Статистика
Всего в нашей базе более 4 327 663 вопросов и 6 445 977 ответов!

Жіктеу, сілтеу, сұрау, өздік, жалпылау, болымсыздық есімдіктеріне әрқайсысына екі сөйлем керек) Ертерек рахмет!

5-9 класс

14mara 03 нояб. 2014 г., 14:16:10 (9 лет назад)
Рейтинг
+ 0 -
0 Жалоба
+ 0 -
Radik1
03 нояб. 2014 г., 16:11:40 (9 лет назад)

Жіктеу есімдіктері. Мен ауылға бармақшымын. Асығып келген ол отыра қалды. 
Сілтеу есімдіктері. Осы кітапты көп іздедім. Сонау қырдың астында біздің ауыл жатыр. 
Сұрау есімдіктері. Есімдіктің неше түрі бар? Ауылдан қашан қайтасың?
Өздік есімдігі. Өзімнің туған жеріме жер жетпейді. Әр ана үшін өз баласы алтыннан да қымбат. 
Жалпылау есімдіктері. Барлық бала сырғанақ тебуге аттанды. Қолындағы алмасын бәріне теңдей бөліп берді. 
Болымсыздық есімдіктері. Ешбір адам өз Отанына ешқашан қастандық жасамау керек. Ештеңеге көңіл аудармаған Сәбит үнсіз қалпында сыртқа шығып кетті. 
Белгісіздік есімдіктері. Алыстан біреу қол бұлғайды. Әлдеқайдан "алақайлаған" дауыс естілді. 

Ответить

Читайте также

1. Буын үндестігіне бағынбайтын біріккен сөзді табыңыз. A) Көкшетау B) Қызылорда C) Қарақұрт D) Тасбақа E) Орынбор *** 2. Дұрыс жазылмаған сын есімді

көрсетіңіз. A) Көкілдір B) Сарғылт C) Көктеу D) Жасылырақ E) Жақсылау *** 3. Етістіктің болжалды келер шақ түрін табыңыз. A) Көрер B) ***Көрмекпіз C) Көрме D) Көрді E) Көрген 4. Етістікті сөз тіркесін табыңыз. A) Үйге кел B) ***Он күн C) Әдемі қыз D) Өтімді сөз E) Келер күн 5. Қосарлама қос сөзді көрсетіңіз. A) келін-кепшік B) ығы-жығы C) шай-пай D) өзіне-өзі E) бетпе-бет *** 6. Кейінді ықпалды табыңыз. A) Бейсенбай B) Тастай қатты C) Айжан D) Сағындық E) Қырманнан қайтты *** 7. Көп мағынаға ие бола алатын сөзді көрсетіңіз. Марат домбыраның құлағын бұрап берді. A) Құлағын B) Бұрап C) Марат D) Домбыраның E) Берді *** 8. Антоним сөздерді көрсетіңіз. A) Аштық - тоқтық B) Ән шырқау-ән салу C) Көктем - жазғытұры D) Шыбын - шіркей E) Аға - әке *** 9. Сілтеу есімдіктерінің септелген түрін көрсетіңіз. A) Соған, онысына B) Оқыған, ойнар C) Сызғыш, құрал D) Мен, сен E) Бірдей, кейбір *** 10. Болымсыз етістікті сөзді көрсетіңіз. A) Оқымады B) Барды C) Келді D) Жаттау E) Жүгірген *** 11. Қиыса байланысып тұрған тіркесті табыңыз. A) Мен сөйлеймін B) Ауылға бару C) Асанның кітабы D) Алтын сағат E) Қызық әңгіме *** 12.Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінетінін анықтаңыз. A) Төрт B) Б ес C) Екі D) Алты E) Үш *** 13. Үндестік заңына бағынбай тұрған сөзді анықтаңыз. A) Екібастұз B) Баянауыл C) Астана D) Өскемен E) Қарағанды *** 14. Етістіктің шартты рай түрінде тұрған сөзді табыңыз. A) Емделсе B) Айтқан-ды C) Отырып кеткен D) Жазып алған E) Келді *** 15. Етістіктің болжалды келер шақ түрін табыңыз. A) Қарармын B) Қарама C) Қарағансың D) Қарадым E) Қарамақпын ***

1. Буын үндестігіне бағынбайтын біріккен сөзді табыңыз. A) Көкшетау B) Қызылорда C) Қарақұрт D) Тасбақа E) Орынбор *** 2. Дұрыс жазылмаған сын есімді

көрсетіңіз. A) Көкілдір B) Сарғылт C) Көктеу D) Жасылырақ E) Жақсылау *** 3. Етістіктің болжалды келер шақ түрін табыңыз. A) Көрер B) ***Көрмекпіз C) Көрме D) Көрді E) Көрген 4. Етістікті сөз тіркесін табыңыз. A) Үйгекел B) ***Он күн C) Әдемі қыз D) Өтімді сөз E) Келер күн 5. Қосарлама қос сөзді көрсетіңіз. A) келін-кепшік B) ығы-жығы C) шай-пай D) өзіне-өзі E) бетпе-бет *** 6.Кейінді ықпалды табыңыз. A) Бейсенбай B) Тастай қатты C) Айжан D) Сағындық E) Қырманнан қайтты *** 7. Көп мағынаға ие бола алатын сөзді көрсетіңіз. Марат домбыраның құлағын бұрап берді. A) Құлағын B) Бұрап C) Марат D) Домбыраның E) Берді *** 8.Антоним сөздерді көрсетіңіз. A) Аштық - тоқтық B) Ән шырқау-ән салу C) Көктем - жазғытұры D) Шыбын - шіркей E) Аға - әке *** 9. Сілтеу есімдіктерінің септелген түрін көрсетіңіз. A) Соған, онысына B) Оқыған, ойнар C) Сызғыш, құрал D) Мен, сен E) Бірдей, кейбір *** 10. Болымсыз етістікті сөзді көрсетіңіз. A) Оқымады B) Барды C) Келді D) Жаттау E) Жүгірген *** 11.Қиыса байланысып тұрған тіркесті табыңыз. A) Мен сөйлеймін B) Ауылға бару C) Асанныңкітабы D) Алтын сағат E) Қызықәңгіме *** 12.Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінетінін анықтаңыз. A) Төрт B) Б ес C) Екі D) Алты E) Үш *** 13. Үндестік заңына бағынбай тұрған сөзді анықтаңыз. A) Екібастұз B) Баянауыл C) Астана D) Өскемен E) Қарағанды *** 14.Етістіктің шартты рай түрінде тұрған сөзді табыңыз. A) Емделсе B) Айтқан-ды C) Отырыпкеткен D) Жазыпалған E) Келді *** 15. Етістіктің болжалды келер шақ түрін табыңыз. A) Қарармын B) Қарама C) Қарағансың D) Қарадым

1. «А,о,ұ,ы» қандай дыбыстар екенін көрсетіңіз.

A) Езулік.
B) Қысаң.
C) Еріндік.
D) Жуан.
E) Ашық.
2. Мақалды толықтырыңыз. « ... – адамның арқауы».
A) Ас. B) Нан. C) Сүт. D) Су. E) Ет.
3. Дұрыс жазылған сөзді көрсетіңіз.
A) Жабаевтің.
B) Жабаевта.
C) Жабаевте.
D) Жабаевті.
E) Жабаевіңіз.
4. Бір отбасындағы 2 ұл бір-біріне кім болатынын табыңыз.
A) Қарындас.
B) Нағашы.
C) Апалы-сіңлілі.
D) Ата-әже.
E) Ағалы-інілі.
5. Әркім, әрқашан, әрне есімдіктің қай түрі екенін белгілеңіз.
A) Болымсыздық.
B) Сұрау.
C) Белгісіздік.
D) Өздік.
E) Жіктеу.
6. Тура мағыналы сөзді табыңыз.
A) Жібек мінезді.
B) Қара суық.
C) Қоңыр күз.
D) Суық хабар.
E) Биік тау.
7. Сөздерге жалғанатын тиісті жұрнақтарды белгілеңіз. Асық..., қи..., жағалас..., ұмыт... .
A) –па,-ма,-па,-па.
B) –ба,-бе,-ма,-па.
C) –бе,-па,-ме,-ма.
D) –ма,-па,-пе,-ме.
E) –па,-ма,-па,-ме.
8. Тәуелді септелуді табыңыз.
A) Жүрегіме.
B) Айнаға.
C) Дүкенде.
D) Кітаптан.
E) Баламен.
9. Бастауыш пен баяндауыштан ғана тұратын сөйлем түрін табыңыз.
A) Жайылма.
B) Толымды.
C) Атаулы.
D) Жалаң.
E) Жақсыз.
10. Жақсыз сөйлемді көрсетіңіз.
A) Ертең маған кел.
B) Жеке меншікке көшті.
C) Жақсы орынға тұрғым келеді.
D) Сен фирманың бастығысың.
E) Біз серуенге шықтық.
11. Салалас құрмалас сөйлемді белгілеңіз.
A) Күн бұлтты болды, бірақ жаңбыр жаумады.
B) Төле би 17 ғасырда өмір сүрген.
C) Үй іші жым-жырт.
D) Мен мұғаліммен бірге құрбыма бардым.
E) Раушанның қалаға келгеніне үшінші күн болғанда, жиналыс ашылды.
12. «Медеу» мұз айдыны орналасқан қаланың атауын белгілеңіз.
A) Қостанай. B) Көкшетау. C) Алматы. D) Қызылорда. E) Астана.
13. Түбір сөзді табыңыз.
A) Жұмыссыз.
B) Отты.
C) Ұрды.
D) Дауысқа.
E) Бала.
14. Тиісті сан есімді қойыңыз.
Мың жолдас жақсы,
Мың жолдастан ... жолдас жақсы.
A) Бес. B) Бірінші. C) Мыңдай. D) Бір. E) Үштен екі.
15. Бастауышы тәуелдік жалғауында тұрған сөйлемді табыңыз.
A) Келе жатқан үшеу екен.
B) Інім маған көмектесті.
C) Нұрлан мектепте оқиды.
D) Біз Қазақстанда тұрамыз.
E) Ертең жаңбыр жауады.
16. Сөйлемде қимыл-әрекеттің жай-күйін, мезгілін, мекенін білдіретін тұрлаусыз мүшені көрсетіңіз.
A) Пысықтауыш.
B) Толықтауыш.
C) Баяндауыш.
D) Анықтауыш.
E) Бастауыш.
17. «Ұқыпты» сөзіне мағыналас сөзді табыңыз.
A). Жақсы. B) Салақ. C) Лас. D) Қысқа. E) Тиянақты.
18. Мемлекеттік тудағы қыран құс ненің белгісі екенін атаңыз.
A) Тыныштықтың.
B) Бостандықтың.
C) Бейбітшіліктің.
D) Тазалықтың.
E) Адалдықтың.
19. Сұраулық шылауды көрсетіңіз.
A) Сыпайы болу керек, өйткені ол – мәдениеттілік белгісі.
B) Ол ертең сен арқылы хабарласады.
C) Біз бүгін оқимыз, сендер ше?
D) Олар циркке қашан барады?
E) Қыс басталды, бірақ аяз жоқ
20. Қыс айларын табыңыз.
A) Маусым, шілде.
B) Қазан, тамыз.
C) Қаңтар, ақпан.
D) Мамыр, қыркүйек.
E) Наурыз, сәуір.
21. Тиісті сөзбен толықтырыңыз. Екіге екі қосса … болады.
A) Екі. B) Төрт. C) Үш. D) Бір. E) Бес.
22. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз.
« ... болам десең, бесігіңді түзе».
A) Ел. B) Ұстаз. C) Бала. D) Ата-ана. E) Адам.
23. Негізгі сын есімді көрсетіңіз.
A) Жазғы.
B) Сусыз
C) Бойшаң.
D) Терең.
E) Көйлек.
24. Ойлауға үйрететін қазақ халқының ұлттық ойынын табыңыз.
A) Қыз қуу.
B) Ақсүйек.
C) Тоғызқұмалақ.
D) Ханталапай.
E) Бәйге.
25. Жылдың қай мезгілі: Құстар жылы жаққа ұшады.
A) Жаз. B) Күз. C) Қыс. D) Қаңтар. E) Ақпан.

Помогите с тестом по казахскому!!!!

1-нұсқа
1. Заттың дәмін білдіретін сөзді атаңыз.
А) Алыс В) Ақылды С) Үлкен Д) Қара Е) Тәтті
2. Сын есімді табыңыз.
А) Доп. В) Аспан. С) Қарлығаш. Д) Көрпе. Е) Қызыл.
3. Сын есім болмайтын сөзді табыңыз.
А) Көз. В) Ұзын. С) Кең. Д) Ақымақ. Е) Көк.
4.Зат есімнен сын есім жасап тұрған жұрнақты табыңыз.
А) Кішкене төбешік. В) Малды ауыл. С) Биіктеу адам. Д) Сыпайы бала. Е) Баспахана үйі.
5. Күрделі сын есімді табыңыз.
А) Қызыл ала. В) Көкшіл. С) Қара. Д) Қызылдау. Е) Әдемі.
6. Сапалық сын есімді көрсетіңіз.
А) Ынталы. В) Киелі. С) Тамаша. Д) Білімді. Е) Атақты.
7. Арман сөзіне тіркес бола алатын сын есімді көрсетіңіз.
А) Биік. В) Көк. С) Таза. Д) Ширақ. Е) Ашық.
8. Сын есім нені білдіретінін көрсетіңіз.
А) Заттың атын В) Заттың іс-қимылының мекенін С) Заттың іс-қимылының мезгілін Д) Заттың қимылын Е) Заттың түр-түсін
9. Қатыстық сын есімді көрсетіңіз.
А) Пырақ. В) Алтын. С) Жаңбырлы. Д) Қос. Е) Бейне.
10.Туынды сын есімді табыңыз.
А) Тауың. В) Таумын. С) Таулы. Д) Тауға. Е) Таулар.
11. Дұрыс тіркескен сөзді табыңыз.
А) Семіз өзен. В) Тәртіпті ой. С) Жуас кітап. Д) Әдеби тіл. Е) Тәтті ауыл.
12. Сын есімді сөз тіркесін көрсетіңіз.
А) Адамды қуанту. В) Адамның өмірі. С) Алты адам. Д) Адал адам. Е) Адам үшін.
13. Күрделі сын есімді табыңыз.
А) Көк. В) Сары ала. С) Қызық. Д) Жасыл. Е) Сұлу.
14. Қатаң дауыссыз дыбыстан тұратын сын есімді көрсетіңіз.
А) Үлкен. В) Әдемі. С) Жабайы. Д) Қысқыш. Е) Дәмді.
15. Қандай? сұрағына жауап беретін сөзді табыңыз.
А) Рәміз. В) Тағдыр. С) Арман. Д) Мерекелік. Е) Дастарқан.
16. Сын есімді табыңыз.
А) Қайық. В) Бұрын. С) Ырық. Д) Бұйрық. Е) Жарық.
17. Күрделі сын есімді табыңыз.
А) Таза. В) Тұнық. С) Шыдамды. Д) Ұзақ. Е) Орта бойлы.
18. Сын есімді табыңыз.
А) Келді. В) Тәтті. С) Айтты. Д) Көшті. Е) Көкті.
19. Досыңның мінезіне сәйкес сөзді табыңыз.
А) Түзу. В) Жуан. С) Жіңішке. Д) Биік. Е) Мейірімді.
20. Негізгі сын есімді табыңыз.
А) Ақылды. В) Жарық. С) Жібектей. Д) Салмақты. Е) Судай.
21. Туынды сын есімді табыңыз.
А) Терең. В) Қызыл. С) Қызық. Д) Таулы. Е) Әдемі.
22. Күрделі сын есімді көрсетіңіз.
А) Қызыл қоңыр. В) Қаралау. С) Ақшылтым. Д) Көгілдір. Е) Аппақ.
23. Әлияның бойы қандай екенін белгілеңіз.
А) Қоңыр. В) Ақшыл. С) Жалғыз. Д) Сарғылт. Е) Ұзын.
24. –қы, -кі, -ғы, -гі жұрнақтары арқылы қай сөз табы жасалатынын көрсетіңіз.
А) Есімдік. В) Етістік. С) Сан есім. Д) Зат есім. Е) Сын есім.
25. «Арық ...» сөзімен тіркесетін сын есімді табыңыз.
А) Қалам. В) Аспан. С) Ағаш. Д) Қой. Е) Төсек.



Вы находитесь на странице вопроса "Жіктеу, сілтеу, сұрау, өздік, жалпылау, болымсыздық есімдіктеріне әрқайсысына екі сөйлем керек) Ертерек рахмет!", категории "қазақ тiлi". Данный вопрос относится к разделу "5-9" классов. Здесь вы сможете получить ответ, а также обсудить вопрос с посетителями сайта. Автоматический умный поиск поможет найти похожие вопросы в категории "қазақ тiлi". Если ваш вопрос отличается или ответы не подходят, вы можете задать новый вопрос, воспользовавшись кнопкой в верхней части сайта.