Статистика
Всего в нашей базе более 4 327 663 вопросов и 6 445 977 ответов!

Әбдібай Табылды жайлы мәлімет

1-4 класс

EGORYSHCA 23 апр. 2013 г., 20:20:11 (11 лет назад)
Рейтинг
+ 0 -
0 Жалоба
+ 0 -
фффффффффффф
23 апр. 2013 г., 22:51:59 (11 лет назад)

Ә.Табылды 1926 жылы 2 қаңтарда Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы «Жаңа тұрмыс» ауылында дүниеге келген. Балалар жазушысы, сатирик, ғалым.

1948 жылы Тараз қаласындағы Абай атындағы педагогикалық училищені, 1955 жылы ҚазПИ-ді бітірген. Еңбек жолын 1944 жылы Т.Рысқұлов ауданында мұғалім болудан бастаған.

1944-1946 жылдары Қызыл әскер қатарында әскери борышын атқарған.

1946-1968 жылдар аралығында Жаңатұрмыс ауылындағы орта мектепте пионер жетекші, мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі (1944-1950 жылдары), мектеп директоры (1950-1957 жылдары), 1969-1980 жылдары «Қазақ совет энциклопедиясының» Бас редакциясында педагогика, тіл-әдебиет редакцияларының меңгерушісі қызметтерін атқарған.

1980 жылдан бері ҚазМҰУ-де жалпы педагогика және этностық педагогика кафедрасында этнопедагогика, педагогика және оқыту-тәрбиелеу әдістемелері бойынша дәріс беріп келеді.

Балалардың сүйікті жазушысына айналған Ә.Табылды 1959 жылы жарық көрген «Бөбекке сөз» кітабынан бастап 2001 жылғы «Қайырлы таң, балалар» атты таңдамалы жинағына дейінгі аралықта бүлдіршіндер мен жасөспірімдерге арналған 31 кітап шығарды.

Ересектерге арналған «Ана – жүрек», «Жырлайды жүрек», «Жыр өмір», сатира жанрында «Қой бағу оңай ма», «Мен кіммін, білесің бе?» кітаптары жарық көрді.

«Алыптардың алыбы», «Бәрекелді, Кірпі», «Ғажайып бақ», «Тентек балапан», «Абайлаңдар» секілді ертегі-пьесалары республикалық қуыршақ театрында (1969-1988 жылдары) қойылды.

Ғылыми еңбектерін 1965 жылдан бері үзбей жариялап келеді. «Ұлттық тәрбие иірімдері» (2001 жыл), «Қазақ этнопедагогикасы» (2001 жыл), «Қазақ этнопедагогикасын оқытудың әдістемесі», «Қазақ этнопедагогикасындағы құқық тәрбиесі» атты оқу құралдары жарыққа шыққан. «Әдеп әліппесі» (1997 жыл) атты оқу құралы қазақ мектептерінде жеке пән ретінде, тәрбие құралы ретінде кеңінен пайдаланылады.

Ғалымның «Халық тағылымы» (1992 жыл), «Тағылым» (1995 жыл), «Қазақ этнопедагогикасының методологиясы мен мәдениеттану мәселелері» (2000) ғылыми еңбектері ғалымдар арасында жоғары бағағ ие болды.

Екі томдық шығармалары (2005 жыл), Бес томдық таңдамалы шығармалары (2008 жыл) т.б. ғылыми-монографиялық еңбектерін жоғары мектеп оқушылары оқу-тәрбие ісінде кеңінен пайдаланып жүр.

Ә.Табылды Ы.Алтынсарин атындағы сыйлықтың иегері (2001 жыл), Қазақ КСР және КСРО оқу ісінің озаты, бірнеше медальдар мен Құрмет Грамоталарының иегері.

Ответить

Читайте также

Нұрсұлтан Назарбаев туралы мәлімет
Көшіріп жаз. Бұл сөздер қандай жағдайда пайдаланылады? Берілген сөздерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құрастырып жаз.


Рақмет, айналайын, мархабат, жарайсын, көп жаса, бақытты бол, ештеңе етпейді, ғафу етеңіз.

астана мәлімет туралы
помогите перевести: біздің еліміз -бай əрі қуатты ел.Мұнда барлық халық еркін өмір сүреді. Əркім қалаған еңбегін істеуге,окуға ,демалуға ерікті. Біздің

еліміздің балалары бақытты. Қазақстан-əлемді ең ірі астықты мемлекеттердің бірі.Қазақстан əдесі жерлері көп.



Вы находитесь на странице вопроса "Әбдібай Табылды жайлы мәлімет", категории "қазақ тiлi". Данный вопрос относится к разделу "1-4" классов. Здесь вы сможете получить ответ, а также обсудить вопрос с посетителями сайта. Автоматический умный поиск поможет найти похожие вопросы в категории "қазақ тiлi". Если ваш вопрос отличается или ответы не подходят, вы можете задать новый вопрос, воспользовавшись кнопкой в верхней части сайта.