Статистика
Всего в нашей базе более 4 326 003 вопросов и 6 443 782 ответов!

қыс туралы шығарма жазыңдаршы плиз

1-4 класс

Evgsem33 06 сент. 2015 г., 0:29:41 (3 года назад)
Рейтинг
+ 0 -
0 Жалоба
+ 0 -
QWERTY54565
06 сент. 2015 г., 2:41:43 (3 года назад)

Қыс- керемет кез. Қыста әр түрлі ойын ойнауға болады. Мысалы: аққала жасауға болады, қармен әр түрлі жануарлар істеуге болады. Қыста қар жауады. Сол қардың сықырлайтыны маған ұнайды. Қыс ап-ақ қарға оранылған. Мен қыс мезгілін өте ұнатамын!

+ 0 -
Psixo1og
06 сент. 2015 г., 3:45:54 (3 года назад)

Қыстың желтоқсан жұлдызы. Қар көптен жауып, нағыз қыс болды. Күн әбден қысқарған. Күннің көзі көрінсе де жылынбайды. Өзенді, көлді мұз қаптап, жұрт үстімен жүре бастады. Қалың қардан шөптің басы көрінбейді. Қыс күні аяз күшті болып, үскірік борандар да аз емес. Орман қарайған, ішінде қүстарды көре алмайсың, қоян күндіз жасырынып, түнде ғана жүгіріп жас ағаштарды кеміріп жүр. Иелері жылы қораға шөп салып бағып-қақса да, қысты күні үй хайуандарына да бапсыз. Адамның өзі де суықтан қорғанып үй салып, жылы киім киіп, үйлеріне от жағып, дәйім жұмыстарынан қала алмайды. Қыстыгүні жылқышыларға бек қиын: қандай суық борандарда күні-түні далада жүргені, қасқырдан бір қорқып, бораннан екі қорқып, бейшараларда тіпті рақат жоқ. Жалтаң аяз көбінің беттерін қарыған. Шилі бет байғұстар желге де қарсы қарай алмайды. Сабаққа мезгілімен жүретін баланың да ертеңгі аяз есінен көпке дейін шығатын емес.

Дереккөзі: http://www.zharar.com/kz/shygarma/1565-winter.html?Like
© www.ZHARAR.com

+ 0 -
далида
20 дек. 2016 г., 16:38:12 (2 года назад)

қыста қар жел боран аяз болады.қыста балалар қардан мүсін жасайды.Қыста жаңа жыл болады ал жаңа жылда Аяз ата келеді.Сыйлықбереді

+ 0 -
далида
20 дек. 2016 г., 16:50:50 (2 года назад)

Қыс. Бұл мезгілде адамдар табиғаттың құпиясын, ерекше бір ұмытылмас сәттерін тамашалайды. «Қыстың көзі қырауда» деген халқымыздың тамаша сөзі осы бір мезгілді айна-қатесіз баяндап тұрғандай немесе Абайдың «ақ киімді, денелі, ақ сақалды…» деп келетін өлең жолдары да қыстың басқа жыл мезгілдерінен ерекшелігін паш етеді. Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Әр маусымға тән сейіл-серуені де болады. Жазда адамдар суға шомылып, күнге қыздырынса, қыста шаналарын арқалап, биік жоталарға, таулы қыраттарға бет түзейді. Дала төсінде қолдан сырғанақ жасайтын қызықты сәттер де – өз алдына бір әңгіме. Барлығы қыстың суықтығын емес, бейнебір жылы нұрын, ыстық тартар сәулесін тауып алғандай қуанысады. Биік қыраттан төмен қарай аппақ қардың үстінде ізін қалдыратын шанасымен ызғиды. Қаңтар айының алғашқы күндері, міне, осындай қуанышты шақтарға толы. Қыстың ғажайып ұмытылмас шақтары адам жанына шуағын шашып, нұрын төге түскендей, осындай көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын мезгілдің кереметтері туралы сайысымызды бастаймыз.

+ 0 -
Шахизада Сабина
22 дек. 2016 г., 13:29:11 (2 года назад)

Рахмет🎁с новым годом!!!❄⛄🐓🐔

+ 0 -
Умник1
02 янв. 2019 г., 17:36:00 (7 месяцев назад)

Кыс мезгили-салкын

Ответить

Читайте также

ҚЫС ТУРАЛЫ ШЫҒАРМА ЖАЗУ КЕРЕК
Өздеріңмен бірге жүрген оқушылардың жақсы оқитыны туралы Өте зейінді оқушы деген атпен шағын шығарма жазыңдар.

Тірек сөздер Алғыр.өте тиянақты.аса ұғымтал.әп-әдемі.тап-таза.мұнтаздай.кайырымды.жолдастарына тым беделді.мұғалімдер.тиянақты орындайды.жақсы қөреді.ата-анасы.мақтаныш.қоғамдық жұмыс.белсенді оқушы.мақтау қағазы.мейрам кездер.өте сезімтал,сергек.

"Қысқы тіршілік" шығарма жазу
бас қалам астана туралы шығарма


Вы находитесь на странице вопроса "қыс туралы шығарма жазыңдаршы плиз", категории "қазақ тiлi". Данный вопрос относится к разделу "1-4" классов. Здесь вы сможете получить ответ, а также обсудить вопрос с посетителями сайта. Автоматический умный поиск поможет найти похожие вопросы в категории "қазақ тiлi". Если ваш вопрос отличается или ответы не подходят, вы можете задать новый вопрос, воспользовавшись кнопкой в верхней части сайта.