Статистика
Всего в нашей базе более 4 327 660 вопросов и 6 445 975 ответов!

ОТВЕТЬТЕ НА ВАПРОС. "Ақтабан шұбырынды,Алқакөл сұлама" тіркесінің пайда болуы қандай оқиғамен байланысты?

5-9 класс

AlHimickus 22 февр. 2015 г., 17:54:15 (9 лет назад)
Рейтинг
+ 0 -
0 Жалоба
+ 0 -
исо2003
22 февр. 2015 г., 18:45:12 (9 лет назад)

Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама — қазақ халқының тарихындағы ащы қасірет, Отан басына күн туған аса қайғылы кезең (1723 – 25). Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін Үш жүздің дербестеніп, бір-бірінен алшақтануы Қазақ хандығының әскери-саяси қуатын әлсіретті. Құба қалмақтар 18 ғасырдың басында өздерінің ішкі қайшылықтарын реттеп, әскерін жарақтады. Орыс елімен қатынасын жақсартып, көрші мемлекеттерден қару, оқ-дәріні көптеп сатып алды. 1715 ж. орыстарда тұтқында жүрген швед шебері Ренатты қолдарына түсіріп, зеңбірек құю технологиясын меңгерді.1723 жылдың көктемінде жайлауға көшуге қамданған бейқам қазақ еліне жоңғарлардың қалың қолы тұтқиылдан шабуыл жасады. Тарихшы Алексей Левшиннің жазуынша және қазақ жырауларының куәлігіне қарағанда Жоңғария қалмақтары әрқайсысы 10 мың жауынгері бар 7 қолмен қазақтарды шапқан. Олар Балқаш, Қаратау бағытымен жылжып (қолбасшысы Қалдан Серен), Алтай асып, Көктал өзені бойымен өрледі (қонтайшы Құлан Батур), Нұра өңірін қанға батырып (Әмірсана), Шелек өзені (Доржы), Есік көлі (Лама Доржы), Шу өңірін таптап (Дода Доржы), тоқтаусыз Іледен өтіп (Севан Рабдан) қарудың күшімен, найзаның ұшымен қазақ жерлерін иемденді. Екпіні қатты шапқыншылар Қазақстанның оңтүстік аудандарындағы бейбіт елді аяусыз қырғынға ұшыратып, Түркістан, Сайрам, Ташкент қалаларын басып алды. Жоңғарлардың жойқын шабуылының нәтижесінде қазақтар шайқас даласында 100 мыңға жуық жауынгерлерінен айырылды, ал қорғансыз халықтың шығыны одан әлде қайда көп болды. Абылай ханның айтуынша, сол кезде әрбір он адамның төртеуі қаза тапты. Бұл деректі Шәкәрім Құдайбердіұлы да қостайды. Қорғануға мұршасы келмеген ел әсіресе Талас, Боралдай, Арыс, Шыршық, Сырдария өзендері бойында көп қырылды. Тірі қалғандар ата мекенін тастап шықты. Тарихта бұрын болып көрмеген алапат құбылыс – қазақ халқының үдере қашқан босқыншылығы туды. Тоз-тоз болған Ұлы жүз, Орта жүздің шағын бөлігі Сырға Шыршық құятын тұстан сәл жоғары өткелден өтіп Ходжент, Самарқан иеліктеріне көшті. Кіші жүз Сауран қаласын айналып, («Сайран айналған») Бұқараға ауды. Шұбырған халықтың басым көпшілігі Сырдан өтіп, Алқакөлге жетіп құлады. Кейбір тайпа-рулар Қызылқұм, Қарақұм ішіне сіңді. Осы тұста халықтың жүрегінде мәңгі сақталған ащы зар мен ауыр мұңға толы «Елім-ай» әні дүниеге келді. Жоңғар шапқыншылығынан күйзелген қазақ жеріне Еділ бойы қалмақтары (торғауыттар), Жайықтың казак-орысы, Орал башқұрттары, Қоқан бектері, Бұқар мен Хиуа хандары тұс-тұстан шабуыл жасады. Қазақ елі өз тарихында алғаш рет қасіретті зардабы өте зор зұлматқа тап болып, жер бетінен ұлт ретінде жоқ болу қаупіне ұшырады. Қазақтар бұл апаттың сырын түсінді, жасанған жауларына қарсылық жасап бақты, ұрпағын қырғыннан аман алып қалудың амалын іздеп қарманды.«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаның» шырғалаңы мен аласапыраны қазақтардың еркіндік пен ерлік рухын шыңдады. Ұлт перзенттері бардың басын қосып, халық бірікпей тірлік болмайтынын түсінді. Бөгенбай, Қабанбай, Саурық, Жәнібек, Малайсары, Абылай, Әбілқайыр бастаған қалың ел жоңғарларға қарсы майдан ашып, Бұланты мен Бөленті өзендерінің жағасында, Аңырақай даласында ұлы жеңіске жетті. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» қазақ халқының есінде ұлы қасірет болып мәңгі тарихқа хатталды.
Пайдаланған әдебиет

Ответить

Другие вопросы из категории

Пожалуйста помогите по казахскому языку,нужно составить план по этому тексту.

Барлық жануарлар дүниесі мен адамзат баласы үшін тіршілік
негізі – таза ауа. Ол тек өсімдіктер дүниесінен бөлініп шығатын оттегі. Бізді
қоршаған тропосфералық ауа қабатының 20,9% осы оттегіден тұрады, ол тұрақты ең
қажетті газдың бірі. Су оттегін бөліп шығаратын негізгі жасыл фабрика –
көпжылдық ағаштар.

Қазақстан аумағының
3,8 %-ын орманды жер алып жатыр. «Қазақстан - 2030» стратегиясында бұл
көрсеткішті 5,1 %-ға дейін көтеру жоспарланған.

Читайте также

Ответить на вапросы-1-Киім киерде адамның жас ерекшеліктерімен санасу керек пе?

2-Түнгі киімге не жатады?
3-Үйде киетін киім қандай болуы керек

Ответьте на вопросы! Балуан Шолақтың атағы қандай оқиғадан соң ел ішіне жайылды? "Сегіз қырлы жігіт" деген ұғымды қалай түсінесіңдер? Балуан

Шолақ қандай сыбыс естіді? Балуан Шолақ қандай шешімге келеді? Балуан Шолақ достарымен қайда келеді? Балуан Шолақ пен оның достары Қара масканы қайда кездестіреді? Французша күрестің ерекшелігі қандай екен? Қара маска мен Балуан Шолақ қалай күресті? Үзіндіні оқып беріңдер. Күрес қалай аяқталды? Балуан Шолақ жұртқа өзінің күш иесі екенін қалай дәлелдеді?

помогите ответить на вопросы бүгін кімнің туған күні ? Дастан неге қуанып жүр ? Дастанның жасы нешеде ? Жандос дастанға қандай тілек айтты ? достанның

анасы не істейді ? ответить по диологу -Сәлем Достан !
- Сәлем Жондос ! Қалай жағдайың ?
- Жақсы рақмет ! Өзің қалайсың ?
- Аман -есенмін
- Байқаймын қуаныштысың ғой?
- Иә Осыдан он екі жыл бұрын дәл осы күні мен дуниеге келдім
- рас па ?! туған күнің құтты болсын ! саған ұзақ өмір тілеймін.
- рақмет !бүгін үйге келесің бе ? анам дастарқан дайындайды .
- әрине Міндетті түрде барамын .
- Жарайды кездескенше!
- Кездескенше!

переведите на казахский язык срочно!

Результатами своего ВОУД я недовольна! Думала что наберу больше баллов! Хочется извениться перед своей школой, перед учителями что не оправдала их надежд. Возможно именно мои баллы сыграли решающую роль. Для меня задания были сложными особенно казахский язык и география хотя я имею по ним положительные оценки. Самым легким для меня предметом оказалась история Мира. Это самый любимый мой школьный предмет. Маленькое наличие баллов также связано с волнением. Когда ты волнуешься ты забываешь ответы на вопросы которые отлично знаешь. Также малое количество баллов связано с недостаточным количеством времени. Еще раз прошу прощение и обещаю что буду уделять урокам и подготовкам к экзаменам максимальное количество времени!



Вы находитесь на странице вопроса "ОТВЕТЬТЕ НА ВАПРОС. "Ақтабан шұбырынды,Алқакөл сұлама" тіркесінің пайда болуы қандай оқиғамен байланысты?", категории "қазақ тiлi". Данный вопрос относится к разделу "5-9" классов. Здесь вы сможете получить ответ, а также обсудить вопрос с посетителями сайта. Автоматический умный поиск поможет найти похожие вопросы в категории "қазақ тiлi". Если ваш вопрос отличается или ответы не подходят, вы можете задать новый вопрос, воспользовавшись кнопкой в верхней части сайта.