Ханталапай.
E) Бәйге.
25. Жылдың қай мезгілі: Құстар жылы жаққа ұшады.
A) Жаз. B) Күз. C) Қыс. D) Қаңтар. E) Ақпан.

1Перевести с казахского на русский.Ой мен істі бір-бірінен бөліп қарама.Оқығаның жақсы-ақ,бірақ ең бастысы-істеу керек.2Қарапайым бол.3Арақ ішпе,темекі

тартпа.3Түкке тұрмайтын нәрсеге бола ашуланба.4Егер сен дұрыс жасамасаң,кемшілігінді тез түзетуге тырыс.Жақсылыққа апарар жолға баста.5Сәтсіздіктерінді емес,қуанышты күндеріңді жиі еске түсір.6Өзге адамдардың ой-пікірі мен талап-тілегіне түсіністікпен қара

Переведите Бриллиантовая середнячок Отметить как нарушениеЛучшее решение Спасибо (1) Күз басталды. Күн беруге ұмтыла соңғы жойылмаған жылу жазғышаға жақын

әлi жылытады. Көгiлдiр және таза таңдайда әлi бұлттар дерлiк жоқ. Тек қана жел болды және қатты. Арасында жарық көрiнетiн алғашқы жаршылар ендi көгалдандыр сап ете түс: сары және қызыл жапырақтар. Олар тез қандыағаштармен түседi және барлық жолнымен соқпақты өзiмендермен жабады.Бастап қойылдарды құстар топта жиналсын, жылы өлкелерде ұзақ ұшып баруларға сайланады. Олардың көңiлдi у-шуi, жаңа жазғытұрымға дейiн жақында тыныштанған шықыл әлi барлық жерден естидi. Созылған және қарқынды жауындардың маусымы әлi басталуға жеткiлiксiз болады, дегенмен аспан ендi iлуде бiреу тұнжырайды. Жерде кейде жауын шайқалып төгiледi, бiрақ қақ соңғы мейiрiмдi күннiң шұғылаларының астында осында құрғайды.Таңертеңдер бойынша болып қалыптасады. Уақыт аспан бұл таң қаларлық мөлдiр, таза және биiк. Болып көрiнедi күнге дәнеңе бiзге iлтипатқа алуға қақпаламады өз жылу болу үшiн алыс бұрыштар бойынша олар шашып тастау еселенген жел барлық бұлт тегiстедi сияқты. Қызыл жапырақтармен қатар жидек те албырайды. Барлық бұталар басқа әдейi әшекейлеу сияқты сап ете түс. Әртүрлi өлшемдердiң жидектерi құстар және Қыстарға қор жинайтын кiшкентай аңдар назар аудара ақырын елбегедi. Айрықша күзгi хош иiс ауада тұрады: жаңадан шабылған шөп иiстендi жердi жазға және пiскен алма қыздырылған.Табиғат жарық күзгi бояуларда түссiз Қыстың кiрiсiнiң алдында бой тастауға ұмтыла жапырақтанады. Алтындай күз барлық өз әдемiлiгiн көрсетуге ұмтылатын қоштасу карнавалына шамасы бұл. Ыстық жазды тездiк және ашықтықтарды дәрежелiлiк және бүгiнгi маусымға көбiрек сәйкес келетiн асығыс еместiктiң орыны жол бере жүредi. Ұйықтауға ендi құюға ұсталмайтын беймаза құрт-құмырсқалар тiптi бұрын iс жүзiнде. Олардың қозғалысы, жайбасар және ұйқылы, табалдырықта ендi күз болған туралы ұмытуға бермейдi. Бiрақ, дейiн бiржолата тоңазытады және жарық бояулар солып қалады, жылы маусымнан соңғы сәлемге қуануға әлi тура келедi: әйел бiрден. Аралық бұл шекаралар көрiнетiн жаздыкүнi және күзде айрықшаша жарық. Ол өте жарық және жылы бояулар өзiне сiңiрген сияқты, қосты жылу және шабандықпен және жаймен жазды жарықтық сап ете түс. Уақыт бұл ләззат алуға болады соңғы жылу және ендi сәулелерiнiң астында суытқан, бiрақ әлi де жылы күн, келешек ыстық жаз туралы армандау.



Вы находитесь на странице вопроса "бес нәрсеге асық бол бес нәрседен қашық бол помогите найти смысл этого. 14 предложений плиз", категории "қазақ тiлi". Данный вопрос относится к разделу "5-9" классов. Здесь вы сможете получить ответ, а также обсудить вопрос с посетителями сайта. Автоматический умный поиск поможет найти похожие вопросы в категории "қазақ тiлi". Если ваш вопрос отличается или ответы не подходят, вы можете задать новый вопрос, воспользовавшись кнопкой в верхней части сайта.