Статистика
Всего в нашей базе более 4 327 663 вопросов и 6 445 976 ответов!

мейірімді ана туралы мәтін керек көмектесіндерш

1-4 класс

Qwertyuiopl1 22 июля 2013 г., 11:17:01 (10 лет назад)
Рейтинг
+ 0 -
0 Жалоба
+ 0 -
Pamirro4
22 июля 2013 г., 13:42:27 (10 лет назад)


АНА- қасиетті де киелі ЕСІМ!!!
Ана жайлы ойыңды, айтып тауса алу мүмкін емес. Әркімнің өз анасына деген махаббаты шексіз. Мен де анамның маған сыйлаған мәнді өмірі үшін алғысымды айта отырып, өз ойымды аз да болса жеткізгім келеді.
Ана! Ана! Ана! «Ана» дегенде толқымайтын жүрек, толғанбайтын жан жоқ. Осы үш қана әріптен тұратын «ана» сөзінің астарында ұшан теңіз ой жатыр. Ана — әрбір адам баласы үшін ең ыстық, жанға жақын, мағыналы да қастерлі сөз. Адамзат баласы алғаш дүние есігін ашқанда ананың ақ сүтімен бойына нәр алады, ана құшағына еніп, ана мейіріміне бөленеді. Адамның аузынан шығатын ең алғаш сөзі де – «ана». Міржақып Дулатов ағамыз айтқандай, бізді сүйетұғын, күйетұғын, әрқашан қамымызды ойлап жүретұғын абзал жанды адам, бұл – ана. Алдыңа қойған мақсатыңа жетуің үшін ана жанын қиюға да дайын. Ана баласының үлгілі азамат боп өсуі үшін бар күшін салып, тер төгеді. Ананың махаббатына, құдіретіне тамсанған талай ақын әнін арнап, жырын жазып, талай жазушы қалам тербеген.
«Анаңды меккеге үш арқалап барсаң да, қарызын өтей алмайсың» деген дана қазақ халқы. Шынында да, осыншама қиналып, көз жасын төге жүріп, бізді өсірген анаңа қолыңнан келгеніңнің бәрін істесең де, оның бәрі анаңның түн ұйқысын төрт бөлген бір күніндей ғана. Өз парызыңды өтеу, бұл – ана алдындағы парызды өтеу.Қаншама байлық иесі болсаң да, әлемге әйгілі адам болсаң да, анаңды, оның саған жасаған жақсылығын ұмытпау – сенің өмір бойындағы борышың. Қай адам қолынан келген сый – құрметін жасамады десеңші, шіркін! Бірақ соның бәрі анаңның бір ауыз жылы сөзіне де жетпейді. Дүниенің нұры, өмірдің гүлі, қызықтың қызығы – ананың қолында. Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді.
Қорыта айтқанда, барлық адам ана алдындағы парызын өтеп, ақ сүтін ақтап, ананың шашына ақ түсірмей, тек осы киелі жандардың бақытты болуын ойлау керек. Себебі ең бақытты адам – анасы бар адам. Жер бетіне жақсылық нұрын себетін аналарымыз аман болсын!

Ответить

Другие вопросы из категории

енкею созин дыбыстык талдау
как на казахском понравились
ПОМОГИТЕ ПОЖАЛУЙСТО СОСТАВИТЬ ВОПРОСИТЕЛЬНЫЕ ПРЕДЛОЖЕНИЯ ПО ТЕКСТУ. Наурыз- жыл басы. Казак халкы бул кундэ " Улыстын улы кунэ" дейдэ.

Наурыздэ жаксы тлекпен тойлайды. Наурыз коже жасайды. Кожеге жетэ турлэ дям саладэ : бидай, тары, ет, курт, туз, су.

Читайте также

мейірімді бала туралы шығарма
мақал-мәтелдер мейірімділік туралы
отан ана туралы ангиме
ПОМОГИТЕ ПОЖАЛУЙСТА ПЕРЕВЕСТИ ТЕКСТ С КАЗАХСКОГО НА РУССКИЙ ЯЗЫК.Нұрболат жақсы бала еді. Әкесі бай, дәулетті болғандықтан, "не ішіп, не жеймін" деп

ойламайтын. Өкініштісі,
кедей-кепшіктердің тұрмыс-тіршіліктерінен еш хабары жоқ еді. Бір күні
доп айнайтын алаңда кетіп бара жатқанында, бір ит Нұрболатқа бас салып,
оны қауып ала жаздады. Қорқып кеткен бала қаша жөнелді.
Нұрболат
тасқа сүрініп, жерге жалп ете түсті. Қанша уақыт өткені белгісіз, көзін
ашып қараса, өзі қатарлас бір бала мен әйелдің бетін таңып жатқандарын
көрді.
Марат пен анасы Нұрболатты иттен құтқарып қалыпты. Оны
үйлеріне алып келіп, бетінің жырылған жерлерін тазалап, төсекке жатқызып
қойыпты. Нұрболат оларға алғысын айтты.
Нұрболат Мараттың үйінің өте қарапайым екендігін және тұрмыстарының да өте төмен екендігін көріп, таңырқап қалды.
Сол
күні кешкісін дастарқан басында Нұрболат мазасызданып отырды. Піскен
тәтті бауырсақтар оның тамағынан өтпей қойды. Нұрболат ертесіне анасының
дайындаған тамақтарын бір қалтаға салып, Мараттың үйіне келді. Әкелген
тамағын Маратпен бірге жеді. Нұрболат Маратпен жақсы дос болып кетті.
Жүрегі жарқын әрі мейірімді Марат досына, оның анасына қол ұшын беріп, көмектесіп тұрды.



Вы находитесь на странице вопроса "мейірімді ана туралы мәтін керек көмектесіндерш", категории "қазақ тiлi". Данный вопрос относится к разделу "1-4" классов. Здесь вы сможете получить ответ, а также обсудить вопрос с посетителями сайта. Автоматический умный поиск поможет найти похожие вопросы в категории "қазақ тiлi". Если ваш вопрос отличается или ответы не подходят, вы можете задать новый вопрос, воспользовавшись кнопкой в верхней части сайта.