Статистика
Всего в нашей базе более 4 327 663 вопросов и 6 445 976 ответов!

Қастеев, Әбілхан (1904-1973) – қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі, Қазақ ССР-ы халқының

5-9 класс

суретшісі.
Туып-өскен - жері Алматы облысына қарасты Жаркент қаласының жанындағы Шежін ауылы. Топырақ бұйырған жері Алматы қаласы.
1929 жылдан 1931 жылдары Қастеев Николай Гаврилович Хлудовтың көркем студиясында оқыды (Хлудовтың Қазақстанда тұрған кезінде). Содан кейін білім алуын 1934 - 1937 жылдары Мәскеу қаласында Крупская атындағы көркем студиясында жалғастырды.
Қазақстанның халық суретшісі (1944). Қазақстан Суретшілер одағы басқармасының төрағасы (1945-1956). Еңбек жолын Түрксіб темір жол құрылысында жұмысшы болып бастады. Москвадағы көркемсурет студияларында Н.Г.Хлудов пен И.Бродскийден сабақ алды (1929-1936). Халық өмірінің алуан көріністерін шынайы бейнелеген мыңнан астам көркем туындыларды дүниеге келтірген.
Әбілхан қол өнеріне, одан соң суретшілік өнерге жастайынан бейім болған. Анасы Айғанша кілем, алаша, бау-басқұр тоқуға, сырмақ сыруға, шым ши жасауға шебер адам болыпты. Әбілхан осы халық өнеріне бала кезінен көз қанықтырып, анасына ою өрнектер салуға көмектесіп, сурет өнеріне қолын үйретіп өседі. Оның 1930-1931 жылдары салған «Қарындастың портреті», «Автопортрет» атты туындылары түпнұсқаға ұқсастығымен және кейіпкер болмысын ашуға деген талпынысымен ерекшеленеді. Ол бірте-бірте ел өмірінің алуан салалы тіршілік тынысына ден қойып, тарихи әлеуметтік өзгерістерге суреткер зердесімен қарай бастайды. Оның «Мектепте» (1930), «Түрксіб» (1932), «Жамбыл портреті» (1937), «Ескі және жаңа тұрмыс» (1937-1941), «Амангелді сарбаздары» (1970), «Жас Абай» (1945) сияқты туындылары дарынды суретшінің өткен мен бүгінді шыншылдықпен бедерлеген көркем шежіре іспеттес.
Әбілхан туған жердің әсем табиғатын, оның дидарындағы адам қолының жасампаз өзгерістерін зор шабытпен бедерлей алған суреткер. Оның «Биік таулы мұз айдын» (1954) , «Гүл ашқан алма» (1958), «Менің Отаным» (1959), «Жайлаудағы автодүкен» (1963), «Қапшағай ГЭС –І» (1972) сияқты полотнолары эпикалық қарымымен, шыншылдығымен назар аударады. Әбілхан Қастеев суретші ретінде өзіндік дара қолтаңбасымен ғана ерекшеленіп қоймайды, сонымен бірге, ол туған жері мен өскен елін перзенттік махаббатпен жырлай алған біртуар суреткер.
найти 10 глаголов и сделать их в қалау рай

Котяшко 07 дек. 2016 г., 15:11:42 (7 лет назад)
Рейтинг
+ 0 -
0 Жалоба
+ 0 -
Tatyanakusheva
07 дек. 2016 г., 16:05:58 (7 лет назад)

1. Окыды- окыгысы
2.жалгастырды- жалгастыргысы
3.бастады- бастагысы
4.келтирген- келтиргисы
5.болган- болгысы
6.токуга- токыгысы
7.сыруга- сыргысы
8каныктырып- каныктыргысы
9. Комектесип- комектескисы
10. Оседы- оскисы

Потом ко все добавь слово келеди , например оскиси келеди- это и есть калау рай

Ответить

Другие вопросы из категории

Диалог негізінде сөйлемдерді аяқтаңдар

Домбыра-қазақ халқының....
Ол-қос ішекті...
Оның ерекшелігі...
Домбыраның дауысы...
Помогите пожалуйста срочно

Кырка-созинин магынасы

Читайте также

1)Қазақтың ұлттық тағамдарының маңызы қандай? Отбасыңда күнделікті ұлттық тағамның қай түрін дайындайсыңдар?

2)Қазақтың ұлттық сусындары туралы не білесіңдер
3)Қазақ халқының еттен ұннан жасалатын тағамдарын бөліп айтып беріндер

Помогите пожалуйста перевести текст,только не через переводчик.он не правильно переводит:

Түркістан – Қазақстанның көне қалаларының бірі. Бұл қала
еліміздің оңтүстік аймағында орналасқан. Түркістан қаласы қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты. Орта ғасырларда (ХҮІ – ХҮІІІғғ) ол Орта Азия мен Қыпшақ даласы халықтарының саяси орталығы болған. Беріде Қазақ хандығының ордасы болды. Қасиетті Түркістанды Екінші Мекке» деп атаған.
1903 жылы Түркістанға алғаш темір жол келген. Қасиетті Түркістан – тарихи және туристік қала. Түркістанға келгендер алдымен Қожа Ахмет Йасауи кесенесіне барады. Бұл кесене – сәулет өнерінің ең озық үлгісі. Кесене отыз бес бөлмеден және сегіз бөліктен тұрады. Кесененің жанында шығыс моншасы бар. Жер астында қырық төрт бөлмеден тұратын «қылует» деп аталатын ғибадатхана салынған. Түркістан қаласы Қожа Ахмет Йасауи атымен әлемге әйгілі болды.

Переведите пожалуйста.

дәулет би хақында ой - дерек
исақан рақымжан ұлы жәйіл текті
дәулет би тана ұлы шәмәмен 1778 -, 1871 - жылдары аралығында ғұмыр кешіп 93 жасында дүние салған, қазақтың айтулы атақты билерінің бірі. бұл киелі де сәуегеи, абыз би бабамыз қазақстан республикәсінің қазыргы талдықорған облысының жәркент ауданы өсек өзенінің бойында - атақты тана бидың отбасында дүниеге келген. дәулет би _ ұлыжұз суан тайпасынан шыққан әйгілі қараменде бидың шөбересі, сады батырдың немересі болып келеді. ол тана бидың екінші ұлы. шежіреде тана биден – төбет, дәулет, қалқаман деп үш ұл туады. дәулет әкесі тана бидың 20 жасында дүниеге келген деп межеленді. себебі, жазба деректерге сүйене отырып тана биды 1758 - жылы дүниеге келген деп тұрақтандырған едік. мұндағы дерек көзі тана бидың туылған жылын шамалау үшін оның туған нағашсы әмірсәнәнің (1722 _ 1757) ғұмыр сүрген уақтымен және тананың шешесі жаңғыл сана әмірсәнә қызының туылған жылдары мен қайтыс болған жылдарын деректеи отырып жыл аралығының есебі бойынша есептеп шығарылған. қазақстан жазушсы жанат ахмади «есенкелді би» атты тарихи романының 412 - бетінде суан елінің тарихи кешірмесі туралы: «арада тағы бірнеше жыл өтті, қырғыз манабы қара балта қазақ хандығына берген уәдесін ұстаған болып, бірер жыл өткенше мал барымталау, ауыл шабу сяқты әрекеттерін тоқтатып тұрғанымен, бәлдібек ана - мына сілтәуләрмен қазақ жерін босатып бермеи отырды. аяқтап келгенде оларға қазақ хандығының баяғы екпіні басылған тәрізденіп, әтеке батыр, бәлдібектер қайта бас көтере бастаған. ең сорақысы – соңғы жазда жәркент өңіріндегі қазақтармен екі арадағы барымта, мал алысу асқындап барып, аяғында әтеке мен бәлдібек тізе қосып, енді суан елін шапқан. өнімен қоймай суанның бір зәңгідеи отбасын зорлықпен шудан ары асырып әулие ата, таласқа, қара балтаның қарамағына көшіріп әкетті. бұл, тіпті, сұмдық хабар еді. суан мірзәкелді ішінде «еділбәй ата» деп аталатын атақты кісінің баласы ырысбай батыр сол шабыста қайтыс болып, олардың бір талай туысы әулие ата жаққа әкетіледі. бұған деиін де өзге әрекеттері жеткілікті болған қырғыз бен хюа, қоқан бектерінің шектен шыққан әрекеттері жәйлі қазақ хандығы өзінің орталығы түркстәндә шұғыл хан кеңесін өткізген» деиді. міне, бұл дәулет бидың қартайған шағында баласы малдыбайдың би болып жүрген кезіндегі суан елінің қырғыз, қоқан бектерінің шапқыншылғына ұшырап шу, талас жаққа мірзәкелді әуілдәрімен бірге қараменде ауылдарының да үркіп кеткен кезі деуге болады. өйткені бұлар суан елінің ішінде туыстығы жақын бәрі бір «бес мұрат» деп аталған мұрат ұрпақтары. демек ұрпақ ата реті бойынша ырысбай мен малдыбай тұрғылас, замандас туыс болады да, дәулет бидың әулие ата жаққа үркіп кеткен мезгілі қырғыз, қоқан бектерінің, қазақ хандықтарының ыдырай бастағанынан пайдаланып, қазақ ауылдарын шауып қоқаңдаған кезіне тура келеді.дәулет бидың жас шамасы туралы тағы да мынадай бір жазба деректерді салыстырып көруімізге болады. матан сымадыловтың «сегіз би» атты кітәбінің 42 - бетінде: «дәулет би болып тұрған жылдарының бірінде найманнан шыққан атақты қара би деген бидың ауылына сәлем беру үшін кетіп бара жатады. (қара би де дәулет сяқты айтқаны айтқандай келетін әулие адам екен) жол - жөнекеи жалайыр елінің арасындағы бір даудың үстінен түседі. дау құн дауы екен, жалайыр билері алыстан келе жатқан ағайын билері дәулетке шешімін сіз айтыңыз деп қолқа салады» деп жазады.

1. Махамбет Өтемісұлының туған жылын белгілеңіз.

A) 1846 ж.
B) 1835 ж.
C) 1904 ж.
D) 1865 ж.
E) 1804 ж.
2. «Қырық мысал», «Маса» жинақтарының авторын белгілеңіз.
A) А.Байтұрсынұлы.
B) Ш.Құдайбердіұлы.
C) М.Жұмабаев.
D) Ж.Аймауытов.
E) М.Дулатов.
3. «Өткен күндер» жинағының авторын анықтаңыз.
A) С.Сейфуллин.
B) Ж.Жабаев.
C) Ғ.Мүсірепов.
D) Б.Майлин.
E) І.Жансүгіров.
4. «Құлагер» поэмасының кейіпкерін көрсетіңіз.
A) Ақан сері.
B) Күйші.
C) Мардан.
D) Қарашаш.
E) Мәмбет.
5. М. Мақатаевтың қызмет еткен қаласын табыңыз.
A) Атырау қаласы.
B) Алматы қаласы.
C) Ақтау қаласы.
D) Павлодар қаласы.
E) Орал қаласы.
6. Аңыз кейіпкеріне айналған жырауды табыңыз.
A) Доспамбет.
B) Жиренше.
C) Жиембет.
D) Қазтуған.
E) Асан қайғы.
7. Асанның:
’’Ердің құны болса да,
Алдыңа келіп қалған соң,
Қол қусырып барған соң,
Аса кеш те, қоя бер,’’- деген өлеңінде не туралы айтылғанын анықтаңыз.
A) Дәстүр, салт мәселесі.
B) Жер мәселесі.
C) Кешірімділік.
D) Достық.
E) Қамқорлық.
8. 19-ғасырда Орыс жағрафиялық қоғамының толық мүшесі болған қазақты анықтаңыз.
A) Ы. Алтынсарин.
B) А. Байтұрсынов.
C) М. Тынышбаев.
D) Ш. Уәлиханов.
E) Х. Досмұхамедов.
9. Ы. Алтынсарин ұйымдастырған тұңғыш мектеп қай жылы, қай қалада ашылғанын белгілеңіз.
A) 1865 ж. Қостанайда.
B) 1864 ж. Торғайда.
C) 1865 ж. Орынборда.
D) 1863 ж. Ырғызда.
E) 1866 ж. Омбыда.
10. Абайдың бес асыл іс пен бес дұшпанды саралаған өлеңін табыңыз.
A) «Интернатта оқып жүр».
B) «Қалың елім, қазағым...»
C) «Әсемпаз болма әрнеге».
D) «Жасымда ғылым бар деп...»
E) «Ғылым таппай мақтанба».
11. Шәкәрім шығармасын табыңыз.
A) "Ақбілек".
B) "Батыр Баян".
C) "Қалқаман-Мамыр".
D) "Оянған өлке".
E) "Абай жолы".
12. «Шоқпыттың шаруасы» өлеңінің авторын табыңыз.
A) Б.Майлин.
B) С.Сейфуллин.
C) І.Жансүгіров.
D) Ж.Жабаев.
E) С.Мұқанов.
13. Ғ. Мүсіреповтің «Ер ана» әңгімесіндегі кейіпкерді табыңыз.
A) Нағима.
B) Ақлима.
C) Мәрзия.
D) Қапия.
E) Наталья.
14. Қарақалпақ жерінде туған қазақ ақынын табыңыз.
A) Т.Айбергенов.
B) Т.Молдағалиев.
C) Қ.Мырзалиев.
D) М.Шаханов.
E) А.Бақтыгереева.
15. Тасқа жазылған көне дастандарды табыңыз.
A) ’’Диуани лұғат ат-түрік’’.
B) ’’Құдатғу біліг’’.
C) ”Күлтегін”, ’’Тоныкөк’’.
D) ’’Мұхаббат-наме’’.
E) Қорқыт ата.
16. Желаяқ, Таусоғар, Саққұлақ атты кейіпкерлер қандай ертегіде кездесетінін анықтаңыз.
A) "Ұшқыш кілем".
B) "Адам жеңбес Айыртөс батыр".
C) "Ер Төстік".
D) "Керқұла атты Кендебай".
E) "Аяз би".
17. Айтысқа түсетін ақынның бірден бастырмалатып, қарсыласының апшысын қуыра, сескендіре сөйлейтінінің себебін көрсетіңіз.
A) Елдің көңілін аудару амалы.
B) Айтыстың бір шарты.
C) Шабыт шақыру мақсаты.
D) Қарсыласын жеңіп кетудің амалы.
E) Асқақ ақын екенін дәріптеу жолы.

Составить вопросы к тексту. Қазақта дастарқаннан, дәмнен үлкен нәрсе жоқ. Дастарқаннан аттамайды. Дастарқандағы дәм, тағамнан ауыз тимей

кетуге болмайды. Қазақтың ұлттық дастарқанында тамақтардың негізгі үш түрі болады. Олар: ет, сүт, нан тағамдары. Ет тағамдарына қазақша ет, қуырдақ, қарта, қазы, жал, жая жатады. Сүт тағамдары -ірімшік, құрт, май. Дәннен жасалған тағамдар - тары, қуырған бидай, жент, талқан. Нан тағамдары - бауырсақ, шелпек.

Тамақ ішуге шақырғанда, тамақты көп күттіруге болмайды.



Вы находитесь на странице вопроса "Қастеев, Әбілхан (1904-1973) – қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі, Қазақ ССР-ы халқының", категории "қазақ тiлi". Данный вопрос относится к разделу "5-9" классов. Здесь вы сможете получить ответ, а также обсудить вопрос с посетителями сайта. Автоматический умный поиск поможет найти похожие вопросы в категории "қазақ тiлi". Если ваш вопрос отличается или ответы не подходят, вы можете задать новый вопрос, воспользовавшись кнопкой в верхней части сайта.