Статистика
Всего в нашей базе более 4 327 663 вопросов и 6 445 977 ответов!

алыс. созшен. жуас. кир. жас деген создердин туракты тиркес туриндеги синонимдери мен антонимдерин айтыныздаршы

10-11 класс

Kulinchic199999 19 февр. 2017 г., 16:37:13 (7 лет назад)
Рейтинг
+ 0 -
0 Жалоба
+ 0 -
Busov9424
19 февр. 2017 г., 19:25:18 (7 лет назад)

Ғылым таппай мақтанба,Орын таппай баптанба,Құмарланып шаттанбаОйнап босқа күлуге,Бес нәрседен қашық бол,Бес нәрсеге асық бол,Адам болам десеңіз. Тілеуің, өмірің алдыңда,Оған қайғы жесеңіз.Өсек, өтірік, мақтаншақ,Еріншек, бекер мал шашпақ -Бес дұшпаның білсеңіз.Талап, еңбек, терең ой,Қанағат, рақым ойлап қой -Бес асыл іс көрсеңіз. Жамандық көрсең нәфритлі,Суытып көңіл тыйсаңыз.Жақсылық көрсең ғибрәтлі,Оны ойға жисаңыз.Ғалым болмай немене,Балалықты қисаңыз?Болмасаң да ұқсап бақ,Бір ғалымды көрсеңіз.Ондай болмақ қайда деп,Айтпа ғылым сүйсеңіз. Сізге ғылым кім берер,Жанбай жатып сөнсеңіз?Дүние де өзі, мал да өзі,Ғылымға көңіл берсеңіз.Білгендердің сөзінеМахаббатпен ерсеңіз.Ақыл сенбей сенбеңіз,Бір іске кез келсеңіз.Ақсақал айтты, бай айтты,Кім болса мейлі, сол айтты -Ақылменен жеңсеңіз. Надандарға бой берме,Шын сөзбенен өлсеңіз.Аят, хадис емес қой,Күпір болдың демес қой,Қанша қарсы келсеңіз.Көп орында көріне айтпа,Біздің сөзге ерсеңіз.Мұны жазған кісінің Атын білме, сөзін біл! Осы жалған дүниеденШешен де өткен не бұлбұл,Көсем де өткен не дүлдүл.Сөз мәнісін білсеңіз,Ақыл - мизан, өлшеу қыл.Егер қисық көрінсе,Мейлің таста, мейлің күл.Егер түзу көрінсе,Ойлап-ойлап, құлаққа іл. Ақмақ көп, ақылды аз,Деме көптің сөзі бұл.Жақынның сөзі тәтті деп,Жақыным айтты дей көрме.Надандықпен кім айтса,Ондай түпсіз сөзге ерме,Сізге айтамын, қауіпім - бұл.Өзің үшін үйренсең,Ашыларсың жылма-жыл,Біреу үшін үйренсең,Білгеніңнің бәрі -тұл. Сөзіне қарай кісіні ал,Кісіге қарап сөз алма.Шын сөз қайсы біле алмай,Әр нәрседен құр қалма.Мұны жазған білген құл,Ғұламаһи ДауаниСолай депті ол шыншыл.Сөзін оқы және ойла,Тез үйреніп, тез жойма,Жас уақытта көңіл - гүл. 

Ответить

Другие вопросы из категории

Читайте также

Привет всем! срочно нужен перевод текста на русский язык. Заранее большое спасибо!

Осы мақсатпен Сұлтанмахмұт 1912 жылы Троицк қаласына барады. Онда Ахун Рахманқұли деген татардың медресесіне түседі. Бірақ Сұлтанмахмұт мұнда ұзақ оқи алмайды. Тұрарға үй таппай, әрі қаражаты болмай көп қиыншылық көрген Сұлтанмахмұт ауруға шалдығады. Қатты жүдеп-жадайды. Соның салдарынан медреседе қыс бойы ғана оқып, жазғытұрым Троицк маңындағы бір ауылға бала оқытуға кетеді. Ондағы ойы – бала оқыта жүріп, денсаулығын көтеріп, қаражат жинап алып, қайта оқу іздеу болады. Мектептен бос кезінде ол өзі ізденіп оқиды, өлеңдер жазады. Сұлтанмахмұттың бұл кезде жазған өлеңдерінен оқу-білімге деген құмарлық айқын байқалады. Жас ақын өз талабын бүкіл ел қажеті, халық мүддесі тұрғысынан түсіндіреді. Халықтың қараңғылықтағы күйден шығуы үшін өнер-білімнің қажет екенін айтар ағартушылық идеяға көтеріледі. Өзінің бұл тақырыптағы алғашқы өлеңдерін Сұлтанмахмұт қазақ жастарына арнайды. «Оқып жүрген жастарға» өлеңінде ол лирикалық кейіпкер атынан сөйлеп, оның оқуға деген ынтасы мен келешекке сенімін бейнелейді. Өлеңде ынталы жас ұрпақтың өнер-білім игерсек, өмірден керегімізді аламыз деген сенімі айқын берілген. Сұлтанмахмұт оқудың мақсатын халыққа пайдалы қызмет ету міндетімен байланыстырады. «Талиптерге» (шәкірттерге) атты өлеңінде ол замандастарына: «Ұйқы басқан миллатынды көр, соларды оят, ілгері баста, ол үшін өнер-білім үйрен» деп ашық үгіт айтады. Осы идеяны ақын «Оқуда мақсат не?» деген өлеңінде тереңдетіп, оқудың мақсаты – молда болып, ескілікті бағу емес, әкім болып, шен тағу да емес, өнер табу, халыққа пайдалы іс істеу деп түсіндіріледі. Өлеңде сондай жолды қуушыларды кекете сынау сарыны бар. «Жемтік көрсе тістей қататын» молданың арам мінезі мен «тілмаш боп, жем табуға» ұмтылушыларды ол жек көреді. «Қандай» 1912 жылы жазылған өлеңінде Сұлтанмахмұт қазақ халқының мәдениетке ұмтылмай, ұйқыда жатқанын шендестіре жырлайды. Ағын су мен ақпайтын судың бірдей еместігі сияқты, бір орнында тұрған мен жүргеннің де айырмасы бар, тұрмалық, алға басалық дейді. Мұнда да діни оқу мен орыс оқуын қарсыластыру бар. Қазақ халқының түбіне жеткен ескі оқуға ақын айрықша шүйлігеді. Сұлтанмахмұттың ағартушылық өлеңдерінің бас қаһарманы көбіне өзі («Ендігі бет алыс», «Туған еліме» т.б.), енді бірде зор үмітпен жоқ іздеген жастар болып отырады. («Оқып жүрген жастарға», «Талаптыларға»). Халықты батыс мәдениетіне жеткізуші де солар болуға тиіс. Жүре-келе «Шығамын тірі болсам» (1913), «Шәкірт ойы» (1917) деген өлеңдерінде ол өнер-білім идеясын үлкен романтикаға айналдырады. Ол кезде ақын оқу-білімді халықты надандық пен құлдықтан құтқарудың бірден-бір жолы деп түсінген, бұл идея мен тақырыпты шын жүректен толғанып жырлаған. Өлеңдерінің іші толған өмір тынысы, халық талабы. Қазақ феодалдарының бір тірегі шала сауатты молда-қожа, қажы-ишандар болған. Ислам идеологиясы мен тәжірибесіне бір жақты ден қойып қана қоймай, халықты прогреске жеткізу мүмкін емес еді. Осы үлкен халықтың мәселені Сұлтанмахмұт аса мол жырлаған. «Дін» (1910), «Соқыр сопы» (1911), «Айт» (1914), «Мағынасыз мешіт» (1912), «Шұбар қожа» (1920) деген өткір де сатиралық өлеңдерінде халыққа кері әсер жасап келген құбылыстардың бірі дүмшелер екенін айтады. «Айт» деген шығармасында ақын діннің байлар табының құралына айналғанын айтады. Айт, ораза, намаз ислам идеологиясымен байланысты дін мейрамы, әдет-ғұрпы болғандықтан, Сұлтанмахмұт бұлардың бәрін де ескіліктің шырмауы ретінде сынайды.

Прошу перевести текст, по предложениям. Шілде Жаз өтіп, шілде жетті. Шілдеде күн ұзын, түн қысқа . Күннің ыстығ

ы сонша күшті, тастар мен құмдар қызып кетеді. Шілдеде піспеген шөп қалмайды. Мінілмеген, жұмысқа салынбаған мал семіріп, желідегі құлындар ғана жүдеген. Қымыз мол, қозы піскен. Ел жайлауда бірін – бірі қонақ қылып, қазақ салты өз алдына бір қызық. Қыз ұзатса, ұл туса, той болып, жұрт жиналып, ат шауып, күрес болады.

Осы кезде қазақ бұрынғыдай алысқа көшпейді. Бұрын жердің еркін шағында жүз елу, екі жуз шақырым жерлерге жайлап кетеді екен. Үлкендер сол күндерін осы күні қатты сағынып сөз қылысады. Шөп шабатын мезгіл де жетті. Бозбалалар жайлаудың қызығын қия алмай ерініп әрең шығады. Қазақ шөпті бел орақпен шабады. Машина жаңа ғана тарап келеді. Оқудағы балалар да жаздай қымыз ішіп тынығып, енді сабаққа баратын күндерін санап жүр.

Перевидите пожалуйста. Желсіз түнде жарық ай,

Сәулесі суда дірілдеп,
Ауылдың жаны терең сай,
Тасыған өзен күрілдеп.

Қалың ағаш жапырағы
Сыбырласып өзді-өзі,
Көрінбей жердің, топырағы,
Құлпырған жасыл жер жүзі.

Тау жаңғырып, ән қосып
Үрген ит пен айтаққа.
Келмеп пе едің жол тосып
Жолығуға аулаққа?

Таймаңдамай тамылжып,
Бір суынып, бір ысып,
Дем ала алмай дамыл қып,
Елең қағып, бос шошып.

Сөз айта алмай бөгеліп,
Дүрсіл қағып жүрегі,
Тұрмап па еді сүйеніп,
Тамаққа кіріп иегі?



Вы находитесь на странице вопроса "алыс. созшен. жуас. кир. жас деген создердин туракты тиркес туриндеги синонимдери мен антонимдерин айтыныздаршы", категории "қазақ тiлi". Данный вопрос относится к разделу "10-11" классов. Здесь вы сможете получить ответ, а также обсудить вопрос с посетителями сайта. Автоматический умный поиск поможет найти похожие вопросы в категории "қазақ тiлi". Если ваш вопрос отличается или ответы не подходят, вы можете задать новый вопрос, воспользовавшись кнопкой в верхней части сайта.