Статистика
Всего в нашей базе более 4 327 663 вопросов и 6 445 978 ответов!

Помогите пожалуйста.. Расскажите что такое Есімдік. всё о этом!

5-9 класс

Dreamwhisper 11 апр. 2016 г., 19:09:15 (8 лет назад)
Рейтинг
+ 0 -
0 Жалоба
+ 0 -
Ириска180401
11 апр. 2016 г., 21:29:23 (8 лет назад)

Есімдіктер - заттың 

+ 0 -
Motuo
11 апр. 2016 г., 23:29:00 (8 лет назад)

Есімдіктер - заттың атын, сынын, санын, я олардың аттарын білдірмейтін, бірақ солардың (зат есім, сын есім, сан есімдердің) орнына жұмсалатын сөз табы. [1] Есімідіктер белгілі бір түсінікті я ойды жалпылама түрде мегзеу арқылы білдіреді. Есімдіктердің нақтылы мағыналары өздерінен бұрын айтылған сөйлемге немесе жалпы сөйлеу аңғарына қарай айқындалады. [2]Мағыналарына қарай есімдіктер мынадай топтарға бөлінеді:

1. жіктеу есімдіктер; 2. сілтеу есімдіктер; 3. сұрау есімдіктер; 4. өздік есімдіктер; 5. белгісіздік есімдіктер; 6. болымсыздық есімдіктер; 7. жалпылау есімдіктері;

Жіктеу есімдіктері

Жіктеу есімдіктеріне мен, сен, сіз, ол, біз (біздер), сендер, сіздер, олар деген сөздер жатады.

Жіктеу есімдіктері үнемі жақтық ұғыммен байланысты келеді. Сол себептен олар ылғи адаммен байланысты, демек, сөйлеуші, тыңдаушы және бөгде кісі деген ұғымдармен байланысты қолданылады. [3]

Есімдіктердің де септеу жүйесі басқа есімдерімен негізінде бір ізді болғанымен, олардың әр тобына тән кейбір ерекшеліктері де жоқ емес. Мысалы, жіктеу есімдіктерінің жекеше түрлері төмендегінше септеледі:

Атау мен сен ол Ілік менің сенің оның Барыс маған саған оған Табыс мені сені оны Жатыс менде сенде онда Шығыс менен сенен онан (одан) Көмектес менімен сенімен онымен

Бұл үлгіден, басқа есімдерге қарағанда, жіктеу есімдіктерінің ерекшелеу септелетіні көрінеді. Бірақ бұл ерекшелік олардың көпше түрлеріне және сіз деген есімдіктерде кездеспейді, соңғылар (сіз, біз, сендер, сіздер) септеу жағынан басқа есімдерге ұқсас келеді.

Сілтеу есімдіктері

Сілтеу есімдіктеріне бұл, осы, сол, анау, мынау, сонау, осынау, ана, мына, сона, әні, міне деген сөздер жатады. Бұл есімдіктер негізінен алғанда, сілтеу, көрсету, нұсқау сияқты ишараттарды білдіріп, қай? қайсы? деген сұрауларға жауап беретін аттрибутивтік сөздер.

Сұрау есімдіктері

Сұрау есімдіктері мыналар: кім? не? неше? қай? қандай? қанша? қалай? қашан?

Бұлардан басқа да бірнеше сұрау есімдіктері бар, бірақ олар - белгілі жолдармен жоғарыда көрсетілген негізгі сұрау есімдіктерінен жасалған есімдіктер.

Өздік есімдік

Қазақ тілінде өздік есімдікке жалғыз ғана өз сөзі жатады. Бұл есімдік көбінесе өзім, өзің, өзіңіз, өзі, өзіміз, өздеріңіз деген сияқты оңаша және ортақ тәуелдеулі түрде қолданылады.

Белгісіздік есімдіктері

Белгісіздік есімдіктер деп мағыналары жағынан заттар мен құбылыстарды нақтылы түрде білдірмей, белгісіз мәнде айтылатын сөздерді айтамыз.

Белгісіздік есімдіктердің жасалауына бір, әр, әлде деген үш сөз ұйытқы болып қызмет атқарады, белгісіздік есімдіктер осы сөздердің кейбір басқа есімдіктермен бірігуі арқылы жасалады. Мысалы:

1. Біреу, кейбіреу, кейбір, қайсыбір, әрбір, бірнеше, бірдеме (бірнеше). 2. Әркім, әрне, әрқайсы, әрқалай. 3. Әлдекім, әлдене, әлдеқайдан, әлденеше, әлдеқалай, әлдеқашан (алдақашан).

Болымсыздық есімдіктері

Болымсыздық есімдіктер негізінде еш деген сөзбен кейбір есімдіктердің бірігуі арқылы жасалады. Мысалы: еш, ешкім, ешбір, ештеме, дәнеңе, ешқашан, ешқандай, ешқайсы. Болымсыздық сөйлемде болымсыздық мағына білдіретін емес, жоқ деген сөздермен және етістіктің болымсыз түрімен байланысты қолданылады (ешкім айтқан емес; ешкім айтқан жоқ; ешкім айтпады т. б.).

Жалпылау есімдіктері

Жалпылау есімдіктері деп мағына жағынан кем дегенде екі я онан көп заттар мен құбылысатарды жинақтай атау үшін қолданылатын сөздерді айтамыз.

Жалпылау есімдіктеріне бәрі, барлық, барша, бар (бар адам), күллі, бүкіл, түгел деген сөздер ғана жатады. [4]

Ответить

Другие вопросы из категории

етегін баспа- мағынасы
дастарқан таза, мінсіз ... болуы тиіс. ... дастарқанның түсіне жэне өрнектеріне қарап таңдау керек. Тәрелкенің сол жағына - ... , ал оң жағына тек ...

пен ... қойылады. ... түсі мен түрі істелді безендірудің басқа элементтеріне сәйкес мұқыят таңдалуы тиіс. Гүлдерден жасалған композиция сіздің үстеліңізге ... береді

слова для справок: майлықтардың, қасық, үтіктелген, шанышқылар, сән, ыдыс-аяқты, пышықтыр

помогите пожалуйста

Читайте также

ПОЖАЛУЙСТА ПЕРЕВЕДИТЕ И ВЫБЕРИТЕ ВЕРНЫЙ ВАРИАНТ реттік сан есімді табыңыз а) біреу б) бірінші с) бір-брден қай сан нақты санды

білдірмей тұр

а) екіден б)үшінші с)отыздай

Қате жазылған сан есімді табыңыз

а) 22-наурыз б) 2010 жылы с) ХХғасыр

Топтау сан есім қай септіктің жалғауымен жасалады

а) барыс в)шағыс с)табыс

"Нешінші?" деген сұраққа жауап беретін санды табыңыз

а) бестерде б)бесінші с) бес-бестен

Транспорт түрін табыңыз

а)тікұшақ б)тотықұс с)ғарышкер

Мамандық атауын табыңыз

а) жүргізуші б)кеме с)желкенді қайық

1)объясните пожалуйста После завтра КОНТРОЛЬНАЯ!!!! что такое туйык етистик на русском и приведите пример ( на казахском) 2) что такое ундестик заны

приведите пример. 3) что такое осы шак, откен, шак, ауыспалы шак приведите пример. 4) что такое етистиктин райлары

Помогите, пожалуйста!

Нужно срочно написать сочинение по казахскому языку на тему: сурет галереясына барғым келеді, а у меня никаких идей нет. Помогите, пожалуйста.

Помогите пожалуйста составить диалог используя эти вопросы.

-Сіз шахмат ойнайсыз ба?
-.......
-Шахматшылардың финалдық жарысы қашан?
-.......
-Кездесуге кім төрелік етеді?
-.......
-Кездесу қалай аяқталады?
-........
-Бұл жаман нәтиже емес. Кім жеңіп
шықты?
-.........
Помогите пожалуйста.



Вы находитесь на странице вопроса "Помогите пожалуйста.. Расскажите что такое Есімдік. всё о этом!", категории "қазақ тiлi". Данный вопрос относится к разделу "5-9" классов. Здесь вы сможете получить ответ, а также обсудить вопрос с посетителями сайта. Автоматический умный поиск поможет найти похожие вопросы в категории "қазақ тiлi". Если ваш вопрос отличается или ответы не подходят, вы можете задать новый вопрос, воспользовавшись кнопкой в верхней части сайта.