Статистика
Всего в нашей базе более 4 327 664 вопросов и 6 445 978 ответов!

про город Караганда

1-4 класс

00419 13 сент. 2013 г., 16:12:40 (10 лет назад)
Рейтинг
+ 0 -
0 Жалоба
+ 0 -
Алиса04052001
13 сент. 2013 г., 19:02:37 (10 лет назад)

Қарағанды қаласы - бұл индустриалдық орталық, теміржол мен әуе жолының аса маңызды торабы, ғылымы мен мәдениеті дамыған қала, көптеген туристік-экскурсиялық желістердің қайнаған ортасы. Қала 1934 жылы 10 ақпанда құрылған. Өзінің экономикалық, ғылыми және мәдени әлеуеті бойынша Қарағанды Қазақстанның жетекші орындарының бірін алады, қалада 113-тан аса ұлт өкілдерінен құралған 471,8 мың адам тұрады. Қала аумағы 497,8 шаршы метрді құрайды. Қарағандыда көмір өңдіретін ірі кәсіпорындар, машина жасау, металл өңдеу және тамақ өнеркәсібі, сондай-ақ көптеген көлік және байланыс кәсіпорындары істейді. Қала өз атын осы өңірде мол өсетін кішкене ағаштардың тұқымы қарағанға байланысты атаған (желтая акация). ХІХ ғасырда қаланың орнында ешнәрсе болмаған. 1833 жылы көмірді алғаш рет малшы бала Аппақ Байжанов тапқан. ХІХ ғасырдың аяғында көмірді алғаш рет орыс көпестері, содан кейін француздар және ағылшын кәсіпкерлері өндіре бастаған. Қаланың мәдени өмірі қызықты да көңілді. Қалада өнерді құрметтейтіндер «Шалқыма» концерт залына барады, онда классикалық музыка концерттерімен композиторлар, дирижерлар және музыканттар өнер көрсетеді. Сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтары С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театрына, К.Станиславский атындағы драма театрына, Академиялық музыкалық комедия театрына және өзінің қорында 134-810 экспонаттары бар Қарағанды облыстық тарихи өлкетану мұражайына, Экологиялық мәдениетті дамыту мен сақтауға мамандандырылған Қарағанды экологиялық мұражайына бара алады. Қала аумағында 50-дей тарихи және мәдени ескерткіштер бар: Кеншілердің мәдениет сарайы, Н.Әбдіров атындағы Спорт сарайы, «Чайка» қонақ үйі, цирк ғимараты, «Шахтер» стадионы, Н.Әбдіров, Бұқар жырау, Ғ.Мұстафин, А.Байжанов ескерткіштері, «Шахтер Даңқы», «Мәңгі алау» әскери даңқы, Ауғанстанда қайтыс болған жауынгер қарағандылықтар құрметіне арналған сәулет-мемориалдық ансамблі және басқалар.


Ответить

Читайте также

НАПИШИТЕ ПИСЬМО ДРУГУ НА КАЗАХСКОМ!

ВОТ ТЕКСТ:
Привет Милана! Как у тебя дела? Ты ходишь на виды спорта? В какой школе ты учишься? В каком городе живёшь?
Я расскажу о себе. Я живу в городе Караганда.Я учусь в 5 школе. В нашей школе 4 этажа есть.В школе нас учат готовить, петь, и заниматся спортом .Ещё нас учат разным предмета.Наша школа в городе Караганда.
НЕ ПЕРЕВОДИТЕ С ПЕРЕВОДЧИКА, КАЗАХИ ПОМОГИТЕ ПОЖАЛУЙСТА!УМОЛЯЮ! ПРОСТО МНЕ КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК ОЧЕНЬ ТЯЖЕЛО ! СПАСИБО ЗА ОТВЕТ! С ПЕРЕВОДЧИК НЕ ПЕРЕВОДИТЕ:С

Помогите перевести на казахский язык. Я родилась в городе Таразе. Это моя Родина. Наш город находится на юге Казахстана. Тараз очень древний город. Через

нас проходил Шелковый путь. Это большой промышленный центр: НДФЗ, Суперфосфатный завод, Опытно-механический завод, ГРЕС, ТЭЦ. В Таразе много достопримечательностей: музеи, памятники культуры. Это большой областной центр, здесь сосредоточены: Областная клиническая больница, Обласной диагностический центр с новейшими методами диагностики заболеваний, оказывающие медицинскую помощь жителям не только города, но и всей области. В нашем городе много университетов, институтов, коледжей, школ, детских садов. Наш город очень зелёный, климат здесь умеринно-континентальный. Я люблю свой город и надеюсь, что и в будующем он будет процветать.

переведите на казахский язык текст:

В Казахстане много больших красивых городов.В Астане есть музеи ,театры,институты.Улицы Астаны широкие,прямые.Асиана-столица Казахстана .Я прочитал книгу про Казахстан.



Вы находитесь на странице вопроса "про город Караганда", категории "қазақ тiлi". Данный вопрос относится к разделу "1-4" классов. Здесь вы сможете получить ответ, а также обсудить вопрос с посетителями сайта. Автоматический умный поиск поможет найти похожие вопросы в категории "қазақ тiлi". Если ваш вопрос отличается или ответы не подходят, вы можете задать новый вопрос, воспользовавшись кнопкой в верхней части сайта.