Статистика
Всего в нашей базе более 4 327 663 вопросов и 6 445 978 ответов!

зиянды заттардан аулак , такырыпка ангиме

10-11 класс

Sfera12 31 дек. 2014 г., 19:20:40 (9 лет назад)
Рейтинг
+ 0 -
0 Жалоба
+ 0 -
Uglovazinaida1
31 дек. 2014 г., 21:22:17 (9 лет назад)

Халқымызда «Бірінші байлық-денсаулық» деген сөз бар. Алайда, қазіргі таңда осы басты байлығымызды тұншықтырып отырған бір дерт, ол - темекіге тәуелділік. Бұл қазіргі ғана емес, болашақ ұрпақтың да денсаулығына ерекше қауіп төндіретін қатер. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне қарағанда, темекі шегудің салдарынан болатын аурулардан ХХ ғасырда 100 миллион адам көз жұмған, ағымдағы ХХІ ғасырда темекі Жер планетасының 1 миллиард тұрғынының өмірін алуы мүмкін. Жыл сайын миокард инфарктінен, инсульттен, обырдан, өкпе аурулары мен темекі тұтынумен байланысты өзге де аурулардан планетада 5 миллионнан астам адам көз жұмады және 600 000 жуық адам, оның ішінде төрттен бірін құрайтын балалар, енжар темекі шегуден қайтыс болады екен. Әлемде 90% өлім-жітімділік өкпе обырынан, 75% созылмалы бронхиттан және 25% жүректің ишемиялық аурулары темекі шегушілікпен негізделеді. Әрбір он секунд сайын планетада бір шылымқұмарпаз көз жұмады, ал 2020 жылға қарай бұл деңгей үш секундта бір адамнан қайтыс болу деңгейіне жетуі мүмкін. Мұндай қайғылы статистика Қазақстанда да кеңінен таралып отыр. Халықтың 27 пайызы немесе еліміздің әрбір төртінші тұрғыны никотинге тәуелділіктен зардап шегуде. Әсіресе, жас балалардың темекі тартатыны көңілді алаңдатады. Олардың 12 пайызы - 11 жаста, ал 5 пайызы 9 жаста темекі тартуды бастаған. Республикада 2013 жылғы сәуір айынан бастап сигарет қораптары пиктограммалармен темекішегушілікпен келетін обыр және өкпе эмфиземасы, миокард инфаркті, қол-аяқ гангренасы, белсіздік және бедеулік сияқты аурулардың фотобейнелерімен шығарылатын болады. Сарапшылар осындай шаралардан кейін бір миллионға жуық қазақстандық шылым шегуді тастайтынын болжап отыр. Бірқатар жылдар бойы Қазақстан Үкіметі халықаралық шарттарға сәйкес темекі өнімінің жарнамасын тыю, қоғамдық жерлерде, білім беру, мәдениет және денсаулық сақтау мекемелерінде темекі шегуге тиым салу сияқты жүйелі темекіге қарсы жұмыстарды атқарып келеді. Тек тыйым салумен темекішегушіліктің деңгейін төмендету мүмкін еместігі белгілі, сондықтан ата-аналар, оқытушылар, дәрігерлер бірлесе отырып темекішегушілікпен күресу бойынша кешеңді, тұрақты алдын-алу жұмыстарын жүргізіп отыру қажет. Кез-келген азамат өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, салауатты өмір салтын ұстану керек.

Ответить

Другие вопросы из категории

Қуаныш : - сувенир-базарлық көп нәрсе жайлы сыр айта алады. Ол өз Отанының дәстурлері, қазіргі кездегі олардың іске асуы, суретшілердің шеберліктері

туралы айтып береді және оны сатып алған кундер мен жағдайларды еске салады. Оны өз өлкесінің "шақыру қағазы” деп атауға болады. Қымбатта Марта ханымь, Сіз кәдесый сататын дукендерге барғыңыз келе ме? Марта : - иә. Олар қайда орналасқан? қуаныш : - "жібек жолы" бойына баралық. Марта : - оқушыларға қандай кәдесый ұнайды екен? Қуаныш : - ал өзіңізге ше? перевидите на русский язык пожалуйста

синтаксистік талдау жасау керек


Вы находитесь на странице вопроса "зиянды заттардан аулак , такырыпка ангиме", категории "қазақ тiлi". Данный вопрос относится к разделу "10-11" классов. Здесь вы сможете получить ответ, а также обсудить вопрос с посетителями сайта. Автоматический умный поиск поможет найти похожие вопросы в категории "қазақ тiлi". Если ваш вопрос отличается или ответы не подходят, вы можете задать новый вопрос, воспользовавшись кнопкой в верхней части сайта.