Статистика
Всего в нашей базе более 4 327 663 вопросов и 6 445 976 ответов!

реферат на казакском языке на тему:животные занесёные в красную книгу

10-11 класс

Son1line29 26 авг. 2014 г., 22:15:06 (9 лет назад)
Рейтинг
+ 0 -
0 Жалоба
+ 0 -
Edgi
26 авг. 2014 г., 23:24:43 (9 лет назад)

Қызыл кітап- сирек кездесетін түрлердің санының қазіргі жай- күйін көрсететін құжат.
Қазақстанның Қызыл кітабында сирек және жойылып бара жатқан түрлердің тізіміне енгізілген жабайы омыртқалылардың 87 түрінің және өсімдіктердік 303 түрінің қазіргі таралуы, санының жай- күйі, биологиясы туралы мәліметтер келтірілген.

Қызыл кітапқа ресми енгізілген өсімдіктердің 16 түрі Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының аумағында тіркелген. Алайда Алтай ботаника бағының ғылыми қызметкері б.ғ.к. Ю.А. Котуховтың жұмысының нәтижесінде сирек, осалдау және жойылып бара жатқан түр мәртебесіндегі тағы да 50 түр анықталды.
Адамдар мыңдаған жылдар бойы өсімдіктер мен жануарлар дүниесін пайдаланып келді және де өзінің жан- жақты тіршілігінде жануарлар мен өсімдіктердің пайдалы қорын қолданып ғана қойған жоқ, сонымен бірге табиғатты өзгерту арқылы көптеген түрлердің өмір сүру жағдайларына әсер етті. Табиғатқа антропогенді ықпал етудің әсерінен жер бетінде өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің жойылу процесі басталды.
Ғылыми- техникалық прогресс адамдардың қолына табиғат әлеміне әсер ететін күшті құралдар берді. Бұл құралдар қаншалықты пайдалы болса, соншалықты зиянды. Адамдар көбінесе кейде түсінбей, кейде салақтықтан табиғатты қалпына келтіру үшін ұзақ уақыт қажет болатынын ойламастан, оған қалай болса солай қарайды. Сыңсыған орманның орнындағы жанған түбірлер, су шайып өткен тау беткейлеріндегі жыртылған жерлер, ағаш ағызу кезінде ластанған өзендер. Осының бәрі сирек кездесетін көптеген бағалы аңдар мен өсімдіктердің құруына әкеп соғады.
Табиғатта пайда болған әрбір түр өзінші бірегей және ешқашан қайталанбайды, сондықтан да оның жойылуы- орны қайта толмайтын нәрсе. Және де бұл жоғалту қауымдастықтың бүтінділігі мен табиғаттағы жалпы тепе- теңдіктің бұзылуына әкеп соғады. Сондықтан да қазіргі кезде табиғатты қорғау мәселесі дүниежүзілік мәселеге айналып отыр. Бұл мәселе бүкіл әлемде маңызды мемлекеттік мәселе ретінде қаралады.

Шығыс Қазақстан облысындағы Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің тізімі
«Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген жануарлардың түрлері мен түршелерінің тізбесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы
21 тамыздағы № 1152 Қаулысы

СҮТҚОРЕКТІЛЕР
1. Жоңғар сальпинготусы 7. Тас сусары
2. Жалман 8. Шұбар күзен
3. Роборовский атжалманы 9. Түркістан сілеусіні
4. Сары алақоржын 10. Қазақстан арқары
5. Қызыл қасқыр 11. Алтай арқары
6. Сабаншы
ҚҰСТАР
1. Қызғылт бірқазан 18. Жекдуадақ 35. Жұртшы
2. Бұйра бірқазан 19. Тарғақ 36. Ақсұңқар
3. Жалбағай, қалбағай 20. Кіші шалшықшы құс 37. Ителгі
4. Қара дегелек 21. Сүйір тұмсықты шалшықшы құс 38. Лашын
5. Қоқиқаз 22. Қарабас өгіз шағала 39. Тұрымтай
6. Сұңқылдақ аққу 23. Қарамойнақ шағала 40. Үкі
7. Кіші аққу 24. Қарабауыр бұлдырық
8. Қутұмсық қаз 25. Ұбақ, қолаңтөс
9. Қызыл жемсаулы қарашақа 26. Балықшы тұйғын
10. Қара тұрпан 27. Жыланшы қыран, бүркіт
11. Дөңтұмсық тұрпан 28. Бақалтақ қыран
12. Ақбас үйрек 29. Дала қыраны
13. Алтай ұлары 30. Қарақұс
14. Ақ тырна 31. Бүркіт
15. Ақбас тырна 32. Ақиық субүркіт
16. Дуадақ 33. Аққұйрық субүркіт
17. Безгелдек 34. Сақалтай, қозықұмай

БАУЫРЫМЕН ЖОРҒАЛАУШЫЛАР
1. Шұбар батбат кесіртке 4. Шұбар кесіртке
2. Зайсан батбат кесірткесі 5. Жолақты әбжылан
3. Үлкен көз кесіртке

 

   

Ответить

Читайте также

переведите на казахский язык.

пожалуйста! не переводчиком.

Мой родной язык — русский язык. Это самый замечательный и богатый язык в мире! Русский язык помогает нам общаться с другими людьми, передавать информацию. На русском языке написано много интересных произведений.
Благодаря русскому языку мы можем грамотно разговаривать.
Наш Казахстан посещают разные национальности. Без русского языка мы была не могли понимать других людей.



Вы находитесь на странице вопроса "реферат на казакском языке на тему:животные занесёные в красную книгу", категории "қазақ тiлi". Данный вопрос относится к разделу "10-11" классов. Здесь вы сможете получить ответ, а также обсудить вопрос с посетителями сайта. Автоматический умный поиск поможет найти похожие вопросы в категории "қазақ тiлi". Если ваш вопрос отличается или ответы не подходят, вы можете задать новый вопрос, воспользовавшись кнопкой в верхней части сайта.