Статистика
Всего в нашей базе более 4 327 663 вопросов и 6 445 978 ответов!

стихотворение "Отан"

5-9 класс

Loktaevamariya 11 июня 2013 г., 6:26:28 (10 лет назад)
Рейтинг
+ 0 -
0 Жалоба
+ 0 -
NataOTEX
11 июня 2013 г., 7:22:30 (10 лет назад)

Отан ( родина )

 

Бақытты боп жүргенім

Сенің арқаң, Ұлы Отан.

Елім менің –тірегім,

Құшағында гүл атам.

Шығысыңнан арайлы,

Күліп атқан құба таң.

Сенен бақыт тарайды

Баршамызға Ұлы Отан.

 

Сарқылмайтын қуатым,

Тірегімсің сен, Отан.

Мәңгі соғып тұратын

Жүрегімсің сен, Отан!

+ 0 -
ангелочек141
11 июня 2013 г., 9:00:11 (10 лет назад)

 Мұқағали Мақатаев

Отан.

Отан!!
Отан!
Сен болмасаң, не етер ем?
Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем,
Өмірден бұл өксуменен кетер ем.
Құс ұясыз,
Жыртқыш інсіз болмайды.
Отансыз жан өмірінде оңбайды.
Өзін-өзі қорлайды да, сорлайды.
Тірі адамға - сол қайғы!
Күн көреді,
Әкесіз де, анасыз,
Өмір сүрер.
Әйелсіз де, баласыз,
Ал Отансыз -
Нағыз сорлы панасыз?
Білесің бе,
Отанның сен не екенін?
(Екі өмір жоқ, әрине, жоқ екі өлім.)
Екі Отан жоқ.
Жалғыз Отан - мекенің!

Ответить

Читайте также

блин срочна нада помогите......что в это стихотворении говорится о чем только на русском. Сөз басы Бір қүдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды

көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры, Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық! Оқысаңыз, балалар, Шамнан шырақ жағылар. Тілегенің алдыңнан, Іздемей-ақ табылар. Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық! Мал дәулеттің байлығы Бір жүтасаң жоқ болар. Оқымыстың байлығы, Күннен-күнге көп болар, Еш жүтамақ жоқ болар. Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Сиса көйлек үстіңде, Тоқуменен табылған... Сауысқанның тамағы, Шоқуменен табылған... Өнер-білім бәрі де, Оқуменен табылған. Кел, балалар, оқылық. Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық! Надандықтың белгісі — Еш ақылға жарымас. Жайылып жүрген айуандай, Ақ, қараны танымас. ...Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық! Оқу деген шыны-ды, Тұрған сайын шыныққан... Оқу білген адамдар, Май тамызған қылыштан... Білмегенді білуге, Есті бала тырысқан, Есер бала ұрысқан. Кел, балалар, оқылық. Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық! Әлпештеген ата-ана Қартаятын күн болар. Қартайғанда жабығып, Мал таятын күн болар. Ата-енең қартайса — Тіреу болар бұл оқу, Қартайғанда мал тайса — Сүйеу болар бүл оқу. Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық. Оқу білген таниды Бір жаратқан қүдайды, Танымаған қүдайды Неғылғанда ұнайды... Шырағым адам болғай деп, Ата-енең жылайды. Баладан қайыр болмаса, Баланы неге сұрайды. Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық!

отан проскланять по подежам
Отан үшін жан пида шығарма


Вы находитесь на странице вопроса "стихотворение "Отан"", категории "қазақ тiлi". Данный вопрос относится к разделу "5-9" классов. Здесь вы сможете получить ответ, а также обсудить вопрос с посетителями сайта. Автоматический умный поиск поможет найти похожие вопросы в категории "қазақ тiлi". Если ваш вопрос отличается или ответы не подходят, вы можете задать новый вопрос, воспользовавшись кнопкой в верхней части сайта.