Статистика
Всего в нашей базе более 4 327 663 вопросов и 6 445 978 ответов!

есімдіктері бар мақал мэтелдер

5-9 класс

нурай1 28 апр. 2015 г., 4:04:11 (9 лет назад)
Рейтинг
+ 0 -
0 Жалоба
+ 0 -
Juiceman
28 апр. 2015 г., 5:12:08 (9 лет назад)

Есимдиктер барлық мақалда болады ғой, мен сан есімі ба мақалдарды жазайын:

санға қатысты мақал-мәтелдер
Жүздің түсін білгенше, бірдің атын біл.

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар.

Семіздің аяғы – сегіз.

Алпыстағы атаңды жыққанша,
Алтыдағы атанды жық.

Он екі айда он үш той.

Алты ай баққан арықты бір түн ұрындырған өлтіреді.

Алты бала таппай ана аталмайды,
Бес бала таппай белгілі әйел болмайды.

Бір күн ашыққаннан қырық күн ақыл сұрама.

Бір күн ұрыстың қырық күндік қырсығы бар.

Жұт жеті ағайынды, жиенім сегіз.

жеті атасын білмеген ұл жетесіз.

Жеті атасын білген ұл
жеті жұрттың қамын жер.
Өзін ғана білген ұл
Құлағы мен жағын жер.

Жігітке жеті өнер де аз.

Туған да алтау едік, өле-өле жетеуміз.

Қарғыс жеті атаға жетеді.

Жеті кедей жиналғанмен ортасынан бір бай шықпас.

Кедейдің жеті қаңтары бар.

Жетім бала жеті күлшеге тоймас

Жетімге жеті бидай да тамақ,

Жетімнің қарны жетеу

Жеті қарақшыны таныған, жеті күнде адаспас.

Айла алтау, ақыл жетеу.

Қыстың соңы жеті тоғыс, көктем басы бес тоғыс.

Жігіт бір сырлы, сегіз қырлы болсын.

Алты аға бірігіп әке болмас, жеті жеңге бірігіп ана болмас.

Алты жастан жинасам асырам, жеті жастан жинасам жеткізем.

Жетелі мен іскерге жеті күннің бәрі сәтті.

Тоғыз ат бір қазыққа байланбас,

Тойған үйге тоғыз бар,

Егістікті бір рет сыйламасаң, ол сені тоғыз рет қинайды,

Тоғыз қатынның толғағы бір келді,

Тоғыз ат бір қазыққа байланбас

Екі аяқтыда бажа тату, төрт аяқтыда бота тату.

Бір ит көріп үреді,
Екі ит еріп үреді.

Бірінші байлық – денсаулық,
Екінші байлық – ақ жаулық,
Үшінші байлық – он саулық.

Елуінде – ер дана,
Елуінде – ел жаңа.

Тоқсан сөздің тобықтай түйіні бар.
Отыз тістен шыққан сөз,
Отыз руға тарайды.

Мыңның жүзін білгенше,
Бірдің атын біл.

Екі қарға таласса, бір қарғаға жем түсер.

Тоғыз қабат торқадан, тоқтышақтың терісі артық.

Бір жылға қоян терісі де шыдайды.

Аларманға алтау аз,
Берерменге бесеу көп.

Екі баланың ортасындағы шал бала болады,
Екі шалдың ортасындағы бала дана болады.

Бас екеу болмай, мал екеу болмас.

Біреуге мал қайғы, біреуге жан қайғы.
Мың қайғы бір борышты өтемейді.

Жақсы кісі қырқында толады,
жаман кісі қырқында солады

Ер бір рет өледі, ез мың рет өледі.

Жүз дімкеске бір лепес.

Бірінші әйел – шекер, екінші әйел – бекер.

Бірінші әйелді құдай қосады,
екіншісін адам қосады,
үшіншісін сайтан қосады.

Екі уыс алтын берсе, үшіншісін қоса сұра.

Біреу жаныңа жолдас,
біреу малыңа жолдас

Біреу тойып секіреді,
біреу тоңып секіреді

Ағайын – алтау, ана – біреу.

Аласыға алтау аз,
бересіге бесеу көп.

Төртеу түгел болса, төбедегі келеді,
алтау ала болса, ауыздағы кетеді.

Алтаумын деме, жетеуге жолығасың,
жетеумін деме, сегізге жолығасың.

Шындық – сегіз, бақыт егіз,

Ер- егіз, еңбек- жалғыз,

Еңбегі жанғанның тоқтысы егіз туады,
Еңбек пен бақыт – егіз

Құтты қонақ келсе, қой егіз табады

Қорқаққа қос көрінер,

Құдай бір ұрғанды қос қолдап ұрады,

Бір жебемен қос нысана оққа ұшты

p.s. мен интернеттен алған жоқпын. Мен мақалдарды бир документке жинаймын)

Ответить

Читайте также

1. Буын үндестігіне бағынбайтын біріккен сөзді табыңыз. A) Көкшетау B) Қызылорда C) Қарақұрт D) Тасбақа E) Орынбор *** 2. Дұрыс жазылмаған сын есімді

көрсетіңіз. A) Көкілдір B) Сарғылт C) Көктеу D) Жасылырақ E) Жақсылау *** 3. Етістіктің болжалды келер шақ түрін табыңыз. A) Көрер B) ***Көрмекпіз C) Көрме D) Көрді E) Көрген 4. Етістікті сөз тіркесін табыңыз. A) Үйге кел B) ***Он күн C) Әдемі қыз D) Өтімді сөз E) Келер күн 5. Қосарлама қос сөзді көрсетіңіз. A) келін-кепшік B) ығы-жығы C) шай-пай D) өзіне-өзі E) бетпе-бет *** 6. Кейінді ықпалды табыңыз. A) Бейсенбай B) Тастай қатты C) Айжан D) Сағындық E) Қырманнан қайтты *** 7. Көп мағынаға ие бола алатын сөзді көрсетіңіз. Марат домбыраның құлағын бұрап берді. A) Құлағын B) Бұрап C) Марат D) Домбыраның E) Берді *** 8. Антоним сөздерді көрсетіңіз. A) Аштық - тоқтық B) Ән шырқау-ән салу C) Көктем - жазғытұры D) Шыбын - шіркей E) Аға - әке *** 9. Сілтеу есімдіктерінің септелген түрін көрсетіңіз. A) Соған, онысына B) Оқыған, ойнар C) Сызғыш, құрал D) Мен, сен E) Бірдей, кейбір *** 10. Болымсыз етістікті сөзді көрсетіңіз. A) Оқымады B) Барды C) Келді D) Жаттау E) Жүгірген *** 11. Қиыса байланысып тұрған тіркесті табыңыз. A) Мен сөйлеймін B) Ауылға бару C) Асанның кітабы D) Алтын сағат E) Қызық әңгіме *** 12.Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінетінін анықтаңыз. A) Төрт B) Б ес C) Екі D) Алты E) Үш *** 13. Үндестік заңына бағынбай тұрған сөзді анықтаңыз. A) Екібастұз B) Баянауыл C) Астана D) Өскемен E) Қарағанды *** 14. Етістіктің шартты рай түрінде тұрған сөзді табыңыз. A) Емделсе B) Айтқан-ды C) Отырып кеткен D) Жазып алған E) Келді *** 15. Етістіктің болжалды келер шақ түрін табыңыз. A) Қарармын B) Қарама C) Қарағансың D) Қарадым E) Қарамақпын ***

1. Буын үндестігіне бағынбайтын біріккен сөзді табыңыз. A) Көкшетау B) Қызылорда C) Қарақұрт D) Тасбақа E) Орынбор *** 2. Дұрыс жазылмаған сын есімді

көрсетіңіз. A) Көкілдір B) Сарғылт C) Көктеу D) Жасылырақ E) Жақсылау *** 3. Етістіктің болжалды келер шақ түрін табыңыз. A) Көрер B) ***Көрмекпіз C) Көрме D) Көрді E) Көрген 4. Етістікті сөз тіркесін табыңыз. A) Үйгекел B) ***Он күн C) Әдемі қыз D) Өтімді сөз E) Келер күн 5. Қосарлама қос сөзді көрсетіңіз. A) келін-кепшік B) ығы-жығы C) шай-пай D) өзіне-өзі E) бетпе-бет *** 6.Кейінді ықпалды табыңыз. A) Бейсенбай B) Тастай қатты C) Айжан D) Сағындық E) Қырманнан қайтты *** 7. Көп мағынаға ие бола алатын сөзді көрсетіңіз. Марат домбыраның құлағын бұрап берді. A) Құлағын B) Бұрап C) Марат D) Домбыраның E) Берді *** 8.Антоним сөздерді көрсетіңіз. A) Аштық - тоқтық B) Ән шырқау-ән салу C) Көктем - жазғытұры D) Шыбын - шіркей E) Аға - әке *** 9. Сілтеу есімдіктерінің септелген түрін көрсетіңіз. A) Соған, онысына B) Оқыған, ойнар C) Сызғыш, құрал D) Мен, сен E) Бірдей, кейбір *** 10. Болымсыз етістікті сөзді көрсетіңіз. A) Оқымады B) Барды C) Келді D) Жаттау E) Жүгірген *** 11.Қиыса байланысып тұрған тіркесті табыңыз. A) Мен сөйлеймін B) Ауылға бару C) Асанныңкітабы D) Алтын сағат E) Қызықәңгіме *** 12.Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінетінін анықтаңыз. A) Төрт B) Б ес C) Екі D) Алты E) Үш *** 13. Үндестік заңына бағынбай тұрған сөзді анықтаңыз. A) Екібастұз B) Баянауыл C) Астана D) Өскемен E) Қарағанды *** 14.Етістіктің шартты рай түрінде тұрған сөзді табыңыз. A) Емделсе B) Айтқан-ды C) Отырыпкеткен D) Жазыпалған E) Келді *** 15. Етістіктің болжалды келер шақ түрін табыңыз. A) Қарармын B) Қарама C) Қарағансың D) Қарадым

ПОЖАЛУЙСТА ПЕРЕВЕДИТЕ И ВЫБЕРИТЕ ВЕРНЫЙ ВАРИАНТ реттік сан есімді табыңыз а) біреу б) бірінші с) бір-брден қай сан нақты санды

білдірмей тұр

а) екіден б)үшінші с)отыздай

Қате жазылған сан есімді табыңыз

а) 22-наурыз б) 2010 жылы с) ХХғасыр

Топтау сан есім қай септіктің жалғауымен жасалады

а) барыс в)шағыс с)табыс

"Нешінші?" деген сұраққа жауап беретін санды табыңыз

а) бестерде б)бесінші с) бес-бестен

Транспорт түрін табыңыз

а)тікұшақ б)тотықұс с)ғарышкер

Мамандық атауын табыңыз

а) жүргізуші б)кеме с)желкенді қайық

ПЕРЕВЕДИТЕ И ВЫБЕРИТЕ ВЕРНЫЙ ВАРИАНТ реттік сан есімді табыңыз а) біреу б) бірінші с) бір-брден қай сан нақты санды білдірмей

тұр

а) екіден б)үшінші с)отыздай

Қате жазылған сан есімді табыңыз

а) 22-наурыз б) 2010 жылы с) ХХғасыр

Топтау сан есім қай септіктің жалғауымен жасалады

а) барыс в)шағыс с)табыс

"Нешінші?" деген сұраққа жауап беретін санды табыңыз

а) бестерде б)бесінші с) бес-бестен

Транспорт түрін табыңыз

а)тікұшақ б)тотықұс с)ғарышкер

Мамандық атауын табыңыз

а) жүргізуші б)кеме с)желкенді қайық



Вы находитесь на странице вопроса "есімдіктері бар мақал мэтелдер", категории "қазақ тiлi". Данный вопрос относится к разделу "5-9" классов. Здесь вы сможете получить ответ, а также обсудить вопрос с посетителями сайта. Автоматический умный поиск поможет найти похожие вопросы в категории "қазақ тiлi". Если ваш вопрос отличается или ответы не подходят, вы можете задать новый вопрос, воспользовавшись кнопкой в верхней части сайта.