Статистика
Всего в нашей базе более 4 327 663 вопросов и 6 445 976 ответов!

ер ушин бир максат бар, арекет кылмак ел ушин шыгарма

5-9 класс

Feruzadustova 28 мая 2013 г., 16:28:16 (10 лет назад)
Рейтинг
+ 0 -
0 Жалоба
+ 0 -
68fatima
28 мая 2013 г., 19:11:07 (10 лет назад)

Қазақта ежелден жерін жаудан, елін езгіден, қызын күңдіктен, ұлын құлдықтан қорғаған батырлары көп болған. Сонау заманда Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай сынды батыр бабаларымыздан басталатын ерлік істер кешегі Желтоқсан оқиғасына дейін жалғасты. Олардың күрес жолдары мен ерен ерліктерінің бәрі Тәуелсіздік, ел, жер үшін болды. Осы жолда көптеген ер азаматтар тер төгіп, өз жандарын құрбан етті.
Аналарымыз жесір, сәбилеріміз жетім қалып, ақ жүздерін қайғы жасы жуып, ащы зары мен мұңы дүниені күңірентті. Күрес жолында халқымыздың басынан өткерген небір қиындықтар мен қасіреттер, ерлеріміздің ерлігі тарихқа жазылып, халық есінде мәңгілік сақталып қалды. 
Туады ерлер ел үшін, 
Өлмейді ісі мәңгілік. 
Өшпейді абзал есімдер, 
Ұрпаққа жетіп мәңгілік, - деп ақын ағамыз Жұбан Молдағалиев жырлағандай, батыр ағалары-мыздың есімдері, ерліктері жас ұрпақ санасында мәңгілік сақталатынына сенемін. 
Қазіргі таңда біз, Тәуелсіз елдің жас өрендері үлкен күрес жолымен келген Тәуелсіздігімізді, елдігімізді көзіміздің қарашығындай сақтап, еліміздің жарқын болашағы үшін өнегелі тәрбие, терең білім алып, аянбай еңбектенуіміз қажет. 
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жеткен жетістіктеріміз бен табыстарымыз ұшан-теңіз. Әлем жұрты мойындаған іргелі ел болдық. Мұның бәрі Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен халқымыздың қажырлы еңбегінің арқасы. Біз осының бәрін қадір тұтып, қастерлеуіміз қажет. 
Біз - бақытты ұрпақпыз. Осы бақытымызды, шаттық күндерімізді бағалай, құрметтей білейік! Тәуелсіз Қазақстан мәңгі жасасын! Еліміз гүлдене, көркейе берсін!

 

Ұрпақтары ұмытпайды

Неменеңе жетістің, бала батыр? 
Қариялар азайып бара жатыр, 
Бірі мініп келместің кемесіне, 
Бірі күтіп әнеки жағада тұр. 
                                                    М. Мақатаев 
Адам баласы үшін соғыстан асқан кесапат жоқ. Соғыс! Жалғыз ауыз сөз. Бірақ қандай қорқынышты?! Соғыс дегеніміз – қайғы – қасірет , қантөгіс, өлім – жетім.Соғыс дегеніміз – күн сайын туған – туыстан , жақын – жорадан, қарулас досыңнан айырылу.
Соғыстың әуелі Финляндия шекарасында басталғаны белгілі. Сол соғысқа қатысқан жауынгерлердің ішінде менің атам - Мадырбаев Рахмет Копейұлы да бар. Отан алдындағы әскери борышын өтеген 1939 – 1946 жылдар арасында небір қиыншылықты басынан кешіріп, соғыс біткен соң еліне аман оралғандардың бірі. 
Ол кісінің қолынан тастамайтын шағын қобдишасы болатын.Оның ішінде соғыс кезінде жазған, оқ пен оттың, өлім мен өмір жолында жүріп , еліне , туған – туыс, бауырларына деген сағынышын , өзінің басынан кешкен киыншылық кезеңдерді өлеңмен өрнектеген шағын қолжазбасы бар екен. Беттері сарғайған осы парақтар өмір бойы төл құжатындай сақталып келіпті. Бұл қолжазба туралы: «Кейінгі буынға сол сұрапыл соғысты баян ете отыра , жүректен шыққан шумақтарымды ұсындым. Бұл – мен үшін сол кездің шежіресі. Әр адамның өз тарихы бар ғой. Менің тарихымның естен кетпес тұстары – Отан қорғау жылдарым еді», - дегені әлі есімде.Қолжазбаға мына өлең шумақтары тізіліпті: 
         Жүргенімде қуанышпен қамданып, 
         Керек – жарақ заттарымды қолға алып, 
         Жиырма екінші сағатанда қырық бірдің 
         Батыстан дауыл соқты долданып. 
         Таң алдында сағат бесті соққанда 
         Жынды неміс сылтау тапты жоқтан да, 
         Тұтқиылдан тыныш жатқан самарқау 
         Шекараға келіп салды ойранды. 
Шындыққа  жаны құмар атам кезінде 9 мамыр мерекесін қатты жақсы көрді.Бұл күні ол омырауына барлық ордендері мен медальдарын тағып , балаларына , немерелеріне соғыс туралы естеліктерін айтудан жалықпайтын. 
«Ер бақыты ел қолында, ел бақыты ерлер қолында» , - деп батыр ағамыз Бауыржан Момышұлы айтып кеткендей, ардагерлер – Қазақстан халқына бейбітшілік , тыныштық , береке , бақыт орнатқандар. 
9 мамыр Жеңіс күні - әр адамды толқытатын ерекше , аса қастерлі де айтулы күн .Сондықтан осы Ұлы мерекені ерекше қабылдаймын. 
Сұрапыл соғысты бастан өткеріп, бізді жеңіске жеткізген ата –бабаларымызды, сол жылдарда қиындыққа төзіп, тылдағы ауыр жұмыстарды атқарып,сонысымен Жеңіс күндерін жақындатқан аналарымызды да мақтан тұтамыз. Жеңімпаз әкелердің, достық пен татулықты қастерлеген аға буынның жалғасы екенімізді ардақ тұтамыз. Бақытты күндер мен шуақты таңдарды әперген барша ардагер аталарымыз бен аналарымыздың алдында  басымызды иеміз. 
Аспанымыз ашық, еліміз аман, бейбіт заман  болсын,- деп тілей отырып, өзімнің жүрекжарды жырыммен шығармамды аяқтағым келеді. 
Жеңіс күнін ардагерлер әперген, 
Желбіретіп қызыл туды көтерген. 
Туған елін жау қолында қалдырмай, 
Ерлікпенен ер парызын өтеген. 
Он сегізде соғыс атты от кешкен, 
Жараланып, жас денесін оқ тескен. 
Аталарым, ардагерлер, болшы аман, 
Зейнетін көр бейнетіңнің мол кешкен.

Ответить

Другие вопросы из категории

көксерек әңгімесінің кейіпкері:

А) Құрмаш
В) Асқар
С) Cұлтан
D) Болат
E) Жанат

Пожалуйста напишите перевод! Для моего сочинения "Как я провел лето":Лето начиналось с того что мы с моим другом катались на велосипеде.Потом начались

очень жаркие дни и я пошел в бассейн на две недели.Дальше мои родители вместе со мной поехали в Караганду.В Караганде мы остановились у бабушки и ездили к ней на дачу, чтобы собирать помидоры и малину.Я с родителями потом поехал домой в Астану.Дальше родился мой братик Искандер.Мне очень понравилось лето!

Читайте также

ПОМОГИТЕ ПЕРЕВЕСТИ ТЕКСТ С КАЗАХСКОГО НА РУССКИЙ

( БОЛЕЕ ПОПОНЯТНЕЙ ПОЖАЛУЙСТА)

Аттары болдырып, шөлдеп-шөліркеп келе жатқан жолаушылардың алдынан бір топ атты қыз-келіншек көрінеді. Ол топтың ішінде Данагүл дейтін кедейдің қызы да бар еді. Жалғыз көк шолақ атына мініп, байдың қыздарымен тойдан қайтқан беті еді деседі.- Әй, апайлар, тоқтаңыздар, аттарыңыздың басын тартыңыздар. Жоғары жақтан бір қатар аттылар келе жатыр, алдынан кесе-көлденең өтіп кетпейік. Үлкендердің алдынан кесіп ету дұрыс болмайды. Олар ел қорғайтын, жер қорғайтын ерлер. Кім біліпті, араларында ақылы асқан ақылман, данышпан қариялары бар шығар, ашулы, арынды батырлары бар шығар. Шарапат жақсылығы тиер, үлкен кісілердің батасын алып, алғысына бөленейік. Апалар, аттарыңыздың басын тартыңыздар, тосып тұралық. Атты ер кісілер алдымыздан кесіп өтсін. Сонан соң жүрсек те ауылымызға жетерміз, — деді Данагүл.Қызыл-жасыл киген қыздар жол кеспей иіріліп тұрып қалды. Топ алдындағы Төле би мұны алыстан көріп, байқап келе жатыр. Қызыл-жасыл киген қыздардың деңгейіне жетіп алдарынан өтіп, біраз жерге ұзап кеткен соң, қасындағы жолдастарының біреуіне:- Анау алдымызды кеспей кейіндеп қалған балаларды шақырып келші, - деді. Ол шауып барып, қыздарды шақырып келді. Жақындай бергенде Данагүл атынан түсіп жаяулап:- Апалар, бәріңіз де аттан түсіңіздер. Жаяу барып сәлем берелік. Үлкен кісілерге атпен тасыраңдап жетіп барып сәлем бергеніміз ұят.Бұл кісілер ешуақытта да кездеспейтін кісілер. Жолымыз болады екен, - деді.

1. Махамбет Өтемісұлының туған жылын белгілеңіз.

A) 1846 ж.
B) 1835 ж.
C) 1904 ж.
D) 1865 ж.
E) 1804 ж.
2. «Қырық мысал», «Маса» жинақтарының авторын белгілеңіз.
A) А.Байтұрсынұлы.
B) Ш.Құдайбердіұлы.
C) М.Жұмабаев.
D) Ж.Аймауытов.
E) М.Дулатов.
3. «Өткен күндер» жинағының авторын анықтаңыз.
A) С.Сейфуллин.
B) Ж.Жабаев.
C) Ғ.Мүсірепов.
D) Б.Майлин.
E) І.Жансүгіров.
4. «Құлагер» поэмасының кейіпкерін көрсетіңіз.
A) Ақан сері.
B) Күйші.
C) Мардан.
D) Қарашаш.
E) Мәмбет.
5. М. Мақатаевтың қызмет еткен қаласын табыңыз.
A) Атырау қаласы.
B) Алматы қаласы.
C) Ақтау қаласы.
D) Павлодар қаласы.
E) Орал қаласы.
6. Аңыз кейіпкеріне айналған жырауды табыңыз.
A) Доспамбет.
B) Жиренше.
C) Жиембет.
D) Қазтуған.
E) Асан қайғы.
7. Асанның:
’’Ердің құны болса да,
Алдыңа келіп қалған соң,
Қол қусырып барған соң,
Аса кеш те, қоя бер,’’- деген өлеңінде не туралы айтылғанын анықтаңыз.
A) Дәстүр, салт мәселесі.
B) Жер мәселесі.
C) Кешірімділік.
D) Достық.
E) Қамқорлық.
8. 19-ғасырда Орыс жағрафиялық қоғамының толық мүшесі болған қазақты анықтаңыз.
A) Ы. Алтынсарин.
B) А. Байтұрсынов.
C) М. Тынышбаев.
D) Ш. Уәлиханов.
E) Х. Досмұхамедов.
9. Ы. Алтынсарин ұйымдастырған тұңғыш мектеп қай жылы, қай қалада ашылғанын белгілеңіз.
A) 1865 ж. Қостанайда.
B) 1864 ж. Торғайда.
C) 1865 ж. Орынборда.
D) 1863 ж. Ырғызда.
E) 1866 ж. Омбыда.
10. Абайдың бес асыл іс пен бес дұшпанды саралаған өлеңін табыңыз.
A) «Интернатта оқып жүр».
B) «Қалың елім, қазағым...»
C) «Әсемпаз болма әрнеге».
D) «Жасымда ғылым бар деп...»
E) «Ғылым таппай мақтанба».
11. Шәкәрім шығармасын табыңыз.
A) "Ақбілек".
B) "Батыр Баян".
C) "Қалқаман-Мамыр".
D) "Оянған өлке".
E) "Абай жолы".
12. «Шоқпыттың шаруасы» өлеңінің авторын табыңыз.
A) Б.Майлин.
B) С.Сейфуллин.
C) І.Жансүгіров.
D) Ж.Жабаев.
E) С.Мұқанов.
13. Ғ. Мүсіреповтің «Ер ана» әңгімесіндегі кейіпкерді табыңыз.
A) Нағима.
B) Ақлима.
C) Мәрзия.
D) Қапия.
E) Наталья.
14. Қарақалпақ жерінде туған қазақ ақынын табыңыз.
A) Т.Айбергенов.
B) Т.Молдағалиев.
C) Қ.Мырзалиев.
D) М.Шаханов.
E) А.Бақтыгереева.
15. Тасқа жазылған көне дастандарды табыңыз.
A) ’’Диуани лұғат ат-түрік’’.
B) ’’Құдатғу біліг’’.
C) ”Күлтегін”, ’’Тоныкөк’’.
D) ’’Мұхаббат-наме’’.
E) Қорқыт ата.
16. Желаяқ, Таусоғар, Саққұлақ атты кейіпкерлер қандай ертегіде кездесетінін анықтаңыз.
A) "Ұшқыш кілем".
B) "Адам жеңбес Айыртөс батыр".
C) "Ер Төстік".
D) "Керқұла атты Кендебай".
E) "Аяз би".
17. Айтысқа түсетін ақынның бірден бастырмалатып, қарсыласының апшысын қуыра, сескендіре сөйлейтінінің себебін көрсетіңіз.
A) Елдің көңілін аудару амалы.
B) Айтыстың бір шарты.
C) Шабыт шақыру мақсаты.
D) Қарсыласын жеңіп кетудің амалы.
E) Асқақ ақын екенін дәріптеу жолы.

переведите пожалуста ток нормально"""" дүниеде өлмейтін үш нәрсе бар,ол-ұстаздық,шаруашылық,саудагерлік.Ұстаз болу үшін білім керек.Білімі бар кісі ғана

басқаға сабақ бере алады.Шәкірті бар кісінің ісі өлмек емес.Екінші, шаруашылық тілін білсең,тілдей жерден жылдық қорек табасың.Ұстай білсең,бір малың жүз малға тұратыны бар.Сондықтан шаруашылықтың тетігін тапқан адам қор болмайды.Үшінші- саудагерлік.Саударгелік жер танытады,ел танытады.

ПОМОГИТЕ ПЕРЕВЕСТИ ТЕКСТ С КАЗАХСКОГО НА РУССКИЙ

( БОЛЕЕ ПОПОНЯТНЕЙ ПОЖАЛУЙСТА)

Аттары болдырып, шөлдеп-шөліркеп келе жатқан жолаушылардың алдынан бір топ атты қыз-келіншек көрінеді. Ол топтың ішінде Данагүл дейтін кедейдің қызы да бар еді. Жалғыз көк шолақ атына мініп, байдың қыздарымен тойдан қайтқан беті еді деседі.- Әй, апайлар, тоқтаңыздар, аттарыңыздың басын тартыңыздар. Жоғары жақтан бір қатар аттылар келе жатыр, алдынан кесе-көлденең өтіп кетпейік. Үлкендердің алдынан кесіп ету дұрыс болмайды. Олар ел қорғайтын, жер қорғайтын ерлер. Кім біліпті, араларында ақылы асқан ақылман, данышпан қариялары бар шығар, ашулы, арынды батырлары бар шығар. Шарапат жақсылығы тиер, үлкен кісілердің батасын алып, алғысына бөленейік. Апалар, аттарыңыздың басын тартыңыздар, тосып тұралық. Атты ер кісілер алдымыздан кесіп өтсін. Сонан соң жүрсек те ауылымызға жетерміз, — деді Данагүл.Қызыл-жасыл киген қыздар жол кеспей иіріліп тұрып қалды. Топ алдындағы Төле би мұны алыстан көріп, байқап келе жатыр. Қызыл-жасыл киген қыздардың деңгейіне жетіп алдарынан өтіп, біраз жерге ұзап кеткен соң, қасындағы жолдастарының біреуіне:- Анау алдымызды кеспей кейіндеп қалған балаларды шақырып келші, - деді. Ол шауып барып, қыздарды шақырып келді. Жақындай бергенде Данагүл атынан түсіп жаяулап:- Апалар, бәріңіз де аттан түсіңіздер. Жаяу барып сәлем берелік. Үлкен кісілерге атпен тасыраңдап жетіп барып сәлем бергеніміз ұят.Бұл кісілер ешуақытта да кездеспейтін кісілер. Жолымыз болады екен, - деді.

Берілген мақал-мәтелдерді қолданып, "Ой түбінде асыл қазына бар" тақырыбында еркін пікір жазыңыздар.

Жақсы әке - жаман балаға қырық жылдық ризық.
Ер тынысы - еңбек, ез тынысы - ермек.
Ерегіскен ел болмайды, есептескен дос болмайды.
Батамен ел көгереді, жаңбырмен жер көгередію.

56 балл беремін.



Вы находитесь на странице вопроса "ер ушин бир максат бар, арекет кылмак ел ушин шыгарма", категории "қазақ тiлi". Данный вопрос относится к разделу "5-9" классов. Здесь вы сможете получить ответ, а также обсудить вопрос с посетителями сайта. Автоматический умный поиск поможет найти похожие вопросы в категории "қазақ тiлi". Если ваш вопрос отличается или ответы не подходят, вы можете задать новый вопрос, воспользовавшись кнопкой в верхней части сайта.