Статистика
Всего в нашей базе более 4 327 660 вопросов и 6 445 975 ответов!

3.Макпал бес созден куралган бир сойлем ойлап жазипты.Онын бастауышы-казак халкынын атакты агартушы акынынын аты,тура толыктауышы-кари созинин

5-9 класс

антоними,жанама толыктаушы-кос соз,онын биринши сынари-билим созимен косарлана айтылатын соз,оны иштерин билип турган шыгар.Ал баяндауышы-ундеди созинин синоними,Макпалдын жазганы кандай сойлем?
4.Аркылы шылауы кай мушесимен тиркесе айтылады?
(«Кызыкты граматика» жинагынан)

Anyakuznetsova1 13 нояб. 2013 г., 18:58:23 (10 лет назад)
Рейтинг
+ 0 -
0 Жалоба
+ 0 -
Тэйф
13 нояб. 2013 г., 21:54:45 (10 лет назад)

Жас Абай оқуды насихаттады

Ответить

Читайте также

ПЕРЕВЕДИТЕ ПОЖАЛУЙСТА ПРОШУ!Я ДАЖЕ 20 БАЛЛОВ ПОСТАВИЛА ЗНАЮ ЧТО МНОГО НО ПЛИЗЗ!!(((

сказка Қаңбақ шал
Бұрын, бұрын бұрында Қаңбақ шал деген шал болыпты. Мал мен басқа зар болыпты. Кедейліктен шықпапты. Ол ау салып, балық аулап, тамақ асырапты. Жел соқса, шал домалап жөнеледі екен. Содан соң оған Қаңбақ шал деген ат қойылыпты. Күн сайын ауына ілінген екі балығының біреуін бір түлкі әлімжеттік қып тартып жей береді екен. Түлкінің қорлығына шыдамай, шал бір күні екінші бір жерге көшем деп, дүние мүлкін арқалап жолға шығыпты. Шаршаған соң оны бір жерге көміп кетіпті, бір жерге елдің сойған малынан жинап алған ішек қарнын көміп кетіпті, бір жерге қарындағы айранды көміп кетіпті .Жүктің салмағымен Қаңбақ шал ұшып кетпей келеді. Жүктен арылған соң, желмен ұшып, бір жерге ұшып түсіпті. Қараса, бір дәу екі тауды біріне – бірі шақпақ қылып, ұрып тұр екен.
Дәу:
- Қайда бара жатқан шалсың? Кел екеуміз күш сынасайық – деп қазандай бір қара тасты көтеріп, аспанға лақтырып жібереді де қайта қағып алып: Ал шал, сен де осылай қақпаққыл етші дейді.
Шал сасып, қайтерін білмей, тасты құшақтап аспанға бір, тасқа бір қарап, күнімен тұрады.
Сонда дәу:
- Е, неғып тұрсың. ЛАҚТЫР – дейді.
Шал тұрып:
- Аспанға лақтырсам, аспан жерге айналып түседі ау деп, жерге қақпай түсірсем, жер ортасынан ойылып түсе ме деп қауіп қылып тұрмын дейді.
Сонда дәу келіп, шалдың қолынан ұстай алады да:
- Ақсақал лақтырмай ақ қой, текке қырыламыз - деп жалынып қойғызады.
Дәудің ақылы таяздығын біліп шал ерленіп, дәуге:
- Кел жердің ішек қарнын шығарйық - дейді.
Дәу жүгіріп келіп, жерді теуіп қалады. Жер тізеден ойылады. Ештеңе шықпайды. Шал өзі бұрын көміп қойған, қаны - жыны арылмаған ішек қарын жатқан жерді жүгіріп барып, теуіп қалса, ішек қарын шығады. Дәу қорқады:
Сосын шал:
- Кел енді жердің миын шығарайық, - дейді.
Дәу бар пәрменімен келіп, жерді теуіп қалады. Жер тағы да тізеден ойылады .Ештеңе шықпайды. Шал манағы айранын көміп кеткен жерді жүгіріп барып теуіп қалса, бырқ етіп айран шыға келеді. Дәу одан бетер қорқады. Мына шал не деген орасан күшті деп, шалдың айтқанын істей береді. Ақыры шал онан қалай құтыларын білмей:
- Енді қайт. Ертең бізге қонаққа кел, - дейді.
Дәу:
Жарайды деп – кетіп қалады.
Шал үйіне келіп, кемпіріне:
- Ертең дәу қонаққа келеді, - дегенде:
- Ойбай, немізді береміз - деп сасады кемпір.
Шал тұрып:
- Ертең дәу келеді. Мен есіктің алдында отырармын. Сонда сен оның көзінше. Не істеймін шал, - деп маған қара, мен не десем, соны істемекші болып, пышақты алып тұра ұмтыл! – деп кемпіріне үйретіп қойады.
Ертеңіне үш дәу келіп, досының үйінде отырады. Сол кезде кемпір тұрып:
- Шал нені асамын үйдегі қонаққа? Түк жоқ деп! - депті.
Сонда шал тұрып:
- Басқы дәудің басын ас, ортаншы дәудің төсін ас, ол жетпесе досым дәудің өзін ас! - дегенде, кемпір пышағын алып тұр ұмтылады. Үш дәу тым тырақай қаша жөнеледі. Досы лашық үйін басымен көтеріп әкетеді. Шал айқайлап:
- Әй, досым, лашығымды тастап кет! Қайда барсаң да құтылмайсын! - дейді. Дәу лашықты тастай сала қашып бара жатса, баяғы әлімжеттік қып балығын тартып жей беретін түлкі жолығады.
- Тақсыр қайдан қашып келесің - дейді түлкі.
- Бір пәле шалдың қырсығынан құтыла алмай қашып келеміз, - дейді.
Түлкі:
- Сол Қаңбақ шалдан қорқып жүрсіңдер ме - менімен жүр, мен сенің өшіңді алып берейін, - деп, дәуді ертіп, шалды іздеп қайта келе жатса, шал лашықтың жанында тұр екен. Түлкінің ертіп келе жатқанын көріп, шал айғай салады:
- Ей, түлкі-ау Арғы атаңда алты атамның құны бар, бергі атаңда бес атамның құны бар, өзіңде бітіспейтін кегім бар, үш дәуді сол үшін бергелі жатырсын ғой! Бәрі бір онымен бітпеймін! - деп дауыстайды.
Сонда дәу қорқып, бұл бізді сол аталарының құнына беруге алдап алып келе жатыр екен ғой, - деп ойлап түлкіні құйрығынан алып жерге бір ұрып өлтіріп, алды-артына қарамастан қаша жөнеледі. Сөйтіп, Қаңбақ шал дәулер мен түлкіден осылай құтылған екен дейді.

Переведите срочно очень..

- Сол Қаңбақ шалдан қорқып жүрсің бе? Менімен жүр, өшіңді алып берейін,- дейді дәуге.
Ол басқа дәулерді шақырып алып, бәрі түлкіге ілеседі. Шал лашықтың жаныда тұр екен. Түлкінің дәулерді қайтып ертіп келе жатқанын көріп:
- Ей, түлкі-ау! Арғы атаңда алты атамның құны бар, бергі атаңда бес атамның құны бар, өзіңде бітіспейтін кегім бар еді,үш дәуді соның үшін бергелі келе жатырсың ғой! Бәрібір онымен бітпеймін! - деп ай ғайлайды.
Сонда дәу қорқып: "Бұл бізді сол аталарыныңқұнына беруге алдап әкеле жатыр екен ғой!" деп ойлап, түлкіні құйрығынан алып жерге бір ұрып өлтіріп, алды-артына қарамастан, қаша жөнеледі. Сөйтіп, Қаңбақ шал дәулер мен түлкіден осылай құтылған екен, - дейді.

Переведите пожалуйста!

Отбасы тәрбиесі
Мен мектепте жүргенде сурет
салуды ұнататын едім.Бұл өнерімді байқаған әкем мені қолпаштап
отырды.Бірақ қайтсен де,суретші боласың деп үзілді-кесілді ,,шідерлеп,,
тастаған жоқ.Немен айналыссам да,қолымнан қаққан емес.Өз
пікіпрін,білгенін айтатын,бірақ оны зорлап біздің миымызға
құймайтын.Сондықтан ба,отбасымыздағы бес баланыңбәрі де өздері қалаған
мамандықтарын алды.Қажет деген кезде,қанша керек болса,суретті сонша
салатын едім,уақыттан да ешкім шектемейтін.Кейде кешкі сағат он
болғанда: ,,Қазыр сен қалайда жатып ұйықта, уақыт болды, болды,күн
тәртібін бұзба!,, деп апарып төсекке де жатқызда қоймайтын.,,Жарайды,
жаның соны қалап отырса,озіне қажет болса ,отыр, жаса.Ал бүгінгі келіп
тұрған шабытты қайтарып тастаұға болмайды.Бәрібір соны ойлап дөнбекшіп
жатасың,, -дейтін.
Қазіргі отбасылардың көшілігі
көпшілігі (қалалық) қонақ үйді еске түсіреді .Қайсыбыр
ата-аналарбалаларын телефонмен тәрбиелеп жатады. ,,Тұрдын ба? ,,
Тамағынды іш!Содан кейін отыр, собағынды оқы!,, Немесе жұмысына асағып
кетіп бара жатып :,,Оқы ,кішкене ойна...былай тұршы ,аяқтын астына
оралмай!Жұмыстан қалатын болдым ғой!Жай кезде сұрамай,дәл асығып тұрған
кезда сұрайды екенсің!,, -десіп жатады. Көп нәрсенің кілті үй ішінде
орныққаң дәстүрге байланысты деп ойлаймын



Вы находитесь на странице вопроса "3.Макпал бес созден куралган бир сойлем ойлап жазипты.Онын бастауышы-казак халкынын атакты агартушы акынынын аты,тура толыктауышы-кари созинин", категории "қазақ тiлi". Данный вопрос относится к разделу "5-9" классов. Здесь вы сможете получить ответ, а также обсудить вопрос с посетителями сайта. Автоматический умный поиск поможет найти похожие вопросы в категории "қазақ тiлi". Если ваш вопрос отличается или ответы не подходят, вы можете задать новый вопрос, воспользовавшись кнопкой в верхней части сайта.