Статистика
Всего в нашей базе более 4 327 663 вопросов и 6 445 978 ответов!

Ыбырай Алтынсарин шағын әңгіме шебері эпиграф

10-11 класс

Alenka256 27 марта 2015 г., 1:53:07 (9 лет назад)
Рейтинг
+ 0 -
0 Жалоба
+ 0 -
ЮныйФизик1
27 марта 2015 г., 2:31:45 (9 лет назад)

Әр заман, тарихи әр кезең әлеуметтік құбылыстар өзінің дарынды өкілдерін жарыққа шығарып отыратыны мәлім.Олар елдің мұң – мұқтажын көре біліп, халқының сол мұқтажына перзеттік махаббаттын арнаған, туған халқының

игілігі үшін бар күш жігерін жұмсаған ардақты азамат ретінде халық тарихынан орын алып отырған. Мұндай азаматтардың игілікті дәстүрлері ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып, елдің тарихи, мәдени өміріне елеулі ықпал етіп келген.

Қазақ халқының тарихында аса көрнекті орын алған сондай тұлғалардың бірі - Ыбырай Алтынсарин. Ол жаңашыл, дарынды ағартушы ғана емес, халқымыздың теңіздей толқып тасыған інжу – маржан жырларын жақсы біліп, еңбегіне арқау еткен. Сүйтіп, өзі өмір сүрген дәуірдің мұрат- мүдделеріннің кәдесіне, ұрпақ тәрбиесіне жарата білген тұлға.

Ал оның заманы тарихтың бір аумалы – төкпелі кезеңі болған еді. Өйткені ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламадан кейін-ақ енді қазақ жеріне Ресей патшалығының сұғы қадалып, жаулауы басталған-ды.Қазақ халқы небір зорлық- зомбылық, зобалаңды басынан өткізіп жатты.

Намысқа шапқан қазақ батырлары бастаған азаттық жолындағы күрестер біріне- бірі жалғасқан еді.

Исатай - Махамбет, Кенесары - Наурызбай, Сырым батыр, Едіге, Есет пен Бекет, Жанғожа, Сұраншы- Саурық тәрізді батырлардың есімі қазақ тарихында алтын әріппен жазулы...

Ауыр заманда білім алып, ат жалын тартып мінгесін-ақ Ыбырай Алтынсарин білім ұранын көтерді. Елді қорлықтан құтқаратын, игілікке бастайтын тек білім деп есептеді. Бұл ретте ол жалғыз болған жоқ. Байтақ Қазақстанның әр өңірінен ұлт басына төнген қауіпті терең сезініп, ұлттық құлдыраудан құтылудың жолдарын көрсеткендер болды.

Солардың ішінде ұлы Абайдың орны ерекше.

Абай мен Ыбырайдың ақындық,ағартушылық енбектері бірін –бірі толықтырып, үндесіп жатты.Олардың бұл үндестігін терең зерттеп дәлелдеген ғұлама жазушы Мұқтар Әуезов болды.

Ыбырай Алтынсарин өзі ашқан мектептерде ана тілінің таза оқытылуына көңіл бөліп, тілашар ретінде халықтың ауыз әдебиетін пайдаланып, өзі де ұрпақ тәрбиесіне арналған әдеби шығармалар жазды.Сол әдеби шығармалары арқылы тіршіліктің өзекті мәселерін көтеруге бет бұрды. Ол қазақтың жазба әдебиетінің, әдеби тілінің негізін қалаушылрдың бірі болды.Әдебиетке тың тақырыптар әкеліп, озық ойлар негізді. Шиеленіскен тартыстар,соны бейнелер, бұрын болмаған жанрлар арқылы әдебиетті мазмұн жағынан ғана емес, түр жағынан да дамытты.

Оның мазмұнды да мағыналы әсем лирикалық өлеңдері, қысқа да әсерлі әңгімелері қазақ әдебиетінің тарихында өшпес орын алады.

Ыбырайдың әдеби еңбектерінің жинағы "Қазақ христоматиясы" (1879) ағартушылық мақсатта жазған әйгілі екі өлеңмен ашылыды.Ақын бұл өлеңдерді өз кезінде "Сөз басы" деген атпен алған.Қазір бұл өлеңдер "Кел, балалар,оқылық", "Өнер-білім бар жұрттар" деген атаулармен мәлім. Ол халық ағарту ісіне арнаған әдеби туындыларын да оқу- білімді насихаттаудың ұтымды әдісінің қажеттігін көрсетті.Оқу білімнен кенже тұрған халық үшін ғылым мен техниканың жетістіктерін насихаттай алатын қысқа көлемдегі поэтикалық шығармалардың айрықша ұтымды екенін,әсерін терең сезінді, сенді.Қазақ жастарын білім алуға,мәдениеттің жаңа дәстүрлерінигеруге,бойға сіңіруге шақырды.

"Кел, балалар,оқылық"өлеңінде ақын қазақ ауыз әдебиетінің дәстүрлерін шебер пайдаланып,білім мен надандықты, жақсылық пен жамандықты қатар алып, салыстырып отырды.

1) Істің болар қайыры

Бастасаңыз алдалап.

Оқымаған жүреді

Қараңғыны қармалап.

2) Надандықтың белгісі-

Еш ақылға жарымас...

Жөн білмеген адамға

Қыдыр ата дарымас...

Бұл "өлеңнің айрықша құндылық қасиеттерінің бірі- оның халық дәстүрі,халықтың ұғым өлшемі негізінде жазылғандығында",- деп атап көрсетеді.ғалым Ә:дербісалин "Ы.Алтынсариннің әдеби мұралары" деген еңбегінде. Мысалы мал байлығын салыстыру,білмсіз,еңбексіз байлықтың баянсыздығы т.б.

Ал "өнер- білім бар жұрттар" өлеңінде сол тұстағы ғылым мен техниканың ең басты жаңалықтары толық қамтылып, өнер мен білімгеқолы жеткен халықтың экономикалық жағынан озықтығын әр салада көрсетеді.("Сарай салғызды", "Айшылық алыс жер", "Көзіңді ашып жұмғанша", "Құстай ұшу", "Балықтай жүзу", " Өнер- жігіт көркі", "Сіздерге бердім батамды" т.б.

Ответить

Другие вопросы из категории

акылды созинин синоними
тенизши туралы ангиме
Помогите перевести текст на казахский язык (ПОЖАЛУЙСТА)

В будущем я хочу стать психологом. Потому что в наше время эта профессия очень нужна. Психолог-это человек которому можно доверять свои проблемы, а он их поможет решить.Я человек который умеет слушать людей, помогать и любить их. А именно эти качества ценятся в хорошем психологе. Я уверена, что эта профессия поможет развиться мне и помочь окружающим людям.

Читайте также

ПОМОГИТЕ ПЕРЕВЕСТИ хотя бы половину Қазақ халқы – ежелден қонақ десе, ішкен асын жерге қоятын халық. Үй иесі бұрын танысын, танымасын «Құдайы қонақпын»

десе болды, жылы шыраймен қарсы алып отырған. Оның үстіне қазақта «Қырықтың бірі - Қыдыр», «Қонақты қусаң- құт,ырыс қашады», «Қонақпен еріп құт, ырыс келеді» деген мәтелдер бар. Сондықтан халқымыз қонақты қарсы алу, шығарып салуға ерекше мән берген.Қонақты үй иесі қарсы алып, есікті өзі ашып, үйге кіргізіп, соңынан өзі кіріп есікті жабады. Бұл – қонақпен еріп келген «құт» бірге кірсін дегені.Алдымен қонақтарға сусын, қымыз, шұбат беріледі. Содан кейін шай ішіледі. Шайды құю, қонақтарға орнымен сый-сияпат көрсету сол үйдегі әйелдер мен бойжеткен қызға үлкен сын болған. Шайды дәмділеп құйып бере алмаған бойжеткен қыз тәрбиесіз саналып, әңгімеге ұшыраған.Шай ішілген соң асқа дейін қонақтардың көңілді отыруына, яғни олардың бабын табуға үй иесі бар жағдайын жасайды. Үй иесі әңгіме-дүкен құрып, қонақпен бірге отырады. Реті келсе, ауылдағы әнші, күйшілерді шақыртып, әңгіме арасында қонақтардың көңілін көтереді. Үй иесінің балалары да аяғынан тік тұрып қонақтарға қызмет көрсетеді.Қонақ күту – халқымыздың ең жауапты ісі.

Помогите пожалуйста !!!! Очень прошу !!! Даю много балов !!!

Қазақ халқының ең басты тағамының бірі - қазақша ет туралы қосымша мәліметтер тауып, шағын шығарма жазыңдар

ыбырай алтынсарин шыгарма


Вы находитесь на странице вопроса "Ыбырай Алтынсарин шағын әңгіме шебері эпиграф", категории "қазақ тiлi". Данный вопрос относится к разделу "10-11" классов. Здесь вы сможете получить ответ, а также обсудить вопрос с посетителями сайта. Автоматический умный поиск поможет найти похожие вопросы в категории "қазақ тiлi". Если ваш вопрос отличается или ответы не подходят, вы можете задать новый вопрос, воспользовавшись кнопкой в верхней части сайта.