Статистика
Всего в нашей базе более 4 327 663 вопросов и 6 445 977 ответов!

Люди, внимание! Прошу вас написать сочинение на казахском языке. На тему "Менiн ана тiлiм."Пожалуйста, сделайте. Мне надо срочно. Учитель меня убьет!

5-9 класс

Шестиклашка6 27 мая 2014 г., 8:34:14 (9 лет назад)
Рейтинг
+ 0 -
0 Жалоба
+ 0 -
Ntvsx
27 мая 2014 г., 11:26:56 (9 лет назад)

Тіл – қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәлімі мен тәрбиесінің негізі, қатынас құралы. Тіл болмаса сөз болмайды. Сөз болмаса адамзаттың тірлігінде мән-маңыз болмайтыны белгілі. Демек, тілдің, сөздің орны ерекше. Міне, осы орайда анатіліміз жайлы терең ойлану әрқайсымыз үшін парыз. Жыл өткен сайын ана тіліміздің мәртебесі өсіп, абыройы арта түсуде.

Тіл – халықтың жаны. Тілі құрыса, халық та жер бетінен жоғалады. Адамзат тарихында көптеген өркениетті елдердің өшіп кетуі алдымен тілді жоғалтудан басталғанын ғылым дәлелдеп отыр. Бүгінгі Қазақ қоғамындағы мәңгүрттіктің басы да өз тілін тәрк етуден туды. Ана сүті сіңбеген, бесік жырынан нәр алмаған ұлттық қасиет танасүтімен кірмейді. Тілі мен дінінен айырылған ондай жан рухани кемтарлығын, адамдық болмысын түсінбей, көлденең көк аттының қолжаулығына айналады. Ана тіліміздің тағдыры үшін күресте халқымыз қам-қарекетсіз болған емес. Жиырмасыншы жылдары тіл тәуелсіздігін ту етіп көтерген Әлихан, Ахмет, Міржақып, Мағжан, Мұхтарлар, сексенінші жылдардың аяғында бостандықтың лебі білінісімен басталған бүкілхалықтық қозғалыс соның айғағы.

ХХ ғасырдың ұлы жемісі – Қазақ халқы үшін Егемендіктің көк туы желбіреуі. Ата-бабаларымыз көксеген, армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Ендігі мақсатымыз - ұлттық рухты, түскен еңсені көтеру. Ұлттық мінез, ұлттық намыс, ана тілі жоқ жерде – ұлт та жоқ.

О, туған ана тілім! Тас бұлақтың тұнығы да сенде, ана сүтінің жұғымы да сенде, райхан гүлдің жұпары да сенде, қыран құстың жанары да сенде, назды сұлудың нәзіктігі де сенде, сахара даланың жазықтығы да сенде...

Халқымыздың аса бай рухани қазынасы – туған ана тіліміз. Ол – Қазақ тілі.

Қазақ тілі - өзінің даласындай кең пішілген жайдары да жалпақ тіл. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап еркін есіп тұрады. Қазақ тілінің биязы мақамы – домбыраның күмбір қаққан сазындай. Асқан әуезділігі – шырқап салар әндей. Туған тілбіздің бірінші бақытымыз, бірінші ырысымыз, біз сондықтан “Ана тіліміз” дейміз. Қазақтар “Ананың тілі” деп ерекше құрметтейді. Басқа тілді білу - әрине, мақтаныш. Әйтсе де өз ана тілін аяқ асты етуге болмайды.

Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте, – дейді талантты ақын Қадыр Мырза Әли ағамыз.

Анамның тілі – ардақтым менің. Адамның атасы, әкесі мен шешесі сенсің. Сен менің кішкентай кезімде әкем болып мойныңа отырғызып қуандың, ат үстінде алдыңа алып, мені көкке секірттің. Жел болып кекілімнен сипадың.

Тілім, ана тілім менің, адамзатымның тілі, сен менің анам болған кезіңде көкірегіңе жабысып, төсіңнен ақ сүтіңді емдім. Сен менің ағам, інім, әпкем, қарындасым, бауырларым болған кезіңде мен сені одан әрмен түсініп, ұғынғым келді. Адамзаттың Абай мен Мағжан сынды асқар алыптарын туғызған, әкелері мен аналары болған ұлтымыздың тірегі сенсің, туған тілім. Бірақ, менің терім “туған тілім” сен үшін ғанатөгілсін, менің өмірім сен үшін ғана өрілсін! Олай болса, ана тілімізді алдымен өзіміз құрметтейік, ардақтайық! Сонда ғана туғантіліміздің туы биіктерде желбіреп тұратын болады...

Ответить

Другие вопросы из категории

1. «А,о,ұ,ы» қандай дыбыстар екенін көрсетіңіз.

A) Езулік.
B) Қысаң.
C) Еріндік.
D) Жуан.
E) Ашық.
2. Мақалды толықтырыңыз. « ... – адамның арқауы».
A) Ас. B) Нан. C) Сүт. D) Су. E) Ет.
3. Дұрыс жазылған сөзді көрсетіңіз.
A) Жабаевтің.
B) Жабаевта.
C) Жабаевте.
D) Жабаевті.
E) Жабаевіңіз.
4. Бір отбасындағы 2 ұл бір-біріне кім болатынын табыңыз.
A) Қарындас.
B) Нағашы.
C) Апалы-сіңлілі.
D) Ата-әже.
E) Ағалы-інілі.
5. Әркім, әрқашан, әрне есімдіктің қай түрі екенін белгілеңіз.
A) Болымсыздық.
B) Сұрау.
C) Белгісіздік.
D) Өздік.
E) Жіктеу.
6. Тура мағыналы сөзді табыңыз.
A) Жібек мінезді.
B) Қара суық.
C) Қоңыр күз.
D) Суық хабар.
E) Биік тау.
7. Сөздерге жалғанатын тиісті жұрнақтарды белгілеңіз. Асық..., қи..., жағалас..., ұмыт... .
A) –па,-ма,-па,-па.
B) –ба,-бе,-ма,-па.
C) –бе,-па,-ме,-ма.
D) –ма,-па,-пе,-ме.
E) –па,-ма,-па,-ме.
8. Тәуелді септелуді табыңыз.
A) Жүрегіме.
B) Айнаға.
C) Дүкенде.
D) Кітаптан.
E) Баламен.
9. Бастауыш пен баяндауыштан ғана тұратын сөйлем түрін табыңыз.
A) Жайылма.
B) Толымды.
C) Атаулы.
D) Жалаң.
E) Жақсыз.
10. Жақсыз сөйлемді көрсетіңіз.
A) Ертең маған кел.
B) Жеке меншікке көшті.
C) Жақсы орынға тұрғым келеді.
D) Сен фирманың бастығысың.
E) Біз серуенге шықтық.
11. Салалас құрмалас сөйлемді белгілеңіз.
A) Күн бұлтты болды, бірақ жаңбыр жаумады.
B) Төле би 17 ғасырда өмір сүрген.
C) Үй іші жым-жырт.
D) Мен мұғаліммен бірге құрбыма бардым.
E) Раушанның қалаға келгеніне үшінші күн болғанда, жиналыс ашылды.
12. «Медеу» мұз айдыны орналасқан қаланың атауын белгілеңіз.
A) Қостанай. B) Көкшетау. C) Алматы. D) Қызылорда. E) Астана.
13. Түбір сөзді табыңыз.
A) Жұмыссыз.
B) Отты.
C) Ұрды.
D) Дауысқа.
E) Бала.
14. Тиісті сан есімді қойыңыз.
Мың жолдас жақсы,
Мың жолдастан ... жолдас жақсы.
A) Бес. B) Бірінші. C) Мыңдай. D) Бір. E) Үштен екі.
15. Бастауышы тәуелдік жалғауында тұрған сөйлемді табыңыз.
A) Келе жатқан үшеу екен.
B) Інім маған көмектесті.
C) Нұрлан мектепте оқиды.
D) Біз Қазақстанда тұрамыз.
E) Ертең жаңбыр жауады.
16. Сөйлемде қимыл-әрекеттің жай-күйін, мезгілін, мекенін білдіретін тұрлаусыз мүшені көрсетіңіз.
A) Пысықтауыш.
B) Толықтауыш.
C) Баяндауыш.
D) Анықтауыш.
E) Бастауыш.
17. «Ұқыпты» сөзіне мағыналас сөзді табыңыз.
A). Жақсы. B) Салақ. C) Лас. D) Қысқа. E) Тиянақты.
18. Мемлекеттік тудағы қыран құс ненің белгісі екенін атаңыз.
A) Тыныштықтың.
B) Бостандықтың.
C) Бейбітшіліктің.
D) Тазалықтың.
E) Адалдықтың.
19. Сұраулық шылауды көрсетіңіз.
A) Сыпайы болу керек, өйткені ол – мәдениеттілік белгісі.
B) Ол ертең сен арқылы хабарласады.
C) Біз бүгін оқимыз, сендер ше?
D) Олар циркке қашан барады?
E) Қыс басталды, бірақ аяз жоқ
20. Қыс айларын табыңыз.
A) Маусым, шілде.
B) Қазан, тамыз.
C) Қаңтар, ақпан.
D) Мамыр, қыркүйек.
E) Наурыз, сәуір.
21. Тиісті сөзбен толықтырыңыз. Екіге екі қосса … болады.
A) Екі. B) Төрт. C) Үш. D) Бір. E) Бес.
22. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз.
« ... болам десең, бесігіңді түзе».
A) Ел. B) Ұстаз. C) Бала. D) Ата-ана. E) Адам.
23. Негізгі сын есімді көрсетіңіз.
A) Жазғы.
B) Сусыз
C) Бойшаң.
D) Терең.
E) Көйлек.
24. Ойлауға үйрететін қазақ халқының ұлттық ойынын табыңыз.
A) Қыз қуу.
B) Ақсүйек.
C) Тоғызқұмалақ.
D) Ханталапай.
E) Бәйге.
25. Жылдың қай мезгілі: Құстар жылы жаққа ұшады.
A) Жаз. B) Күз. C) Қыс. D) Қаңтар. E) Ақпан.

загадки срочно

түк білмей барасың,
тәлімін аласың.
есейсіп кетсең де ,
қарыз боп қаласың ответ на загадку пожалуйста

переведите на казахский язык только точно

Самый известный центр развлечений – развлекательный комплекс “Duman“. Это место для отдыха всей семьей. На территории “Duman” рассоложен океанарий, современный 3D-кинотеатр, театр, игровые автоматы, аттракцион “Джунгли”, боулинг, ночные клубы, казино, гостиницы, кафе, рестораны и закрытый аквапарк.

Читайте также

помогите нужна 15 пословиц про друга на казахском языке с переводам пр

помогите нужна 15 пословиц про друга на казахском языке с переводам прошу))))))

ПЕРЕВЕДИТЕ НА КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК СРОЧНО Я обожаю игры с мячом, а больше всего люблю футбол. Это очень

интересная игра, полная азарта. Она пришла к нам из Англии, хотя еще в Древнем Египте и у индейцев майя были похожие игры с мячом. Сегодня футбол — самая распространенный вид спорта в мире. Миллионы людей занимаются им в свободное время, а поистине миллиарды смотрят мировые чемпионаты. Профессиональные игроки, звезды футбола, стали кумирами целых народов. Этот вид спорта развивает скорость, сообразительность, точность реакции и выносливость. Футболисты очень закаленные люди, ведь они гоняют мяч на свежем воздухе с ранней весны до поздней осени. Футбол является командной игрой и развивает сплоченность и командный дух. А больше всего меня привлекает непревзойденный азарт этой игры! Я сам тоже играю в футбол. С весны до осени мы гоняем мяч на спортплощадке и школьном стадионе. А зимой я занимаюсь футболом в крытом зале спортивного комплекса. Я еще не побывал на больших стадионах и на знаменательных матчах. Ходил. Но когда я вырасту, то обязательно поеду на серьезный чемпионат и увижу игру футболистов высокого класса.

ПЕРЕВЕДИТЕ НА КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК

СРОЧНО

Срочно!!! Помогите написать сочинение на казахском языке на тему "киім туралы", завтра утром уже сдавать работу, срочно, надо успеть. Примерно от 6 до 10 п

редложений. Заранее спасибо! Даю 25 баллов... Убедительная просьба, не переводить сочинение через переводчики...

Можете написать сочинение на казахском языке как я провел лето или просто перевести этот текст:

Скоро начнется лето. И все мои друзья поедут в разные города и страны. Но я наверное останусь у себя в родном городе или поеду к сестре на некоторое время. А когда все приедут мы будем играть во дворе, ходить в походы, ездить на реки и озера. Мне кажется что это лето пройдет лучше остальных.



Вы находитесь на странице вопроса "Люди, внимание! Прошу вас написать сочинение на казахском языке. На тему "Менiн ана тiлiм."Пожалуйста, сделайте. Мне надо срочно. Учитель меня убьет!", категории "қазақ тiлi". Данный вопрос относится к разделу "5-9" классов. Здесь вы сможете получить ответ, а также обсудить вопрос с посетителями сайта. Автоматический умный поиск поможет найти похожие вопросы в категории "қазақ тiлi". Если ваш вопрос отличается или ответы не подходят, вы можете задать новый вопрос, воспользовавшись кнопкой в верхней части сайта.