Статистика
Всего в нашей базе более 4 327 663 вопросов и 6 445 976 ответов!

тіл туралы шыгарма жазындарш !

5-9 класс

ммария2001 08 сент. 2015 г., 23:41:13 (8 лет назад)
Рейтинг
+ 0 -
0 Жалоба
+ 0 -
Niki08
09 сент. 2015 г., 1:13:51 (8 лет назад)

   Тіл – қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады.   Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса, да қарсы тұруы тиіс.   Ана тілі – ең басты байлығымыз. Ана тілі - ең ұлы мен тамаша тіл. Менің ана тілім - қазақ тілі. Қазақ тілі - мемлекеттік тіл. Бұл - ауыр тіл, бірақ әрбір құрметті азаматқа оны білу керек.   Ана тілі - халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі,- деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай елін, жерін сүйген әрбір азаматтың көкірегінде ана тіліне деген сүйіспеншілігінің мақтаныш сезімі болуы керек. Себебі, қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.   Тіл - ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы - оның ана тілі. Тіл - халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі - оның бақыты мен тірегі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, «мемлекеттің ең басты дүниесі тек ғана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» деген болатын.   Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық іс-қағаздары мен құжаттар мемлекеттік тілде болуы тиіс. Өйткені өркениетке құлаш ұратын елдің өрісі қашанда білікті де, саналы ұрпақпен кеңеймек. Әлемдегі мүйізі қарағайдай елдердің санатына енуді көздеген халықтың басты мақсаты да сауаты ұрпақ тәрбиелеу. Сауатты ұрпақ тәрбиелеу дегеніміз, өз ана тілінде еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген ұрпақ. Ал ана тілін жақсы білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам бола алмайсың.   Тіл тағдыры - ел тағдыры екенін ешуақытта ұмытпайық. Әрбір адам өз ана тілін білу және мемлекеттік тілін меңгеру міндетті.   Мен ана тілімен мақтанамын және мемлекеттік тілін құрметтеймін!Ең тәтті де – тіл, 
Ең ашты да – тіл, 
Ең жұмсак та – тіл, 
Ең катты да – тіл.Тіл – ұлттың жан дүниесі. 
Тіл жоқ жерде - ұлт жоқ.Тіл 
Ұлы, құдіретті; 
Көмектеседі, үйретеді, ұлықтайды; 
Біздің болашағымыз – ана тілінде! 
Рухани байлық.

Ответить

Другие вопросы из категории

Пожалйста помогите перевести на казахский задачу

Что бы сварить 8 кг варенья нужно 200 г сахара. Сколько сахара нужно что бы сварить 12 кг варенья
Заранее спасибо

ПОМОГИТЕ ПЕРЕВЕСТИ ПОЖАЛУЙСТА Это игра основанная на счете. Ее придумали чабаны. Они играли в нее сухими овечьими катышками, сейчас вместо них

применяют пластмассовые шарики. В игре участвуют двое игроков, каждый из которых имеет по 81 шарику. Правила игры: каждый игрок на лоске имеет по 9 ячеек(всего имеется 18 ячеик) В каждую ячейку кладут по 9 шариков. Игру начинают слева направо с любой ячейки. Для этого из ячейки берут все шарики кроме одного, и раскладывают их по всем ячейкам по одному. Последний шарик должен попасть в любую ячейку противоположной стороны. Если в ячейке образуется парное число шариков то игрок на чьей стороне эта ячейка собирает свой котел. все шарики из нее. затем игру продолжает противоположная сторона. Побеждает тот у кого больше шариков.Различают несколько видов игры тогызкумалак для детей такие как коздату, бесбеше.

Читайте также

Жаз туралы шыгарма

Помогите пожалуйста))

батырлар туралы шыгарма
Кандай тамаша табигат.

туралы шыгарма )
помогите )

Астага туралы шыгарма
меним отбасым туралы шыгарма


Вы находитесь на странице вопроса "тіл туралы шыгарма жазындарш !", категории "қазақ тiлi". Данный вопрос относится к разделу "5-9" классов. Здесь вы сможете получить ответ, а также обсудить вопрос с посетителями сайта. Автоматический умный поиск поможет найти похожие вопросы в категории "қазақ тiлi". Если ваш вопрос отличается или ответы не подходят, вы можете задать новый вопрос, воспользовавшись кнопкой в верхней части сайта.