Статистика
Всего в нашей базе более 4 327 663 вопросов и 6 445 976 ответов!

Помогите шыгарма на тему менен достарым 10 предрожений

5-9 класс

сснайпер 10 нояб. 2015 г., 19:02:44 (8 лет назад)
Рейтинг
+ 0 -
0 Жалоба
+ 0 -
никитосик45
10 нояб. 2015 г., 21:34:07 (8 лет назад)

Менын достарым оте коп. Быз быр мектепте окимыз. Мен достарыма ар кашан комектесемын . Бос уакытымызда футбол ойнаймыз . Быз быр бырымызге кол ушын беруге ар кашан дайынбыз. Менын достарым Сабит, Канат,Аян жане т.б . Мен улкен болган кезде достарым оте коп болады. Жуз тенген болганша быр досын болсын деген бекер айтылмаган.

Ответить

Другие вопросы из категории

переведите на русский язык жасы менімен түйдей құрдас Әбдірахман деген болды. Жасында болыстың үйінде бұзау бағып өсіпті. Ол уақытта болыстың үйінде

ауылнай учитель болатын. Балалармен араласып жүріп учительден оқып, төрт жылдан соң мектепті бітіріп шығыпты. Әбдірахман өзі айтатын: «күндіз қозы мен бұзау бағам, кешке келгенімде, учитель бір шын мұсылман жігіт еді, «байлардың балаларынан да маған сенің окығаның керек қой» деп түннің бір талайына дейін оқытушы еді. Ақырында сол учительдің тырысуының арқасында мектепті бітірдім... Менің учительге бітіре алмастық борышым бар», - деді. Әбдірахманның әкесі өте кедей болған адам. Ауылнай школынан шыққан соң да, Әбдірахман малайлықтан құтыла алмады. Ақырында, он екі-он үштегі шамасы болса керек, тұрған байынан қашып дуанға барып, бір ноғайға жаз қызметке тұрып, қыс оқуға кірді. Бұл екі жылға шейін жаз жалданумен болды.Берірек келген соң жаз байларда орысша бала оқытты. Ақырында әйтеуір мектепті бітіріп шықты. Әбдірахман мектепті бітіргенде дыбысы жер жарды. Өте зерек болған ғой, учительдері де мақтаса керек. Дуандағы нәшәндік «тілмаш» бол деп өтінген екен, болмай елге келді. Нақ сол кезде болыстың песірі өліп песірсіз тұр еді. Әбдірахманға песір бол деп жабысты, оған да болмады.Жамантік болысындағы бір байдың школына барып бала оқытты. Содан бері қыс сонда бала оқытып, жаз елде болады. Сол жылы июньнің бас кезінде келіп еді. Әбдірахманмен бірге ойында болған түн менің әлі күнге есімнен қалмайды; бір түрлі көз алдымда елестейді де тұрады. Біз келгенде ойын жаңа басталған екен. Шұғалар өлендерін тоқтатып, арқаннан түсті. Жай әзілмен көп уақыт оздырдық.Домбыра алдырып Әбдірахман ән салды. Бишара, жігіт еді ғой.Ондай ойындарда бір түрлі ұстайтын арқасы бар еді. Өлеңді түйдектетіп үзбестен соқты. Жұрттың бәрі Әбдірахманның аузына қарады. Жатып қалған бірен-саран кемпірлер шапандарын жамылып келіп өлең тыңдасты. Ойын-күлкінің қызығымен таң атқанын да білмей қалдық. Әбдірахман Шұғамен жақындасып кетті. Бірін-бірі сүйгендігі сондай, аз уақыт көрмесе, ынтық болып өле жаздаушы еді. Екеуі де менен сырын жасырмайды. Есімбектікіне қымыз іше қыдырып барсам, Шұға жайрандап қоя береді. Оңаша жер болса сұрайтыны Әбдірахман. - Жолдасың қайда? - дейді. Өне бойы бір елде жата беру оңай ма? Еліне кетіп Әбдірахман он шақты күн кешіксе, Шұға мазамды алады: - Не ғып келмей жатыр, хабар білдің бе, аман ба екен? - деп. Әбдірахман мен Шұғаның арасындағы сүйіспендік бірден бірге жайылып, бүкіл ел хабарланды. Есімбектің үй іші есітіп бұлан-талан болыпты. Шұға не қыла қойсын; таздың ашуын тырнадан алып Базарбайды айдап шығарып жібереді. Мені үйінің маңайына жуытпайды. «Көптен көрші болған ел едік, арамызға салқындық түсірме...» деп шалдар үгіттеп Әбдірахманды жолынан тайдырмақ болды. Әбдірахман бәріне де: - Шұға айныса амалым жоқ. Егер Шұға сөзінде тұратын болса, не қиындық болса да көрем. Алмай тынбаймын, - деумен болды. Әбдірахманды пристоп дуанға алып кетті. Мен жылап-жылап қайттым. Жанымда Шұғаға тапсыр деген хаты бар. Елге келгеніме 5 - 6 күн болса да, ретін тауып бере алмадым. Біз елден кететін күні, кешке жақын далада сөйлескенді шам керіп Есімбек Шұғаны жаман сөгіпті. Ағалары да қатандық қылған білем. Содан бері Шұға жылауда, тамақпен жұмысы жоқ десіп жүрді. Бірер күннен соң «Шұға ауру екен, төсек тартып қалыпты» дегенді есіттім. Ауыл арасы жақын болғанмен бұрынғыдай барып сөйлесетін күн жоқ. Жасырынып жүріп Әбдірахманның хатын Шұғаға зорға тапсырдым... Шұға шын ауруға айналған соң Есімбек жұмсайын деді, бақсы-балгер алдырып ем қылдырып еді, жазылмады, науқасы күннен-күнге үдеп, есін танып сандырақтауға айналған: сандырақтағандағы айтатыны Әбдірахман болды. Былғандап өскен жалғыз қыз былай бөлған соң бәйбіше үйінің ішін үгіттеп, Шұғаны өлімнен құтқармақ болысады. Ол емі Әбдірахманды ел болып ақтап алып, той қылып екі жасты қосу. Балаға деген мейірімшілік Есімбекке мұны да еріксіз істетпек болады. Ағайын-туғандарымен ақылдасып, болыстан өтініп Әбдірахманды қайтартпақ болды. - Жайың қалай? Тәуірмісің, - дедім. - Тәуір емеспін, - деді. Көзіме көзі түсіп кетіп, қамыққандай болды... - Тәуір емеспін... Тәуір болуды тілемеймін де...Сәлем, сәлем айт?... - деді. Жылап қоя берді. Жастығының астына тығулы орамалмен көзін сүртті. - Тірі келсе көресің ғой, бірақ мен... Тығылған жасқа булығып сөзін айта алмады. - Құдай жазған болса бәріміз де көреміз. Ажарыңыз тәуір ғой, жазыларсыз, - дедім. - Жазылып керегі не? Бәрібір мен бақытты бола алмаймын. Әкем аяса, менің дертім жаныма батқан соң аяп отыр. Ертен сауықсам қайта күйсеуден тайынбайды. Өлем деп арман қылмаймын, жалғыз-ақ арманым бар. Түнеугі кергенде Әбдірахман бір ауыз сөз айта білмеді. Бір көріп сөйлесіп, жаным шығарда, «ІІІұғам!» деп бетіме бетін тигізсе, бар арманым бітіп, дүниеден армансыз етер ем... әй, жоқ қой! - деді. Ауыр күрсінді. Кешке шейін отырып мен елге қайттым. Мен үйге келсем Әбдірахманның қаладан келгенін естіп үйдің іші қуанып отыр екен. Шұғаның халын көріп қайғырып қайтсам, Әбдірахманның келгенін есіткен соң тасып кеттім. Менің қуануым ынтық болып жатқан Шұғаға Әбдірахманды әкеліп бір көрсету еді. Атқа міне салып барсам ол ел де қуанышты екен, сөйлескеннен-ақ Әбдірахман Шұғаны сұрады. Ауруын бұрын да есіткен екен. Мен - «тәуір» деп көңілін жұбаттым. Түнімен ұйқы көрмеді. Ертеңіне жылқы келе атты ерттеп мініп біздің елге асықты. Желе шоқытып келе жатырмыз. Күн аптап ыстық-ақ. Ол куанышты, қайдағы жоқты айтып мені күлдірумен болды.



Вы находитесь на странице вопроса "Помогите шыгарма на тему менен достарым 10 предрожений", категории "қазақ тiлi". Данный вопрос относится к разделу "5-9" классов. Здесь вы сможете получить ответ, а также обсудить вопрос с посетителями сайта. Автоматический умный поиск поможет найти похожие вопросы в категории "қазақ тiлi". Если ваш вопрос отличается или ответы не подходят, вы можете задать новый вопрос, воспользовавшись кнопкой в верхней части сайта.