Статистика
Всего в нашей базе более 4 327 663 вопросов и 6 445 976 ответов!

помогите пожалуйста мне надо написать сочинение на казахском языке на тему жаңа жыл

5-9 класс

яфафк 19 нояб. 2015 г., 20:07:04 (8 лет назад)
Рейтинг
+ 0 -
0 Жалоба
+ 0 -
Alinka120501
19 нояб. 2015 г., 21:29:54 (8 лет назад)

Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Әр маусымның өзіне тән қызығы мен сейіл-серуені бар. Соның ішінде қыс мезгілі де өзіндік кіршіксіз аппақ қарымен, қаһарлы мінезімен, сықырлаған аязымен ерекше. Бұл мезгілде адамдар табиғаттың құпиясын, ерекше бір ұмытылмас сәттерін тамашалайды. Қара жердің бетін басқан аққұба ару сияқты үлпілдеген ақ ұлпа қар айналаға сән бергендей. Әркім бұл мезгілді асыға күтетіні рас. Бірі шаналарын арқалап, биік жоталарға, таулы қыраттарға бет түзейді. Дала төсінде қолдан сырғанақ жасайтын қызықты кездерде өз алдына бір бөлек әңгіме. Қолдарына шана сүйреген балалар, жүздері күлкіге толы адамдар барлығы бейне бір қыстың суығын емес, оның жылы нұрын, ыстық тартар сәулесін тауып алғандай қуанады. Даланың табиғаты тып-тыныш қалпынан, маужыраған күйінен серпіле түскендей күйде. Алатаудың сілемдері мен биік жоталарындағы қыс көріністері көздің жауын алады. Басында қашанда қар жататын қарт Алатау ару Алматының көркіне көрік қосып тұрғандай көрінеді. Ақындар жырға қосқан, әншілер әнге қосқан Алатау қыс мезгілінде ерекше сұлу ғой, шіркін! Қыс мезгілін тағы да асыға күтуіміздің бір себебі - Жаңа жыл. Сірә, бұл мейрамды еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін күтетіні айдан анық. Бүлдіршіндер аппақ қардан аққала жасап, шырша безендіріп, аяз ата мен ақша қарды көруге асығады. Барлығы ақ тілектерін білдіріп, сыйлықтарын береді. Қылышын сүйретіп жеткен қаһарлы қыстың бізге берер қызығы мен қуанышы көп. Осындай естен кетпес оқиғаларға толы қыс мезгілін керемет деуге толық негіз бар. Қыстың ғажайып ұмытылмас шақтары адам жанына шуағын шашып, нұрын төге түскендей, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.

Ответить

Другие вопросы из категории

Пожалуйста помогите перевисти текст с русского на казахский :

В наше время фаст-фуд и вредные напитки стали очень популярными, но они вредят организму. Возникают такие болезни как гастрит язва и т.д. И чтобы они не возникали нужно соблюдать некоторые правила. Нужно кушать три раза в день уторм, в обед и вечером. Также нужно кушать полезную еду, фрукты и овощи. Вредную еду кушать можно но очень редко. берегите себя кушайте полезную еду

ПЕРЕВЕДИТЕ ПОЖАЛУЙСТА НА КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК:

Основная традиция казахского народа- госте

Помогите перевести
"Помогите перевести текст Ол тез пісіреді, суытпай, жылы күйінде өте сіңімді әрі дәмді болады. Тілге дәмді, тіске жұмсақ, бұл дәм - қарттар мен

балалардың сүйікті асы. Ұнға жұмыртқа, қант, май, сүт қосып араластырып, сұйақ күйінде қазандағы немесе табадағы ыстық майға пісіріледі. Қазанға немесе табаға сұйық күйінде құылатындықтан, ол жұқа әрі дөңнелек болып піседі. Құймақ өте дәмді және денсаулыққа пайдалы тағам."

Читайте также

помогите нужна 15 пословиц про друга на казахском языке с переводам пр

помогите нужна 15 пословиц про друга на казахском языке с переводам прошу))))))

1) надо подобрать синоним на казахском языке.

үлкен, әдемі, ескі, тамаша, әйгілі, халық.



2) надо подобрать антонимы на казахском языке.

кең, кіші, таза, жаңа, аласа, жакын, ұзын, ірі.

помогите написать сочинение на казахском языке на тему мой домашний питомец для 5 класса

помогите пожалуйста завтра оно уже очень сильно нужно.
людиииии отзовитесь



Вы находитесь на странице вопроса "помогите пожалуйста мне надо написать сочинение на казахском языке на тему жаңа жыл", категории "қазақ тiлi". Данный вопрос относится к разделу "5-9" классов. Здесь вы сможете получить ответ, а также обсудить вопрос с посетителями сайта. Автоматический умный поиск поможет найти похожие вопросы в категории "қазақ тiлi". Если ваш вопрос отличается или ответы не подходят, вы можете задать новый вопрос, воспользовавшись кнопкой в верхней части сайта.